Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 21:13, курсовая работа
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін, идеяларын қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі-объектілі бағытталған программалау. Delphi ортасы объектілі программалау принципіне негізделген. Бұл ортада мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрылады.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және болашақта үлкен роль атқарады.
КІРІСПЕ………………………………………………………............…................3
1 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ МАҒЛҰМАТ ...........................................5
Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік.................................................. 5
Мәліметтер қорын жобалау .......................................................................7
Мәліметтер қорының архитектурасы........................................................9
Мәліметтер қорының модельдері...........................................................10
2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ОРТАЛАР..........................................................................................................24
Delphi объектілі бағытталған программалау ортасы.............................29
SQL тілі......................................................................................................34
TDBGrid компонентін қолдану................................................................40
3 «СПОРТ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР» МҚ ҚОСЫМШАСЫ ТУРАЛЫ.................................................................................................................45
3.1 Құрылған қосымшаға сипаттама…..……………………........................47
3.2 Қолданушыға арналған нұсқау ………...................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................
Тақырыпша жолағы. Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы. Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті команділерден тұрады.
Құрал-саймандар тақтасы. Құрал-саймандар тақтасындағы кнопкілер мәзірдегі белгілі бір командіге сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасы. Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.
Component мәзіріндегі Configure Palette командасын таңдау арқылы.
Проектілеу формасы. Кез-келген Windows программасының негізгі терезесі болады.. Delphi кез-келген программаға автоматты түрде басты терезе тағайындайды. Программа құру жаңа проекті құрудан басталады. Кез-келген жаңа проекті үшін IDE автоматты түрде проектілеу форма терезесін көрсетеді, ол болашақ проектінің басты терезесі болады және оған form1 деп ат беріледі.
Басты терезе дегеніміз ол- программаны орындауға жібергеннен кейін қолданушының алғашқы көретін формасын айтамыз және бұл форманы жапса онда түгелдей проектіні жабамыз. Проекті бірнеше формадан тұра алады. Программаның басты терезесін орнату үшін Project Options диалогтық терезесін шақырамыз.
Редактор коды терезесі. Редактор коды терезесі (Code Editor) Unit1.pas тақырыбымен проектілеу формасының артында тұрады. Редактор коды мен проектілеу формасы өте тығыз байланысты және редактор кодында бірнеше файл ашық тұруына болады да, әрбір ашылған файл орын алып оның аты терезенің жоғарғы бөлігінде бөлек жапсырмада орналасады. Керекті файл атын тышқан курсорымен түрту арқылы активтендіріп және осылайша әрбір ашылған файлды парақтауға болады.[1],[2]
2.2 SQL ТІЛІ
SQL тілінің функциялары
Статистикалық функциялар:
• AVG() – орташа мән;
• MAX() – ең үлкен мән;
• MIN() – ең кіші мән;
• SUM() – қосынды;
• COUNT() – мәндердің саны;
• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;
Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:
• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;
• LOWER(Str) – Str символдық
жолды төменгі регистрге
• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;
• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі симводардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;
• CAST(<Expression> AS <Type>) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;
Дата және уақытпен жұмыс істейтін функция:
• EXTRACT(<Элемент> FROM <Өрнек>) – дата және уақыт мәндерінен тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу; дата және уақыт элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге болады.
Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады:
• жаңа кесте құру;
• кестені өшіру;
• кесте өрістерінің құрамын өзгерту;
• индексті құру және өшіру.
Бұл әрекеттер SQL тілінің
инструкцияларының көмегімен
Кестені құру және өшіру
Кестені құру үшін CREATE TABLE инструкциясы қолданылады:
CREATE TABLE <Кесте аты>
(<Өріс аты> <мәлімет типі>
. . .
<Өріс аты> <мәлімет типі>);
Файлдың кеңейтілуі бойынша кестенің форматы автоматты түрде, яғни .db – Paradox кестесі үшін, .dbf dBase кестесі үшін анықталады. Кесте файлы МҚ псевдонимі көрсетілген, МҚ каталогында орналастыру керек.
SQL тілінің мәліметтер типі және сәйкес Paradox-тың мәліметтер типтері келесі кестеде көрсетілген:
SQL |
Paradox |
SMALLINT |
Short |
INTEGER |
Long Integer |
DECIMALL |
BCD |
NUMERIC(x,y) |
Number |
FLOAT(x,y) |
Float(x,y) |
CHARACTER(n) |
Alpha |
VARCHAR(n) |
Alpha |
DATE |
Date |
BOOLEAN |
Logical |
BLOB(n,1) |
Memo |
BLOB(n,2) |
Binary |
BLOB(n,3) |
Formatted memo |
BLOB(n,4) |
OLE |
BLOB(n,5) |
Graphic |
TIME |
Time |
TIMESTAMP |
Timestamp |
MONEY |
Money |
AUTOINC |
Autoincrement |
BYTES(n) |
Bytes |
SQL тілінің көмегімен кесте құру мысалы:
CREATE TABLE Student.dbf
(Numer Integer
Name CHAR(15)
Datarogd DATE);
Paradox кестесі үшін PRIMARY
KEY сипаттамасын және жақшаның
ішіне оның өрістерін көрсетіп,
негізгі немесе алғашқы кілтті
анықтауға болады. Кілттік өріс
өрістер тізімінде бірінші
CREATE TABLE Personal.db
(Code AUTOINC
Name CHAR(15)
Post CHAR(15)
Oklad Numeric(10,2)
PRIMARY KEY(Code));
Кестені өшіру үшін келесі инструкция қолданылады:
DROP TABLE <Кесте аты>;
Мысалы DROP TABLE <student>; Дискіден student атты кестеге қатысы бар барлық файлдар өшіріледі.
Кесте өрістерінің құрамын өзгерту
Кесте өрістерінің құрамын өзгерту өрістерді қосу немесе өшіруді білдіреді және оның құрылымын өзгертуге әкеледі, сонымен қатар кестені басқа қосымшалар қолданбауы керек. Кесте өрістерінің құрамын өзгерту ALTER TABLE инструкциясының көмегімен орындалады:
ALTE TABLE <кесте аты>
ADD <1-өріс аты> <1-өріс типі>,
DROP <1-өріс аты>,
. . .
ADD <n-өріс аты> <n-өріс типі >,
DROP <n-өріс аты>;
ADD операндысы кестеге
жаңа өріс қосады, өріс аты
және типі CREATE TABLE инструкциясындағыдай
беріледі, ал DROP операндысы көрсетілген
атымен кестеден өрісті
Кестенің құрылымын өзгертуге мысал:
ALTE TABLE student.db
ADD stipendia smallint,
ADD Note char(30),
DROP Datarogd;
Student кестесіне бүтін типті stipendia стипендия өрісі және символдық Note өрісі қосылады, Datarogd өрісі өшіріледі.
Индексті құру және өшіру
Индекс мәліметтерге тез ену мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Кестемен амалдарды орындауды тездету үшін, жазбаларды іздеу және таңдауды жиі жүргізілетін өрістерге индекс қойылады. Индекс CREATE INDEX инструкциясымен келесі фортатта құрылады:
CREATE INDEX
<Индекс аты> ON <Кесте аты > ( <1-өріс аты>, . . . , [n-өріс аты]);
Бір инструкциямен бір индекс құруға болады, сонымен қатар бір өріс бірнеше индекстің құрамына кіре алады. Индекс бойынша сұрыптау кезінде жазбалар индекстік өріс мәнімен өсу реті бойынша реттеледі.
CREATE INDEX инструкциясының көмегімен dBase кестесі үшін индекстер, ал Paradox кестесі үшін екінші индекстер құрылады. Ескерте кетейік, кесте құру кезінде сипатталатын кілт Paradox кестесінің бірінші индексі деп аталады. CREATE INDEX инструкциясын пайдалану dBase кестесі үшін индексті анықтауда бір ғана тәсіл болып табылады.
Бір өріс бойынша индекс құруға мысал:
CREATE INDEX
IndName ON student.db (Name)
Енді екі өріс бойынша индекс құру мысалы:
IndNameDatarogd On student.db (Name, Datarogd)
Индексті өшіру үшін
DROP INDEX инструкциясының форматы
DROP INDEX
< Кесте аты>.<Индекс аты>
немесе
DROP INDEX
< Кесте аты>.PRIMARY
DROP INDEX инструкциясын
қолдану барысында кесте
Мысалы, инструкциясында
DROP INDEX
“student.db”.IndNameDatarogd
student.db кестесінен, Name және Datarogd өрістерінен құрылған IndNameDatarogd индексі өшіріледі.
Бірінші кілт төмендегі инструкцияда көрсетілгендей өшіріледі:
DROP INDEX
“student.db”. PRIMARY
Кестеден мәліметтерді таңдау
Мәліметтерді таңдау берілген шарттарды қанағаттандыратын өрістерді және жазбалады алуды білдіреді. Мәліметтерді SELECT инструкциясының көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден таңдауға болады.
SELECT инструкциясының жазылу форматы:
SELECT [DISTINCT] {* I <өрістер тізімі>}
FROM <Кесте тізімі >
[WHERE <Таңдау шарты>]
[ORDER BY <Сұрыптау үшін өрістер тізімі>]
[GROUP BY <Топтастыру үшін өрістер тізімі>]
[HAVING <Топтау шарты>]
[UNION <ішкі инструкция SELECT>]
SELECT инструкциясын қарастыруда SQL-сұранысы Query компонентінің көмегімен терілген және орындалған деп ұйғарылады. Бұл жағдайда сұраныс орындалуының нәтижесі мәліметтер қорының осы компонентіне сәйкес болып табылады. Мұндай мәліметтер қорының нәтижесінде қайталанатын жазбалардың (яғни барлық өрістердің бірдей мәндері болуы) болуы және болмауы мүмкін болады. Бұл режиммен DISTINCT сипаттауышы басқарады. Егер ол болмаса, онда мәліметтер жиынында қайталанатын жазбалар бола алады.
SELECT инструкциясы өрістер тізімі және FROM операндысынан міндетті түрде тұрады, ал басқа операндылар болмауы да мүмкін болады.
WHERE операндысына мәліметтер
жиынының нәтижесін таңдау
ORDER BY операндысы мәліметтер
жиынының нәтижесінде
GROUP BY мәліметтер жиынының
нәтижесінде жазба тобын бөліп
алуға арналған. Топты бөліп алу
жазбалармен орындалатын
HAVING операндысы GROUP BY операндысымен
бірге қолданылады және
SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің ішіне бірі орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысы пайдалынады. Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның WHERE операндысында берілген таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.
Сонымен қатар SELECT инструкциясы басқа инструкцияның ішінде қолданылады, мысалы, жазбаларды модификациялау инструкциясында, және оларды орындау үшін жазбаларды таңдауды қажет етуді қамтамасыз етеді.
Бірнеше мысалдар қарастырайық.
2) Кестеден өрістер тізімі бойынша таңдаға мысал:
SELECT Name, stipendia
FROM student.db
Бұл SQL-сұраныстың орындалу нәтижесі student кестесінің Name және stipendia өрістері үшін барлық жазбалардан тұратын мәліметтер жиыны болады.
3) Мәліметтер жиынына
қайталанбайтын жазбаларды
SELECT DISTINCT FROM Personal.db
Мекемедегі істейтін қызметкерлердің мамандық тізімдерінен тұратын мәліметтер жиыны таңдап алынады. Сонымен бірге бұл мәліметтер жиынында әрбір мамандық (Post өрісі) бір рет қана беріледі:
Post
Директор
Менеджер
Инженер
4) Екі кестеден жазбаларды таңдауға мысал:
SELECT * FROM Personal, Info
немесе
SELECT Personal.*, Info.* FROM Personal, Info