Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 08:40, курсовая работа
Дарындылық – адамның ой – өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің
ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан – жақты дамудың нәтижесі болып табылады.Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық» деген ұғым «қабілеттілік» деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі – бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік.Дарындылық туа біткен ерекше қасиет болып табылады.
Кіріспе
Дарындылық – адамның ой – өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің
ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан – жақты дамудың нәтижесі болып табылады.Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық» деген ұғым «қабілеттілік» деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі – бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік.Дарындылық туа біткен ерекше қасиет болып табылады.Адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет ол – дарындылық болып саналады. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, оларды әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасалуы керек.
І Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау
Әр адам балалық шағы мен
жасөспірім кезінен өмірде
«Дарындылық» пен «қабілеттер» түсініктері өзара ұқсас келеді. «Қабілет» сөзі екі мағынаны білдіреді: 1) табиғи дарындылық; 2) мүмкіндік, бір нәрсе істеу.
Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі дарындылық деп аталады [1].
Дарындылық – адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі. Бұл – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі[2].
Дарындылық ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауда интеллектуалдық, шығармашылық, талант, данышпандық, танымдық белсенділік ұғымдары маңызды болып табылады.
Талант – қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.
Данышпандық – қоғам өміріне тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады. Әрине, бұл ұғымдар, жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады [3].
″Дарындылық" деген ұғым "қабілеттілік" деген ұғымға өте жақын. Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік. Яғни, белгілі бір тәсілді игерудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, қабілеттілік – әркімнің қолынан, бірдеңе келуінің мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгіруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі[5].
«Қабілеттер» философиялық энциклопедиялық сөздіктерде бұл - белгілі бір іс-әрекеттің табысты болуының субъективті шарттары болатын тұлғаның жеке ерекшеліктері. Қабілет индивидтің білімі, дағдысы,
іскерлігіне
сәйкес келмейді. Ол кейбір іс-әрекеттерді
меңгерудегі әдістердің
Бүкіл дүние жүзінде дарындылық мәселесі аса үлкен қызығушылық туғызды, өйткені бұл мәселесі кейде мүлде болмады, ол кейде қызу талқылау үстінде болды. Бұл жағынан дарынды балаларға арналған мектептер болды, бұл мектептерде әртүрлі, көптеген сайыстар (интеллектуалдық, музыкалық, спорттық және т.б.) өткізілді,бұл сайыстар балалардың қабілеттерін ашуға көмек берді. Екінші жақтан, тепе – теңдік мәселесі қабілеттерге де таралды. Оқудағы элитарлық дарындыларға арналған сәйкестендіру (идентификациялық) тестілері әрқашан қатал сынға алынды. Соңғы жылдары бұл проблемаға деген қызығушылық өсті. Дарындылығы жоғары дамыған балаларға арналған мектептер ашыла бастады.
Егер адам белгілі бір қабілеттерге ие болса, бірі мінез жағынан, екінші әлемді қабылдаудан, бұлар қоршаған ортамен әртүрлі қарым – қатынас жасайды және әртүрлі еңбектенеді. Біз көбінесе өз құрдастарынан аса көп білетін дарындылық жайында мәселе қозғаймыз. Бұдан да бөлек және қиын тағы да бір дарындылық түрі бар. Бұл дарындылық түрі ұстаздың көзіне жеңіл түсіп, қиын қабылданатын жетекшілік немесе әлеуметтік дарындылық. Бұл сөздің синонимі «ұйымдастырушылық қабілеттілік».
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде барлық дамыған елдерде дарынды балаларды анықтау, оқыту, дамыту, жұмыстары жандандырылады, себебі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени процестерінде тұлғаның ролі өзгерді. Барлық мәдени, ғылыми, өнер, өндірістік, басқару өрістерге дербес, шығармашылық ойлауға қабілетті жас мамандар қажетті болып келеді.
Мұғалім
дарындылық түрлерін білу
Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды білім, жұмсалған уақыт, ақыл-ой дене күші) қабілетті кісі – қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі – оның жүйкелік психикалық қасиеттері кешенінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса – онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса – онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, сәйкестік сезімі, музыкалық есту т.б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де – жеке адам қасиеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуде қамтамасыз етуде жеке адам қасиеттерінің бірігуі деп анықтауымызға болады.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармашылық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.
Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens деп атайды, бұл «ақыл-ой қабілеті» деген сөздің мағынасын береді.
Арнаулы қабілет – іс-әркеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа сараптамалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым, өнер, тәжіребе) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік жатады [4].
Көп жағдайларда «дарынды бала» дегенде, ең біріншіден ол интеллекті өте жақсы дамыған балалар деген ой келеді. Бірақ, бұл дарындылықтың бір түрі ғана, одан басқа көптеген түрлері бар. Дарындылардың түрлері көп болғандықтан, олардың әрқайсысына жеке жұмыс жасалу керек. Психологтар мен ұстаздар осы дарындылық түрлерін жақсы білуге міндетті. Өйткені олар біріншіден, баланың қабілетін дұрыс бағалап, шешімдер шешуге жәрдемдесіп, олардың болашақ мамандығын таңдауға көмек бере алу үшін. Екіншіден, егер ұстаздар мен психологтар дарындылардың дұрыс білмесе, кейбір балалардың дарындылықтарын көрмей қалуы мүмкін. Белгілі бір баланың дарындылығы жайында ойланбай тұрып, баланың шынында дарынды ма екенін тексеру қажет. Қандай да болмасын дарындылық, тіпті спорттық болсын, ол көзге анық көрінетін немесе ашық нақты қызығушылық жүйесі арқылы көрінеді. Дарындылық жоқ жерде немесе ештеңеден пайда болмайды.
Ұстаздардың көзіне тез түсетін дарындылық түрлері.
1.Ұстаздың
көзіне тез көрінетін «
Интеллектуалды дарындылықтың басты астарлы екі түрі, ол «жалпы интеллектуалдық қабілеттер» және «арнай бір аймақтағы білім». Бұл екі астарлы түрдің айырмашылығы көбіне арнайы бір уақытқа байланысты, басында әрине жоғары қабілеттер барлық салаларда болады, уақыт өткен қажеттілік дарныдылықтың басты мінездемесі болады және де осындай оқушыларда дарындылық өте анық көрінеді. Дарындылықтың осы түрі «вундеркиндтерде» өте жақсы дамыған.
2. «Академиялық»
дарындылық. Бұнда интеллектуалды
дарындылықпен қатар, бірінші орынға
оқуға деген арнайы қабілеттер
шығады. Бұл оқушылар өте жақсы
оқуға қабілетті, олар оқуды рахаттанып
және де оларға оқу өте жеңіл
беріледі. Медалистер мектептің
мақтанышы әдетте
Академиялық түрдің де астарлы түрлері бар: оқуда кең қабілеті бар оқушылар (олар қандайда болса салада сәттілікпен қауышады) және де бір немесе соған жақын салаларды меңгеру қабілеті.
Кейбір кездерде мұғалімдерге интеллектуалды және академиялық дарындылықтарды айыру қиынға соғады. Екеуінің айырмашылығы, интеллектуалды дарынды оқушының сындық ойлауы жоғары, өз бетімен глобалды және философиялық көзқарастардың мәселелерін шешуінде. Ал академиялық дарынды оқушы-ол оқудағы данышпандар және тағы сол сияқты.
3. Дарындылықтың
тағы да бір түрі, мұғалім оны
ешқандай диагноз қоймай
Жоғарыда айтылған
4. Креативті
түр. Бұл дарындылық түрінің ең
басты ерекшелігі ойлауда, әдетте
олар басқалардан өзгеше
Ұстаздың көзіне жеңіл түсіп, бірақ оны қиын қабылдау дарындылық түрі жетекшілік немесе әлеуметтік дарындылық. Бұл сөздің синонимі «ұйымдастырушылық қабілеттілік» болады. Дарындылықтың бұл түрі адамдарды түсіну, құрылымдылық қарым-қатынаста болу және басқару. Жетекшілік дарынды адам, зерттеушілердің айтуы бойынша, интелекті жоғары дамыған, адамдардың сезімдері мен талаптарын түсіне білу, бөтен адамадар үшін қайғыру, уайымдау, күйзелу және де осы дарындылық түрінде айқын әзіл-сықақ сезімі болады, ол басқа адамдарға ұнау үшін оларға көмек береді.
Информация о работе Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау