Жер жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 00:40, курсовая работа

Краткое описание

Имараттар мен ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы – құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.
Құрылыс өндірісінің технологиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары – жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары – жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу).
Жер жұмыстарының құрамына: аймағы мен алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Наз жер жумыстары.docx

— 1.52 Мб (Скачать файл)

-өтулердің, асулардың, алаңдардың, саты құрылғылардың, қанаттардың  күй-жағдайын сонымен қатар олардың  қоршауларын тексеру;

-өртық қозғалыстардан  құтылу үшін және жұмыс орнын  қауіпсіздікке келтіру үшін аспаптарды, бөлшектерді дұрыс жайғастыру  керек. Аспаптарды, құралдарды жұмыс  орынға тек қана арнайы дорбаларда  немесе жәшіктерде апару керек. Құралдарды қолда немесе қалтада  алып бару тиым салынады.

-жұмыс орнының жарықтандыруын  тексеру.

 

1.4 Жұмыс уақытында қызметкер міндетті:

-өз жұмыс орнында еңбек  қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін қорғаныс құралдарды қолданып  және тазалықты сақтау;

-жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігін қадағалап арнайы киімде, арнайы аяқ киімде жұмыс істеу қажет. Алдын ала ескерілген немесе нұсқаулармен кіру рұқсатымен және операцияның орындалу жүйелігін сақтау керек;

-өзінің істеп жатқан  жұмысына бөтен адамдарды кіргізбеу;

-тағайындалған жұмысты  ғана орындау қажет;

-әрдайым қосар алдында  аспаптардың, құралдардың, механизмдердің, ешкімге зиян келтірмей жатқанына  көз жеткізіңіз. Қажет болған  жағдайда бригада мүшелерін ескерту  қажет;

-материалдарды, құралдарды  кез келген жерде лақтырмай тұрақты орынға салыңыз;

-бөтен адамдармен әңгіме  соқпау және көңілді алаңдатпау, ықыласты болу;

-жолдастардың көңіл күйіне  көңіл аудару. Егер бұзушылық  көрінген жағдайда оларға еңбек  қауіпсіз қабылдауларының қолдану  қажеттілігі туралы, талаптардың  орындалулары, қауіпсіздік техниктері , өндірістік тазалықты , өрт сөндіру  және газ қауіпсіздігі туралы  есіне түсіру;

-жолдастардың көңіл-күйіне  көңіл аудару. Егер олардың әдеттегі  мінез-құлығының  нашар күй белгілері  болса, сонымен қатар басқа жағдайлардың  көрінген жағдайда, жұмысты тоқтатқан  жөн.

 

Апаттық жағдай кезінде қызметкер апаттық ликвидация жоспарына сәйкес шара қолдануға міндетті. Өндірістік жұмыс кезіндегі апаттық ликвидация барысында жұмысшы жасап отырған жұмысына сәйкес еңбек қауіпсіздігі шарттарын орындауға тиіс.

 

1.5 Жұмыстың соңында қызметкер міндетті:

-өз жұмыс орнын қалыпқа  келтіріп, жабдықтарды сүртіп, құралдарды  өз орындарына салып кету керек;

-қолданған сүрлі материалдарды  жинауға және оларды лайықты  жеріне қосуға;

-аспаптарды, құралдарды  өз орнына салуға;

-жабдықтарды және өз  жұмыс орнын бригадирге тапсыруға;

-арнайы киімді шешіп, тазалап, салып қоюға. Бастықтан  алған қосымша ЖҚҚ-н және сақтандырғыш  құралдарын қайтарып беру;

-қолды мұқият жууға  және сеппе су қабылдауға.

 

2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесідей топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Физикалық факторлар:1)қозғалмалы көліктер мен механизмдер; өндірістік жабдықтардың қозғалмалы бөліктері; қозғалмалы бұйымдар, дайындамалар, материалдар; бүлінетін конструкция; 2)жұмыс орнының  ауасы газдалғандығы және шанды болуы; 3) материалдардың, жабдықтардың үсті артық немесе төмендетілген температураның болуы; 4) жұмыс орнында барометрлік қысымның төмендетілген немесе артық болуы; 5) артық немесе төмендетілген ауа ылғалдылығы; 6) Ауаның иондалуы; 7) иондалған сәулелену; 8) электрлік тізбектегі кернеудің көрсеткіші артық көрсетілуі, адам денесі арқылы электр тогының тұйықталуы; 9) статикалық электрдің, электромагниттік сәулелену және т.б. көрсеткіштерінің артық болуы.

Химиялық факторлар: репродуктивті функцияға әсер ететін, улағыш , тітіркенгендіргіш , канцерогендік , мутагендік затттар.

Биологиялық факторлар: микроорганизмдер (бактериялар, вирустар және т.б.) және тіршілік әрекетінің қарапайым өнімдері.

Психофизиологиялық: Физикалық жүктеу; жүйке- психикалық жүктеу.

 

3 Зияынды немесе қауіпті өндірістік факторлардан қорғайтын арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және т.б. құралдармен жұмыс берушілер жүзеге асырайды.

Дара қорғаныс құралдарын киген кезде ыңғайлы және қозғалыс жасаған кезде кедергі болмауы тиіс.

Дара және коллективті қорғаныс құралдарды (противогаздар, сақтандыратын белдіктер, масаханалар, каскалар және тағы басқа құралдар) қайта жөндеуге болады, ал сүзгілер, шынылар және тағы басқа бөліктерінің қорғанысы төмендетілген жағдайда ауыстырылуы тиіс.

Қызметкерге берілген арнайы киім, арнайы аяқ киім және дара қорғаныс құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші арнайы жабдықталған және техникалық қорғанысқа, құрылыс-нормаларының талаптарына және ережелеріне санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларына сәйкес келетін бөлімше беріледі.

Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді ұзақ уақытқа сақтау алдында ластан тазартады, жөндейді және дезинфицирлейды.

 

4 Өрт сөндірудің алғашқы құралдары:

-өрт сөндіру қалқаны  алғашқы өрт сөндіру құралдарын  орналастыру үшін қолданады. Инвентарьдің  ішіне өрт сөндіргіштері кіреді (2 данадан артық емес), құмға арналған  жәшік, күрек, суға арналған резервуар, киіз ілгекті бақан, таскендір  мата, қайла;

-заттардың және материалдардың жанып кетуінен, кернеу түсірілген электр қондырғылардан басқа ішкі өрт сөндіру крандары өртті сөндіру үшін арналған;

-көмір қышқылды өрт  сөндіргіштері әртүрлі заттарды, материалдарды, 1000 В-қадейін кернеулі  электр қондырғыларды, ішкі жану қозғалтқыштарды, жанатын сұйықтықтарды сөндіруге арналған. Ауасыз жерде пайда болатын жануларды сөндіруге болмайды.

-ұнтақталған өрт сөндіргіштері мұнай өнімдерді және тез тұтанатын сұйықтықтар мен еріткіштерді, қатты заттарды, 1000 В-қа дейін кернеулі электр қондырғыларды сөндіруге арналған;

-әуе-көбікті өрт сөндіргіштері  қатты заттар және тез тұтанатын  сұйықтықтар мен еріткіштерді сөндіруге арналған. Сілтілік металлдарды, заттарды, кернеулі электр қондырғыларды сөндіруге рұқсат етілмейді;

-тозаң генераторлары  «Пурга» 200 көлемге дейін өндірістік және тұрмыстық бөлмелерге автоматты немесе қолмен сөндіру үшін арналған.

 

4.1 Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу ережелері:

-тоңазытуды  болдырмас  үшін көмір қышқылды өрт сөндіргіштің  кең қонышын  жалаңаш қолмен  ұстамау (-70° температура);

-заряд ағысын өртке жақын жерден жел жағымен бағыттайды, бірте-бірте сөндіру өлшемімен;

-өрт сөндіргіш шлангісін майыстыруға рұқсат етпеу ;

-электр қондырғыларды  ұнтақталған өрт сөндіргіш арқылы сөндірген жағдайда қуатты 3-5 секундтан кейін порциялармен әперу керек;

-ыстық электр қондырғыға 1м-ге дейін өрт сөндіргішті  жақын әкелмеу;

-өртті жоғарыдан төменге  қарай сөндіру керек;

-мұнай өнімдерін әуе  көбікті өрт сөндіргішпен сөндірген кезде жақын жақтан бастап барлық ошақ бетін көбікпен жабады;

-жанып жатқан майды  сөндірген жағдайда үстінен төменге  қарай қуат ағысын бағыттауға  болмайды.

 

5 Алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы принциптері:

-алғашқы медициналық  көмек тез арада көрсетілуі  тиіс;

-дәрігерлік дәріқұтыны  даярлықта ұстау және дер кезінде  оны қолдану;

-зақымданған адамнан қалай ол өзінді сезетінін сұрау. Айналадағы адамдардан көмек және «медициналық көмекті» шақыруын  сұрау.

- «медициналық көмек көрсету»  келгенше зардап алған адамды  тастамау;

-зақымданған адамды дербес деммен және адал қызметпен, бірақ санасыз күй-жағдайда қауіпсіз жайға жатқызу;

-өмірге қауіпті шараларды  алдын алу мақсатында шаралар  қолдану;

-зақымданған адамнан өз теріңізге қан тигізбеуін қадағалаңыз;

-зақымданған адамның қанын және тағы басқа бөлінулердін су сабынмен жуып тазалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл курстық жұмыстың жалпы мақсаты жер қазу жұмыстарын жобалау және оны түгелдей зерттеу.Осы зерттеулер негізінде жер қазу жұмыстарының есебін шығару және осы есепті, сондай-ақ ЕНиР-лерді басшылыққа алып жер қазу жұмыстарының технологиялық картасын жасау. Кейін осы технологиялық карта негізінде жұмысты жүргізу жеңілдейді әрі өнімділігі артады.

Технологиялық карта - жұмыс өндірісін жобалау құжатының құрамына кіреді. Ол құрылыс құрастыру жұмыстарының қайталанатын түрлерінің ұтымды және тұрақты өндіру жобасының орнына немесе оған қосымша болып пайдаланылады.

Технологиялық картада құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру үлгісі; жұмыс өндірісінің тәсілі, жүйесі және еңбекті ұйымдастыру туралы негізгі ережелер; жұмыстарды орындау графигі; негізгі материалдық-техникалық қаржы және құрал-саймандардың қажет кестесі; еңбек шығынының калькуляциясы; қабылданған жобалық шешімдердің және техника-экономикалық көрсеткіштердің дәлелдері бар түсініктеме кіреді.

Жер жұмыстарының құрамына: аймағы және алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар мен орларды қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және сулардың деңгейін төмендету кіреді.

Жер жұмыстарының көлемі мен сипаттамасы тұрғызылатын имараттар мен ғимараттардың көлем жобалық және құрылымдық шешімдерінің ерекшеліктерімен анықталады.

Жер жұмыстарының барлық процесстері кешенді механикаландыру әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.

Біздің жағдайда өсімдік қабатын тіліп алуда Д-271А маркалы бульдозер, ал қазаншұңқыр қазу үшін Э-4111Б маркалы кері күректі экскаватор және топырақты тасымалдауда КамАЗ – 5522маркалы автосамосвалдар қолданылды. Іргетастарды орнату МКП-25 маркалы монтаждық кран көмегімен жүзеге асырылды. Іргетас қойнына қайта салынған топырақты тығыздауға Д-12Б маркалы тығыздағыш машинасы пайдаланылды. Жер жұмыстары өндірісі 22 күнге созылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Хамзин, С. Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы / С. Қ.

2 Хамзин. – Астана : Фолиант, 2004.

3 Хамзин, С. Қ.,  Әбішев,  А. Қ.  Құрылыс процестерінің технологиясы / С.Қ.

4 Хамзин. - Алматы: Баспа, 1997.

5 Хамзин, С. Қ. Құрылыс процестерінің технологиясы / С. Қ. Хамзин. – Алматы: Баспа, 2002.

6 Хамзин, С. Қ. Жанаев, А.Б. Құрылыс процестерінің технологиясы. Қурстық және дипломдық жобалау / С. Қ. Хамзин. – Алматы : Кітап, 1995.

7 Беляков.Ю.И. Земляные работы.-2-е изд./ Стройиздат, 1990.

8 Дегтяров.А.П К. Комплексная механизация земляных работ/ Стройиздат, 1990.

9 Строительные машины: справочник / Б.А.Баумана. Машиностроение, 1982.

10 Афанасьев .А.А. Технология строительных процессов / Высш. шк.,2000.

11 ЕНиР, сб.Е2. Механизированные и ручные земляные работы.

12 ЕНиР, сб. Е4. Монтаж сборных и устройство монолитных железобетонных конструкций.

13 СНиП 12-03-01. Безопасность труда в строительстве.

14 СНиП 3.02.01-87. Земляные сооружения, основания и фундаменты.

15 СНиП III-4-89. Техника безопасности в строительстве.

 

 

 

 

 


Информация о работе Жер жұмыстары