Автокөліктің сапасын бағалаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- Елімізде бұл бағалау түрінің дамып жатқанына байланысты әдіс тәсілдерін тозу құнын . Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуын танып білу.
Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді атқаруды алға қойдық;
Бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен толық танысу
бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органдарына талдау жасау
Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және

Содержание

Кіріспе…...................................................................................................................3
І. Автокөліктің сапасын бағалаудың теориялық
1.1. Қазақстан Республикасындағы машинлар, жабдықтар мен көліктік құралдарды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен міндеттері........................4
1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі..............................................6
ІІ. Нарықтық экономикада Коммерциялық банктердің автокөлік сапасын бағалау мен оның физикалық тозуын талдау
2.1. Коммерциялық Банктердің нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезде автокөлік құнының сапасын талдау............................................................9
2.2. Автокөлк сапасының физикалық тозуды анықтаудың бағалық тәсілдерін талдау ...................................................................................................................12
ІІІ. Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және
автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері
3.1. Қазақстанда саланы жетілдірудің дәйекті қажеттілігі және
Автокөліксаласындағы саясаттың негізгі бағыттары........................................16
3.2. Автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері..................................................…………………………………………19
Қотынды.................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттерзімі…....................................................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

автоколиеп 1.docx

— 89.78 Кб (Скачать файл)

Автомобиль жасаудың жаңа принциптерін (қағидаттарын) іске асыру  автокөлік құралдарының жеке түрлерін жетілдірудің негізгі бағыттарынан айқын көрінеді. Мәселен, DAF компаниясы (Нидерланды) сериялық (топтамалық) өндіріске  жіберген LF тобындағы жүк автомобильдері, бұлар негізінен біршама ұзақ емес қашықтықтарға жүктерді тасымалдауға арналған, жайлылығы жағынан жеңіл автомобильдердің салондарынан кем түспейтін ыңғайлы жаңа сүйір кабинамен жарақталған. Эстетикалық шешімдер автомобиль модасының (сәнінің) қазіргі заманғы бағыттарын көрсетеді. Ыңғайлы міну мен түсу осы автомобильдердің жұмыс сипатына сай келеді.

Тұтынушылар сұранысын арттыру  үшін бір кісілік (жеке-дара) автомобильдер барған сайын мамандандырыла түсуде. Бұған американ рыногы жағдайларындағы сусындарды тасымалдау мысалы дәлел болады. Мәселен, бастапқы балауса қалпын сақтау сусындарға қойылатын ең басты талаптардың бірі болып табылады. Осыны есепке алу арқылы түрлі секциялары бар сан алуан кузовтар пайда болды, осы кузовтарда арнайы датчиктер бақылайтын және реттеп отыратын белгілі бір температура сақталады.

Жоғары сұранысқа ие мамандандырылған автомобильдер жасау мақсаттарында  американдық кузов жасаушылардың  техникалық саясаты кәсіби рыноктың сұраныстарын тереңдеп зерделеуге сүйенеді.

Тіркемелер мен  жартылай тіркемелер шығарудағы қазіргі үрдістерді Kögel неміс компаниясының өнімі көрсетіп отыр. Осы компания шығаратын тіркеме құрамын жетілдірудің маңызды бағыты рефрижераторлар дайындау болып табылады. EuroCOOLER basic тобының соңғы үлгілері шағын меншікті салмағымен, коррозияға жоғары төзімділікпен және әркелкі температуралық режимдерді қамтамасыз ету мүмкіндігімен сипатталады. Осы артықшылықтары оған сан алуан тез бүлінетін жүктерді, сүт өнімдерін, жемістерді, көкөністі, тоңазытылған ет пен балықты, қатты тоңазытылған сүт тағамдарын (балмұздақ) тасымалдауға мүмкіндік жасайды.

X-MAXX-Trailer брезент жапқышпен  жабылған жартылай тіркемеге,  оның пайдалы биіктігі 3 м және  төбесі автоматты көтеріледі, жүк  тиеу-түсіру кезінде жүктерді  айырлы тиеушілер тией береді.

Электроникамен, бағыттық орнықтылық жүйесімен және артқы буферінде  тұраққа қою датчиктерімен (берілістерімен) жабдықталған Cargo-MAXX Plus жартылай тіркемесі айрықша қызығушылық танытады, әлгі датчиктер рампаға немесе жүк тиеу платформасына жақындаған кезде тартқыштың тежегіштерді іске қосатын борт электроникасына ультрадыбыстық сигналдар береді. Жартылай тіркеме сондай-ақ темір жол нұсқасында да шығарылады.[12]

Пломбалармен бекітілген жүктің бүтіндігін қамтамасыз ететін Cargo-MAXX TIR жартылай тіркемесі халықаралық  тасымалдар үшін арналған.

Компания сондай-ақ логистикалық орталықтардың, теңіз және өзен порттарының, кедендік терминалдардың аумақтары  бойынша жүк тиелген контейнерлерді және ауыстырылатын кабиналарды, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді тасымалдау үшін пайдаланылатын арнайы Wiesel тартқышын  да шығарады.

Кейінгі кезде «тас жол/темір  жол» және «тас жол/теңіз» класындағы бимодалды тасымалдарға арналған кузовтар үлкен сұраныспен пайдаланылады.

Етті үсуден сақтау үшін ілулі күйінде малдың тұтас еттерін  тасымалдауға арналған тіркеме жаңалық  болып табылады.

Бұл Kögel компаниясы шығаратын  өнімдер үлгілерінің толық тізімі емес, оны ішкі биіктігі, жеке салмағы, пайдалы көлемі мен үнемділігі бойынша  жетілдірілген бұрынғы жылдарда шыққан үлгілерімен толықтыруға  болады.

Автокөлік жылжымалы құрамының  құрамында құрылыс және карьер жұмыстарына  кеңінен пайдаланылатын өзі аударғыш көліктер маңызды орын алады. Жалпы автомобиль жасау саласы үшін ортақ дизайнды жетілдіру үрдістерімен, эргономикалық, экологиялық, аэродинамикалық және экономикалық сипаттамаларымен бірге осы машиналар тобы айрықшалықты даму бағытына ие. Солардың ең бастылары – жүк көтергіштікті ұлғайту, жолсыз жерлерде жүріс сапасын жақсарту, икемділігін арттыру, кузов конструкциясын жетілдіру.

Ауыр құрылысқа және карьерге арналған өзі аударғыш машиналарды  шығару өндірісімен әлемде санаулы  фирмалар ғана айналысады, солардың қатарында  жетекші орындарды Белоруссияның, АҚШ-тың, Германияның, Жапония мен  Италияның кәсіпорындары еншілейді. Осылардың ішінде Белоруссия автозауыты бәрінен алда, ол 30 тоннадан 200 тоннаға  дейін жүк көтеретін өзі аударғыш автомобильдер шығарады; жүк көтергіштігі 300 т және одан да жоғары машиналар  өндіріске әзірленуде.

Тығыз жерлерде пайдалану  үшін жүк көтергіштігі 1,6-8,5 т (Bergmann фирмасы) ықшам да икемді өзі аударғыш машиналар  пайдаланылады.

Жол желісі болмаған жағдайда жүк тасымалдары үшін мотор және жүк секцияларын топсамен жалғастыратын  өзі аударғыш автомобильдер әлемнің  барлық елдерінде кеңінен пайдаланылады, осы артықшылықтары машиналардың жердің жағдайына қарай жатық үйлесуінің өтімділігін арттырып қана қоймастан, сонымен бірге технологиялық  жабдық орнатылған түрлі секциялармен мотор бөлігін бөлшектеп құрастыру  мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Топсамен бөлшектеп құрастырылған өзі  аударғыш автомобильдер екі және үш білікпен шығарылады, қос білікті  машиналар анағұрлым икемді.

Кейінгі жылдарда артқы жүк  түсіру нысанындағы көлденең қимада жартылай жұмыр шөмішті кузовы бар  өзі аударғыш автомобильдер барған сайын көбірек пайдаланылуда. Олардың  меншікті салмағы аз, жүкті өздігінен  теңгерудің есебінен анағұрлым орнықты, кузовты барынша өздігінен тазалауды  қамтамасыз етіп, зақымдалуларға анағұрлым  төзімді. Жоғары жүккөтергіштікке арналған кузовтар алюминийден жасалады, пайдаланудың ауыр жағдайлары үшін пісірілген болат  табағынан дайындалған кузовтар пайдаланылады.[13]

Жеке фирмалар (Reisch, Meierling және т.б.) алюминийден жасалған шасси  рамасымен жартылай жұмыр пішіндегі  өзі аударғыш жартылай тіркемелер шығарады. Өзі аударғыш машиналарды шығару кезінде түрлі техникалық жетілдірулер қолданылады: үш жақты жүк түсіру, сусымалы жүктерді мөлшерлеу, тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру үшін крандар мен басқа да бөлшектер  орнату.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі автокөлік тасымалдарының маңызды  қыры болып табылады. Осы мәселе автомобиль көлігінің қызметтерін  пайдаланатын барлық елдердің басты  назарларында.

 

Қортынды

Курстық жұмысты қортындылай  келе, жылжитын мүлік оның ішінде ақшалар мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып танылады. Заңда ерекше жағдайлар қарастырылмаса онда жылжитын мүлікке құқықты тіркеуге міндетті емес. Кәсіпорындағы жылжитын мүлік құрамындағы басым бөлігі — бұл әр түрлі жабдықтар: машиналар, қондырғылар, аппараттар, аспаптар, механизмдер, құралдар, көліктік құралдар, жиһаздар, байланыс құралдары, есептеу техникасы және т.б. Жылжитын мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік оргнадарда тіркеуге жатады. Мысалы, автотранспорттық құралдар ГИБДД органдарында тіркеледі, котельдік және энергетикалық қондырғылар сәйкес техникалық қадағалау органдарында тіркелуі керек.

Жабдықтар мен көліктік құралдардың  машина объектілерінен айырмашылығы олар тек қана жермен байланысты емес, олар басқа жерге ауыстырылуы мүмкін, өз алдына жеке және функционалды немесе байланыста болып технологиялық  кешендер құруы мүмкін. Сонымен қатар  ғимараттың бөлінбес бөлігін құрайтын жылжымайтын мүлік құрамында  есептелетін (лифттер, вентиляция жүйелері, жарықтандыру және т.б.) кейбір жабдықтар  түрін кездестіруге болады.

Сонымен қатар автокөлікті  бағалауда оның амортизациясын кеткен шығынын нақты жүйеге келтіре  отырып нарықтық бағасын анықтау

Авто көлік сапсын оның тікелей бағасы арқылы анықталады

Біріншіден  машинлар, жабдықтар мен көліктік құралдарды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен міндеттері

 

Екіншіден, Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуы

 

Үшіншіден, Бағалау кезінде  нарықтық құнын анықтау

Төртіншіден, Қазақстанда  саланы жетілдірудің дәйекті қажеттілігі және

автокөлік саласындағы саясаты

Қолданылған әдебиеттер

  1. Переверзева Л.В. Оценка финансового состояния предприятия по критериям банкротства (несостоятельности); Учеб. пособие. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.
  2. Попова Л.А. Бухгалтерский учет: финансовый аспект. - Караганды, 2003
  3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Изд. 3-е доп. и перераб. - Алматы: Центраудит - Казахстан , 2002. - 728 с.
  4. Стандарты бухгалтерского учета Республики Казахстан. Постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по бухгалтерскому учету от 13 ноября 1996г., №3.
  5. Стандарты профессиональной деятельности в области оценки недвижимого имущества. М.: Проект, РОО, 1994
  6. Конкурентоспособность предприятия и его оценка // Вестник КазНУ:Сер:Экономическая.-2003.-№5.-с.76-91.
  7. Пеньков П.А.Качество оценочных услуг в Казахстане // Аль-Пари.-2005.-№1.-с.78-84.
  8. Родионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. - М.: Перспектива, 1996.
  9. Розинов М. Доходный подход при оценке имущественного комплекса и его элементов // Рынок ценных бумаг Казахстан.-2005.-№1.-с.40-43.
  10. Российский оценщик. Ежемесячный бюллетень РОО, издается с января 1995.
  11. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие. В 2-х частях. Алматы: Экономика, 2000.-336с.

 

 

Қосымша пайдаланған  әдебиеттер

  1. Сайт «БТА Банка»

 

 


Информация о работе Автокөліктің сапасын бағалаудың