әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:20, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі. Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................


6

1.1
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................

6

1.2
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
26
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........


43

2.1
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
43

2.2
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................

50

2.3
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................

60
3-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................


70

3.1
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................

70

3.2
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................

81

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ӘЛЕУМЕТТІК-ЖҰМЫСТЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 617.50 Кб (Скачать файл)

        Әлеуметтік-тұрмыстық функциясы- әртүрлі халық категорияларына (мүгедектерге, қарт адамдарға, жас отбасыларға және т.б.), қажетті көмек көрсетуде, олардың баспана жағдайларын жақсартуда, жақсы тұрмыс ұйымдастыруда болысу (себепші болу);

Коммуникативті функция– көмек пен қолдауды қажет ететіндермен байланыс бекіту, ақпараттармен алмасу ұйымын, әлеуметтік қызметке көптеген қоғамдық институттарды енгізуге ат салдысу;

Жарнамалық-насихаттау функциясы- әлеуметтік қызметтерді жарнамалау, адамдарды  әлеуметтік  қорғау жөніндегі идеяларды  насихаттау  ұйымдары;

Өнегелік–адамгершілікфункциясы– (барлық басқа қызметтердің  белгілі бір қасиеттерін  өзіндік топтау) – адамға, топтарға  және  қоғамға  лайықты  қалыптасуына жағдай жасау әлеуметтік жұмысқа жоғары адамгершіліктік мақсаттар қою;

Ұйымдастырушылық функциясы– кәсіпорындарда және мекемелерде, сондай-ақ мекен-жайына байланысты әлеуметтік қызметті ұйымдастыруға болысу, олардың жұмысына жұртшылықты тарту, тұрғындарға әлеуметтік  қызметтік қызмет және түрлі көмек көрсетуге әлеуметтік  жұмыс қызметін  бағыттау,  алғашқы кезекте әлсіз қорғалған қабаттарға  және  топтарға,  жеке  тұлғаларға  көмектесу.

Әлеуметтік  жұмыс  функциясы  оның  құрылымы  мен деңгейін  анықтайды.

Әлеуметтік  жұмыс  құрылымы – бұл адамдардың  сұранысы  және  маңызды қызығушылығын қанағаттандыруды  қажетсінуді анықтаудан  тұратын компоненттер.

Құрылым  дегенде  объектінің  негізгі  қасиеттерін  сақтауды  қамтамасыз  ететін тұрақты байланыстар жиынтығы  түсіндірілетінін  еске  салған  жөн. Құрылымның  бұлай жалпы айтылуын  өзара  байланысты  компоненттерден:  субъект, мазмұн, басқару, объект және  оларды  бір бүтінге айналдыратын  тәсіл,  мақсат  және  қызметтерден  тұратын  нақты жүйе  ретінде  қарастыруға  болатын әлеуметтік жұмысқа  да қолдануға болады.

Аталған компоненттердің  бірізділігі кездейсоқ емес: объект қызметтің  мәні мен сипатын анықтайтын  басты  фактор  болғанмен, кез  келген функция субъектіден объектіге бағытталумен  орындалады. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа мінездеме беруді объектіден бастау заңды

Барлық негізгі компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Түрлі  мазмұнға ие болғанымен, олар біріккен жағдайда ғана әлеуметтік жұмыс түсінігін  береді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыстың екі аспектісін бөліп ала аламыз: клиенттің күнделікті, жедел мәселелерін шешу, өткір  әлеуметтік мәселелерді кең көлемде (жұмыссыздық, кедейшілік, түрлі әлеуметтік аурулар, девиантты мінез-құлықтың анағұрлым өткір формалары және т.б.) болжау және алдын-алу.

Әлеуметтік жұмыстың екі аспектісі мемлекеттің әлеуметтік саясатымен, негізгі бағыттарымен, қоғамның даму ориенттерімен (тұспал) байланысты.

Әлеуметтік  жұмыстың  келесі құрылымдық бөлігі оның адам қызметінің спецификалық түрі ретінде көрінетін жан-жақты, интегралды сипатымен анықталады. Сөз әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары туралы болып отыр: әлеуметтік диагноз, әлеуметтік терапия, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік профилактика, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік делдалдық, әлеуметтік қамқорлық және т.б.

Әлеуметтік жұмыс қызметінің  универсалды, интегралды түрі ретінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі білім, Министрлігінің шешімімен. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес оның қалыптасқан мамандандырумен құрылым  түрінде берілуі мүмкін.

Сонымен бірге, әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі мамандандыру туралы сұрақ-жауап тудыруда және әлі  аяғына дейін шешілмеген  мәселе. Бұның дәлелі мамандыру санының 20-дан 50-ге дейін және одан да астамдығымен анықталады.

Мамандандыруды  әлеуметтік жұмыстың түрлі аспектілерін, түрлерін, объектілерін және т.б. есепке ала отырып бөліп  алуға  болады:

универсалды,  ғылымаралық  сипатты ескере отырып:  әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік- құқықтық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жұмыс, әлеуметтік-медициналық қолдау және тұрғындарды қорғау т.б. Бұл мамандандырулар  тұрғындардың әртүрлі топтарына қолдану үшін саралануы мүмкін;

жекелеген клиенттер  немесе бүтін қоғаммен жұмысты есепке ала отырып (тұлғалар, отбасылар, топтар);

қоғам өміріндегі салаларды, қоғамдағы әр қилы әлеуметтік институттарды, мекен-жайын және басқаларды ескере отырып: әлеуметтік жұмыс материалды өндіріс саласында ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласында; ұйымдарда, мекемелерде және қызмет көрсету орындарында; қалалық және ауылдық жерлерде; әлеуметтік-этникалық ортада; қоғамның қарулы күштер құрылымдарында және т.б.;

ондағы кәсіби және кәсіби емес бастаманың басымдылығын ескере отырып. Қызметтің кәсіби түрі былай анықталады:

1) еңбектің өндірістік-технологиялық және оның функционалды мазмұнының бөлісуі; 2) оқумен тәжірибелік қызметтік қорытындысынан алынған білімнің, машықтанудың және білгірліктің жиынтығы; 3) берілген нақты саладағы жүйелі жұмыс.

Әлеуметтік жұмыс (басқа  да қызмет түрлері сияқты) бірден кәсібилікке  жете алмайтыны анық. Бұндай сипатқа  ол ХХ ғасырда әр елде әр уақытта  ие болды деп есептелініп жүр.

Әрине әлеуметтік жұмыс  тәжірибелік көмек, тірек түрінде  адам қоғамы пайда болғаннан-ақ оның түрлі даму кезеңінде әр қилы формада өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ол Қазақстанда да, басқа елдерде де қайырымдылық және рақымдылық сипатқа ие болып келеді.

Қазіргі таңда оның кәсіби сипаты басымырақ  десек те, кәсіби емес бастаманың қажеттілігін жоққа шығармайды. Сондықтан да әлеуметтік жұмыстың мына түрлерін атап өту кездейсоқтық емес: барлық мамандар қол жеткізе алатын; әлеуметтік жұмыс аумағында квалификациясы болу талабы; түрлі аумақ бойынша квалификациясы болу талабы; оның деңгейін ескере отырып.

Әлеуметтік жұмыс деңгейін анықтаудың негізі әр түрлі болуы  мүмкін.

Әлеуметтік жұмыс  масштабына қарай  федералды, аймақтық, жергілікті және индивидуалды  деңгейде өтуі мүмкін. 

Федералды деңгей ең алдымен мемлекет масштабында тұрғындарға деген әлеуметтік көмекті басқарумен, мемлекеттің заңнамалық және әлеуметтік саясатымен анықталады.  Әлеуметтік жұмыс дәл осы деңгейде өзінің кең ауқымды түсінігінде көрінуі тиіс, бұл әрине оның тар көлемдегі мазмұнына да із қалдырады.

Әлеуметтік жұмыстың аймақтық  деңгейі  көп жағдайда ең алдымен оның федералды деңгейімен анықталады, содан туындайды. Бұл федералды актілерді таратумен қатар, олардың мемлекет субъектілерінің ерекшелітеріне бейімделуімен нақты көрінеді, бұл ауа-райы,  табиғаты және  басқа да жағдайлары құбылмалы Қазақстан үшін маңызды. Осыған орай әлеуметтік жұмыс аймақтық деңгейде нақты, мазмұнды сипатқа ие болады және әлеуметтік жұмыс өзінің тікелей тар мағынасында көрінеді.

Әлеуметтік жұмыстың жергілікті деңгейі нақты объектіге  нақтылы бағытталуымен анықталады; әлеуметтік жұмыс ең алдымен, түрлі әлеуметтік жұмыскерлер мен және еріктілермен  орындалады.

Индивидуалды деңгей – клиент мұқтаждығының негізінде, индивидуалды жұмыстағы техника  мен әдісті қолдана отырып, жүргізілетін жұмыс.

Нақтылы объектілерге байланысты   әлеуметтік жұмыс жеке тұлғалармен де, отбасымен де, топтармен де, бүтін халықпен де жүргізіле береді.

Қоғам өмірінің феномені ретінде  әлеуметтік жұмыс (әсіресе, қазіргі жағдайда) спецификалық қызметтің тәжірибелік түрі ретінде ғана қарастырылмай, ғылым, оқу қарастырылуы тиіс. Демек,  бұл жерде де біз әлеуметтік  жұмыстың құрылымдық  компоненттерімен  жұмыс  жүргіземіз.

Швед авторлары  Г. Бернлер мен Л.Юнисонның пікірлерінше, әлеуметтік жұмыс индивидуалды және  отбасылық (нидивидуалды психотерапия);  топтық;  қоғамдық (қоғаммен макродеңгейдегі жұмыс, әлеуметтік,  әкімшілік және жоспарлау) деп бөлуге  болады.

Әлеуметтік жұмыс  универсалды қызмет  түрі  болып  табылады,  ал ғылыми білімнің саласы ретінде, ол басқа ғылымдардың  толық кешенімен  тікелей байланысты. Әлеуметтік  жұмыс прициптерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.

1)  мазмұндылық  принциптері: адамгершілік,  бұқаралық, заңдылық; адамдардың өмір қызметінің нақты жағдайларымен байланыс; әлеуметтік белсенділікті ынталандыру; әлеуметтік әділеттілік; альтруизм; қоғамдық, топтық және тұлғалық мүдделердің үйлесімділігі; өзін-өзі  қамсыздандыру; әлеуметтік қызмет көрсету саласында  адам мен азаматтың өз келісім  беруі; әлеуметтік қызметті барлық адамдардың алу мүмкінділігі; әлеуметтік жұмыста құпиялық сақтау; барлық әлеуметтік қызметтің формалары мен түрлерінің қолданылуы; атаулылық;  азаматтардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төнген жағдайда жәрдем көрсету басымдылығы; әлеуметтік реабилитациялық және адаптациялық жәрдем; аймақтық әлеуметтік қызметті ұйымдастыру; халыққа көмек және әлеуметтік қызметті өз еркімен көрсететін қоғамдық қызметтерге деген мемлекеттік қолдау;

2) ұйымдастырушылық принциптері: қолданылатындарды тексеру және бақылау; кадрлардың өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің құқықтары мен міндеттерінің бірлігі; жалпылық; кешенділік; делдалдылық; ынтымақтылық;  материалдық көмек және т.б;

3) психологиялық-педагогикалық  принциптер: кешенді және дифференциалды тәсіл; технологиялық компоненттілік; белсенділікті  ынталандыру; мақсаттылық; сенімділік, тартымдылық, жанашырлық; үздіксіздік; жүйелілік; клиенттің жас және жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу және т.б.

Бірнеше принциптер мәнін  ашып көрейік.

Адамгершілік әлеуметтік жұмыстың жүргізуші мақсатты бағдары болып табылады, ол тұлғаның  мүмкіншіліктерін жан-жақты және еркін көрсетуіне жағдай жасауды,  оның  беделі мен құқығын қорғауды, қадірлеуді, адамның идеясының  жоғарғы құндылықтары деп есептейді.

Лауазымдық нұсқаулар  мен, бұйрықтар және қаулылармен реттелетін ресми қатынастарға қарағанда, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы  қарым-қатынас ең бастысы жеке құндылықтарының психикалық сәйкестігімен, ортақ қызығушылықпен, тартымдылық (симпатия) және тартымсыздық (антипатия) нәтижесінде санкциялық қажеттілігінсіз туындайды және қалыптасады. Әлеуметтік жұмыстағы қарым-қатынастың бейресми сипаты психологиялық феномен ретінде көрінгенімен, әлеуметтік қызметкердің жұмысындағы міндеттемелерінен шет қалып қоймайды.

Әлеуметтік жұмыстың бұқаралылығы клиенттен психологиялық байланыс қалыптастыруды, қарым-қатынас ережелері мен нормаларын сақтауды, клиенттің жеке басына деген сыйластықты, оның жеке басының проблемаларын шешудің белсенді жолдарын іздеуге қатыстыруды және өзінің ақылын, білімін, өнегесін, тәжірибесін клиенттің қалауынсыз білдірмеуді талап етеді.

Заңдылық  әлеуметтік жұмыстың мазмұндылық принциптерінің негізгілерінің бірі, ол, мемлекеттік  органдардың, лауазым иелерінің, қоғамдық ұйымдардың және қарапайым азаматтардың заңдық және заңға негізделген құқықтық актілердің қатал түрде орындалуын талап етеді. Құқықтық-нормативтік акт мемлекеттік, сонымен қатар әлеуметтік саясат қамтылған форма болып табылады. Құқықтық рөлі мен міндеті, ең алдымен, саясаттың жүзеге асуына қызмет ету, бірақ құқық бұл рөлді оның барлық нормаларын қатал түрде сақтаған жағдайда ғана орындай алады. Жалпы заңдылықта болсын, жеке әлеуметтік жұмыста болсын оның бірінші және бастапқы талабы осында.

Әлеуметтік жұмыстың маңызды мазмұндылық принциптерінің бірі оның адамның нақты өміртіршілік жағдайымен тығыз байланысты болып  табылады. Бұл принципте әлеуметтік жұмыс теориясы мен тәжірибесінің  бөлігі көрінісін табады,  ал оның таратылуы (жүргізілу) халықты әлеуметтік қолдау және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда қолданылатын формалар мен әдістердің шыншылдығын және ғылыми негізделуін  қамтамасыз етеді.

Өмір әрқашанда теорияларға, жан-жақты нұсқаулар мен бұйрықтарға  байланысты. Үнемі өзгеріп отыратын хал-ахуал және өміртіршілік жағдайы, мәдениет дәрежесі, білімі, жынысы, жасы, еңбекке жарамдылығы және біліктілігі, денсаулығы бойынша бөлінетін адамдар, әлеуметтік топтар әр түрлілігін - әлеуметтік қызметкерлер соқтығысатын әлеуметтік мәселелер спецификасын және үздіксіз жаңашылдықтарды алдын-ала анықтайды. Міне сондықтан да әлеуметтік жұмыстың адамның өміртіршілігінің нақты бір жағдайға баға беруді, адамның тұрмыс жағдайына, хал-ахуалына әлеуметтік диагностика жасауды ұйғарады. Бұл қағида әлеуметтік жұмыс мақсаттарына жетуге үлес қосатын әлеуметтік жағдайлар ерекшеліктерін анықтауға әлеуметтік қызметтерді бағыттайды. Әлеуметтік жұмыстың маңызды ұйымдастырушылық принциптері орындалған істі бақылау-тексеру функциясы – ол әлеуметтік жұмыстың өз алдына бір жеке бөлігі емес, оның ажырамас компоненті. Басқару органдары және әлеуметтік қызметтің бақылау-тексеру іс-әрекетінің мәні, әр түрлі халық топтарын әлеуметтік қорғау шараларын мемлекетпен кепілденуін қамтамасыз етуде.

Әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық принциптерінің негізгілерінің бірі әлеуметтік қызмет кадрларының құқтары мен міндеттерінің, өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің бірлігі болып табылады. Әлеуметтік қызметпен олардың басқару органдарының қызметін үйрену, олардың әлеуметтік нақты қалыптасуын әрбір әлеуметтік қызмет маманының өздерінің қызметтері мен тапсырмаларын ашық көрсете алуының негізінде екенін көрсетеді.

Информация о работе әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру