Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 12:27, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің үш бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 5
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері 5
1.2 Кеден саясатының құралдары 9
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
13
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
13
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі 16
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Вложенные файлы: 1 файл

Макро. Қазақстан Республикасынның кеден саясаты. Тасжанова.doc

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

2 Қазақстан  Республикасынның кеден саясатының  қалыптасуы мен дамуы

 

2.1 Кеден саясаты  принциптері және ТМД елдерінде  кеден саясатын басқару

 

Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

3) Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Төрт мемлекеттің келісімі бойынша – Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Републикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мынандай принциптерге сүйенеді:

- қатысушы елдер арасында біртұтас экономикалық кеңістікті сақтау және күшейту;

- біртұтас экономикалық кеңістік аумағында тауар мен қызметтің еркін қозғалысын қамтамасыз ету;

- қатысушы елдер арасында үшінші елмен байланыс жасауда кеден саясатындағы келісімді және кеден заңдары мен кеден қағидаларын жеңілдетуді қамтамасыз ету;

- қатысушы елдер экономикасын дамытуды жандандыру және ішкі рынокты қорғау.

Бұл принциптерді аталған  төрт мемлекет (Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Републикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы) – Кеден одағы ауқымында жүзеге асырады. Одаққа мүше елдер, халықаралық құқы бар субъект ретінде, сондай-ақ ортақ кеден территориясы жиынтығын көрсетеді.

Талқыланатын мәселелер  мен келісімдерге ортақ кеден  тарифі және осы территория көлемінде  алып келінетін, сыртқа шығарылатын тауарлар мен басқа да заттарға бірдей ішкі салық салу жатады. Тәртіп бойынша осы кеден одағы ауқымында түскен заттардан кеден бажы, салық және т.б. алымдар алынбайды.

Кеден одағының жоғары органы Кеден кеңесі болып табылады, оған мүше елдердің өкілдері, яғни кеден одағына қатысушы елдердің үкіметі мүшелері кіреді. Кеңестің әрбір мүшесінің мүддесін оның орынбасары және үш кеңесшісі немесе сарапшы қорғайды. Кеден одағының мүшелерін арнайы мемлекеттік үкімет сайлайды.

Кеден кеңесінің қызметін толық жүргізу үшін атқару органы және жұмысшы тобы құрылады. Атқару органдары – ұлттық кеден қызметінің жұмысын басқару үшін қажет және мүше елдердің шешімдерін іске асыруды қадағалайды. Кеңестің жұмысшы тобының қызметі оның секретариаты арқылы жүргізіледі, олар мүше елдердің өкілдерінен тұрады. Бұл жерде секретариат мүшелерінің маңызды жұмысы – біртұтас рыноктың мүддесін және кеден одағының жалпы территориясын қорғау болып саналады.

- Кеден одағының жоғары органы алдына;

- Кеден одағының субъектілерінң мүддесіне сай біртұтас кеден саясатын қарастыру және жүргізу;

- Монополизмге қарсы қызмет жасау, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің қанауына жол бермеу;

- Экспорт-импорттық операцияларын жүргізуде әділетсіз бәсекеге жол бермеу;

- Кеден одағы ауқымында тұтынушыларды және өндірістік рынокты қорғау;

- Кеден заңдарын және кеден тіркеулерін жеңілдету, мүше елдердің әлемдік шаруашылыққа кіру мәселелерін жеделдету, мүше елдердің әлемдік шаруашылыққа кіру мәселелерін жеделдету және мақсатын көздеу;

- Кеден одағына қатысушы елдердің кеден қызметін басқару ісіне өзара көмек көрсетуі;

- Кеден ісін дамыту жөнінде мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру және әзірлеу;

- Кеден одағы ауқымында кедендік статистиканы жинау және оған талдау жүргізу.

Кеден кеңесінің қызметіне мыналар жатады:

  1. Кеден саясатына жататын ұсыныстарды қарастыру және қабылдау, оның негізгі бағыттары болып саналатындар:

- жалпы кеден тарифі, үйлесімділік жүйе негізінде қалыптасқан анықтама және тауарларды кодтау;

- кеден бажының мөлшерлемесін өзгерту немесе алып тастау тәртібін қадағалау;

- тарифтік жеңілдіктерді және артықшылықтарды беру;

- кеден бажын, оның ішінде әдейі арналған, антидемпингтік, өтемақылық тәртіпті қолдану;

- кедендік тіркеу және ұйымдастыру тәртіптерін қадағалау;

- жалпы кеден тарифінің номенклатурасының бөлігіндегі өзгерістер.

  1. Кеден одағы делегацияларының кеден тарифтік реттеу және басқа да сұрақтар жөнінде халықаралық келісімдер мен кеңес жүргізуде берілетін бұйрықтарды қарау;
  2. Кеден одағы заңдық актілердің жобаларын және кеден тарифтік реттеу жұмыстары туралы халықаралық келісімдерді қарастыру;
  3. Кеден одағына мүше елдердің кедендік қағидалары біртұтас жоғары деңгейге жеткізу мақсатында кедендік ынтымақтастық бағдарламаларын іс жүзіне асыру құралдарын іздестіру;
  4. Кеден одағының құжаттарын қолдану жөніндегі пікірталастарды шешу;
  5. Кеден тарифтік реттеу және кедендік тіркеудер туралы хабарларды тарату;
  6. Кеден одағы мүше елдердінің ісі туралы ұсыныстарын қарастыру;
  7. Кеден саясаты сұрақтары туралы халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастық.

Кеден кеңесі жұмысында  мынаған сүйенеді:

- кеден саясаты принциптерінің келісімдері;

- кеден кеңесі туралы жағдай;

- кеңес жұмысының кесімі (регламенті);

- кеден баж мөлшерлемесінің өзгеруі немесе алып тасталуы туралы жағдайлар;

- кеден мақсатындағы тәртіптерге баға беру;

- елдің шығу тәртіптерін анықтау.

1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан  Республикасы, Ресей Федерациясы,  Беларусь Республикасы арасында  Кеден одағы құрылды, кейінірек Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы мүше болып кірді. Кремльде маңызды интеграциялық құжаттарға қол қойылды. Жақында Өзбекстанда да мүше болып кірді.

Қазақстан Республикасының  Кеден одағына кіру қажеттілігі  және экономикалық тиімділігі төмендегі  себептерге байланысты:

- ТМД елдері экономикасының ынтымақтастығы мен өзара бағыныштылығының жоғары көрінісі;

- шаруашылық құрылымының артта қалуы;

- әлемдік рынокта өнімдердің бәсекелесу мүмкіндігінің төмендігі;

- рыноктық инфрақұрылымының нашар дамуы;

- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және т.б.

Сонымен, осындай жағымсыз фактордың болуы аймақтық интеграциялық дамудың қажеттілігі бар екенін, оның ішінде кеден одағы ауқымындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігін көрсетті.

Кеден одағының мақсаты  және принципі сыртқы сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу әдістері болып табылады, осыған байланысты Кеден одағын құруда жаңа өзгерістер және жаңалықтар енгізіледі:

- тарифтік және бейтарифтік реттеу құралы болып біртұтас кеден тарифі жатады. Өңделген Конституциялық жоба бойынша барлық тауарларды үш топқа бөлуді ұсынады. Бірінші топқа импорттық кеден баж салығы тура келетін тауарлар; екінші топқа импорттық кеден баж салығы шамалы және шартты емес болып келетін тауарлар, бірақ өзара келісудің нәтижесінде бірдей мөлшерлеме қойылады, үшінші топқа кеден одағына мүше елдердің айрықша немесе ерекше айырмашылығы бар өнімдері кіреді, бұл жағдайда протекционистік шараларды қолдану қажеттілігі туады.

- кеден одағына мүше елдер арасындағы өзара саудада тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталады.

- тауарлар мен қызмет көрсетудің экспорты мен импорты бірдей тәртіп қабылдауда, мемлекеттік бақылауға және реттеуге жататын өнімдерді төрт топқа бөлуді ұсынады.

Бірінші топты лицензия арқылы шығаратын экспорттық тауарлар құрайды, яғни үкіметтің рұқсатымен шығарылады. Екінші топ стратегиялық маңызы бар номенклатуралық топтары 9-дан 25-ке дейін көтерілген тауарлар жатады. Стратегиялық тауарлар топтарының бұлай көтерілуі кеден одағына кіретін елдердің маңызды стратегиялық өнімдерінің бірігуінен деп түсіндіруге болады.

Ал, осы өнім түрлерін кеден одағынан тыс жерге экспорттау контрактты тіркеу негізінде жүргізіледі. Үшінші топ тауарлар кеден одағынан тыс жерлерде халықаралық міндеттер көлемінде экспортталатын өнімдер. Төртінші топ тауарларды импортқа лицензия алу арқылы жүргізіледі.

Қорыта айтқанда, сыртқы сауда саясатын тиімді қалыптастыру достастық ауқымында интеграциялық  процесті жандандыру және дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мен әлемдік қауымдастыққа араласу мақсатында жүргізіледі.

 

2.2 Қазақстан  Республикасы кеден органдарының  қазіргі қызметі

 

Қазақстан Республикасының  Кеден Кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Кеден саясатының қаншалықты сапалы әрі іске асырылуы кеден органынына байланысты.

Мемлекетіміздің кеден  қызметі мемлекеттіліктің, ел тәуелсіздігі мен оның саяси және экономикалық егемендігінің нығайуының негізгі атрибуттарының бірі және солай бола да бермек. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылы 12 желтоқсанда кеден органын құру туралы алғашқы нормативтік құқықтық актілердің біріне егеменді мемлекеттің Басшысы қол қойды. Қойылған талапта елдің кеден жүйесінің дамуы мен қалыптасу кезеңі, оның ішінде нормативтік құқықтық базалардың жетілдірілуі қадағаланады. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің қабылдануымен мейілінше өркениетті және айқын заңнамасы бар мемлекеттер қатарына нық енді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан  Республикасының кеден органдары  заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.

2013 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық келісімдер қабылданды.

Үкімет қаулысымен Қазақстан  Республикасының кеден қызметін дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

2013 жылдың басынан бастап Республиканың сыртқы сауда статистикасы дербес жүргізіледі және кеден шекарасында радиациялық бақылау жүзеге асырылады.

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды.

2012 жылдың соңында елдің кеден қызметінің Ақпараттық бекеті ашылды.

Кеден төлемдері мен  салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны  автоматтандыру жолымен мықтап нығайту  керек деген Елбасымыздың сөздері  іс жүзінде қолға алынуда және кеден органының қызметкерлері  көп істер атқаруда. 

Бірқатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және осының негізінде «КTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады,  «адам факторының» әсерін азайтады.

Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік сканерлеу кешені ("TC-SCAN"), автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті (кеден дүңгіршегі), "Янтарь" радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, "Web-декларант" электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Шекарадағы бақылаушы  органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бірыңғай бақылау-өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде барлық бақылаушы органдардың өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы функцияларын жүзеге асыру тәртібі айқындалған.

Бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ. Мұратбаев атындағы, Павлодар облысында "Шарбақты", Шығыс Қазақстан облысында "Ауыл", Солтүстік Қазақстан облысында "Қарақоға" және Қостанай облысында «Ұбаған»  қолданысқа енгізілді.

Ресей және қырғыз тараптарымен біріккен кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Информация о работе Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе