Сана психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:11, реферат

Краткое описание

Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.
Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Сананың философиялық концепциясы
б) Сана қасиеті
в) Адамның қалыптасуында еңбектің ролі
в) Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі
г) Сананың негізгі қасиеттері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

сана философиясы.docx

— 79.30 Кб (Скачать файл)

 Аймақтық ассамблеялардың мүшелерін  ұсыну мен тағайындау да осындай  кестемен жүргізіледі. Онда тағайындау  қызметін әкімшілік басшылары  атқарады.         

 Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясы  Республиканың көпдеңгейлі және  күрделі этномәдени құрамын оны  құрайтын алуан түрлі элементтерін  көрсететін жоғарыдан төменге  дейін консультативті өкілдік  ете алатын халықтық органдардың  құрлымдық жүйесі болып табылады. Саяси партиялардың бәсекелестігі  барысында сайлау негізінде құрылатын  Парламент Қазақстанның тарихи  қалыптасқан барлық халқының  мүдделерін барынша толық қорғап, үндестіре алмайды. Оның үстіне, парламент – кәсіби заң шығарушылардың  жиналысы. Олардың әрқайсысы өз  қызметінде қоғамның алуан түрлі  мәселелерін ескеруге міндетті. Ал Ассамблея – қазақстанның  алуан түрлі халқының бірлігін  құрайтын этномәдени бірліктердің  даусын тікелей Президентке жеткізетін  халық билігінің бір тармағы.          

 Ассамблея – Қазақстан Президенті  жанындағы орган екенін атап  өткеніміз жөн. Бұл Қазақстанның  Конституциясында айтылатын және  заң шығарушы билікті құру  барысында маңызды рөл атқаратын  беделді құрылым. Бірақ ол басқа  да конституциялық органдарға  қарағанда, өзі мемлекеттік билік  органы емес. Мұнымен қоса, оның  Қазақстанның саяси жүйесіндегі  орны мен беделі биліктің классикалық  үш тармағының кез-келген органынан  – Парламент, Үкімет және Жоғарғы  Соттан еш кем емес.         

 Өйткені, бірінші кезекте  Ассамблеяның қызметін Қазақстан  Президенті басқарады. Демек,  Ассамблея арқылы басқа да  билік сатыларына айналып өтіп, оған тікелей Қазақстан халқының  топтарының қажеттіліктері мен  пікірлері жеткізілді. Ассамблея  шешімдері Президент үшін кеңес  мағынасына ие. Қоғамның әрбір  бірлігінің мүддесін мұқият ескеру  қажет болатын этносаралық қарым-қатынастарды  үндестіру саласында, Парламенттегідей  міндетті шешімдерді дауыстардың  көптігімен қабылдау, пайда емес, зиянын келтіретін еді. Сонымен  қатар, халық топтарының даусына  институционалды ресімдеу қажет.  Ассамблеяның парламенттік емес  қызметтермен саяси жүйеде «парламенттік»  әдіспен құрылуы да сондықтан.  Президенттің Ассамблея пікірімен  байланыспайтыны да осыдан. Мемлекет  басшысы ҚХА қатысты іс-қимылдар  еркіндігін сақтайды, мұнымен қоса  қазақстандық мемлекетті құрайтын  барлық топтардың мүддесін ескереді. Ассамблея – консенсус негізінде  және халықтық егемендігінің  жоғарғы бейнесі – мемлекет  Президентімен келісімде жұмыс  істейтін ұлттың моральдық беделінің  органы.        

 Сонымен қатар, Ассамблея  билік құрылымдарының жұмысында  қарама-қайшылық туғызбайды, олар  үшін «басы артық» мекеме де  емес. Ол өзінен басқа саяси  жүйенің бірде-бір институты тиімді  жүзеге асыра алмайтын нақты  айқындалған өкілеттіктерге ие. Президенттің тағайындауымен мемлекеттік  билік органдарының өкілдерінің  Ассамблеяға кіруі өте маңызды.  Бұл онда мемлекеттік билік  пен Қазақстан халқының шынайы  топтары өкілдіктің арасында  өзара тікелей шығармашылық әрекет  болып жатқандығының белгісі.  Бұл билік тармақтарын араластыру  емес, өйткені, Ассамблея, қалыптасқан  түсінік бойынша, билік органы  болып табылмайды. Себебі ҚХА  – мемлекет Президентінің өзі  басқаратын Республика билігі  мен халқының тұтастығы мен  бірлігінің ұйытқысы. Бұл биліктің  қосымша демократиялық контуры  секілді – үш тармақтан тыс  (заманауи мемлекеттің міндеттерінің  барлық алуантүрлілігін тауыспайтыны  енді айдан анық болды), бірақ  маңыздылығы олардан еш кем  емес.        

 Қазақстан халқы Ассамблеясы  барлық деңгейдегі шенуніктердің  ротациясы және мемлекеттік қызметтің  тиімділігін арттыру үшін аса  қажетті кадрлық резервтің тұрақты  көзі ретінде де үлкен маңызға  ие. Бұл оның тікелей мемлекет  Президентіне шығатын халық өкілдігінің  тетігі ретінде құрылуымен қамтамасыз  етіледі. Бүгінгі таңда қазақстандық басқарушылардың өздерін кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі ең үздіктердің бірі ретінде көрсетулері кездейсоқ емес. Мұнда Қазақстанда кадрларды дайындаудың осындай тиімді жүйесін құра білген ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі көп. ҚХА-ның Қазақстанның саяси жүйесінде артып отырған рөлі, оның қоғамдағы беделі 2007 жылдың мамыр айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерде көрініс тапты. 2007-2012 жылдары Қазақстанда кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқан көлемді конституциялық реформа ҚХА-ның артып отырған рөлі мен ықпалын толық ескереді. Осылайша, бұдан былай Мәжілістің 107 депутатының тоғызын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Бұл қадам тәуелсіз мемлекеттің қажет институттарының құрылуының аяқталғанын және Қазақстанның дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағы шептердің біріне бастаған қозғалысын сипаттайтын Республиканың жаңа саяси сапаға қадам басуының белгісі. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, мұндай норма, саяси шешімдерді дайындау мен қабылдау үдерісін одан ары жетілдіруге, биліктің үш тармағының өзара және Ассамблеямен іс-әрекеттерін заң шығару қызметінде Қазақстан халқының алуан түрлі пікірлерін әлдеқайда толық ескеру үшін тереңдетуге ықпал ететін болады. 2007 жылғы тамыз айындағы Мәжіліс сайлауы осы түзетуді ескеру арқылы өткізілді.        

 Қазақстан халқы Ассамблеясы  Республика Президентінің басшылығымен 15 жылдық қызметінде этносаралық  қарым-қатынастарды үйлестірудегі  беделді институтқа айналды. Ол  өзін Қазақстанның түрлі этномәдени  топтары арасындағы келісімнің  тиімді құралы ретінде көрсетті, Республика ұлттарының жан-жақты  дамуына, мемлекеттік құрылымның  нығаюына көмектесті.        

 Қазақстан Президентінің 2007 жылдың 26 шілдесіндегі «ҚР Президентінің  2002 ж. 26 сәуірдегі Жарлығына өзгертулер  мен толықтырулар енгізу туралы»  Жарлығын дайындау барысында  ҚХА-ның жалпы азаматтық қазақстандық  біркелкілікке қол жеткізудегі  жетістігі ескертілді. Осыған сәйкес, ҚХА жаңа атауға ие болды:  Қазақстан халқы Ассамблеясы.        

 «Оның заманауи кезеңдегі  басты рөлі – Қазақстанның  көпұлтты халқын бірыңғай қоғамға  біріктіру», - деп санайды Ассамблея  төрағасының орынбасары, Қазақстан  Республикасы поляктар Одағының  президенті Виталий Свинцицкий.        

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев  жария еткен тілдердің үштұғырлығы  стратегиясы Қазақстан халқын  біріктіруде маңызды рөл атқарады, оған сәйкес қазақстандықтардың  ересек өмірге аяқ басқан ұрпағы  үш тілді меңеруге тиіс –  қазақ, орыс және ағылшын. Бұл  стратегия нормативтік-құқықтық  актілерде көрініс тапқан, солардың  негізінде Республикадағы білім  беру жүйесі құрылады. «Славян  жастары мемлекеттік тілді жақсы  білуге тиіс», - дейді Ассамблея  төрағасының орынбасары, Қазақстанның  орыс, славян және казак ұйымдары  Қауымдастығының орынбасары Анатолий  Чесноков.        

 «Мен Президент Назарбаевтың  тілдердің үштұғырлығы идеясын  шын жүректен қолдаймын... Көпұлтты  кесінділерді біріктіру үшін  бұл дұрыс стратегия деп санаймын», - дейді ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері  жөніндегі жоғарғы комиссары  Кнут Воллебек 2009 жылы мамыр айында  Астанада өткен «Көпұлтты қоғамда  әлеуметтік интеграцияны заңмен  қамтамасыз ету» атты семинарда.  Ол «Қазақстандағы орыс, өзбек,  ұйғыр және тағы басқа да  тілдерде білім берудің мақтанарлық  тәжрибесі сақталуының маңыздылығын»  атап өтті.         

 Қазіргі уақытта республикада  жұмыс істейтіндердің ішінде  қазақ тілінде оқытатын 3784 мектеп, орыс тілінде оқытатын 1672 метеп,  өзбек тілінде білім беретін  65 меткеп бар, 14 мектеп ұйғыр тілінде  білім береді, 2 мектеп тәжік тілінде  оқытады. Республиканың 104 мектебінде  өзіндік пән ретінде Қазақстан  халқының 18 тілі оқытылады.        

 «Ұлтаралық қатынастар саласындағы  біздің тәжірибеміз, Қазақстан  халқы Ассамблеясының табысты  қызметі – Нұрсұлтан Әбішұлының  керемет саяси ноу-хауы – бүгінгі  таңда әлемде үлкен қызығушылық  пен құрмет тудырып отыр. Және  біз бұл тәжірибені ЕҚЫҰ-ға  төрағалығымыздың барысында толық  пайдалануға тырысамыз, - деп атап  көрсетті Мемлекеттік хатшы –  ҚР Сыртқы істер министрі Қанат  Саудабаев, 2009 жылы 26 қазанда Қазақстан  халқы Ассамблеясының ХV Сессиясының  ашылуы барысында. – Ассамблея  осы жылдар бойы Мемлекет басшысының  болашаққа ұмтылған біздің халқымыздың  бірлігін одан ары нығайтудағы  тірегі болды және солай болып  қалады».        

 Қазақтанның үдемелі дамуы  этносаралық қарым-қатынастар саласында  да айқын байқалады. Жақында  өткен ҚХА-ның ХV Сессиясында  Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның  ұлттар бірлігі Доктринасын бекіту  туралы Жарлықтың жобасын дайындауға  тапсырма берді. Ол мемлекеттік  саясаттың стратегиясын және  этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды алдағы ұзақ жылдарға одан әрі үйлестіру бойынша қоғамдық институттардың қызметін нақтылайтын маңызды құжат болу керек. «Тұтастай Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа идеялар туындатушы және, сонымен бір уақытта, мемлекеттік ұлттық бірлік саясатының сенімді тірегі болуға тиіс. Нақ сондықтан өткен сессияда мен Қазақстанның Ұлттық бірлік доктринасының жобасын әзірлеуді тапсырғанмын, - деді Мемлекет басшысы. – Оның жобасы бойынша мамандар, сарапшылар, ғалымдар көп жұмыс істеді. Оны саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен мұқият талқылау, толымды қоғамдық сараптамадан өткізу қажет. Доктрина, бір жағынан, біздің тіпті де аз емес тәжірибеміздің қорытындылануы, ал екінші жағынан – алға ілгерілеудің, ұлт саясатын жүргізудің ұзақ мерзімді және орта мерзімді стратегияларының, елдегі саяси тұрақтылықты, бірлік пен келісімді одан әрі нығайтудың берік негізі болуы тиіс».                    

      ҚХА-ның ХV Сессиясында Мемлекет басшысы ұлттық-мемлекеттік саясатты одан ары жетілдіру туралы жаңа маңызды бастамалар көтерді. Осылайша, ол 2011-2012 жылдарға арналған тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дайындап, қабылдауды ұсынды. Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы органдарының құрылымын Ақсақалдар Кеңесімен толықтыру керек. Сонымен қатар ол ҚХА Хатшылығына «қазақстандық ұлтаралық келісім тәжірбиесін жинақтап, негізгі еуропалық тілдерде «Қазақстан: бірлік пен келімсімнің интегралдық матрицасы» деп аталатын арнайы басылым шығаруды тапсырды.        

 Президент «қазақстандық қоғамда  білім беру жүйесі, тәрбилеу, БАҚ-тарда  этносаралық қарым-қатынастар тақырыбы  туралы баяндау, барлық қазақстандықтардың  құқықтық мәдениетін арттыру  арқылы азаматтық бірдейлікті,  толеранттылықты дамыту» қажеттігін  ерекше атап өтті. Ол мектептерде  толеранттылық курстарын енгізіп,  Білім және ғылым министрлігіне  «біздің қоғамымыздың ерекшілігін  ескере отырып, этносаясимәдениеттік  білім беруді дамыту жөніндегі  концептуалды ұсыныстар» дайындауды  тапсырды. Н.Ә. Назарбаев қазақстандық  партиотизмді, барлық этносаралық  топтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін  құрметтеу тақырыбын белсенді  насихаттауға шақырды.        

 Қазақстанның ұлтаралық келісімге  қол жеткізудегі табыстары әлемдік  қауымдастықта лайықты бағасын  алып, 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға  төрағалық етуін қамтамасыз еткен  маңызды фактор болды. Этносаралық  және конфессияаралық толеранттылықтың  қазақстандық үлгісі басқа мемлекеттер  теңелуге тырысатын әлемдік эталон  мәніне ие болуда. Ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен  жиырма жыл бойы жүргізіліп  жатқан Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік  құрылысы тәжірибесіндегі мәңгіліктің  мағынасы осында жатыр.   

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан  Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы  қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық  қоғам институттарының этносаралық  қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының  тиімділігін арттыру болып табылатын  мекеме.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан  халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан  Республикасы Президенті жанындағы  консультативті-кеңесші орган деп  бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Өз тарихында Ассамблея  ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші  органнан мықты құқықтық негізге  және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

2007 жылғы мамыр айында  Қазақстан Республикасы Конституциясына  бірқатар өзгерістер енгізілді.  Қазақстан халқы Ассамблеясына  конституциялық мәртебе берілді,  ол ҚР Парламенті Мәжілісіне  тоғыз депутат сайлау құқығына  ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның  қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай  артты.

Информация о работе Сана психологиясы