Сана психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:11, реферат

Краткое описание

Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.
Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Сананың философиялық концепциясы
б) Сана қасиеті
в) Адамның қалыптасуында еңбектің ролі
в) Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі
г) Сананың негізгі қасиеттері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

сана философиясы.docx

— 79.30 Кб (Скачать файл)

 

 

          Бүгінгідей бірқатар мемлекеттің  орнықты дамуына этникалық және  діни жанжалдар айтарлықтай қатер  төндіріп отырған күндерде Қазақстан  мұндай мәселелерді жүйелі түрде  шеше білуге қабілетті екенін  көрсетуде. Қазақстан бір халықтың  өзге халықтан үстемдігі идеологиясының  қиратушылық күшіне қарсы тұра  алатын ұлтаралық татулық пен  келісімнің бірегей үлгісін жасай  алады. Әңгіме Қазақстан халқы  Ассамблеясы туралы болып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  бұл саяси «нау-хауы» бүгінде  әлемде үлкен қызығушылық туғызып  отыр.         

 ҚР Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың басшылығымен мемлекет  басшылығы өздерінің ойлап тапқан  іс-қимылдарының нәтижесінде Республикада  тұрып жатқан барлық этникалық  топтардың экономикалық, саяси және  мәдени дамуы үшін тең мүмкіндіктер  жасап берді. Қазақстанда қоғамдық  өмірдің барлық саласында азаматтардың  тең құқықтылығы заң жүзінде  бекітілген және жүзеге асырылуда.  Кадр саясатында лауазымға тағайындау  кезінде басты өлшем болып  адамның қандай ұлтқа жататындығы  емес, қабілеті мен іскерлік қасиеті  ескеріледі. Бұл ретте бұрынғы  кеңестік кеңістіктегі ешбір  мемлекет дәл Қазақстан секілді  айшықталып тұрған жоқ деуге  болады.        

 Барлық қазақстандықтардың  ұлты мен наным-сеніміне қарамастан  тең болуы және бір-біріне деген  құрметі, қоғамдық келісімнің  неуклонные нығаюы, халықтар достығы  Қазақстанның мемлекеттік саясатының  басты басымдықтары болды және  солай бола бермек те. Этносаралық  қатынастарды берік бірлікке  негізделген үлгісін жасаужағы  Қазақстан Республикасының тәжірбиесі  сәтті шыққан және бірегейлігімен  ерекшеленеді. Республика Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен  құрылып, ұлттық-мемлекеттік саясаттың  орталық институты ретінде қалыптасқан  Қазақстан Халқы ассамблеясына  әлемде балама жоқ.         

 Қазақстанға тәуелсіздігін  жариялағалы бергі жиырма жыл  бойы этникаарлық тұрақтылықты  сақтаудың сәті қалай түсті?  Бұл көптен срапшылар үшін  жұмбақ болып келе жатыр. Және  бұл – жай ғана бейбітшілік  сүйгіштікті сақтау емес, бұрынғы  КСРО аумағымен шектелмей, бүкіл  Еуразия кеңестігінде ұлтаралық  теңдіктің, тыныштық пен келісімнің  этолонына айналу. Бұл жерде Республиканың  кешенді этникалық құрамына назар  аудару керек. Қазақстанда тұрғындардың 70 пайзын дерлік құрайтын қазақтардан  өзге көпшілігі өзін тұрғылықты  қазақтардан өзге көпшілігі өзін  тұрғылықты жері санауға құқылы  жүзден астам ұлттың өкілі  тұрады.         

 Шындығында, социологтардың үлгілік  сызбаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның тарихи ерекшеліктерін, қазақ халқы мен басқа да  Қазақстан халықтары этникалық  топтарының менталитетін ескермей, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық  саясатын жүргізу мен қалыптастырудағы  ҚР Президентінің айрықша жеке  рөлін және оның бірегей иституттануын  ескермей бұл феноменді түсіну  айтарлықтай қиын.         

 «Елімізде Қазақстан халқы  Ассамблеясы арқылы ұлттық саясатты, этникааралық және дінаралық  диалогты жүзеге асырудың бірегей  әрі тиімді тетігі құрылған, - дейді Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі төрағасының  орынбасары, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық  Палатаның төрағасы Сергей Дьяченко. – Мемлекет басшысының бастамасымен  құрылған аталған орган ұлтаралық  қатынастардағы жарасымдылықтың  орталық буыны болып табылады  және саяси тұрақтылықты орнықтыруда,  қоғамдық келісім мен тыныштықты  нығайтуда маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, елде мультимәдениеті,  көпконфессиялы, көпэтникалы қоғамда  бірлікті сақтау мен нығайтудың  бай әрі бірегей тәжірбиесі  жинақалған. Сондықтан да бүгіндері  оны бұрынғы кеңестік республикалардың  да қабылдай бастауы аса таңқаларлықтай  мәселе емес, сонымен қатар демократиялық  институттарды қалыптастыруда сан  ғасырлық тәжірбиесі бар мемлекеттерді  мұқият зерттеп отыр. Осының бәрі  айтарлықтай ауқымдағы кешенді және көпұлтты әрі конфессиялы Қазақстан халқы бірлігінің өзіндік үлгісін құрайды. Бұл республиканы гүлденуге, қуатты және қарқынды дамуға бастайтын бағдар».         

2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылғанына 15 жыл толады. Оны  құру туралы идеяны Президент  Н.Ә. Назарбаев алғаш рет сонау  1992 жылы Республика тәуелсіздігіне  бір жыл толуына арналған Қазақстан  халықтарының бірінші форумында  айтқан болатын. Халықтар арасындағы  берік келісім мен бейбітшілікті  қамтамасыз ету, толеранттықты  қалыптастыруды тек саяси норма  ретінде ғана қарап қоймай, қазақстандықтардың  өмір салтына айналдыру Нұрсұлтан  Назарбаевтың мемлекеттік басқарудағы  алғашқы қадамдарының бірі болды.         

 Әрі қарай бұл стратегиялық  идея нақты мемлекеттік форманың  арнасына құйды. Қазақтан Республикасы  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен  Президент жанындағы консультативтік-кеңесші  орган ретінде Қазақстан халықтары  Ассамблеясы (ҚХА) шаңырақ көтерді.  ҚР Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі  Жарлығымен бекітілген ҚХА туралы  Ереже мен ҚХА Стратегиясы  (кейінірек өзгертулер мен толықтырулар  енгізілген) Ассамблеяның қызметін  реттеуші негізгі құжаттар болып  табылады. 2008 жылғы 20 қазанда Президент  Республиканың саяси жүйесіндегі  Ассамблеяның рөлі мен міндетін  нақтылай түскен Қазақстан халқы  Ассамблеясы туралы ҚР Заңына  қол қойды. Заң мемлекеттік  ұлттық саясатты жасау мен  жүзеге асыруға атсалысуды Ассамблеяның  басты мақсаты етіп белгілеп  берді. ҚХА қызметі мынадай  принциптерге негізделген:

-         адам мен азаматтардың бостандығы мен құқы басымдығына;

-         мемлекет пен халық мүддесінің басымдығына;

-         адам мен азаматтардың нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни сеніміне, басқа да ұстанымдарына қарамастан құқы мен бостандығының теңдігі;

-         оның құрамындағы мүшелерінің ұйым қызметіне жекелей жауапкершілігі мен теңқұқылылығы;

-         аштық.

Заң ҚХА-ның негізгі міндеттері ретінде мыналарды жүктейді:

-         этносаралық қатынастар саласында азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету;

-         қоғамда этносаралық келісім мен толенранттылықтың әріқарай нығаюына қолайлы жағдай жасау;

-         Қазақстан қоғамының негізін құраушы құндылықтары бойынша қоғамдық консенсусты дамыту және қолдау, халық бірлігін нығайту;

-         Мемлекеттік мекемелердің қоғамда радикализм мен экстремизмның көрініс табуына және адам мен азаматтардың құқы мен бостандығын шектеуге бағытталған әрекеттерге қарсы күресуіне қолдау көрсету;

-         азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

-         Ассамблея міндеттері мен мақсаттарына жету үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктермен интеграцияны жандандыруды қамтамасыз ету;

-         Қазақстан халықтарының этникалық мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін қайта жаңғырту, сақтау және дамыту.

ҚХА міндеттері мен мақсаттарына сәйкес талассыз ауқымды қызмет ету  аясына ие. Оның заңда көрсетілген  негізгі бағыттары:

-         мемлекеттік ұлттық саясатты жасау мен жүзеге асыруға атсалысу;

-         қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету;

-         мемлекеттік тіл мен Қазақстан халықтарының өзге де тілдерін дамыту;

-         этносаралық саладағы аймақтық саясатты оңтайландыру;

-         демография мен миграция саласындағы іс-шараларды және жоспарларды құруға және атқаруға қатысу;

-         этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ел ішінде және шет мемлекеттерде насихаттау;

-         этносаралық келісімнің жетістіктеріне бағытталған ағартушылық және баспалық қызметтерді атқару;

-         этносаралық қатынастардың жағдайы туралы, соның ішінде мемлекеттік тілдің және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің қолданылуына мониторинг жүргізу;

-         мемлекеттің ұлтқа қатысты саясаты мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамаларына қатысу;

-         шет елдердегі қазақ диаспорасының туған тілін, мәдениетін және ұлттық дәтүрін сақтау мен дамыту, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайту мәселелері бойынша қолдау көрсету;

-         этносаралық қатынастар саласында келіспеушіліктер мен дауларды реттеу бойынша нақты шараларды ұсыну және жүзеге асыру, сонымен қатар оларды шешуге қатысу,

-         этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;

-         этносаралық қатынас мәселелері бойынша семинарларды, конференцияларды, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы диалогты қамтамасыз ететін өзге де іс-шараларды өткізу;

-         этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастық орнату;

-         Қазақстандағы өзге этностардың өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға ықпал ету;

-         этносаралық келісімге оң ықпал ететін және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметтерді атқару.

Ассамблея құрылған сәттен бастап оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың төрағалық ету оның беделін ерекше арттырды. Заңға сәйкес, ол Ассамблеяны қалыптастырып, қайта  құра алады, жалпы жетекшілік етеді  және оның қызметінің бағыттарын анықтайды, оның басқарушы лауазымды тұлғаларын тағайындап, қызметінен босатады, ҚХА  Сессияларын шақырады, оның Хатшылығын құрады. Ол өзінің орынбасарларын тағайындайды, оларға өз өкілеттігінің бір бөлігін  бере алады, ұдайы қызмет ететін –  Ассамблея Кеңесі органын құрып, басқарады, Ассамблеяның бағдарламалық  құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру бойынша тапсырмалар береді, БАҚ-тарда және халықаралық ұйымдарда  оның атынан сөз сөйлеп, мәлімдемелер жасаудың ерекше құқығына ие.         

 ҚХА жоғарғы органы оның  Сессиясы болып табылады. Ол жылына  кем дегенде бір рет шақырылады. Қазақстан Президенті кезектен  тыс сессияны өз бастамасымен  немесе Ассамблея Кеңесінің бастамасымен, не болмаса Ассамблея мүшелерінің  үштен бір бөлігінің өтінішімен  шақырады. Сессия шақырылатыны туралы  жарлық жарияланғаннан кейін  бір айдан кешіктірілмей басталады.          

 ҚХА Сессиясының айрықша  құзыретіне жататындар: ҚХА атынан  конституциялық квота бойынша  Мәжіліс мүшелерін сайлау (9 депутат), Ассамблея стартегиясын анықтауда  ортамерзімдік келешек үшін тұжырымдамалық  тәсілдерді жасау және оларды  Ассамблея төрағасының қарауына  енгізу, Ассамблея стратегиясын  жүзеге асыру бойынша ортамерзімдік  келешектерде Ассамблея жұмысының  жоспарын және бірінші кезектегі  іс-шараларды бекіту, Ассамблея мүшелерінің  есептерін тыңдау, этносаралық және  конфессияаралық келісім мәселелері  бойынша жалпымемлекеттік мағынаға  ие азаматтар мен қоғамдық  бірлестіктердің өтініштерін қарастыру.  ҚХА сессияларында қабылданатын  шешімдер заңдық күшке ие болмайды, дегенмен, көп жағдайда олардың  негізінде мемлекет үшін аса  маңызды құжаттар қабылданды.         

 ҚХА Кеңесі Ассамблея құрамына  кіретін этномәдени бірлестіктердің  өкілдерінен, облыстардың, елорданың  және Алматы қаласының, мемлекеттік  органдардың аймақтық ассамблеяларының  жетекшілерінен тұрады. Қазақстан  Республикасы Президенті шешімімен,  Кеңес құрамына Ассамблеяның  басқа да мүшелері енгізілуі  мүмкін. Кеңес ҚХА құзырлығына  жататын және оның Сессиясының  құзыретіне жатпайтын кез-келген  мәселелерді қарастыруға құқылы. Кеңес Ассамблея сайлайтын Мәжіліс  депутаттарына үміткерлерді ұсынуға;  Ассамблеяға мүшелікке үміткерлерді  қарастыруға; Республика Президентіне  кезекті Сессияны шақыру және  оның күн тәртібі туралы ұсыныс  енгізуге өкілетті; Кеңестің шешімдері  дауыс санының артықшылығымен  қабылданады: отырсқа қатысушылардың  кем дегенде үштен екі бөлігінің  даусымен қабылданады (шешім қабылдауға  арналған кворум бойынша Кеңес  мүшелерінің жалпы санының кем  дегенде үштен екі бөлігі жиналған  жағдайда). Кеңесті Ассамблея төрағасы  алты айда кем деген де бір  рет шақырады (немесе олардың  орынбасарларының бірі төрағамен  келісе отырып өткізе алады).        

 Ассамблеяның хатшылығы (Аппарат)  ҚР Президенті Әкімшілігінің  құрлымдық бөлімшесі болып табылады. Оны Ассамблея төрағасының орынбасарларының  бірінің құқығымен меңгеруші  басқарады. Аппарат ҚХА Кеңесі  мен Сессиясы шешімдерін, оның  Төрағасының тапсырмаларын орындауға  арналған жұмыс органы болып  табылады.         

 Ассамблеяның өзінің төменгі  ұйымдары да бар – Қазақстанның  әрбір облысында, Астанада және  Алматыда аймақтық ассамблеялар. Олар әкімшілік басқарушылары  жанынан (әкімдіктерде) консультативтік-кеңестік  органдарда орнын алып отыр. Олардың  құрылымы жалпы сипатта республикалық  Ассамблеяның құрылымы мен оның  органдарына ұқсайды. Мұндай тәсіл  Қазақстан Республикасында халық  билігі қағидатын «төменнен»  барлығын қамтып жүзеге асыратын  нағыз демократиялық қоғамдық  ұйым құруға мүмкіндік берді.  Ассамблеяға мүшелікке үміткерлер  аймақтық ассамблеялардың сессияларының  шешімдерімен этномәдени орталықтардың  кеңесімен ұсынылады. Басқа жалпы  республикалық және аймақтық  қоғамдық бірлестіктер де ҚХА-ға  өз үміткерлерін ұсынуға құқылы. Мұнымен қоса, үміткерлердің азаматтық  беделі, қоғамдық-саяси белсенділігі  ескеріледі.         

Информация о работе Сана психологиясы