Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 08:40, курсовая работа
Дарындылық – адамның ой – өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің
ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан – жақты дамудың нәтижесі болып табылады.Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық» деген ұғым «қабілеттілік» деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі – бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік.Дарындылық туа біткен ерекше қасиет болып табылады.
Өмірдің өзі ақпараттардың, технологиялардың және іс-әрекет түрлері көлемінің тез өсуіне байланысты адамдардан қалыптасқан дағдылары бойынша кез келген жағдайларға тез икемделуді, жаңа мәселелердің шешімін тез таба білуді, ұшқыр ойлылықты талап етеді. Осы сапалық қасиеттердің барлығы әрбір жеке тұлғаға қазіргі заманғы қоғамда өз орнын таба білуі үшін аса қажет.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып дарынды
балалардың тек өткенге емес, болашаққа да, қызығуымен де, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін меңгеру қабілеттерімен де ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: "Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс".
Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Енді ең бірінші оқыту мазмұнының басты деген талаптарына тоқтала кетейік. Олар мына төмендегілер:
Бұл
тәсіл оқытудың негізгі
Бағдарлама бөлімдері арасында және пәндер арасында өзара мазмұнды қарым-қатынас болмауы оқушының жүйелі ойлауы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Нәтижеде баланың дүниеге деген тұтас, жалпы көзқарасын қалыптастыруда қиындықтар туады.
Ең бастысы, дарынды балалардың даралық ерекшеліктерін, жан-жақты қызығуларын, мінез-құлқының айырмашылықтарын есепке алу қажет. Мысалы ретінде мектепке дейінгі бағдарламасындағы тақырыптарды алып қарайық: "Аңдар және үй жануарлары", "Өсімдіктердің алуан түрлілігі", "Ғарыштың дамуы", т.б. Бұл тақырыптарға жабайы аңдарды, өсімдіктерді, ғарышты оқып үйренгісі келетін балалардың басым көпшілігі қызығу танытады. Балалардың бірқатары үшін бұл тақырыптар ешқандай қызығушылық танытпайды. Олар бағдарламадан тыс тақырыптарды оқумен айналысуды қалайды.
Бұл мәселелерді шешудің ең негізгі амалы – мазмұн көлемін кеңейту, пәндер бойынша оқыту мазмұнын ұйымдастырудың тәсілі ретінде "тақырыптық тараулардың" орнына күрделірек мазмұнды тақырыптарға
ауысу. Мысалы, "Өсімдіктер" мен "Жануарлар" тақырыптарының орнына "Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғалуы", т.б. алмастыруға болады. Осындай қысқа мазмұнды тақырыптардың ауыстырылуы даранды балалардың ауқымды мәселелерге, абстрактылы идеялар мен теорияларға деген қызығуларын оятады. Осы жағдай ғана динозаврлар, т.б. жануарлар, өсімдіктер туралы кеңірек мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге балаларға қоршаған ортаны сақтап қалуға әсер ететін климаттық өзгерістерді оқып үйренудің де маңызы зор. Осы әдіс негізінде бала өзінің қызығатын тақырыбын таба алады.
Осы тәсілмен біз шығармашылық дарындылықты дамыту үшін оқыту мазмұнын ұйымдастырудың 4 негізгі ұстанымын алға тарта аламыз.
Аталған төрт ұстаным бір-бірімен тығыз байланысты, біреуінің жүзеге асуы басқасына әсер етеді. Пәнаралық көзқарастың іске асуы пәндер арасында тақырыптардың бірігуін қамтамасыз етеді. Дарынды балалар қажеттіліктерінің ақыл-ой жүктемесінде бесінші ұстаным пайда болады, ол оқыту мазмұнының нақтылық ұстанымы болып табылады.
Дарындылық дегеніміз - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық туа бітетін ерекше қасиет болып табылады.
Дарындылық – адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі. Дарынды балалардың ерекшеліктеріне зейінділік, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі, әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы, кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс), интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдасарынан көп біледі), кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту, өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму, жоғары дәрежедегі әділдік сезімі, оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алуы, қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қоюы, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашуы, жинақтылық, терең ақыл-ой жұмысына әрқашан әзір тұру, еңбекке ынталық, демалыспен санаспай, қажымай-талмай еңбектену, шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алуы, көбінесе өзі тың нәрсе жасауы, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтауы жатады.Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде баланың өсуіне қарай дарындылық нышанының ғайып болу жағдайын ескеру қажет. Сондықтан дарынды деген мәртебе тағуда аса сақ болу керек, себебі жеткіншектің мамандандырылған оқу орнында білім алу кезінде жанға бататын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған орай, ресейлік ғалымдар дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс үстінде "дарынды бала" ұғымының орнына "бала дарындылығы белгісі" деген терминді (немесе "дарындылық белгісі бар бала" ұғымын) пайдалануды ұсынады
Курстық жұмысымды қорыта келсем, дарынды бала – жалпы және арнайы дарындылығын байқатқан балалар. Ал мектептің мақсаты – әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін дамыту, қабілетін ескере отырып шығармашылығын қалыптастыру үшін ерекше жағдай жасау
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау