Автокөліктің сапасын бағалаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- Елімізде бұл бағалау түрінің дамып жатқанына байланысты әдіс тәсілдерін тозу құнын . Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуын танып білу.
Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді атқаруды алға қойдық;
Бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен толық танысу
бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органдарына талдау жасау
Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және

Содержание

Кіріспе…...................................................................................................................3
І. Автокөліктің сапасын бағалаудың теориялық
1.1. Қазақстан Республикасындағы машинлар, жабдықтар мен көліктік құралдарды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен міндеттері........................4
1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі..............................................6
ІІ. Нарықтық экономикада Коммерциялық банктердің автокөлік сапасын бағалау мен оның физикалық тозуын талдау
2.1. Коммерциялық Банктердің нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезде автокөлік құнының сапасын талдау............................................................9
2.2. Автокөлк сапасының физикалық тозуды анықтаудың бағалық тәсілдерін талдау ...................................................................................................................12
ІІІ. Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және
автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері
3.1. Қазақстанда саланы жетілдірудің дәйекті қажеттілігі және
Автокөліксаласындағы саясаттың негізгі бағыттары........................................16
3.2. Автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері..................................................…………………………………………19
Қотынды.................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттерзімі…....................................................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

автоколиеп 1.docx

— 89.78 Кб (Скачать файл)

Аталған статистикамен жиынтық  мәлеметтерді баяндаумен қатар басқа  тәсілдер де қолданылады.

Медиана, немесе орта шама, кездейсоқ шамаларды тең бөлікке бөледі. Оны есептеу үшін барлық жиналған ақпараттарды өсу немесе кему арқылы орналастыру керек. Содан егер n — тақ сан болса, онда медиананы реттелген тізбектің ортасындағы тұрған мән ретінде анықтайды.

Мода — жиынтық мәліметтерде ең көп кездесетін шама.

Егер жиналған жиынтық  мәліметтер келесі реттелген тоғыз  саннан тұратын тізбек болса:

24 26 27 29 30 31 31 33 35,

Онда орта шама 30 — бұл  медиана, ал реттелген тізбекте ең көп  кездесетін мән  31 — бұл мәліметтер модасы.

Медиана және мода орташа мәнге қарағанда аз пайдаланылады.

Мәліметтер таралудың  сипаттамасына іріктеудің вариация коэффициенті де жатады:

v = (s/ xср)x100%.                                 (5.1.6)

v s ауытқуының орташа квадраттық мәнін көрсетеді,  xср жиынтық мәліметтердің орташасынан пайызбен, сондықтан ол дәл бағалау үшін қолдануы мүмкін.

Жоғарыда қарастырылған  кездейсоқ шамалардың сипаттамалары  бас жиынтықытың сипатамаларына сәйкес келетін нүктелі бағалау  болып табылады.

ІІІ. Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және

автомобиль көлігін  дамытудың әлемдік үрдістері

 
3.1. Қазақстанда саланы жетілдірудің дәйекті қажеттілігі және

автокөлік саласындағы  саясаттың негізгі бағыттары

        Автокөлік көлігін пайдаланудың әлемдік тәжірибесі мен үрдістері көрсеткендей, қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал ету дәрежесі бойынша көліктің осы түрі тасымалдар икемділігін қамтамасыз етудің ауқымынан ғана тыс шығады және тасымалдау үдерісін жеделдетудің, оның сапасын арттыру мен елдің бүкіл аумағында көлікке қол жетімділіктің деңгейін көтерудің есебінен экономикалық дамудың сипаты мен қарқындарына елеулі әсер етуі мүмкін. Автокөлік мүмкіндіктерін оңтайлы іске асыру аймақтардың теңгерімді дамуына жағдайлар жасап, өндіргіш күштердің өзара ықпалдастығы мен орналасу сипатын сапалы түрде өзгертеді, өткізу рыноктарын кеңейтеді.[8]

Автомобиль көлігін тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау  оның қызметіне сұраныс өсе түскен кезде мемлекеттің нысаналы (мақсатты) саясат жүргізуін қажетсінеді. Автокөлік  саласын одан әрі жетілдіру мен  дамыту түпкі есепте жалпымемлекеттік маңызды міндеттерді шешуге септігін тигізуі керек, оларды ірілеп топтастырғанда былай тұжырымдауға болады:

республиканың барлық аймақтарын көлік тәуелсіздігімен қамтамасыз ету;

сан және сапа тұрғысында автокөлік  қызметтерінің рыногын жетілдіру;

әлемдік көлік жүйесіне интеграция жасаудың негізгі шарттарының бірі ретінде республикадағы транзит-көлік  кешені автокөлік секторының тартымдылығын  арттыру;

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасында көлік құрауышын  барынша азайту;

автокөлік қызметінде шағын  және орта бизнес саласын кеңейту, коммерциялық тартымды емес, бірақ автокөлік рыногының  әлеуметтік маңызды сегменттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.

Осы міндеттерді шешу үшін автокөлік саласындағы мемлекеттік  саясаттың негізгі принциптері (қағидаттары) саланы жетілдіруге қатысты шаралар  кешенін жүзеге асыруға негізделуі тиіс:

1. Техникалық тұрғыда:

жол инфрақұрылымын дамыту және оңтайландыру;

жылжымалы құрам паркін жаңалау  және жаңарту, оның оңтайлы құрылымын  жасау.

2. Ұйымдық тұрғыда:

автокөлік қызметінің оңтайлы  саласын анықтау және оның қажетті  бағыттағы дамуын ынталандыру;

саланы ақпараттандыруға және соның негізінде автокөлікті  пайдалануды жақсарту мен оның қоршаған ортаға жағымсыз әсерін барынша азайтуды қамтамасыз ететін тиімді телекоммуникациялық  және көлік-логистикалық технологияларды  енгізуге жәрдемдесу.

3. Нормативтік-құқықтық  тұрғыда:

халықаралық құқықтың талаптарымен үйлестірілген, тасымал үдерісіне  қатысушылардың барлығының өзара ықпалдастығын  құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін және қазіргі көлік технологияларын  қолдануды құқықтық қамтамасыздандыратын нормативтік-құқықтық база қалыптастыру;

автожол саласын қаржыландырудың  құқықтық механизмін жетілдіру;

жеке инвестициялар тарту  және жеке инфрақұрылым нысандарының (жолдар, терминалдар, сервис нысандары) жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз  жасау;

тасымал қызметінің жеке түрлерін лицензиялау және тасымалдардың  қауіпсіздігі мен сапасын арттырудың пәрменді шарттарының бірі ретіндегі  автокөлік техникасын, сервистік  қызметтерді сертификаттау практикасын  қалпына келтіру;

автокөлік саласындағы қызметпен  байланысты өзге де салаларды құқықтық қамтамасыздандыру.

4. Экономикалық  тұрғыда:

автокөлік саласында кеден  және салық саясатын жетілдіру;

қажетті жеңілдіктер мен  артықшылықтар енгізу.

Автокөлік саласындағы жекешелендірудің қазіргі кезеңде мемлекеттік  саясатты іске асырудың ерекшеліктерін белгілейтінін атап көрсету қажет, көбіне құқықтық және экономикалық тетіктерін пайдалану арқылы оның қызметін негіздемелік реттеу, сондай-ақ саланы қажетті бағытта  дамытуды ынталандыратын мақсатты бағдарламаларды  жүзеге асыру негізгі әдісі болып  табылады. Осы саясатты біртіндеп  жүргізу мына жағдайға байланысты шиеленіседі, көлік құралдарын жаппай жекешелендіру  мен қондырмалы басқару құрылымдарын тарату (автобірлестіктер және т.б.) бәсекелестік қарсы тұрумен күшейтілген автотасымалдаушыларды  өзара толық оқшаулауға ұшыратты. Тасымал қызметіндегі субъектілердің бытыраңқы болуы жағдайларында тиімділігі аз, ал кейде автотасымалдар саласын нысаналы да жүйелі жетілдіру мүлде мүмкін емес.

Осыған байланысты автотасымалдаушыларды кәсіби коммерциялық емес қауымдастықтарға корпоративті біріктіру қажеттілігі айқын (қалалық, аудандық, тасымал түрлері бойынша және т.с.с.), олар ерікті негізде құрылады. Айтарлықтай дәрежеде тасымалдарды пайдалану және технологиялық жетілдіруге бағытталған осындай қауымдастықтардың қызметі республикадағы көлік қызмет көрсетуін жақсартуға көбіне жағдай жасар еді.

Тасымалдаушылар мен тұтынушылар  арасындағы қызметтердің шектеулі үйлесуі  жағдайларында жылжымалы құрамды  пайдаланудың тиімділігін арттырудың – пайдалы жүрістің, парктің қажетті  мамандану үлесін ұлғайтудың маңызы да бұдан кем емес.

Осы проблеманы қалалар мен  индустриялы аймақтарда шағын кәсіпкерлік  түрінде мамандандырылған диспетчерлік қызмет көрсету орталықтарын құру жолымен шешуге болатын сияқты. Осы орталықтардың міндеті – тауарлардың түрлері мен топтамалары, жөнелту орындары және тасымалдар рыногына талдау мен болжам жасау бойынша автотасымалдарға аймақтық қажеттілік туралы деректер базасын жасау (жүк жөнелтушілермен және автоқызметтердің өзге де тұтынушыларымен тұрақты байланыс жасау негізінде).

Жаппай жекешелендіру  жағдайларында автокөлік қызметі  мен автокөлік қызметтері рыногының  дамуына бақылау жасау ерекше мәнге ие болатынын атап өту қажет. Ол тасымал үдерісіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті есептілік  нысанын енгізу арқылы меншіктің  барлық түрлерін қамтитын тасымалдарға есеп жүргізу әдістерін жетілдіруді  табанды түрде талап етеді. Уақыттың әр бөлігінде автокөлік қызметінің нақты көрінісіне баға беру негізінде  ғана сала дамуының оңтайлы стратегиясын жасап шығаруға және осы іске асыру  үшін қажет жағдайлармен қамтамасыз етуге болады.

Автожол желісін қалпына  келтіру, әрине, қажетті, бірақ оның жұмысқа орнықты қабілеттілігінің жалғыз-ақ шарты емес. Осы жұмысқа  қабілеттілікті және жол саласының  алдағы уақытта тұрақты жұмыс  істеуін қамтамасыз ету жүйесін  жасау ерекше маңыз алады. Осы  проблема кең ауқымдағы мәселелерді  қамтиды: қажетті нормативтік-құқықтық база құрудан сенімді қаржыландыру көздерін іздестіруге және саланы жалпы  басқаруды реформалауға дейін. Осындай  жүйені құру – автокөлік тасымалдарын дамыту саласындағы стратегиялық басты  міндеттердің бірі, оның шешімі тарихи әлемдік тәжірибе мен осы саладағы қазіргі үрдістерді зерделеуді және терең пайымдауды талап етеді. Жол  саласын тек тұрақты қаржыландыру ғана оның сақталуы мен жол қарқындылығының өсу жағдайларында озық дамуын кепілдей алады.[9]

3.2. Автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері.  
Әлем экономикасы дамуының кейінгі онжылдықтары тасымалдардағы қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз етуде автомобиль көлігі ролінің тұрлаулы өсуімен сипатталды. Мұның себебі, экономиканың жеке секторындағы осы көлік түрінің объективті артықшылықтарында ғана емес (атап айтқанда, бөлшек саудада), сонымен бірге жол инфрақұрылымының қызу қарқындармен дамуына, сондай-ақ автокөлік құралдарын конструктивті (сындарлы) жетілдірудегі прогреске байланысты.

Қазіргі кезде әлемнің  ең дамыған елдерінде жүк және жолаушы тасымалдарының 70-80 %-ға дейінгі  көлемін автокөлік орындайды. Бұл, атап айтқанда, аумақтық даму ерекшеліктерін ескергенде Еуропалық қоғамдастық  елдеріне тән. Осы елдерде жүк  тасымалдарының едәуір үлесін жалпы  пайдаланыстағы коммерциялық автокөлік  кәсіпорындары жүзеге асырады. Осы  кәсіпорындардың негізгі жүк  тасымалдарындағы үлесі Ұлыбританияда 50 %-ға жуық, Францияда 53 %-дан асатын шаманы, Германияда ұзақ қашықтықтарда  – 68 % (150 км-ден ұзақ), жақын қашықтықтарда 48% құрайды. Жолаушы тасымалдары  саласында осы елдерде жеке автокөлік  ең алдыңғы орында (80 %-ға дейінгі  тасымалдар). Кейінгі жылдарда автожолдардың  шектеулі өткізу мүмкіндігін есепке алғанда жеке автомобильдер қозғалысына  шек қою мен қоғамдық автобус  көлігін дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдануда.

Нарықтық экономикалы  елдерде автокөлік тасымалдары  саласында бір-екі ондықтардағы автокөлік құралдары бар біршама  шағын өндірістік құрылымдар басым. Жылжымалы құрамға мамандандырылған сервистік кәсіпорындар техникалық қызмет көрсетеді және жөндеу жүргізеді.

Көлік үдерісін ұйымдастырумен жүк жөнелтушілермен немесе жүк  қабылдаушылармен қатар экспедиторлық, ал соңғы уақытта логистикалық компаниялардың кең ауқымдағы желісі айналысады. Рыноктағы осы субъектілердің мүдделер шеңбері көліктің барлық түрлеріне  таралады. Олар бүкіл әрекеттерге  қосымша, автомобиль көлігін мультимодалды  тасымалдарға табиғи тартуды қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде әлемдегі дамыған елдердің көлік рыногы тасымалдардың жоғары тиімділігімен және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасындағы төмен көлік құрауышымен сипатталады. Бұдан бөлек, көлік үдерісінің осындай ұйымы тасымалдаушыларға өздерінің тасымал қызметін жетілдіруге байланысты жылжымалы құрамды іріктеуге, тасымалдардың сапасын қамтамасыз етуге (жүктің сақталуы, жеткізудің жылдамдығы, бағасы, қосымша көрсетілетін қызметтер және т.б.), көлік үдерісінің қауіпсіздігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға күш-жігерлерін жұмылдыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді. Рыноктың субъектілері өз қызметтерін көрсетуге біршама жинақы және олардың сандары, сапасы мен бағасы бойынша өзара бәсекелеседі. Жалпы алғанда, көлік бизнесі тұрақты болып қалуда, өйткені ол рынокқа тұрақты қатысатын тәуелсіз қатысушылардың үлкен санына сүйенеді.

Автомобилистердің алдында  тұрған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін көлік сервисін нысаналы жақсартумен  және қазіргі заманға сай жаңа технологияларды енгізумен қатар  жылжымалы құрамның үнемділігін, қауіпсіздігі мен тұтынушылық ерекшеліктерін арттыру мақсаттарында оны сындарлы жетілдіру негізінде автокөліктің материалдық-техникалық базасын ұдайы  дамыту қажет болады.

Қазіргі заманғы  автомобиль жасау мына негізгі қағидаттарға негізделеді: өндірістің үнемділігі мен  пайдаланылуы, автомобильдің функционалды мүмкіндіктерін кеңейту, жайлылығы  мен қауіпсіздігін арттыру, экологиялық  сипаттамаларын жақсарту.

Жылжымалы құрамның үнемділігін  арттыруға тән үрдістердің бірі автомобильді жинауды, жабдықты құрастыруды, ал кейіннен пайдаланылуы мен жөндеуін жеңілдететін тетіктер (түйіндер) мен бөлшектерді әмбебаптандыру болып табылады. Осы үрдіс АҚШ-тағы автомобиль және кузов жасаушылардың интеграциясынан байқалады, олардың әрекеті арнайы автомобильдер шығару кезінде тығыз өзара іс-қимылға (ықпалдастыққа) негізделеді, мұндай арнайы автомобильдер тасымалдардың тиімділігін және кәсіби рыноктарда қызмет көрсетудің сапасын арттырады, тасымалдардың құрылыс конструкцияларынан бастап сусындарға, үй малына дейінгі және т.б. кең ауқымын қамтиды. Бұл орайда шасси рамасына әр түрлі кузовтарды орнатуды жеңілдететін электрлік және пневматикалық жалғамалармен жинау нүктелері үшін арнайы бұрғыланған тесіктер жасалады. Рама мен кабинаға алынбалы панельдермен жабылған арнайы каналдар (арналар) жүргізіледі, олар қажет болған жағдайда электр сымына қол жеткізу мен қосымша шынжырлар (тізбектер) төсеуді жеңілдетеді. Пневматикалық және шығару жүйелерін құрастыру проблемасы да осыған ұқсас тәсілмен шешіледі.

Үшінші мыңжылдықтағы  автомобиль құралдарының конструкциясында мына прогрессивті материалдар кеңінен пайдаланылады: алюминий қорытпалары, композиттер, коррозияға қарсы терең өңделген қара металдар, мырыш жалатылған бөлшектер, арнайы материалдан дайындалған ұзаққа шыдайтын брезент жапқыштар (тенттер), күнге күймейтін бояулар, ылғалға және желге төзімді бекіткіштер, осы сапалары бұйымдардың тартымдылығын арттырумен қатар оларды пайдалану мерзімін де ұзартады.

Бұл орайда бұйымдарды экстремалды  жағдайларда сынау арқылы олардың  беріктігіне ерекше назар аударылады. Жылжымалы құрамның үнемділігін  арттыруға септігін тигізетін өзіндік  үрдіс жеңілдетілген конструкциялардың  есебінен автокөлік құралдарының меншікті салмағын азайту болып табылады, автокөлік құралдарының өз салмағын азайту олардың динамикалық және отын пайдалану көрсеткіштерін жақсартады.

Мұнымен қатар, автомобиль кузовтарының, тіркемелердің, жүк платформаларының пайдалы көлемін төмен профильді (бейінді) шиналарды, ықшам (шағын) біліктерді, төмен ершікті-тіркеу құрылғылы тартқыштарды пайдаланудың және олардың габариттерін барынша пайдаланудың есебінен ұлғайту үрдісі байқалады.

Тіркеме құрамын жетілдірудің қазіргі үрдістері де сондай-ақ экстерьерге  қойылатын жоғары талаптармен сипатталады, экстерьерді әзірлеуге тек инженерлер ғана емес, сонымен бірге дизайнерлер  де тартылады.[11]

Информация о работе Автокөліктің сапасын бағалаудың