Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Жастар үшін мәселенің маңыздылығын тағы да еске салғандай осы ғасырдың басында халқымыздың заңғар ақыны және үлкен тәрбиешісі Мағжан да:
Ашуы жауған қардай, шөккен жардай.
Қарт қыран қанжығалы қарт Бөгенбай
Бөкеннің жасжолбарыс жеткіншегі,
Аузынан жалын шашқан жасаң Жантай- деп айтқан. Осы мысалдан біздің әдебиетте ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу қалыптасқан және бұл ешқашан үзіліссіз атадан балаға беріліп келгенін дәлелдейді.
Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда.
2.3 Шешендік өнердегі
мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ
айтысы, жаңылтпаш мәселелері
Осы тұрғыдан алғанда, қазаққа шешендік өнерінің де бастау көзі, қайнары тым әріде жатқандығын және халқымыздың рухани мұраларының көбімен қанаттаса, қатар өріліп, дамып жетілгенін көреміз. Демек, шешендік сөздерді әдебиеттің бір жанры деп қарасақ, оның әдебиетіміздің басқа жанрларымен сабақтастығын, өзектестігін естен шығармауымыз керек.
Шешендік сөздерде мақал-мәтелдердің жиі қолдалынатыны белгілі. Мақал – халықтың дүниетанымына негізделген ой түйіні. Мақалдардың түрлері, тақырыбы, мазмұны баршаға мәлім.
Ақындар, би-шешендер тіліміздің осы қасиетін шебер пайдаланған.Өз ішінде ұйқасып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін бір ырғаққа бағындырса, өлең тармақтарына айналады. Қазақтың қара сөзінің өзінің ырғақты, ұйқасымды болып келетіні де осыдан.
Қазақта қара сөздің өзін тақпақтап сөйлейтін айыр көмей, жезтаңдай шешендер болған.Шешендік сөздер мейлі ол қара сөз болсын,, мейлі тақпақ болсын – бәрі де ұйқасымды, ырғақты болып келеді.Бұл жағынан алғанда олар мақалдарға өте ұқсас. Оның үстіне мақалдар ой түйіні болғандықтан, сөйлеушінің, шешеннің айтайын деген ойымен қабысып келіп, әрі көркемдік құрал қызметін атқарады, әрі ойдың дәлелі, тұжырымды дәйегі, нақты аргументі, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып табылады. Сондықтан билер, шешендер өз сөздерінде халық даналығының асылы осы мақалдарды орында әрі жиі қолданған.
Ал мәтелдер туралы мынаны айтуға болады. Мәтел – бейнелі сөзбен берілген ой түйіні. Мақалға ұқсастығы, міне осында. Ал айырмашылығы – мақал екі мүшелі болып келеді: Бірі – себеп, екіншісі –оның салдары. Мысалы: Ексең – орарсың. Мәтелде заттың, құбылыстың негізгі сипаты немесе мәні бейнелі сөзбен түйінделеді, яғни сипаттау түрінде болады: «тайға таңба басқандай», «бесенеден белгілі», «құрыққа сырық жалғап», «жауды аяған жаралы қалады», «көппен көрген ұлы той» [35].
Мәтелдер де мақал сияқты ұйқасқа құрылады. Сондықтан би, шешендер бұларды да аса ұтымды пайдалана білген. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» деген содан қалған.
Демек, сөз өнерін, шешендік өнер жолын қуған адамдар халықтың алуан түрлі мақал – мәтелдерін көп біліп, жасынан жадына тоқып, оларды орайы келген жерде орынды пайдаланып, ұтымды қолдана білген. Басқаша айтқанда, халықтың даналық ойының осы бір бастауы, қайнар көзі болып табылады.
Қазақ мақал-мәтелдерінің өзі есте жоқ ескі заманда өмір сүрген, аты-жөні ұмытылған данагөй шешендердің қысқа да нұсқа сөздері, афоризмдер болуы мүмкін.
Шешендік өнердің тағы бір қайнар көзі нақыл сөздер болып табылады. Бұлар мақал-мәтелдерге тым ұқсас. Нақыл сөздер ақылгөй даналардың, бұрынғы өткен би, шешендердің, ақын-жыраулардың үлгі-өнегелі,ұтымды, ұшқыр,логикалық қисынды, терең мағыналы бейнелі сөздері болып табылады. Мұндай сөздер тым қысқа,ұйқасымды, ырғақты болып келеді.
Сондай-ақ ұлы дана Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе», Ғабит Мүсіреповтің « Қазақтың жауы-қазақ» деген қанатты сөздерін екінің бірі қолданып жүр. Ал ілгеріректе айтылған осындай қысқа да нұсқа нақыл сөздердің көбінің әу баста кімнің аузынан шыққаны.
Мысалы: Атың жақсы болса-ер жігіттің пырағы;
Балаң жақсы болса-жан мен
Қызың жақсы болса-жайқалып
Әйелің жақсы болса-әуелі иманың, екінші жиғаның,
Үшінші, ырысыңның тұрағы.
Осы сөзді біреулер Төле би айтыпты дейді, екінші бір зерттеушілер Қаз дауысты Қазыбек айтқан екен дейді. Бұл сөзді басқа би айтты деушілер де кездеседі. Демек, ұл жалпыға ортақ халық мұрасы болып кеткен сөз.
Жұмбақ адамды тез ойлап, тұспалды бейнеден жасырылғанды тез аңғаруға үйретеді. Жұмбақты тез және дұрыс шешу үшін көп білу керек.Сондықтан жұмбақ адамның тапқырлығын,білгірлігін сынаудың бір түрі ретінде айтысқа айналған. Ертеде ел ішінде жұмбақ айтыс кең тараған. Жұмбақ айтыс-айтыстың ең бір қиын түрі. Өйткені мұндай айтысқа түсу үшін суырып салмалықтың үстіне ақын тапқыр, білгір болу керек. Жұмбақ айтысының тамаша бір үлгісі Әсет пен Рысжанның айтысы деуге болады.
Рысжан: Арықтан бір түйе өлді жетіп ажал,
Алты батпан бұлы бар,безбенге сал.
Сүйегі жерден,көктен
Білдің бе,мұның өзі қайда
Әсет: Домбыра саған ерген бұлбұл екен,
Рысжан сөйлер сөзге қырғын екен.
Арықтап оттай алмай өлген түйең,
Ақылмен абайласам бір жыл екен.
Жұмбақ айтысының тамаша бір үлгісі-Нұржан мен Сапарғалидың айтысы. Ел есінде жұмбақ айтысының небір үлгілері сақталған.
Қазақ жұмбақтары құрылымы жағынан мақал-мәтелдерге ұқсас болып келеді.Мұнда сөздердің ырғағы, ұйқасымы қатаң сақталады.Тез ойлап, шұғыл да дұрыс жауап беруге жаттықтыратын болғандықтан сөз өнері жолына түскен талапкерлер жұмбақ ойлап табуды,оны тез және дұрыс шешуді машық еткен.Сөйтіп жұмбақ өнер жолының бір баспалдағы болған.Жұмбақ тәріздеп, бейнелеп айтуға негізделетіндіктен, ол меңзеу, нұсқаумен үндесіп жатады. Ал қазақ шешендерді меңзеуді өте шебер пайдаланған.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған, ойын-сауықты көп айтылатын тағы бір сөз ұстарту амалы – жаңылтпаш.Жаңылтпаш бұл дұрыс сөйлеуге үйретеді. Шешендік өнердің қалыптасуында мұның атқарар қызметі айрықша. Өйткені шешен адамның сөзі – мүлтіксіз, айқын, анық болу керек. Сөйлеп отырған адамның тілі шолжың, мүкісті не кекеш болса, оны жұрт түсінбейді, тыңдамайды, біраздан соң келеке қылуы мүмкін. Сондықтан шешеннің әрбір сөзі айқын, анық болуы керек.Ол сөйлегенде кекештенбеуі, тұтықпауы тиіс, даусы ашық, сөздің мазмұнына қарай өзгеріске бейім ырғақты, жағымды болу қажет. Сөз өнерін өнердің ең асылы деп бағалаған халқымыз өнер алды қызыл тіл дегенде сөздің мән-маңызына, көркемдігіне, айту мәнеріне, дауыс ырғағына, дауыстың тембріне айрықша мән берген. Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай деп шешеннің дауысын да ерекше ескерген.Ал сөйлеу тілінің жетілуінде, тіл мүкістігінен арылуда дауыс ырғағын қалыптастыруда жаңылтпаш айтып жаттығудың мәні зор.
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай кім томағалайды.
Немесе:
Ар жақтағы Құдияр құдам еді,
Ол мені құдаламады,
Мен оны құдаламадым,
- деген сияқты айтылуы қиын, тіл
бұрайтын сөздерді тез-тез
Бүгінгі рухани өмірімізге енген өзгерістерге, қоғамның талабын сай өскелең жас ұрпақты игілікті,жігерлі, туған жерін, елім сүетін, ана тілін құрметтейтін, ата – баба дәстүрін қастерлейтін азамат етіп қалаптастыру мақсатында ұлтық және жалпы адамзатық мәдени мұралар негізінде тәрбиелеуге бетбұрыс жасалуда. Сол мәдени мұралардың бірі – қазақ билерінің тағылымдық мәні зор шешендік арнау, толғау сөздері.
Қазақ педагогикасының қалыптасып дамуына қазақ билерінің шешендік арнаулары, толғалары, қазақ елін көркейтуге бар қайрат – қажырып жұмсаған билердің үлгі - өнгесі орасан зор рол атқарады.
Елім деп, жерім деп қызғыштай қорғаған батырлар да, билер де аз емес. Билердің игі істері, көрсеткен үлгі - өнегесі өзі басқарған елге көп тәрбие береді. Көреген көсімдігімен алғыр шешендігімен, даналығымен туған даласын жат жұрттық басқыншалардан қорғау белсене қатысқан Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би», - деп атанған аңыздың тәлім тәрбиелік ықпалы өте зор.
Өскелен ұрпақтың бойында әлеуметтік моральдық - әдептілік түсініктерды, тілін дамытуға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыруда үлкенді – кішінің өзара сыйластығын бенелейтын, жоғары мәдениеттіліктің белгісі білдіретін тарылымдық ролі зор міна бір билердің кездесулері: «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз даусты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылар, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме – дүкен құрып отырғанда:
- Қаз дауысты Қазыбегім кеді.
Бәрің түгел жиналыңдар», - дейді Төле би.
Қаз дауысты Қазыбекті «Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым», - деп атаған ТӨле би.
Міне осындай ұшқыр оймен, қызыл тілдің күшімен жауға қарсы күш біріктеді білген, мына бір дана сөздері ержүректілікке, елінің туын берік ұстауға, ерлік намысын қорғауға, ерлік рухта тәрбиелеуге шақырады.
«Уа, көсіле шабар жерің бар
Ту көтерген ерін бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорын бар...
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Еркек болып туды деп,
Мына сені кім айтар ?»,- деп толғайды Төле би.
Қазақ билері өз ұрпағын ата – баба рухында тәрбиеленген, ата салтын қастерлеуге, құйма құлақ жастарға сеңіруге, шыққан тегін жатқа білуге баулап отырған.
«Балам атын кім ? дейді.
Атым Қазыбек, әкем Қелдібек би,
Ұлтым қазақ, руым Қаракесек» - дап жауап берген бала Қазыбек [36].
Ұлттық мәдениеттің шешендік арнау, толғау создерін қазіргі қазақ мектептерінде оқу – тәрбие жұмысында кеңенен қолдау, тіл мәдениетін, еліне деген қуштарлығын арттырып, ұшқыр қиялы, сана – сезімі, ой - өрісін өсіруге, рухани байлығын дамыта түсуне әсер ету әбден мүмкін:
1.Ұлттық шешндік арнау, толғау сөздерінің ерекшелігін оқушыларға жете менгерту үшін қазақ билерінің шешендік сөздерінің танымдық-тәлімдік мәні бар кластан тыс факултативтік курс бағдарламасын жасау.
2.Жалпы білім беретін мектептер жанынан шешендік өнерді дамытуға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын және үйірмелер ұйымдастыру және оны белгілі бір бағдарлама негізінде жүйелі де тиімді жүргізе білу.
Қазіргі жастарды Отан сүйгішттікке тәрбиелеу, өз еліне, өз жеріне тәу етусі, ұлт ішіндегі бірлікке, ынтымақтастыққа, ел тарихына сезімтал жүрекпен қарауға қазақ билерінің даналық, кеменгерлік, елшілік, тапқырлық қасиеттерінің тәрбиелік құндылығы зор.
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі
Қазақ шешендік сөздерінің табиғатына сай келмейтіні түсінікті. Шешендік өнердің табиғатын, шешеннің болмысын, психологиялық ерекшеліктерін, шешендік сөздің тақырыбы мен түрлерін, стильдік табиғатын жан-жақты қарастырады. Қазақ шешендік сөздерінің табиғаты бөлек. Олар кенеттен, күтпеген жерден, ешқашан дайындықсыз табан астында жарқ етіп көрінеді, оқыстан туады. Қазақ шешендік өнері-суырыпсалма импровизацияның жемісі.
Халқымыздың барша рухани байлығын, ақыл-ой жемісін, өнер табысы, ғасырлар бойы өнеге-үлгісі ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріліп отырған. Аға буынның кейінгі толқын келер ұрпаққа өнегесі мен өсиеті жыр-толғау, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, ертегі-хикаялар арқылы мирас болған.
Би-шешендер толғауында адамның мінезі, қылығы, адамгершілік қасиеттері туралы сөз болады. Тағы бір тобы адамды қауіп-қатерден сақтандырады, екіжүздіктен, мақтан сүйгіштіктен, арамылықтан, т.б. жат қылықтан аулақ болуға үндейді. Басқаша айтқанда, адамның қоғамдағы тәлім-тәртібі, этика, мораль мәселелері сөз болды.
Қазақ шешендік өнер өзі мен өзі ғана болып, жеке-дара оқшау дамыған құбылыс емес. Ол халық әдебиетінің бір жанры ретінде туып қалыптасқан өнер. ХХ ғасырға дейін әдебиетіміздің басты саласы поэзия болса, шешендік өнер осы халық поэзиясымен қанаттаса отырып дамыды. Шешендік өнер мен поэзия ежелден –ақ бір-біріне ықпал ете отырып өркен жайған. Би-шешендер сөзінің ырғақты, ұйқасты болып келетіні, шешендік толғаулардың жыраулар поэзиясымен үндес болып келетіні соның айғағы.
Халқымыз замандар бойы қалыптасқан салты бойынша, үлкен жеке адамның кейде бүкіл елдің басына түскен қайғыны, үлкен қазаны шешен адамдар ақын-жыраулар өлең-жыр, әңгіме, кейде күй арқылы естіретін болған. Мұндайда қайғылы хабарды естіртуші адам сөзін жұмбақтап, ишаратпен тұспалдап бастайтын болған. Қазақ шешендік өнері сондай-ақ қазақ прозасының дамуына да айтарлықтай ықпал еткенін көруге болады. Шешендік сөз саптау өрнегінің тамаша үлгісін Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин шығармаларынан көруге болады. Сөзіміз дәлелсіз болмас үшін мысал келтірейік: