Жер жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 00:40, курсовая работа

Краткое описание

Имараттар мен ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы – құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.
Құрылыс өндірісінің технологиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары – жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары – жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу).
Жер жұмыстарының құрамына: аймағы мен алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Наз жер жумыстары.docx

— 1.52 Мб (Скачать файл)

Кесте 3

Жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары

 

 

Жұмыс атауы

Көлемі

 

ЕНиР

Еңбек сыйымдылығы

Машина, механизм

Бригада құрамы

Жұмыс ұзақтығы, күн

Кәсібі, разряд

Саны

Өлш.бірл

Саны

Атауы, маркасы

Саны

Адам күн

Маш. ауысым

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Құрылыс алаңын тазалау

1000 м2

3,831

Е 2 -1-24

-

0,5

Д -271А

1

Маш\стт

6

1

0,5

2

Өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу

1000 м3

0,957

Е 2-1-4

-

0,5

Д -271А

1

Маш\стт

6

1

0,5

3

Қазаншұңқырды қазу

а)автосамосвалдарға тиеу

в)кавальерге үю

100 м3

а) 89,84  в) 71,04

Е 2-1-4

-

а) 25      в) 16

Э -4111Б

КамАз-5511

1; 10

Маш\стт

6

10

4,1

4

Қазаншұңқыр түбін қол әдісімен тегістеу

1 м3

628.89

Е 2 -12-4

67

-

-

-

Жер қазушы

2

10

6,7

5

Іргетас конструкциясын жинақтау

1 эл

55

Е 4- 1-1

7

2

МКП-25

1

Маш. Монтж

5; 5;4

3

3

6

Қазаншұңқыр қойнын топырақпен толтыру

100 м3

71,04

Е 2- 2-21

-

12

Д -271А

1

Маш\стт

6

3

4

7

Топырақты тығыздау

100 м2

70,93

Е 2- 2-21

-

3

Д -12Б

1

Маш\стт

6

1

3


 

 

 

7 Жұмыс өндірісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу

 

Өзіндік құн және 1 м3 топырақты өңдеудегі еңбек сыйымдылығы жұмыс өндірісінің негізгі техника-экономикалық көрсеткіші болып саналады.

1 м3 топырақты өңдеудің өзіндік құны (руб.) мына формуламен анықталады:

 

мұндағы Е - механикалық жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты бірлік уақыттағы шығын (); машина ауысымының құны; машина жұмысының ұзақтығы; жұмысшылардың еңбекақысы; жер жұмыстарының көлемі, м3; жұмысшылар санына қатысты шығын коэффициенті (арнайы киімге, еңбекті қорғауға, қосымша еңбекақыға және т.б жұмсалатын шығындар); нақты шығынның жүкқұжатының шығынына қатысты коэффициент (машина ауысымының құны, бірлік уақыттағы шығын және т.б.).

1 м3 топырақты өңдеудің еңбек сыйымдылығы (адам күн) мына формуламен анықталады:

 

мұндағы жалпы жер жұмысындағы механикаландырылған операциялардың еңбек сыйымдылығы; жалпы жер жұмысындағы қолмен орындалған операциялардың еңбек сыйымдылығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шаралары

 

Жер жұмыстарының (нөлдік цикл) жұмыс өндірісінің жобасын жасағанда және құрғанда, жалпы құрылыс генпланының өндірісінде және технологиялық картада жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шаралар көрсетіледі.

Ол көрсеткіштер СНиП 12-03-01 1 бөлімі, СНиП 12-04-02 «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі», МЕСТ-тің ССБТ жүйелері (жұмыс аумағының инвентарлық сигналдық қоршауы, котлованға түсетін баспалдақ, ұжымдық қауіпсіздік және т.б,). Қауіпсіздік шараларын жасауда сол құрылыс аумағының ерекшеліктерін, қолданылатын техникалар және т.с.с ескерукерек.

Жұмыс өндірісінің жобасын (ППР) құруға қажетті нормативтік құжаттар төменде келтірілген.

СНиП 12-03-2001:

6.2.9.Елді-мекен аумағындағы  жер жұмыстарының өндірісі немесе  адамдар мен көліктер үнемі  қозғалыста болатын қазаншұңқырлар, орлар, трашейлер мен жыралар  территориялары міндетті түрде  қоршалуы қажет.

Жүретін жер траншейлер, орлар, жыралар арқылы өтетін болса, онда ені 1 метрден кем болмайтын көпір орнату керек, оның екі жақтауы биіктігі 1,1 м кем емес қанатпен қоршалуы, төменнен 0,15 м биіктікке дейін және төсемнен 0,5 м биіктікке дейін қосалқы қоршаушы пленкамен сыртынан тұтастайқапталуы керек.

