Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 16:55, реферат

Краткое описание

Қойылған мақсаттар келесі міндеттерді анықтайды:
 Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
 Маркетингтік қызметті жетілдірудегі шараларды құру;

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі.......................6
1.1Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару тиімділігінің негізгі формалары……………………………………………………………..………….6
1.2 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларын шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары…………………………………………………………..13
2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..23
2.1 Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері…………………………23
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……………………………………………………28
Қорытынды…………………………...……………………………………………32
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………….

Вложенные файлы: 1 файл

мари реферат.doc

— 272.00 Кб (Скачать файл)

 

Шағын  кәсіпкерлікті  ілгері  дамыту  үшін  елде  мынадай  шаралар  жүргізу  қажет:

    1. Шағын  кәсіпкерлікке  қатысты  салық  саясатын  өзгерту:
  • Шағын  кәсіпкерліке  жағымды  салық  климатын  құру;
  • Салық  органдарына  есеп  берудің  нысандары  мен  мерзімдерін  қайта  қарау.  Бұл  міндеттер  жұмыс  уақытының  25-30%-н  көлемінен  аспау  керек;
  • Салық  салу  жайындағы  сұрақтар  бойынша  барлық  нормативті – құқықтық  актілерді  жариялау,  салық  есептілік  бланкілерін  ақысыз  тартуды  қамтамасыз  ету.
  • Салық  жеңілдіктерінің  тиімді  жүйесін  жасау.  Депрессиялық,  экономикалық  бейберекет  аумақтарда  орналасқан,  сонымен  бірге  инновациялық  қызметпен  айналысатын   шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  3  жылдан  5  жылға  дейінгі  корпоративті  салықтан  босату  түрінде  салық  жеңілдіктері  берілу  керек;
  • Шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін  салық  есебі  мен  салық  есептемелікті  барынша  қарапайымдау.
    1. Кәсіпкерлікті  дамыту  саясатында  өзгерістер  жүргізу.
  • Жалпы  экономикалық,  әлеуметтік және  аймақтық  дамыту  мәселелерінде  шағын  кәсіпкерлік  секторы  үшін  сандық  және  сапалық  негізделген  мақсаттарды  қою,  және  олардың  қол  жетерліктей  болуын  қамтамсыз  ету;
  • Мемлекеттік  қаржыландыру  көмек  көлемі  мен  Кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  арасындағы  сәйкестікті  қамтамасыз  ету;
  • Қабылданған  бағдарламалар  шегіндегі  жергілікті  қабілеттіліктерге  сәйкес  шағын  кәсіпорындарға  көмек  көрсетуге  жергілікті  өкіметті  міндеттеу. Бағдарламалардың  жүзеге  асырылуын  жалпы  бақылау;
  • Шағын  кәсіпкерлік  секторының  жағдайын  тиісті  және  тұрақты  талдауын  қамтамасыз ету,  кәсіпкерлікті  дамыту  бағдарламаларының  орындалуын және  бұл  бағдарламаларды  жүзеге  асырудағы  соңғы  нәтижелердің  оларды  құруда   көзделген  мақсаттарға  сәйкестігін  анықтау үшін  қажетті  шаралар  қолдану;
  • Шағын  кәсіпорындардың  ірі кәсіпорындармен  үйлестірудің  тиімді  механизмін   жасау.
    1. Заңның  барлық  заңды  актілерден  үстем  тұруын  бекіту,  сонымен  бірге  шағын  және  орта  бизнеске  қадағалау – ьақылау  прессингін  төмедету :
  • Кәсіпкерлікті  ынталандыру,  бюрократиялық  процедураларды  жеңілдету;
  • Шағын  және  орта бизнеске  қатысты  қадағалау – бақылау  функцияларын  іске  асыратын  мемлекеттік  органдар  санын  азайту.  Мемлекеттік  органдарда  реттейтін  процедураларды  азайту  мен  антимонопольді  заңдардың  тиімді  орындалуы  бойынша  нақты  жоспар  болу  керек;
  • Шағын  кәсіпкерлерге  қатысты  тіркеу,  лицензиялау  және  әкімшілік  процедураларды  жүргізуде  электронды  Үкімет  жүйесі  элементтерін  енгізу.
    1. Шағын  кәсіпорындар  үшін,  әсіресе  кәсіпкерлік қызметті  бастар    кездегі  алғашқы  капиталды  құру  үшін  қаржы  инструменттерді  қайта  қарау.

 

           -  Қаржыландыру  көздеріне   кепілдік  қамтамасыз  ету  мәселелерін  шешу  және  шағын  және  орта  бизнеске  берілген  заемдар  бойынша  банктік  %- рды  төмендету  арқылы  жою  кәсіпкерлердің  қол  жетерлігіне   байланысты  кедергілерді  жою;

           -   Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  қорларын  жеткілікті  көлемде  құру;

           - Шағын  бизнес  үшін  қаржылық  қызмет  инфрақұрылымын  дамыту(лизинг,  венчурлі  капитал  несиелік  серіктестер,  микрокредитті  ұйымдар,  франчайзинг  және  т.б.);

5.  Шағын  кәсіпорындарға  консалтингтік  қызметтер  көрсету:

-  Консалтингтік  қызмет  көрсету  бойынша  инфрақұрылымын  құру;

           -  Бюджет  қаржысы  есебінен  қаржыландыру  жүйесі  арқылы  өз   ісін  жаңадан  бастаған  кәсіпкерлерге  консалтингтік  қызметтің  қол  жетерлігін  қамтамасыз  ету;

           - Шағын  кәсіпорындар  қажеттіліктерін  анықтау  негізінде  бизнес  сферасында  консалтингтік  қызметтердің  толық  кешенін  қамтамасыз  ету  мақсатымен  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытуда  қызмет  ететін  инфрақұрылымдар  элементтер  қызметін  біріктіруді  қамтамасыз  ету.

6.  Шағын  бизнес  инфрақұрылымын  дамыту.

-  Шағын  бизнес  субъектілері  үшін  республикалық  және  жергілікті  деңгейдегі  қажетті  барлық  қызметтер кешенін  көрсетуге  қабілетті  шғын  бизнес  орталықтар,  бизнес – инкубаторлар,  өнеркәсіптәк  парктер,  оқу  орталқтары,  ақпараттық -  көрмлік  орталықтар,  т.б. біртұтас  және  тармақталған  торабын  құру,

-  Осы  орталықтардың  тұрақты  қызмет етуін  қамтамасыз  ете  алатын  және  шағын  бизнес  субъектілеріне  жоғарғы  сапалы  көмек  көрсетуге  қабілетті  инфрақұрылым  элементтерінің  жоғары  білімді  басқару  персоналы  мен  жұмыскерлерін  оқыту  мен  дайындауды  ұйымдастыру.    

Шағын кәсіпкерлікте оңды өзгеріс болу үшін, ол шағын кәсіпкерліктің дұрыс, нақты дамуына жол бермейтін жаман жақтарын жою керек.

Шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі экономикалық-ұйымдастыруының

қамтамасыздандырылуына қарай отырып, оның күшті және әлсіз жақтарын көруге болады, шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда даму мүмкіндіктері.

18 кесте-    Қазақстан Республикасының кәсіорындарының қызметіне   SWOT –есеп беру

 

Күшті  жақтары

 

  • сұранысқа байланысты, оның өзгеруіне байланысты икемділігі, қабіліттілігі;
  • тұтынушыға тауар және қызметтің жақындай түсуі;
  • тұтынушылармен жеке қатынасу, оның ойын білу;
  • басқарушыны жоғары деңгейде мотивациясы;
  • адамдардың творчествалық потенциалын іске асару;
  • жаңа жұмыс орындарын құру;
  • жергілікті бюджет базасын қатайту.

 

Әлсіз   жақтары

 

  • кәсіпорындарды құру барысындағы бастапқы капитал проблемасы;
  • несие алу қиындықтары, кепілдікпен қамтамасыздандыру;
  • сыртқы орта жайлы ақпараттардың тапшылығы;
  • өндірістік процесстің қамтамасыздануына ресурс жеткіліксіздігі және оның құнының тым жоғары болуы;
  • материалды-техникалық базаның әлсіздігі және оған қызмет көрсететін мамандандырылған мекемелердің  жоқтығы.

 

Мүмкіндіктері

 

  • заң жетілдірілуі;
  • салық төлеу жеңілдігі;
  • салааралық программаны құру;
  • „Импортты ауыстыру” программасын іске асару;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымын дамыту;
  • ірі және орта кәсіпорындармен франчайзингті және субподрядты қарым-қатынасты дамыту;
  • нарықтағы лізинг қызметін дамыту;
  • мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікке заказды көбейту.

 

Қатер төнуі

 

  • мемлекеттік және шетелдік Ірі және орта кәсіпорындармен бәсекелестік;
  • мемлекеттік органдармен арақаныстық проблемасы;
  • апарат бірлігінің жоқтығы;
  • сұраныс тарапынан төлеу қабіліттілігінің төмендігі;
  • нарықта арзан импорттық өнімнің болуы.

 

Республикамыздағы кәсіпорындардың жағдайына бір жағынан қарайтын болсақ, сұраныстың өзгеруіне байланысты жоғары икемділік, игерімділік танытады. Әсіресе ол сауда және қызмет көрсету салаларында тұтынушылармен тығыз қатынаста екендігін көрсетеді. Басқа жағынан шағын кәсіпорындардың әлсіз жағын айтпай кете алмаймыз, ол тұтыну нарығында арзан импорт өнімдерінің болуы, бұл олардың өнімінің бәсеке қабіліттілігін төмендетеді. Ал бәсеке қабілеті өнім өндіру үшін үздік технология, құрал-жабдақ қажет, бірақта оған  бәрінің жағдацы келе бермейді.

Кәсіпкерлік қызметті белсендету үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқылық жадай ғана емес, ал сонымен қатар білікті, білімді кәсіпкерлер керек. Мамандарды дайындайтын, олдардың квалификациясын жоғарылату, байта дайындау арнайы мекемелер, оқу орындары, жоғарғы оқу орындары болғанымен, көптеген шағын және орта Қазақстанның қалаларында кадр дайындау жүйесі енді құрылып келе жатыр. Мұнда шағын кәсіпкерлікті қолдауда ресубликалық, аймақтық, жергілікті органдардың қаржымен қамтамасыздандырудың жетіспеушілігі болды.

Шағын кәсіпорын жұмыскерлерін, басқарушыларын дайындау, қайта дайындау курстарында жоғары дәрежелі, нәтижеге жеткен білікті кәсіпкерлер ат салысуы керек. Сонымен қатар кәсіпкерлер кадрларын алдыңғы деңгейдегі өзіміздің және шетел кәсіпорындарында тәжірибеден өткізу керек, және де бизнес-инкубаторларында. Кәсіпкерлерді дайындауын қаржыландыруда мемлекет тарапынан, әртүрлі  қорлардан (мемлекет аралық), демеушілер және меценаттармен ғана емес, сонымен қатар коммерциялық негізде де қаржыландыру керек.

Сон дай-ақ жоғары оқу орындарында, орта арнайы оқу орындарында, мектеб тарапынан кәсіпкерлік қызметпен байланысты жұмыссыз тұрғындарды оқыту, мамандық беру. Бұл бағытта мынадай программаны қамту керек: өз ісін ұйымдастыру; бизнес концепцияларын табу;  маркетинг тік зерттеу; бизнес-жоспар құру; менеджерлер командасын құру; бизнес құрылымын ұйымдастыруды таңдау;  қаржылық құжат және есеп беру; қаржы көздері және т.б.

Кәсіпкерлерді дайындауда бизнес-инкубаторлар, өнеркәсіп аймақтары және технопарктер, бұл тоқтап тұрған өндіріс қуат орындарында ұйымдастыруға болады, бұл аймақтағы экономиканың дамуына алкен үлесін қосады: біріншіден, жұмыс орындарын құрады; екіншіден, өндіріс өнім көлемінің өсу себебінен экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Республикамызда белгілі бір деңгейде қолданылмаған өндіріс қуат потенциалы бар, бұл көптеген кәсіпкерлерге өз ісін бастауға мүмкіндік көзі.

Шағын кәсіпкерлік саласында квалификациялауда дайындау, байта дайындау жағдайларын жақсарту мақсатында мыналар қажет:

    • арнайы оқу-методикалық әдебиеттерді шығаруды ұйымдас-тыруды қолдау және қаржыландыру;
    • насихатты түрде қолдау (кәсіпкерлік тұлғаны жақсы түрде жалпы апарат құралдары арқылы жеткізу және т.б.);
    • кәсіпкерлікті қолдауды, мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыздандыратын көпдәрежелі оқытушылар, кеңес берушілер, мемлекет және мемлекттік емес құрылым жұмыскерлерін дайындау жүйесін дамыту;
    • тұрғындарға кәсіпкерлік қызметтің негізін дистанционалдық және электронды технология базасында оқытуды жеңілдету;
    • „кәсіпкерлік қызметті кадр жүйесімен қамтамасыздандыру” туралы комплексті мемлекетті программа құру, келесі министірліктер күшімен іске асырылады (алдымен, Білім және ғылым Министірлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау Министірлігі) бұл жалпы Индустрия және сауда Министірлігі кәсіпкерлік қоғамының ұйымымен бірге отырып басқарылуы керек;
    • әр облыстарда басқару және кәсіпкерлік кадрлар оқыту қорларын құру;
    • шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерінің квалификация дәрежесін көтеруге кететін соммадан табыстан түсетін салықтан босату.

Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуде біршама қиыншылықтар бар, ол ақша жетіспеушілігінен мамандандырылған, білікті бухгалтер жоқтығынан кәсіпкер басқарушы және бухгалтерлік жұмысын өзі жүргізеді. Сол себептен сауда-өнеркәсіп палата бөлімшелерінде кәсіпкерлерге консалтингті қызмет көрсететін жүйесін қамтамасыздандыру. Ал мұның ақысын әр кәсіпкердің қалтасына байланысты төленілуі керек. Кәсіпкерлер өз қызметінің жүру процессінде салық заңының қайта-қайта толықтырылуы және өзгеруін жеткілікті деңгейде уақтылы біле бермейді. Сол себептен кәсіпкерлерге салық органдарынан білікті мамандардың кеңес алуын ұйымдастыру керек, бұны осыған орай кәсіпкер күні деп белгілеуге болады.

Шағын кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету туралы актуалды проблемаларды шешу үшін келесідей жағдайлар жасалуы тиіс:

    • құқықты ақпаратсияқты мемлекеттік ақпарат ресурстарын алу және тарату жағдайын жақсарту; мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік программалар туралы апарат;
    • еліміздің және шетел шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарының ақпараттық алмасуды дамыту.

Жоғарыда айтылып кеткендей шағын кәсіпкелікті бастауда үлкен капитал көзі  көп уақытқа берілетін аренда (лизинг) болып табылады. Бұл қолданыстағы құрал-жабдықтарды сатып алумен салыстырғанда және негізгі қорды құруда арзанға түседі. Өнеркәсібі дамыған шетелдерде лизинг есебіне 25-30 % әр жылдағы тура инвестиция көлемі келеді, ал негізгі лизингтің субъектілері шағын және орта кәсіпорын иеліктері болып табылады. Лизинг көмегімен келесі шағын және орта кәсіпорындар саласы дамыған: механикалық алғашқы өңдеу – 86 %, станок жасауда – 78 %, полиграфия өндірісі – 70 %, өнеркәсіптік құрал-жабдық өндірісінде – 66 %.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда  қаржы-несиелік қолдау әдіс-тәсілдерінің қатарына болып венчурлік қаржыландыру формасын жатқызуға болыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдары

2.1 Қазіргі кездегі  кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері

 

 

     Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың басымды  бағытының бірі - ол кәсіпкерліктің құрылуы және дамуы.Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту саласы үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын күшейтуде белсенді түрде керексіз әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстары жүргізілді.       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың 5-ші Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның негізгі тапсырмалары болып мыналар табылады: 

  • өнеркәсіптік кәсіпкерлікте салықтық әкімшілік жүйесін толық жетілдіру;
  • қаржылық-кредиттік жүйенің және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті инвестициялық қолдауды дамыту;
  • кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
  • оқыту, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті насихаттау;
  • кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жүйелендіру және толық жетілдір.        2004 жыл бойы Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді [9; 23-24].     Қазіргі кезде өнеркәсіптегі кәсіпкрелікті дамыту мақсатында келесідей институттар құрылып өз қызметтерін көрсетуде, олар келесідей болып келеді: «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ; «Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры» АҚ; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау мен отандық кәсіпкерлердің өз ынталары нәтижесінде келесідей одақтар құрылған: «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ; «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ; «Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ.   «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздың №775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын оырндау үшін құрылған.             Орталық Қазақстан экономикаысының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда «Виртуалды технопарк» концепциясы құрылған.     Оратлықтың екінші қызметі – бұл инжинириг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғарғы технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру. Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет – жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның халықаралық стандарттары және экологиялылығы.         «Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ – 2003 жылы мамырда ұлтытқ экономикады бәсекелестікті жоғарлату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.    Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты-анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.        «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру.     Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді.      Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады:
  • Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);
  • Даму және Қайта орнату Еуропалық Банкінің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);
  • Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);
  • Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.      Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызмететрді ұсынады: жобалық қаржыландару, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.      «Ұлттық инновациялық Қор» АҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық Қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30-мамырдағы №502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғары технологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолқабыс жасау.          Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:
  • ҚР аймағында еншілес қолрады құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;
  • инновациялық жоспарларды ж.үзеге асырушы компанияларды инвестициялау;
  • ұлттық инновациялывқ инфрақұрылымның элементтерін құруды инвестициялау.             Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясын /үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу.         «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы экономиканың шикізат саласында емес жеке сектор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске аысру бойынша қатысу мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Заңына қол қойғаннан кейін бастады.           Қор 49%-ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11-маусымында басталған болатын.Қордың мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөнін,дегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету. Қазіргі таңда Қор 70 млн. АҚШ долларынан 20-ға жуық жобаны қаржыландырды. 2007 жылы Қор 1.2 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландырды.       «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – ел экономикасына инвестициялардытартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсібіне және өндірістік инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28-желтоқсандағы №531 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 2001 жылы 25-сәуірде құрылды.     Мемлекет арнайы құрылған даму институттары арқылы, өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша иілмелі шарттарды ұсынуды. Кәсіпкерлік бойынша құрылған комиссяилар мен кеңес арқылы мемлекет байланысты жүзеге асырып ағымдағы мәселелерді шешу бойынша оларды дамыту жолындағы кедергілерді жою үшін көмек көрсетеді.     «Атамекен» «Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпы ұлттық  одағы» ЗТҚ. Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған болатын.    Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған Қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнай-газды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен-металлургиялық кәсіпорындар, сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіпуші және инжиниринг компаниялар кіреді.          «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ заңды тұлғалар ынтасымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдңгң, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды. Форум құру мақсаты - өнеркәсіптегі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның жылжуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру. «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ 2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау басты міндететрінің бірі ретінде белгіленген [21; 34-35].          «2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Стратегияның маңызды міндеттерінің бірі мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриалды-инновациялық дамудың қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді.           Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру – кедейшлік деңгейін төмендету және микро және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген.   Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жоғарылату, еңбекпен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру болып танылады.   Микрокредит беру жүйесі өз негізін ел Президентінің халыққа жолдауынан алады. «Қазақстан – 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997 ж.), онда «ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микрокредит беру арқылы шешілетін болады...» делінген. Осылайша, Ел Басының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микрокредит берудің 1998-2000 жылдарғы арналған бағдарламасын (ҚРҮ-нің 12.02.1998 ж. №14 қаулысы) қабылдау үшін алғышарт болды.        Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілмелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтеін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген немесе заңды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кердиттің максималды сомасы 1,0млн. теңгеден (1000 АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда өзіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды.        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы №862 қаулысымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған тұжырымдамысына сәйкес микрокердиттік жүйені қолдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:                                                                            -Микрокредиттік ұйымдарды «ШКДҚ» АҚ-тың үлестік қатысуымен                  құру және оларды ресурстық қолдау; «ШКДҚ» АҚ-тың үлестік қатысуымен бағдарламаны іске асыру шеңберінде 30 микрокредиттік ұйым құрылды. Қор инвестициялардың құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 98,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 2006 жылы Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 18 млн. теңге 9 МКҰ құрылды.            -    Қолданыстағы микрокредиттік ұйымдарға кредит беру. Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландыарды, оның ішнде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703,08 млн. теңге (ставка 6%). 2007 жылы 1-қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар құрылған.               «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгеннен бастап (2003 жыл) тіркелген МКҰ саны 7,5 есе немесе 645 ұйымға ұлғайды. Бұл микрокредиттік ұйымдар рөлінің артқанын, кәсіпкерлік субъектілері үшін де, сонымен қатар халықтың кең тобы үшін де үлкен мүмкіндіктердің түсінушіліктігін білдіерді.      

Информация о работе Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің формаларының ыңғайлы жүйесі