Шешендік өнер психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89

Вложенные файлы: 1 файл

шешендк онер.doc

— 735.00 Кб (Скачать файл)

Оқығанды түсінгендіктің айқын белгісі - ол оқу мазмұнын өз сөзіңмен айтып бере алу біліктігі. Бұл дағды үнемі аудитория алдында өз білімімен бөлісетін, мақа-ла, брошюра, кітап мазмұндарын жатқа айтатын адамдар үшін аса қажет. Оқығанның мазмұнын жатқа айту, шешеннің тілін байытуы, лекторлың шеберлігін жетілдіруі үшін таптырмас жаттығу.

9. Оқыганын жазу

Жазудың ең қарапайым түрі -ол көшіру. Зерттеліп отырған мәселеге қатысы бар, сонымен бірге кейін керек болуы мүмкін жерлерді ғана көшіріп алуы керек. Көшіріп алған материалдарды пайдалану оңай болуы үшін оларды белгілі бір ретпен көшіреді. Көшірмелерді көлемі бірдей карточкаларға жасау тиімді. Әр карточкаға бірден артың көшіріп жазылмайды. Карточканың жоғарғы жағында көшірімнің қандай таңырыпқа қатысы бар екендігін, ал төменгі жағында көшірім жасалған нұсқаның барлың шығыс мәліметтерін, автордың аты-жөнін, кітаптың атын, басылған жылы мен орнын көрсетеді. Көшірімді карточканың тек бір бетіне жазып, қажет болған жағдайларда қосымша жазып, оларға түсініктемелер беріп, өз ойларыңды түсіріп отыру керек.

Кейбір шешендер шамадан тыс артық, кейде қажетсіз мәселелерді де көшіріп жазумен әуестенеді. Бұл көп уақыт алады. Сондықтан да көшіріп алу мәселесіне де тиімділік тұрғысынан қараған жөн.

Сөйлейтін сөз тақырыбына қатысы бар әдебиеттерді оқу, түрлі пайдалы әрі қызықты пікірлер, мысалдар, цитаталар, ұқыптылық пен шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Бірақ оның келешек сөздің сәтті шығып, нәтижелі болуына тигізетін пайдасы орасан. Шешен өз білімін толықтырады, материалға сын көзімен қарау дағдысын шыңдай түседі, белгілі таңырыпты дайындау кезінде шығатын негізгі мәселелерді анықтайды.

10. Өз көзқарасын ұстану

Оқу барысында ойда әлдеқандай өмір шындықтарына теңеулер, ұқсастықтар пайда болып, жаңа ойлар туады. Сондықтанда оқығандарыңды ойланып, кейбір мәсе-лелер бойынша авторлармен пікір таластырып, оқыған мәселелер мен одан туған ойлардың қазіргі заман талаптары мен тілектеріне қаншалықты қатынасы бар екендігін, қай материалды қайда және қалай пайдалануға болатындығын қарастырған жөн.

Болашақ сөзге нағыз дайындық  дегеніміз – ол сөзде көтерілген мәселелерге өз пікіріңді, өз көзқарасыңды анықтау  алу, өз идеяларыңды болашақ аудиторияның көзқарасы жағынан талдау болып табылады.

" 11. Сөзді сөйлеуге дайындау

11.1. Сөздің жазбаша мәтінін түзу. Бұл міндетті ме, онсыз болмай ма?

"Тек жазудың көмегімен сөздің  жеңіл болуына қол жеткіземіз?" - деген екен кезінде белгілі  рим риторы Квинтилиан. Көптеген  тәжірибелі атақты шешендер, мемлекет  жөне қоғам қайраткерлері, шешендік өнердің теоретиктері сөйленетін сөз міндетті түрде жазылуы тиіс деп санаған.

Сөздің мәтінін жазу оңай тірлік емес. Сондықтанда, көп адам еріншектік жасап, сөзді жазып әлектенгенше, есте сақтағаным жақсы деп есептейді. Соған қарамастан сөздің жазбаша мәтінін дайындау көптеген артықшылықтары бар. Жазылған сөзді тексеруге, жөндеуге, жазбаша мәтін бойынша адамның ақыл-кеңесін алуға болады.

Жазылған сөз есте оңай, көп уақыт сақталады. Сонымен бірге жазылған мәтін шешенді тәртіптендіреді, қайталаушылық, сәтсіз оралымдар, орашолақ тұжырымдардан сақтандырып, сөзді нанымды етуге жәрдемдеседі.

Алғашқы рет әр түрлі стилдік кемшіліктерге онша мән бермей, алғашқы нұсқаны жазып шығу керек. Содан соң жақсылап қарап шығып, кемшіліктерін жөндеп, артық жерлерін алып тастап, ақырғы таза нұсқасын дайындау керек. Дәптер емес, бөлек парақтардың бір бетін ғана пайдаланған жөн.

11.2. Сөз материалдарын меңгеру

Сөйлейтін сөзінің мазмұнын жазып, біткенімен шешен әлі тыңдаушылармен кездесуге дайын емес. Келесі кезең - сөз материалдарын меңгеру - өте жауапты кезең. Кейде бұл кезеңді дайындьщ кезеңі, репетиция деп те атайды. Бұл кезең не үшін қажет және қандай бөліктерден тұрады?

Ең алдымен, шешенге "Мұның барлығының қандай болатынын" көз алдына елестету керек. Ол қалай аудиторияға кіреді, сөзін қалай бастайды. Қалай сөйлеп, қалай қимылдайды - мұндай дайындықтар жұртпен кездескенде пайда болатын жасқаншақтықты, ыңғайсыздануды жеңуге мүмкіндік береді. Жаттығу кезінде барлық сөз немесе оның кейбір үзінділері айтылып, ширатыла түсіледі.

Әсіресе, сөздің кіріспесі мен қорытындысын тексеру, мысал ретінде келтірілетін жағдайларды пысықтау қажет. Әрбір сөйлеуші өзінің алдын ала "сөйлеу" әдісін қалыптастырады. Біреулер оны ішінен, екіншілері "дауыстап" орындайды. Ал, енді қалыптасып келе жатқан шешенге көпшілік алдына шықпастан бұрын, келешек сөзін алдына сағат қойып отырып, "айтып шығу" міндетті түрде керек. Оған өз дауысының шығуына, сөйлемдерінің қалай айтылатындығына, уақытты сезе білу дағдысын қалыптастыруға үйрену қажет. Сонымен қатар жаттығуға тыңдаушылар алдында қозғалыс, алғашқы шығу, аудитория алдында өзін-өзі қалай ұстаудың басқа да элементтерін қосу керек. Екінші жағынан бұл табиғи нәрсе. Өзін-өзі көрсету және қатынас процестерінің барысында ғана шешеннің ақыл-ойы, сана-сезімі, барлық рухани және дене күштері түйісім табады.

Әрине, мінбеге шығып алдын-ала қағазға жазылған мәтінді оқып берген бәрінен де оңай болар еді, бірақ ондай сөз сөйлеу шешенге абырой да, атақ та әпермейтіндігі белгілі. Тыңдаушылар қағаз бетінен оқыған мәтінді дұрыс қабылдамайды, сөйлеу барысында шешен мен аудитория арасында ешқандай байланыс орнамайды.

Кейбіреулер сөздің мәтінін жаттап алуға тырысады. Кейбір жағдайларда бұл керек те. Жиналыс, митингілерде тыңдаушыларға үгіт айтып тұрып, мерекелік жағдайларда, банкеттерде құттықтау сөздерін айту кезінде қолыңа сөз мөтінін ұстап тұру ыңғайсыз. Ал сол жерде дұрыс тұжырымдалмаған пікір, сәтсіз фраза, сөзді орынсыз пайдалану, дұрыс айтпау үлкен күнә. Сондықтан да бұрын дайындап, жаттап алған мәтінді айту дұрыс. Егер сөз қысқа болса, онда оның ешқандай қиыншылығы жоқ. Егер мәтін ұзақ болса, онда оны жаттап алу, өркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан сөйлеушіден қажымай-талмай, ерінбей еңбектенуді талап етеді. Шешен күтпеген жағдайларға да ұшырауы мүмкін. Шектен тыс толқу, ұмытып қалу, кідірістің ұзаққа созылуы, т.б. Сондықтан да жазылған мәтінді сөзбе-сөз қайталауға болмайды.

И.Андроников "Менің сіздерге айтқым келеді" деген мақаласында ауызша сөздің ерекшеліктері туралы өз ойларымен бөліседі:

"Не айтатыныңды күні бұрын жақсы біліп тұрсақ, еркін сөйлеу керек және жазылған, үйде жаттап алған сөзіңді айтудың қажеті жоқ. Егер дәл сол жерде, сөйлеп тұрған кезіңде пайда болған ойды жанды, жалынды сөздерге айналдыра алмасаң аудиториямен байланыс болмайды. Мұндай жағдайда сөйлеушінің назары алға -аудиторияға емес, артқа — шпаргалкаға ауады. Оның барлық күші алдын ала дайындалған мәтінді айтып шығуға жұмсалады. Мұндай жағдайда ми емес, жад жұмыс істейді. Фразалар жазбаша оралымдарды қайталап, интонация бірсарынданып, жасандыланады, сөз диктовкаға ұқсайды"[42].

11.3. Мәтінге сүйене отырып, сөз сөйлеуге дайындалу

Сөздің жазылған мәтінін жақсылап ойланып, түсініп, әңгіме болатын мәселелерді жан-жақты талдап, негізгі мағыналық бөліктерді анықтап, олардың арасындағы байланыстарды ойластырып, мәтінді бірнеше рет қайталап, дауыстап оқып, мәтіннің жоспары мен мазмұнын еске түсіру қажет.

Мәтіннің өзін де, сөздің негізгі мәселелерінің де астын сызып, түсіндіріліп отырылған мәселелерді нөмірлеу, аты-жөні, атаулар, статистикальщ мәліметтерді, цитаталардың басы мен аяғын, мысалдар мен көрнекі материалдарды белгілеп қою керек.

Белгілеу және ерекшелеу жүйесі әр түрлі болып келуі мүмкін (тура, ирек, нүктелі сызықтар, қоршау, төртбұрыштау, рим жөне араб цифрлары, түсті қаламдар мен фломастерлерді пайдалану, т.б.).

Сөйлеу кезінде мұндай мәтіндерді пайдалану аса жеңіл. Қағаз бетінде бір қарағанның өзі жетіп жатыр: ой жүрісі өз жүйесіне түсіп, керекті материалдар тез табылады, мәтінге сүйеніп сөз сөйлеу материалды еркін меңгергендік сезімін туғызады да, шешенге тыңдаушылармен сенімді, еркін түрде тілдесуге мүмкіндік береді.

11.4. Жазусыз сөз сөйлеуге дайындалу.Көптеген шешендер көпшілік алдында ешқандай жазусыз сөз сөйлеуді армандайды. Психолингвистика саласының аса ірі маманы А.А.Леонтьев "Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық механизмдері және оның дағдыларын тәрбиелеу" деген еңбегінде шешендерге мынадай кеңестерді ұсынады:

а)  Тәжірибе жеткіліксіз жағдайларда айтатын сөздердің бәрін түгелдей жазып шығу. Толың мәтін оқып шығу үшін емес, мағынасын өз сөзімен айтып шығу үшін қажет.

ә) Шешен сейлеу кезінде кездейсоқ жағдайдардың әсерінен өз сөзінен жаңылмайтындай жағдайға жеткен кезде толық конспект жазуға көшуге болады. Оның мәтіннен айырмасы сол, онда сөз дәлме-дәл жазылмайды, конспектіде кейбір мәтіннен сәттер қалдыру пайдалы:

- бірінші, тіпті: 2-3 фразаны;

- қорытындысын (2-3 фраза);

- кейбір осы сөйлеуге қажетті тұжырымдар:

- цитаталар, цифрлың, мәліметтер, жеке  атаулар, т.б.

б)  Шешендік өнерді меңгерудің келесі сатысы толық емес, ішінара ой топтарының бірінен екіншісіне өтуді белгілеген конспектілеп сөз сөйлеу, онда негізгі тұжырымдар, аяқтамалар, цитаталар, сандар, атаулар сақталады.

в) Біртіндеп конспектіден жоспарға көшуге болады. Жоспардың конспектіден айырмасы сол, онда сөздің мағыналың мазмұны баяндалмайды тек сол мазмұнды өрістетіп әкетуге көмегі тиетін бағыттар белгіленеді [43].

Ең басты мәселе жоспар пункттерінің тұжырымдалуы шешенге белгілі мағыналың топтың мазмұны туралы анық түсінік беруі керек. Алғашқыда жоспар негізгі тұжырымдамаларымен, қорытындыларымен, цитата, сан, атаулармен жасалады.

г) Көпшілік алдында сөйлеудің ең шыңы - сөйлегенде ешқандай жазба материалдарды қолданбай сөйлеу.

12. Дайындықсыз сөйлеу

Кейбір шешендердің сөйлейтін сөзін алдын ала дайындап жатуға мүмкіншіліктері бола бермейді . Кейде жиналыстарда, келіс сөздерде, қабылдауларда, т.б. кездесулерде дайындықсыз бірден сөйлеуге, сөзіңді сөйлеп тұрған кезде түзеуге тура келеді. Мұндай жағдайда барлың тәжірибеңді, жадыңды, күш-қуатың мен жігеріңді, еркіңді жұмсауға тура келеді. Кенеттен жанынан шығарып дайындықсыз айтылған, суырып салма сөздер тыңдаушыларға өте ұнайды, қатты әсер етеді, екі арада тікелей ілтипатты қатынас орнайды. Бірақ шешен сөзді табан астында, ойдан шығарып айтқандықтан, берілген уақытқа ойын сыйыстыра алмайды, кейбір мәселелер назардан тыс қалады.

Кейбір шегінушіліктер мен қайталанушылықтарда кейде тұжырымдарға анықтық, әділдік жетпей жатады, сөз қателіктері болуы ғажап емес. Сондықтан да, француздар айтқандай, ең жақсы суырып салма сөз - ол жақсы дайындалған суырып салма.

Кенет сөз сөйлеу, суырыпсалмашылық аса білімділік пен жан-жақты дайындықтың жемісі. Ол тек асабілімді, әрі қажетті шешендік дағдылары мен біліктіліктері бар адамның ғана қолынан келеді.

Кеңес өкіметінің көрнекті қайраткерлерінің бірі -А.В.Луначарский тамаша суырып салма шешен, лектор болған адам. Оны бір замандасы былай есіне алады:

"Луначарский шешендік өнерді тамаша меңгерген еді. Ол ешқандай дайындықсыз және еш қиналмай, керек етсеңіз үш сағат бойы сөйлей алатын еді, мұндайда ешқандай тыңдаушы залдан шығып кетуге шамасы жетпейтін. Жадының тамашалығы сонша, ол ешқандай материалдарға қарамай-ақ нұсқаларды жатқа айтып, көптеген фактілерді мысалға келтіретін.

Әдетте,Луначарский баяндама алдында кішкентай жазба кітапшасына бірнеше жол-негізгі тезистерін жазып алатын, сөйтіп бүкіл лекция бойына, екі-үш рет пененесін алып, кітапшаны жақындатып, кезімен тез шолып шығатын.

...Бірде Анатолий Васильевичке  сұрақ берілді: "Осынша зор  көлемдегі материалдарды пайдаланып, оп-оңай сөйлеуге қалайша қол  жеткіздіңіз?". А.В. Луначарскийдің  жауабы да назар аударарлыптай. Бұл сөздер тіпті афоризмге  айналып кетті. Оның жауабы: "Мен бұған бүкіл өмір бойы дайындалдым".

Сөзіміздің қорытындысында американ президенті Линкольн пайдаланған сөз сөйлеу әдісін ұсынып отырмыз [44].

Сөз сөйлеуге дайындалу үшін естелік (Линколън әдісі).

Отыра қалып, 30 минут ішінде сөз дайындауға әрекеттенбеңіз. Сөзді самса сияқты тапсырыспен пісіруге болмайды. Сөз өзінен-өзі тууы, толғағы жетуі керек.

Аптаның басында тақырыбын таңдап алыңыз, бос уақытыңызда жақсылап ойлап, күні-түні естен шығармаңыз.

Оны достарыңызбен бірге талқылаңыз. Оны әңгіме тақырыбына айналдырыңыздар. Осы тақырып бойынша өзіңізге әр түрлі сұрақтар беріңіз. Ойыңызға келген ойлар мен мысалдарды парақтарға жазып қойыңыз, одан әрі ізденіңіз.

Идеялар, ойлар, долбарлар сіздің басыңызға әр түрлі уақытта суға шомылып жатқаныңызда, көшеде келе жатқанда, түскі асты күтіп отырғаныңызда келуі мүмкін.

Сонымен сөз сөйлеуге дайындық - күрделі танымдық процесс бұл аудиториямен қатынас орнатуға, тыңдаушылармен еркін сөйлесіп, оларды өзіне тартуға үйретеді.

Сөз сөйлеу

Жақсы дайындалған сөз әрине, үлкен жетістік. Себебі тыңдаушылар мазмұны жұтаң, жеткілікті түрде дәлелденбеген, көкейкесті мәселелерді қозғамайтын сөздерді ықыласпен қабылдай қоймайды. Бірақ, мінсіз мазмұн -бұл тек істің бастауы ғана. Енді бұл сөзді тыңдаушыларға жеткізу керек.

      Сөзді сөйлеу, аудиториямен қоян қолтың байланыс жасау шешен жұмысының басты және шешуші кезеңі, шешендік шеберліктің шарықтау шегі. Бүкіл дайындық жұмыстары осы аудиториямен қысқа уақытқа жүздесу үшін ғана жүргізілген болатын. Егер журналист соңғы нүктесін қойып, өз міндетін орындадым дейтін болса, сөз шеберлері екі рет еңбектенеді: үстел үстінде және аудитория алдында.

Информация о работе Шешендік өнер психологиясы