Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 08:40, курсовая работа

Краткое описание

Дарындылық – адамның ой – өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің
ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан – жақты дамудың нәтижесі болып табылады.Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық» деген ұғым «қабілеттілік» деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі – бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік.Дарындылық туа біткен ерекше қасиет болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

дарынды балалармен жеке жұмыс курсовая.docx

— 68.18 Кб (Скачать файл)

          Әлеуметтік дарындылықтың өте  көптеген нұсқалары бар. Олар  эмоционалды жетекшілер, бұл адамдардан  әрқашан кеңес сұрайды ұнатады  және де көптеген жағдайларда  соңғы шешімді осы адам қабылдайды. Іс-әрекет, іс-қимыл, қозғалыс дарындылығы  бар, бұлар көпке қолайлы шешім  жасайды, олардың мақсаты мен  міндеттерін анықтайды және олар  адамды өз артынан жүргізеді.

          6. Дарындылықтың енді бір түрі  психоматорлық және спорттық  дарындылық. Ең басында қазіргі  кезде кең таралған көз-қарастар  бойынша спортшылардың ақыл-ой  қабілеті төмен дамыған деген  пікір дұрыс еместігін айтып  кеткен жөн. Көптеген зерттеулерге  қарайтын болсақ, олардың нәтижесінде  көптеген танымал спортшылардың ақыл-ойы орташадан жоғары болып келеді. Оған интеллектуалдық спортпен қатар, ауыр атлетика мен футболды жатқызуға болады. Осыларға мысал келтіретін болсақ, көптеген спортшылар спортты тастап, біреулері жазушы ( Юрий Власов ) екіншілері сәтті бизнесмен ( Пеле) тағы сол сияқтылар болады. Спорттық дарындылығы бар оқушылар әдетте жақсы оқымаса да, ол олардың уақыт жоқтығымен немесе тілек пен ықыласы болмауынан [4].

                                                                     

 

1.2. Дарынды балалардың психологиялық  ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық  көзқараста оқып-зерттелінуі

 

Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы.  Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау,  ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты «өнер мен білімнің арқасында емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған көмекке әрдайым мейірімді перім – гений келеді» деген екен.

Канада ғалымы Д.Хебб «генотиптік интеллект» деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, «фенотиптік интеллектіні» құрайды. Оның ойынша, ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 – тұқым қуалаушылық, 2 – сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) – бұл мәдени-әлекметтік орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бэн, В.Вундт, Д.Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психологтер ой –өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі қзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық – интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті  деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық дегеніміз – бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. сонда көптеген біріне бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні құрайды.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары «креативтілік» ұғымы «интеллект» ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен ацыра бастады [6].

Д.Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз – үш байланыстың үйлесімділігі жоғары интеллекілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативтілік нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.

Л.А. Венгердің,  Г.В. Бурменскаяның «Дарынды балалар» еңбегінде «Егер оқушы кез келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбыларынан ерекшеленсе, ондай оқушы дарынды болатынын айтады».

Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:

  1. Ойлау ерекшелігі;
  2. - Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
  • Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
  • Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы.
  1. Ішкі сезім ерекшелігі:
  • Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
  • Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдасарынан көп біледі);
  • Жан дүниесінің тереңдігі;
  • Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту.
  1. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
  • Өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
  • Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
  1. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында:
  • Оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
  • Математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне қажет жағдайда қолдана алады;
  • Қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
  • Шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.

Дарындылардың ішінде де үлгерімі төмен немесе үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оның себебі:

  1. Талаптың, мотивацияның төмендігі;
  2. Жұмыс істеу құштарлығының төмендігі;
  3. Білім қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығы.

Осы себепте, оқушылар бір сатыдан екінші сатыға көтерілгенде, мектеп «неврозына» (мектептен қорқу) шалдығып кетпеу үшін мектеп психологтары үлкен жұмыс атқаруы қажет.

Белгілі ағылшын психологы П. Торанстың зерттеуі бойынша, қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек, осы сияқты қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Ресей психологтары дарындылық туралы мынандай анықтама берген: «Дарындылық – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғарғы нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды»[7].

Баланың шығармашылық белсенділігін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті,ұйымшыл,  білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын,қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның  «нашар» оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған[3].

Шығармашылық  қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі  ойшылдардың назарында болғандығын "шығармашылық теориясын" жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Көтеріліп отырған  мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз: Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамыту мәселелерін үнемі көтеріп отырған.

И.П.Павловтың жоғарғы жүйке жүйесінің типтері туралы ілімінде адам қабілетінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты екендігі айтылады. Ұлы физиолог сигнал жүйелерінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдайды. Олар: суретші тип, ойшыл тип, аралас тип. Мысалы, "суретші" өкілдерінде бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болып отырады. Өйткені суретшілер, музыканттар іс-әрекетте есту, т.б. сезім мүшелерінің қызметіне сүйенеді. Ал өз тіршілігінде сөзді қару ететіндердің іс-әрекеттерінде екінші сигнал жүйесі жетекшілік рөл атқарады.

Қабілеттінің дарындылық (балалық кезде  ерекше байқалатын, туыстан берілетін нышандар жүйесі), талант данышпандық деп аталатын кез-келген адамда бола бермейтін жоғары түрлері де болады. Қабілеттің қандай түрі болмасын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие бола алмайды. Қабілет адамның жан қуаттарымен тығыз байланысты. Ол – наным мен сенім, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, еңбек сүйгіштік, өзіне-өзі қатты талап қоя  білу, т.б. осы сияқты сапалармен ұштасып, бұлар бірін-бірі ылғида толықтырып отырады. Қабілеттілікке жақын тұрған қасиет бейімділігінің ертерек көзге түсуі, өзіне-өзі сенуі, өз қабілетін бағдарлай білуі. Бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұруы, оған ерекше көңіл аударуы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.С.Лейтес қабілетке «іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет» - деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілетінің алғышарты – белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды

жасайды. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузьмина оның құрамының 3 түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді. Қабілет жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларда соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. «Бейімділік – адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі» - деп жазады академик Т.Т.Тәжібаев. бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады.қабілеттер мәселесін қарастыруда «талант», «дарын» терминдерін айналып өтуге болмайды. Көптеген зерттеушілер мен психологтар «таланттылық» деп белгілі бір салада (өнер, музыка, т.б.) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болғанымен, бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді.(З.Гильбух,  В.С.Юркевич).

 

 

            2  Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары.

2.1 Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен онжылдығы оның дамуының стратегиялық бағыттарын дұрыс таңдағанымызды көрсетеді, оның ішінде негізгі республиканың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін өсіру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің одан әрі дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау болып табылаы.

Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен мектеп жасындағы балалардың бестен бір бөлігі дарынды балалар тобына жатуы мүмкін. Бірақ, олардың талантының дамуы үшін қажетті қолдау көрсетілмей жүр, сондықтан жалпы балалар саныңың аз-кем бөлігі ғана шын мәнінде дарынды бала ретінде айқындалған.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі және балалар мен оқушылар дарындылығын ерте айқындау тәжірибесі осындай балаларды қолдап, олар

дың ата-анасына, мұғалімдеріне психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық көмек беретін арнаулы мемлекеттік бағдарлама жасау қажеттілігін дәлелдеп отыр.

Информация о работе Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау