әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:20, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі. Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................


6

1.1
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................

6

1.2
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
26
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........


43

2.1
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
43

2.2
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................

50

2.3
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................

60
3-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................


70

3.1
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................

70

3.2
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................

81

ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ӘЛЕУМЕТТІК-ЖҰМЫСТЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 617.50 Кб (Скачать файл)

2003 жылы индекстеуден  басқа зейнетақыларды саралап арттыру жүзеге асырылады. Бірінші маусымнан бастап 1055,0 мың адамның зейнетақысы көбейтілді, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есе қысқарды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. Нәтижесінде 2004 жылдың 4 қаңтарында зейнетақының ең төменгі мөлшері 5800 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 8335 теңгені құрады.

Алайда осыншама оң өзгерістер бола тұрса да зейнетақыларды саралап  көбейту проблемалардың бәрін шешпеді. Ең бастысы-зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі салыстымалы түрде алсақ, әлі де төмен күйінде қалып отыр.

Ынтымақты зейнетақы  жүйесімен қатар 1998 жылдан бастап қатысушылар  арсында ынтымақсыз жинақтау қағидатына негізделген қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілуде және дамып келеді. Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың 6,5 млн. теңге жеке жинақтаушы шоттарымен (жинақтаушы зейнетақы қорларының деректері бойынша) сипатталады. Зейнетақылық қызметтер рыногында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен 15 мемлекеттік емес зейнетақы қоры бар. Жұмыс істегелі бері оларда 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақтары, соның ішінде 115,7 млрд. теңге есептелген инвестициялық кіріс жинақталды.

Сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесінде де бірқатар проблемелер баршылық: жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерімен халық әлі де жеткілікті қамтылмай отыр, зейнетақы жарнамалары бойынша кемалым азая түскенімен, ол әлі де жоғары күйінде қалуда, зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігі де ойдағыдай емес.

400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшілігінің кемістігі туа біткен. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау деңгейі азайғанымен, әлі де жоғары күйінде қалып отыр.

1998 жылдың бірінші  қаңтарына дейін қолданылып келген  зейнетақы заңдарына сәйкес жалпы ауруы салдарынан мүгедектігіне байланысты зейнетақы жалақысы ескеріле отырып, мүгедектік басталған  уақыттағы еңбек өтілі болғанда; еңбек  жарақатынан немесе кәсіби ауруына байланысты зейнетақы – еңбек өтіліне қарамастан, бірақ  жалақысы ескеріле отырып тағайындалатын еді.

1998 жылдан бастап «Қазақстан  Республикасында мүгедектігі бойынша,  асыраушысынан айрылуы жағдайы  бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері еселенген айлық есептік көрсеткішке (одан әрі-АЕК ) сәйкес белгіленеді, ал олардың өсуі оны индекстеу есебінен жүргізіледі.

Жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақының мөлшері 2004 жылы: І топтағы мүгедектер үшін 7720 теңгені; ІІ топтағы мүгедектер үшін 3309 теңгені құрайды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың едәуір арттырылуы жүргізіледі: І топтағы мүгедектерге -3АЕК (2895 теңгеге); ІІ топтағы мүгедектерге -2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге); ІІІ топтағы мүгедектерге -2 АЕК-ке (1930 теңгеге ); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 АЕК-ке (2895 теңгеге). Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50%-ға арттырылады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 15 АЕК дейін арттырылады және 30 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Алайда, мүгедектер үшін күнкөрістің жалғыз көзі болып табылатын жәрдемақыларды арттыруды ескергеннің өзінде мардымсыз. Бұл проблема міндетті әлеуметтік сақтандыруға көшу кезінде де мүгедектігі бойынша жәрдемақы алып жүргендер үшін де, биресми секторда жұмыс істеп жүргендер үшін де сақталып қалады.

ХЕҰ, ТАСИС, ЮСАИД ұсынымдарына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және мүгедектерді оңалту жүйесін жақсарту мақсатында облыстар мен Алматы және Астана қалалары әкімдіктері жанындағы  медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.

Алайда, әлеуметтік жетіспеушілікті  жеңу үшін қазіргі қолданылып жүрген шаралар мүгедектерге олардың жоғалтқан  тіршілік ету функцияларының орнын  толтыра алмайды. Мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті көңіл бөлінбейді, мүгедектерді оңалту көрсеткіштері де төмен күйінде қалып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта МӘС қызметін нығайту, бірыңғай оңалту технологиясын жасау жөнінде бағдарламалар әзірленді және жұмыс басталды, оны іске асыру мүгедектердің қоғам өміріне басқа азаматтармен теңдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға жәрдемдеседі.

Халықтың өзге санаттары да: асыраушысынан айрылған адамдар, жаппай саяси қуғын-сүргіндер, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; Чернобыль АЭС-ындағы аварияның зардаптарын жоюға қатысушылар және басқалар да әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған.

Оларға әлеуметтік осалдықты жеңуіне мүмкіндік бермейтін әлеуметтік

қамсыздандырудың негізгі проблемасы халықтың осы топтарының әлеуметтік

жәрдемақылар  деңгейінің төмендігі болып табылады.

Бұл жағдайда мемлекет кедейлікті азайту үшін аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек пен қолдау көрсетеді. Елде әлеуметтік

қамсыздандыру жүйесін реформалау барысында барлық адамдар үшін патернализмнен аз қамтылғандарға атаулы қамқорлық жасауға ауысу жүзеге асырылады. 2002 жылы елде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен (кедейлік шегі күнкөріс деңгейіне қарай анықталады және қазіргі уақытта оның мөлшерінің 40% құрайды) отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК ) көрсетудің әмбебап жүйесі енгізілді. Аз қамтылған азаматтар-АӘК алушылардың есебін жүргізу ретке келтірілді, және АӘК автоматтандырылған тағайындау жүйесін және аз қамтылған отбасылар бойынша бөлінген дерекқор жасалды.

«Мемлекеттік атаулар  әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан  Республикасының Заңын іске асыру  нәтижесінде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен  аз қамтылған азаматтардың саны азайды (2002 жылдың басындағы 10,2%-дан 2004 жылдың 1 қаңтарында 6,6%-ға (немесе 859,8 мың адам).

Кедейлік, жұмыссыздық  және АӘК көрсету проблемаларының  жүйелік байланысы бекітілді. АӘК  алушылардың басым бөлігі балалар (2003 жылы олардың үлесі 60,3% немесе 518,6 мың адамды құрады). АӘК алушы басқалардың арасында балаларға күтім жасаумен айналысатындар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер, өз бетімен жұмыспен қамтылғандар, жұмыс істейтіндер бар.

Аз қамтылған азаматтардың әрбір санатына қатысты тиісті шаралар: баяу-материалдық көмек; белсенді-жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кедей халықтың еңбекке қабілетті бөлігін рынок талаптарына бейімдеу қолданылады.

Аз қамтылған азаматтар  құрамында балалардың үлесі басым екендігін ескерсек, аналар мен балаларды қолдау шаралары ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда отбасының табысына қарамастан республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 15 АӘК мөлшерінде

біржолғы жәрдемақы  төлеу енгізілді. Қосымша балалар  жәрдемақыларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленуде.

Соңғы жылдары еңбек рыногының жағдайы жұмыспен қамтудыңөсіп, жұмыссыздық деңгейінің тиісінше азайып келе жатқанымен сипатталады. Республика экономикасында 2004 жылғы қаңтарда 6862,8 мың адам еңбек қызметімен қамтылды, оның ішінде жалданып істеушілердің саны 4219,8 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы ірі және орта кәсіпорындарда істейді.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 1999 жыл мен 2003 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыссыздық 4,7% азайды және ағымдағы жылдың басында 8,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар тіркеген жұмыссыздар саны азайып келеді. Мәселен, 2004 жылғы 1 қаңтарда 2002 жылмен салыстырғанда ресми жұмыссыздық 25%астамға азайды. Жұмыссыздар құрылымында әрбір екінші адам әйел, әрбір үшіншісі 15-39 жастағылар. Жұмыспен қамту проблемасы біржақты өнеркәсібі бар қалалар мен күйзеліске ұшыраған ауылдық аймақтарда әсіресе өткір.

Республикадағы еңбек  рыногы жағдайының млниторингін жасау үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне деген нақты ұсыныс пен сұранысты көрсететін деректер базасы жасалды. Қазіргі күні ұсыныстың сапасы мен кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың оңтайлы жұмысқа қабілетінің төмендігі себебінен жұмыс күші жергілікті еңбек рыноктарында тапшы бола тұрса да оған Қазақстанда жеткілікті сұраныс бар екенін талдау көрсетіп отыр. Жұмыспен қамту орындарының ай сайынғы банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Алайда кәсіби белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтіндігінен бір бос жұмыс орнына айына орташа 9-10 жұмыссыз үміттенеді.

Білім беру қызметін көрсету  рыногы сұраныстың өзгеруіне жедел  ілесе алмайтын болып шықты ал бұл білікті жұмысшы кадрларға тапшылық проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арсындағы үйлеспеушілікті жоюға мүмкіндік бермейді.

Кедейлікті азайтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын, Ауыл жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысында жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесудің нәтижелері жақсарды. 2003 жылы елде 244,3 мың жұмыс орны (2002 жылы-211,5 мың), соның ішінде 60% ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен өтініш жасағандардың (2002 жылғы 148,6 мың адаммен салыстырғанда 154,6 мың адам) әрбір екіншісі жұмысқа орналастырылды. 2002 жылмен салыстырғанда ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқандардың саны 20,6%-ға көбейді. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға өтініш жасағандардың жартысынан астамы қоғамдық жұмыстарға қатысады.

Жұмыссыздардың біраз  бөлігі оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберіледі. 2003 жылдың өзінде ғана 25 мыңнан астам адам оқуды және қайта даярлықты аяқтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ – ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің  маңызы

Шет елдегі әлеуметтік жұмыс  туралы жазғанда әдетте батыс еуропа елдері АҚШ пен Канада жайлы болады. Дегенмен, әр елде әлеуметтік жұмыс, түрлі формалары мен, әртүрлі ұсыныстарымен, тиімділіктерімен ерекшеленіп жүргізіледі.

Мысалы, Америка құрама Штатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің айрықшалылығы оның бөлшектенуінде. Бұл әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың түрлі деңгейлерінің саны жүзеге асуынан байқалады: федералды, шататтық, жергілікті. Осы жүйенің артықшылығы, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін елдің әрбір аймағында толық және оперативті жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек көрсету  мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің 2 негізгі формасы болып табылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық әртүрлі қаржылану көздерінде. Сақтандыру қорлары жұмысшылар салықтарының есебінен (жалақыдан пайыздық үлеспен), кәсіпкерлерден (жалақы төленетін қордан пайыздық үлеспен), және еркін мамандардан, дәрігерлер, діни қызметкерлер және т.б. (табыстың 14% -нан жоғары) мемлекеттік, штаттық және жергілікті билік органдарының  қаржы бөлу қорларының есебінен.

1935 жылы АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру  Заңы бойынша сақтандырудың екі түрі қабылданды – қартаюы бойынша зейнетақы және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы кейбір кедей категорияларға (ең бірінші кезекте мүгедектер және жетімдер) көмек көрсету шаралар кейін біртіндеп – асыраушысынан айырылуы бойынша бойынша зейнетақы, жұмыссыздық бойынша, жәрдемақылар (өндірістік жарақаттармен байланыссыз), 65 жастан жоғары адамдарға медициналық сақтандырулар қабылданды. Көрсетілген заңның күші жеке меншік секторларының қызметшілеріне де қатысты. Темір жолшылар, федералды азаматтық қызметкерлер үшін әлеуметтік сақтандырудың ерекше жүйесі қалыптасқан. Сонымен қоса, ауылшаруашылық жұмысшылары, шағын кәсіпкерлер және тағы басқа еңбек етуші категориялар мемлекеттік сақтандырумен қамтылмаған.

Штат деңгейінде жалпы федералдық бағдарламадан басқа өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру жағдайларына байланысты сақтандыру түрлері бар. Компенсация (өндірістік жарақат бойынша, қайтыс болу және т.б.) жалақының 2/3 бөлігін құрайды, және ол (компенсация) жеке сақтандыру компенсацияларымен төленеді.

Кедейлерге көмек көрсетуге  келетін болсақ, ол елде ХХ ғ. 60-шы жылдарында таралды, және де ол кепілденген табыспен қамсыздандыруға азық-түліктік, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж балалы отбасыларға және толық емес отбасыларға (отбасы басшысы әйел немесе жұмыссыз адам) қолдау көрсетуге бағытталған.

АҚШ- тағы мемлекетпен кепілденген  табыс «кедейшілік шегіне» сәйкес. Ол жүйелі түрде инфляция деңгейі  есебінен реттеліп отырады және де штаттардың бюджет қорларының есебінен ұлғая алады.

Азық-түлік көмегінің басты жолы мұқтаж адамдарға азық-түлік талондарын берумен жүзеге  асырылады. Оларды «Кедейшілік шегі» табысының 125% -нан аспайтын табыс көзі бар адамдармен отбасылар алады. Талондар оларға тегін немесе төмен бағамен беріледі. Азық-тұлік көмегінің басқада түрлері – мектеп шығындары, 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға көмек және т.б.

АҚШ-та тұрмыстық субсидиялар (жәрдем ақша) төмен табысты отбасыларға  беріледі, оның көлемі отбасына шаққанда жылына орта шамамен 2000 долларды құрайды.

Информация о работе әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру