Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:11, реферат
Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.
Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Сананың философиялық концепциясы
б) Сана қасиеті
в) Адамның қалыптасуында еңбектің ролі
в) Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі
г) Сананың негізгі қасиеттері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМ
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,— деп жазды И. М. Сеченев,— есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) — бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады». Күрделі психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды».
Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.
Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.
И.М.Сеченев. Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармалары. М., Мемлекеттік саяси баспа.
Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.
Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Есім. Қазақ философиясының тарихы.
2.Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы. Алматы,1998
3.Ә.Нысанбаев.Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы. Алматы,1999
Сана мәселесі философиядағы
басты және күрделі, түсіндіруге
қиын мәселелердің бірі, себебі сананы
керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы
қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның
жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін
факторлардың бірі, сана арқылы адам мен
оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс
жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан
да философия тарихында «сана», «жан»,
«бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде
үнемі пікірталастар жүріп отырды және
олар қазір де жалғасуда.
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды
біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) материалистік – сананы материяның
дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті
деп түсіну;
2) идеалистік – сананы материяға жат,
одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын
рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының
нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі
туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға
болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми
көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан
материяға – адам миына ғана тән қасиет.
Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда
оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын
айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи
эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты
және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана
мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының
алғышарты ретінде еңбекті атауға болады.
Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті
өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен
қорғануға қажетті нәрселерді жасады,
табиғат заттарының жаңа қасиеттерін
ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын
бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің
дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды
жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе
айту қажеттілігі туды, араласу құралы
ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл
адамның миын, сезім органдарын дамытты,
есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын
қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым
жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта
әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.Сана,
сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы.
Бейнелеу барлық материяға тән қасиет.
Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар,
процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп
отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге
ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер
еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін
қалдырады. Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл
түрінде субъект объектінің белсенділігін
туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе
айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші
бейнелеушінің бойында белсенді әрекет,
өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі
табиғатта да, қоғамда да кездеседі.
3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың
жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас,
идея, теорияларда бейнеленуі...
Сана — пәлсапалық санат.
Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен
зерттеуге және түсіндіруге келе
бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің
«мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен,
бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен
ғана шектеліп қалмайды, керісінше
одан шығатын күштер оның сыртында
,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде,
адамдар әрекеттерінің әдіс-
Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.
Мазмұны
[жасыру]
Сана құрылымы.[өңдеу]
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі[өңдеу]
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.
Санасыз[өңдеу]
Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
Санасыз әрекет[өңдеу]
Санасыз әрекет — адамның
жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын
әрекет. Санасыз әрекетке адам мән
бере қоймайды, қашан, қалай болғаны
жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз
әрекеттің қарапайым мысалына адамның
ой жүгіртпей істелетін дағдылы
әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің
шешімін кенеттен аян бергендей
табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы
ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд.
т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Санасыз әуестік — белгілі
бір уақытта адамның өзі
Сананың бүлінуі[өңдеу]
Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.[1]
Пайдаланылған әдебиет[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
[жасыру]
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға, Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?