СНиП 12-04-2002:

5.2.1. Жобада қабылданған  жұмыс орнының ойықта орналасу  өлшемі, конструкциялардың, жабдықтардың  және құралдардың орналасу орнын, сондай-ақ бір жұмыс орнынан  екінші жұмыс орындарына және  жұмыс орнынан жұмыс зонасының  кеңістігіне өту жолдарын қамтамасыз  етуі қажет, оның ені 0,6м кем  болмауы тиіс.

5.2.2. Ойықтар міндетті  түрде мемлекеттік стандарт талаптарына  сай қорғаушы қоршаулармен қапталуы  тиіс. Қоршауға ескертпе жазбалар  жазып қою, ал түнгі уақытта  көрінетін жарық сигналдарды  орнату керек.

5.2.3. Адамдардың ойық арқылы  өтуіне арналған жүріс көпірлерін  орнату керек.

Ойықтағы жұмыс орнына өту үшін траптар немесе қоршауы бар ені 0,6м кем болмайтын маршты баспалдақтар немесе тіреуішті баспалдақтар (ағаш – ұзындығы 5м артық емес) орнату керек.

5.2.4. Тік қабырғалы жерасты  суының деңгейі жоғары құмды  және шаңды-сазды топырақтарға  бекітусіз ойықта және жерасты  имараттарынан алшақ жұмыс өндірісінде  рұқсат етілетін тереңдік артық  болмауы керек, м:

1,0- үйіндісіз және табиғи  құмды топырақ қабатында;

1,25 – құмтопырақта;

1,5 – құмдақ және саз  топырақта.

5.3.4. Забой маңында экскаватор  жұмыс істегенде өзге жұмыстарды  жасауға және экскаватордың плюс 5м жұмыс радиусында адамдардың  жүруіне рұқсат етілмейді.

5.3.8. Жұмыс жасағанда, тасымалдағанда, түсіргенде және топырақты тығыздағанда  екі немесе оданда көп өзіндік  жүрісті немесе тіркеуішті машиналар (скреперлер, грейдерлер, бульдозерлар) бірінен кейін бірі жүргенде  олардың арақашықтығы 10м кем болмауы  керек.

5.3.9. Самосвалдар үйіндіні  тиегенде, сондай-ақ ойыққа топырақ  тасығанда еңістің жағасына 1м  артық жақындамауы керек; қоршауы  жоқ эстакадаларды тиеуге қолдануға  рұқсат етілмейді.

Ғимараттың ішінде жұмыс жасағанда ГОСТ 12.1.04.76 талаптарына сай өрт, санитарлық, жарылыс және электр қауіпсіздіктерін қатаң сақтау керек. Жұмыс зонасындағы зиянды заттардың концентрациясы ГОСТ 12.1.04.76 көрсетілген шектен аспауы керек, барлық өндірістік және тұрмыстық ғимараттарда табиғи, жасанды немесе аралас желдету қарастырылуы қажетті, ол ауаны тазартуды қамтамасыз етеді. Барлық ғимараттағы жұмыс зоналарында шудың деңгейі ГОСТ 12.1.03.-83 көрсетілген шектен аспауы тиіс.

1 Қызметкер міндетті :

-жұмыс берушінің еңбек  келісім шарты мен акттарына  сәйкес еңбектік міндеттерді  орындауға;

-жұмыс орнында өндірістік  тазалықтың және өрт қауіпсіздігінің, еңбек қауіпсіздігінің талаптарын  сақтауға;

-қызметкерлерге, жұмыс берушінің  дүние мүлігіне ұқыпты болуға;

-зиян келтірілген жағдайда  Еңбектік кодексіне сәйкес шектеулі  түрде өтемақы алуға.

1.1 Зиянды (аса зиянды) немесе еңбек қауіпті шарттарында, ауыр жұмыстарда әйелдерді еңбекке қолдануға рұқсат етілмейді. Қойылған шекті нормалардан асатын ауыспалылық жұмыстарда және ауыр көтеруге әйелдерге рұқсат етілмейді.

Қызметкер жаңа жұмыс орнында жұмыс істеуге кіріскенде ескеру қажет:

-өндірістік алаңында, цехта, технологиялық үрдіс және берілген  жұмыс орнындағы құрылғылар жөніндегі  мәліметтерді;

-жұмыс орнының жабдықтауын  және ұйымдасуының қауіпсіздігін;

-механизмдердің, құралдардың, көліктердің қауіпті аумақтарын;

-зақымдану ескертулердің  талаптарын;

-жұмысқа дайындалу ретін (аспаптың және айлабұйымдардың, құлыптардың, жерге қосудың және  басқа іске қосқыш, қорғаныс құралдардың, жабдықтардың дұрыстығын тексеру);

-қауіпті жағдайлар байқалған  кездегі әрекеттерді, қауіпсіздік  шараларды және жұмыс әдістерін;

-аланның, цехтың аймақтарындағы  жұмыс істеудің қауіпсіздік сұлбасын;

-жұмыс кезіндегі жүкті  тиеу-түсіру және тасымалдаудың  қауіпсіздік талаптарын;

-өрттің, жарылыстардың, апаттардың  сипаттамалы себептерін. Өрт, жарылыс, апат болған жағдайдағы міндет  пен әрекетті. Өрт сөндіргіштің, апат қорғанысының және дабылдатқыштық  бөлімшелерде орналасқан жерлерін  және қолдануын білуі қажет.

1.2 Өзіндік жұмысқа жіберілген қызметкер міндетті:

-еңбек қорғау нұсқауларын, өндірістік тазалықты, дербес тазалығын, ішкі еңбектік тәртіпті, өртке қарсы ережелерді сақтауға;

-зақымданған адамға алғашқы  көмекті көрсете білуге;

-өндірісте кенеттен болған  жағдайларды және апатты, барлық  істен шыққан құралдарды администраторға  айту;

-объектінің ауласында ашық өртті бастықтың рұқсатуынсыз қолдануға рұқсат етілмейді. Шылым тарту тек қана арнайы жерлерде рұқсат етіледі;

-бастықтың берген жұмысын  ғана орындау қажет;

-бастықтың рұқсатынсыз  немесе өндірістің қажеттілігінсіз  басқа жұмыс бөлімшелеріне, объектілерге  баруға болмайды;

-изоляцияланбаған немесе  электрлік құрылғылардың ток  жүретін бөліктерінің қоршалмаған  жерлерін ұстамау, электрлік тарату  шкафтарының есіктерін ашпау, тамақты, ыдысты, қолғапты және т.б. қоймау, ток жүретін бөліктердің қорғау  қаптамасын және қоршауды шешпеу;

-бастықтың рұқсатынсыз  механизмдерді, станоктарды, көліктерді  қоспау және тоқтатпау (апаттық  жағдайлардан басқа);

-егер жоғарыда адамдар  жұмыс істеп жатса, бұл аймақтан қауіпсіз жер арқылы өтіңіз;

-қозғалмалы транспорттан  немесе жүктемеден абай болыңыз;

-жоғарыға көтерілген  жүктеменің астында жүрмеу, жинақталған  материалдардың, бөліктердің үстінде  жүрмеу;

-кенеттен болған жағдайларда  медициналық көмек көрсету пунктіне  барыңыз және бастығыңызға хабарлаңыз, егер ол болмаса жұмыстағы жақын арадағы адамға айтыңыз;

-арнайы бөлімшелерде  ғана тамақтануға;

-бастықтың рұқсатынсыз  бекітілген механизмдерге, жабдықтарға  бөтен адамдарды кіргізбеу;

-электр пісірушінің қасында немесе өткен кезде электрлік доғаға қарамаңыз;

-қолдармен, қолғаптармен  және басқа заттармен оттек  баллондарға тиіспеу, себебі май  мен оттек қосылған жағдайда  жарылыс болуы мүмкін;

-электрлік жабдық жөнге  келмейтін болса электрмонтерді шақырыңыз.Өзіңізге электр жабдықтарды жөндеуге болмайды.

 

Уланудың алдын алу мақсатында қызметкер тазалық ережесін сақтауға міндетті:

- кір киімде асханаға  кіруге болмайды;

-тамақтану алдында қолыңызды  сабынмен жуыңыз;

-қорғасын және қорғасын  қосуларымен жұмыс жасаған жағдайда  түскі үзілістің алдында және  жұмыстан кейін 1%-і сірке қышқылы  ерітіндісімен қолдарыңызды жуыңыз, ал содан соң жылы су мен  сабынмен, тамақтанудың алдында  ауыз қуысын әлсіз калийдің  ерітіндісімен (қызғылт түсті) шаю  және тістерді тазалау керек;

-тамақты, ішетін суды  жұмыс орнында сақтамау және  жемеу. Шылым тартпау;

-әрбір нашар сезінген  жағдайыңызда дәрігерге қаралыңыз  және оның тағайындаған кеңестерін  қатал орындаңыз;

-профилактикалық медициналық  көрсетулерге міндетті түрде  келу керек;

-зиянды еңбек шарттары  тағайындалған жұмыс орнындарында  сүтті міндетті түрде ішіңіз;

-қорғасынмен немесе оның  қосуларымен жұмыс істеген жағдайда  пектинмен байыған тамақтық өнімдерді, жеміс-жидек шырындарды, сусындарды  немесе натуралды  жеміс-жидек  шырындарының жұмсағын жұмыстың  алдында қолдану керек, ал қышқылды  өнімдерді жұмыс уақытында қолдануға болады.

-керосинде, эмульсияда және  май ішінде қолды жумау.

 

1.3 Жұмысқа кірісер алдында қызметкер міндетті:

-өз жұмыс орнын қауіпсіз  жұмысқа дайындап,  керек емес  заттарды алып тастауға;

-аспаптарды, құралдарды  жұмысқа дайындау және олардың  жұмыс істейтіне көз жеткізіңіз. Жұмыс істемейтін қауіпсіздік  талаптарына сай келмейтін құралдармен, бөліктермен жұмыс істеуге болмайды;

Информация о работе Жер жұмыстары