Шешендік өнер психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89

Вложенные файлы: 1 файл

шешендк онер.doc

— 735.00 Кб (Скачать файл)

     Тіпті тәжірибелі, сақа шешендердің өзін де аудиториямен әрбір кездескен сайын ойламаған, жаңа оқиғалар күтіп түрады.

    Сөз қандай терең мағыналы, мазмұнды болсын, оның мәнісін қанша өңдеуден өткізсең де, нашар шешендік техника, аудиторияны үйіріп әкете алмау сөздің, не әңгіменің әсерін күрт төмендетеді

Сөз сөйлер алдында

      Аудиториямен әр кездескен сайын шешен рухани және күш-қуаты тұрғысынан дайындалып келуі керек. Сөйлер алдында мүмкіндік болса демалған дұрыс, жеке қалып тағы да бір рет сөйлеу жоспарын көз алдына елестетіп, кейбір аса жауапты жоспарын тағы да ойланып, тіпті жай екпінмен, зорланбай айтып шыққан жөн. Сөздің тақырыбына, мазмұнына, онда келтірілген мәселелерге қатысы жоқ нәрсенің бәрін ойдан лақтырып тастау керек.

       Дегенмен, шешен де өзіміз сияқты адам ғой. Сөз сөйлер алдында онда да күтпеген жағдайлар, қолайсыздықтар, үйінде, не жұмысында қиыншылықтар болып қалуы, тіпті өзі науқастанып қалуы да мүмкін ғой.

        Ал аудиторияның шешеннің бүл қиыншылықтарында жұмысы қанша. Сондықтан да, оған өзінің бұл жағдайларын жасырып, уақытша алдағы сөзге қатысы жоқ нәрселердің бәрін ұмытуға тура келеді. [45].

      Көп жағдайда кейбір адамдар көпшілік алдына шығуға жүрексініп, тыңдаушылармен кездесуге қорқады. Бұл олардың көңіл-күй ғана емес, тұла бойына да әсер етеді: біреулер дірілдеп, біреулер қызарып-көгереді, үшіншілерінің дауыстары қарлығып, қалтырай бастайды. Мұны "шешендік безгегі" деп те атайды.

Алғашқы рет сахнаға шығар алдында өзінің қандай күйде болғандығын И.Андроников кейін күліп еске алады. Ол жүргізуші ретінде сахнаға шығатын концерттің алдында онымен музыканттар әңгімелеседі.

"Маған бағытталған әрбір  көзқарас, берілген әрбір сұрақ мені осы уақытқа дейін ғылымда зерттелмеген қорқыныш өзенінің иіріміне батыра түсті. Біраз уақыт өткеннен бір шара новокаин ішкендей сезіне бастадым. Кеудем және шеміршегімнің асты жансызданып, қақайды да қалды. Аузым кеуіп, тілім ысылдап, ал жоғарғы ернім мен сыпайылықпен күлімсіреуге әрекет еткен сайын құп-қүрғақ тістеріме жабысып қалды, тіпті сау-сақтарыммен ажыратуға тура келді. Кенет бүкіл денем қалтырап қоя берді, оны қанша тон жапсаңызда баса алмайтын едіңіз. Себебі ол қорқыныш үрейі билейтін сананың сонау түпкірінен шыққан болатын".

Көпшілік алдындағы үрей мен әбіржу мына себептерден болады:

1. Өз уайымына шектен тыс батуы. Мұндай жағдайларда жұмыс туралы ойлап, барлық зейініңді сөздің мазмұнына аудару қажет.

2. Өз мүмкіндіктерін жете бағаламау. Сондықтан да өзіңізді болашақ сөзге жақсы дайындалдым, мен тыңдаушыларға маңызды, әрі пайдалы нәрселер айта ала-мын деп өзін-өзі сендіруі керек.

3.  Тәжірибесінің жеткіліксіздігі. Ондай шешендерге:

- батылданып, ыңғай келген кездерде сөз сұрау керек;

-  әр түрлі пікірталастарға қатысудың кез келген мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс: телехабар тыңдағаннан кейін отбасында, оқу, не жұмыс ұжымдарында, әр түрлі іс-шараларда, т.б.

А.Сәтсіздікті еске түсіру. Сәтсіздіктер тәжірибелі шешендерде де болады. Сондықтан да оған жайбарақат қарап, еске ала бермеу керек.

И.И.Соллертинский Андрониковтың сөйлер алдындағы ахуалын көріп оған былай деп ақыл айтқан екен: "Сен, не, қорқып тұрсың ба? Қазір доғар! Көрермен сенің бұл қалшылыңды күтіп отырған жоқ және ол үшін ақша төлемейді. Ал бұл саған өте жағымсыз қолайсыздықтар әкелуі мүмкін. Сен неден қорқасың? Сен трубада, не кларнетте ойнап жатқан жоқсың. Ал тіл болса, ол сенімді "қақпақ" алдамайды! Сенің айтайын деп тұрғаныңды ешкім де білмейді, сенің сол сөзді емес, басқа сөзді айтқаныңызды олар қайдан біледі? Есіңді жи - оркестранттар қарап тұр!".

Бір сөзбен айтқанда шешенге жақсы психологиялық дайындық қажет.

 Шешеннің сөзге жеткіліксіз дайындалғандығы.

XIX ғасырдың әйгілі сөз шебері А.Ф.Кони бұл туралы былай деп жазды:

"Сөз сөйлер алдында толқымау үшін өзіңе сенімдірек болуың керек, ал бұл лекцияға жақсы дайындалған жағдайда ғана мүмкін. Мәселені жақсы білген сайын аз толқисың. Толқу көлемі дайындалуға жұмсаған еңбектің, дәлірек айтсаң дайындықтың нәтижесіне кері пропорциялы. Ешкімнің көзіне ілінбейтін алдын ала еңбек лектордың сенімділігінің негізі. Бұл сенімділік лектор еркін, түсінікті сөйлеп тұрғанын сезген уақытта арта түседі де, оған әсер етіп, сөздің сәтті аяқталуына септігін тигізеді".

"Шешендік безгектен" құтылудың бірегей емі жоқ. Әдебиетте мұндай жағдайларда көптеген кеңестер беріледі. Ең жақсы кеңес: "Көпшілік алдында сөйлеудің үзілмес тәжірибесі - сенімсіздік пен қорқынышңа қарсы бірден-бір дауа құрал".

Сөз сөйлеуден бұрын ғимараттың жағдайымен танысу қажет. Егер оқу кешені үлкен болса, күшейткіш техниканың бар жоғын анықтау керек. Жалпы алғанда ғимараттың ішкі көлемі қатысушылардың санына сәйкес болғаны жөн. Егер тыңдаушылар аз болса қатысушыларды жақынырақ, алдыңғы қатарға отырыңыздар деп шақыруға болады.

Баяндама, дәріс т.б. жиындарды ұйымдастырушылар шешенге де, тыңдаушыларға да қолайлы жағдайлар туғызуы керек. Тар, қапас, қараңғы жайлар сөздің әсерлілігін төмендетеді. Бірақ шешен қандай жағдайда болмасын сөзге дайын болуы керек. Сөз сөйлер алдында ғимараттың ішіне кіріп, қажетті құрал-жабдықтардың бар-жоғына, түзік пе, бұзық па (микрофон, диапроектор, тақта, бор, плакаттар, көрсеткіш, т.б.) тексерген жөн. Шешеннің бетіне жарық түсіп тұрғаны дұрыс. Себебі оның бет қимылы, қолы, жүріс-түрысы аудиторияға әсер етуі керек.

Сөз сөйлеудің басталуы.

Аудиторияға әсер ету шешеннің тыңдаушылар алдына шығуынан басталады. Әрбір тыңдаушы шешеннің бойынан, жүріс-түрыс, қимылы, бет-әлпетінен өзіне деген сенімділікті, жігерлілікті, аудиторияға аса бір қажетті жаңалықтарды хабарлауға дайын екендігін көріп, оның жүзінен байсалдылық пен парасаттылықты, даусынан табандылықты сезінуі керек. Оның жүріс-тұрысынан қысылғандық, жасықтың, немқұрайлылық сезілмеуі тиіс. Барлық дайындық жұмыстар алдын-ала жасалып қойылуы керек. Жүріп келе жатып түймесін салуға, шашын тарауға, не жөндеуге, жазуларына үңілуге болмайды.

Әйгілі актриса Ермолованың тек сахнаға шыққанының өзі көрермендерді сиқырлап алатын болған:

"Сахнада көрмеген адам оның  адамның жан-дүниесін шайқалтып  жіберетін қасиеті бар екендігіне  еш уақытта сенбес еді. Ол өте  кішіпейіл, көп сөйлемейтін, түйық  кісі болатын. Өз күшіне, өз мүмкіндіктеріне еш сенбейтін.

Спектакльде ойнау керек. Ол неме көптен қойылып келе жатқан дүние болатын. Сонда да құты қашып, таңертеңнен сахнаның сыртына келіп түратын. Ойы -кешкі спектакльге кешігіп қалмау. Олай-бұлай теңселіп жүріп еденнің тақтайларын адыммен өлшеп, шегелердің төбесін санайтын. Суық шалған самайын қатып қалған алақандарымен қысатын. Жабырқап, торығатын. Көзінен жас парлап жылайтын. Бұл кешке дейін созылатын. Күні бойы аузына нәр алмайтын. Спектакль басталудан бір сағат бұрын киініп, гримденіп, даяр болатын. Оның бет-жүзінен, инабатты бүкіл бейнесінен бір белгісіз, өзіне тартатын күш шығатын. Сахна сыртында тұр. Режиссер Кондратьев басын изеп: "Сіздің кезегіңіз, көгершінім" - дер еді. Байсалды түрде мойынын оған бұрып, әрі толқыған, әрі қатайған түрмен сахнаға шығатын. Залды кенет ток ұрғандай кейіп! Жайғасып, жантайып, шынтақтап отырғандардың бәрі жел үрлеген қаңбақтай орындарынан атып тұратын. Алғашқы сөздерді бастап айтуы мұң екен, жұрттың барлығы алға ұмтылып, жарық кезіне қадалатын. Монолог біткенде көбінің көзіндерінде жас тұратын. Ол аянышты бірдеңелерді айтқаннан соң емес! Немесе буындарын босатып жіберді ме? Жоқ! Жоқ! Ол көрерменді өнер кереметіне тартты Ұлы әйел!".

Тәжірибелі шешен әдетте сөзін бастауға асықпайды. Ол 10-15 секундтай кідіріс жасайды да, тыңдаушыларға өзімен сырттай танысуға мүмкіндік береді. Психолог П.Таранов бұл туралы былай дейді: "Кім бірінші болып өзінің үнсіздігімен бізге кідіріс тақса, сол біздің үстімізден психологиялық артықшылық алады". Бастапқы кідіріс пен сөздің алғашқы минуттарында-ақ тәжірибелі шешен тыңдаушылардың көңіл-күйін, олардың сөйлеу мәнеріне көзқарасын байқауға лайықты үн тауып, аудиториямен іскерлік арақатынас орнатуға ұмтылады. Бірақ тыңдаушылар туралы барлық мәліметтерге ие бола отырып, бетпе-бет кездескенше, олардың болашақ мінез-құлқының барлық қыры мен сырының алдын-алу өте қиын. Аудиторияны жалпы пиғылмен байқағаннан кейін ғана өзіңе тартуға әрекет жасап, қажетті бағыт ұстау керек:

     - егер көпшілік өзін  сабырлы ұстаса, онда ақпараттандырушы бағытын;

      - егер шешен өзінің  аудиторияға ешқандай жаңалық  айта алмайтынын сезсе, онда түсініктеме  берушінің бағытын;

      - сөйлеуші тыңдаушылардың  өзіне жылы шырай білдіргенін  байқаса, онда сөз әңгіме түрінде  өтеді де, сөйлеуші әңгімелеуші бағытын ұстайды;

- егер сөйлеуші тыңдаушылардың  арасынан оның сөзіне құлақ  асқысы келмейтін адамдарды байқаса, онда өз сөзімен олардың тарапынан  қызығушылық туғызуға талаптануы  қажет, ол үшін қызғылықты мысалдар, тың салыстырулар, фактілер келтіру керек.

Шешеннің аудиторияның көңіл-күйіне, нақтылы жағдайға қарамастан сөзін жалғастыра бергені жақсы нәтиже бермейді.

Егер кідіріс ұзарып, тыңдаушылар шулауын қоймаған жағдайда не істеу керек? Мұндай жағдайда шешен сөзш көтеріңкі дауыспен бастап, шуды басады.

Әдетте, қолайлы, тыныштық  жағдайларда ол сөзін асықпай, байсалды, орташа дауыспен бастайды. Бұл тыңдаушыларға жағымды әсер етеді.

            Сөйлеу мәнері

Әрбір шешеннің өзіне тән, ерекше сөйлеу мәнері болады. Шешеннің сөйлеу кезіндегі мінез-құлңы дегеніміз - ол тыңдаушылар алдында не естісе соның бәрі, ол тыңдаушылар көзқарасынша, шешен сөйлеген кезде көргендері, естігендері, сезінгендері. Сөйлеу мәнері әр түрлі элементтерді біріктіреді, олардың сипаты сөйлеушінің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ барлық  жағдайларда да сөйлеу стиліне кіретін барлық  құрылымдардың тыңдаушыларға жағымды әсер еткені абзал.

1. Сыртқы пішіні

Шешен сахнаға шыға келгеннен бастап- ақ, тыңдаушылар оны сынап үлгереді, бір-бірімен пікір алысып, ескертпелерін жасап жатады.

Сөйлеушінің киімі сөз сөйлейтін жағдайға сай таза, әрі жинақы болуы керек. А.Ф.Кони лекторларға былай деп кеңес берген.

"Қарапайым, бірақ әдемі киіну  керек. Кір, күтілмеген костюм жұртқа  жағымсыз әсер етеді. Мұны есте  мықтап ұстау қажет. Себебі жиналғандарға психологиялық әсер сөз бастағанға дейін, лектордың жұрт алдында шыққан кезінен басталады".

Шешеннің киімі жеңіл, денесіне еркін киілетін, қол, иық, аяқ қимылдарына бөгет жасалмайтындай болуы керек. Ер кісілер жақсылап сақал-мұртын қырып, тарануы керек. Қалталарында қампайып тұратын артық зат болмағаны абзал. Әйелдерге аса жарқырап тұратын алқа, сырға, білезік тақпауға кеңес беріледі. Жұрттан бөлек, аса қымбат, жылтырауық  киімдер мен әшекейлер тыңдаушылардың назарын сөз бен оның мазмұнынан басқа жаққа аударып жібереді. Шешеннің шашы тараулы, қолы таза, тырнағы алынған, аяқ киімі сүртілген болуы керек. "Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салады" деген халық  нақылын ұмытпаған жөн.

2. Сөйлеу кезіндегі мінез-құлқы

Шешеннің сыртқы түрінен гөрі сахнадағы мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы көп мәселеге әсер етеді. Аудитория шешеннің сөз сөйлеу кезіндегі өзін-өзі ұстауын, жүріс-тұрысын мұқият қадағалап отырады. Ал ол мұнымен санасуы керек. Егер ол өзін жасқаншақ, немқұрайлы ұстаса, "Мен сіздердің уақыттарыңызды алдым, сол үшін ұялып тұрмын" дегендей сыңай танытса, аудитория түңілуі мүмкін. Шешен тыңдаушылармен екі арада жылы шырайлы, әрі іскерлік қатынас орнатуы керек. Ол кішіпейіл, сыпайы, сонымен бірге өз сенімімен рухтанған болуы қажет.

Жақсы шешендік мәнердің белгілері - еркіндік, өзіне-өзі сенімділік, жігерлену және жылышырайлылық.

3. Жүріс-тұрысы

Тыңдаушылар шешеннің жүріс-тұрысына да көңіл аударады. Кейбір шешендер мінбеге шығып алып, оған асылады, жатады. Олай-бұлай теңселіп, не бір орында мелшиш тұрып алады. Кейбіреулер папкасына үңіліп дода-дода қағаздарды аударыстыра бастайды. Мұның барлығы да тыңдаушыларға жағымсыз әсер етеді   әр түрлі әңгімелерге себеп болып, аудиториямен байланыс орнатуға кедергі жасайды.

4. Бет  әлпетінің реңі

Шешеннің сөйлеп тұрғандағы бет-әлпетінің реңі көп қызмет атқарады. Бет-әлпеті (бірақ тұнжыр емес) қуаныш пен қайғыны, күдіктену мен мысқылды менменділік пен жек көрушілікті білдіре алады   Бет-әлпет сөйлеу сипатына сәйкес болуы керек. Адамның бет-әлпеті,   бүкіл  болмысы  сияқты  сенімділікті жігерлілікті, тыңдаушыларға аса маңызды жаңалықтарды айтуға ұмтылушылықты білдіруі керек.

Адамның жай күліп, жымиғанынан да көптеген ішкі сезімдер мен оның рухани, адамгершілік қасиеттерінен де біраз хабар алуға болады. Өзіңіздің бет-әлпет құбылысыңыз туралы түсінік алғыңыз келсе, айна алдына тұрып, қажетті жаттығулар жасаңыз, ым мен ишара арқылы жасайтын қимылдарыңыздағы кемшіліктерді түзетіңіз.

5. Сөз сөйлеу кезіндегі қол  қимылдары. Сөйлеу кезінде шешендер өздерінің ойлары мен пікірлерін әр түрлі қол, бас, мойын, иық, бүкіл денесімен, аяқтарының қимылдарымен толықтырып отырады. Жан-тәнімен беріліп, қыза сөйлеп тұрған адам әр түрлі қимылдар жасағанын аңғармай да қалады. Ондай қимылдар мына түрлі болулары мүмкін:

- бейнелеуші қимылдар - адамның әр түрлі ішкі жан дүниесінің қозғалыстарын білдіру үшін қолданылады Олар сөздің ең сезімталдық шарықтау жерлерін қолын сермеу, құлаштау арқылы әсерлейді;

-  сипаттаушы - олардың көмегімен  бір нәрсенің көлемін, түрін, салмағын, қимыл-қозғалысты (тез немесе жай) суреттейді;

- көрсетуші - ең қарапайым қозғалыс. Әдетте ол заттың орнын немесе  бағытын қол, бас, көз, дене қимылдары  арқылы көрсетумен шектеледі;

Информация о работе Шешендік өнер психологиясы