Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 12:27, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің үш бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 5
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері 5
1.2 Кеден саясатының құралдары 9
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
13
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
13
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі 16
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Вложенные файлы: 1 файл

Макро. Қазақстан Республикасынның кеден саясаты. Тасжанова.doc

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Кедендік әкімшілдендірудің нысандары мен әдістері жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулыларымен ақпараттың ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына  әкелінетін негізгі тауарларға бағалық каталогтар бекітілді, бұл кедендік құнды төмендету фактілерін болдырмауға ықпал етеді, құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.

Бюджеттің әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі шараларды қолдану, шағын және орта бизнес санаттарына жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың салықтық салымын жеңілдету мақсатында Комитеттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурыздағы № 217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы № 430 екі қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің салмақтық нормалары он есе, ал жеміс-жидек өнімінің бес есе жоғарылады. Бұдан басқа, тұтыну кәрзіңкесіне кіретін бірқатар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға кедендік баждарды жаңа төмендету ставкілері қабылданды.

Экономикалық қылмыстар  мен әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, тауарлар мен көлік  құралдарының, есірткі заттар мен  прекурсорлар контрабандасының жолын  кесу мақсатты түрде жүгізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кеден органдарына жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру өкілеттіктері берілген, бұл кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін едәуір өсірді. 2002 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін қылмыстық істер бойынша 2,2 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар тәркіленді, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша мемлекеттің кірісіне 3,7 млрд. теңгеден астам сомаға тауарлар тәркіленді. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қосымша есептеулер нәтижесінде мемлекетке 6 млрд. теңгеден астам сомасына зиян өтелді. Кеден органдары, оның ішінде басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымының 1562 фактісі анықталды, 6,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттар, оның ішінде 799 кг героин алынды.

Кеден органдары қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады. Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыстың басымды бағыттары айқындалған, оларға біліктілік талаптар белгіленген, Ар-ождан кодексі, Кеден органдарының декларациясы және басқалар бекітілді.

Кеден органдары «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 28 мамыр–28 маусым кезеңінде, негізгі мақсаты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, «жасыл өнімді» жеткізуші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты орнату болып табылған «Кеден бизнес үшін» деген акцияны өткізді.

Акция барысында Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мен Кедендік брокерлердің қазақстандық қауымдастығы (бұдан әрі - КБҚҚ) арасында Меморандум жасалды, оған сәйкес КБҚҚ ауылшарушылық өнімін кедендік ресімдеуге брокерлік қызмет көрсетулердің кешеніне тарифтерді 3 мың теңгеге дейін төмендетті.

Акцияның қорытындысында ҚР ҚМ КБК мен «Атамекен» Қазақстан  кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ аумақтық кеден органдары мен «Атамекен»  өңірлік өкілдері арасында меморандумға  қол қойылды.

Халықаралық ынтымақтастық  саласында да белсеңді жұмыс жүргізілуде.

Ресей, Қытай, Түрік, Қырғызстан, Германия, Нидерланд кеден қызметтерімен кеден ісі, сыртқы сауданың статистикалық деректерін алмасу және салыстыру мәселелері бойынша шарттар мен келісімдерге қол қойылды.

Дүниежүзілік кеден  ұйымымен (ДКҰ) іскерлік серіктестік қатынастарды орнату едәуір жылжыды. 2004 жылы оның бастамасымен Алматы қаласында Жібек жолы өңірінде есірткі трафигінің мәселелері кеден әкімшіліктері басшыларының кеңесі өткізілді. Елдің Кинологиялық орталығының базасында ДКҰ халықаралық Өңірлік кинологиялық орталығы бекітілді.

2012 жылдың қаңтарында Алматы қаласында ДКҰ Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының 2-ші конференциясы өткізілді, оның жұмысына 37 мемлекеттің кеден әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, Еуропа Қоғамдастықтарының Комиссиясы, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілер, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Бельгиядағы ДКҰ-ның 105 және 106-сессияларында Қазақстан Достастық елдерінен ДКҰ Кедендік ынтымақтастық кеңесінің Саяси комиссиясының құрамына бірінші болып сайланды және Шығыс Еуропа және ТМД 24 елдерінің мүддесін білдіретін болады.

Ел кеден қызметінің материалдық-техникалық базасы одан әрі жаңаруда және дамуда.

Кеден органдарының фискалды функцияларын іске асырудағы оң үрдістердің сақталуыжоспарланады. Кедендік әкімшілдендірудің нысандары мен әдістері жақсаруда. Тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылуда, кедендік бағалаудың халықаралық қағидаттарына сәйкес кедендік құнды айқындауға бақылау жүзеге асырылады. Осы шаралардың барлығы 2004 жылы кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін 244 млрд. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 45 млрд. теңгеге немесе 22,7 пайызға көп. Соңғы жылдардың оң динамикасына қарамастан фискалды функцияларды іске асыруда да жетіспеушіліктер бар. Республикалық бюджеттің және мемлекеттік бюджеттің түсімдерінде кедендік төлемдер мен салықтардың үлесі төмендеп кетті. Жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тыйым салынған тауарларды рәсімдеу фактілері де кездеседі. Кедендік төлемдер мен салықтарды толықтыру үшін қосымша резервтерді іздестіру нашар жүргізілуде, кедендік құнды айқындау және тарифтік реттеу бойынша жұмыстар жетілдіруді талап етеді.

Елбасының жолдауынан туындайтын әлеуметтік салаларға бөлінетін  бюджеттің шығыс бөлігінің көбеюіне байланысты ақшаның құнсыздануын болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың күнделікті сұраныс тауарларына қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында Комитеттің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы жылғы 7-ші наурыздағы № 217 “Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы кәсіпкер-тұлғалардың тауарларды өткізулерінің кейбір мәселелері” және 5-ші мамырдағы № 430 “Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы” қаулылары қабылданды. Оларда өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және тасымалданатын заттардың салмақтық нормаларын көбейтуге бағытталған шаралар қамтылған. Мысалы, тауарлардың барлық категориялары бойынша екі тоннаға дейін, жеміс-жидек пен бау-бақша көкөністерін бес тоннаға дейін өткізуге рұқсат етілген. Сонымен қатар жиынтық кедендік төлемдердің айрықша бөлігі (бір килоға 0,5 ЕВРО-дан кем емес деген) алынып тасталып, төлем ставкасы кедендік құнының 17 пайызын құрайды. Бұл жеке адамдар шығындарының сомасын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, кедендік рәсімдеу рәсімдерін өту уақытын қысқартады. Бірақ, бұл үшін облыс, аудан, қала әкімшіліктерінің, басқа мемлекеттік органдардың бірлескен үйлесімді және үйлестірілген жұмысы қажет.

2005 жылғы қаңтар-сәуір  айлары ішінде республиканың  кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. Теңгеге немесе 28,9 % артық.болашақта да кеден қызметінің Қазақстан Республикасының экономикалық әрі саяси дамуы үшін зор үлестер қосары хақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Кедендік-тарифтік реттеудегі  әлемдік және ұлттық тәжірибе

 

 

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің  төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі құралы болып қалып отыр.

Кедендік тарифтер көп  түрлілігі және орындайтын мәселелері бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең  қолданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.

Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам  ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. өнеркәсібі дамыған мемлекеттер тарифтері;
  2. дамушы елдер тарифтері;
  3. Шығыс Еуропалық елдер тарифтері.

1 Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік тарифтері, әдетте, көп бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар салынуы мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын жалпы тариф мөлшерлемесінің бағанасы қолайлы жағдай режимін пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады. Қолайлы жағдай режимі деп – халықаралық сауда келісімдерінде үшінші мемлекет пайдаланатын, өзара келісуші елдердің бір-біріне құқықтар және жеңілдіктер беруін (баждар, салықтар, жинақтарға қатысты) ұйғаратын келісім. Мұндай режимнің КСРО мен АҚШ сауда экономикалық байланысында ұзақ болмауы АҚШ-на экспортталатын кеңестік тауарларды, тап сондай, бірақ басқа елдің тауарларымен салыстырғанда тиімсіз жағдайға әкелді.

Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру керек.

Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген  мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен  алынады. Тауар салмағына қарай  баждарды есептеу «брутто» және «нетто» арқылы есептеледі. Кедендік «брутто-салмақ» тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, «нетто-салмақ» қорапты қамтуы мүмкін.

Ең көп тараған баждар – адвалорлы баждар. Оның мәні мынада: «қалқымалы» валюта курстары кезінде  ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде адвалорлы баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.

Қазіргі таңда Батыс  елдеріндегі кедендік алым-салым  қатысты түрде төмен деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ кедендік тарифі; Швеция, Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия кедендік тарифтерінің ортақ арифметикалық деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің шектеу функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін сақтауға және импортталатын өнімнің өңделу дәрежесіне байланысты кедендік мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.

Ең жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті көп қажет ететін өнеркәсіп салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және құралдар, бірінші орында – электротехникалық машина құрылғылары жатады.

Отандық өңдеу өнеркәсібін  қорғау мақсатында дамыған елдерде  баждар эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде тарифтерді құру әдісі қолданылады, яғни бір технологиялық тізбек бөліктері  болып келетін тауарлардың өңделу дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.

Батыс елдерінің кеден  тарифінің ерекшелігі болып тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен  жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде қолданды.

Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген жаңа кедендік тарифке көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік жүйенің алты белгілі тауарлық субпозициялары 8 белгіге дейін кеңейтілген. ЕЭО-ға мүше елдерге статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.

Үйлесімділік жүйені пайдалана алу тек отандық  тауарлар экспорты кезінде дамыған  елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін  білу үшін ғана қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың барлығына қажет, әсіресе түрлі халықаралық ұйымдарға мүше бола бастағаннан кейін.

2 Ал дамушы елдердің кедендік тарифтеріне келер болсақ, дамушы елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын баждың орташа деңгейі өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын қорғау мақсатына байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады.

Ұлттық нарықты тарифтік кедергілермен қорғау дәрежесіне қарай дамушы елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50 %-тен аспайтын кедендік баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән. Бұл топқа Африка және Латын американдық елдер тобы, соның ішінде Ангола, Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық мұхиты аймағының бөлек елдері – Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа Парсы шығанағының да кейбір елдері жатады.

Екінші топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер жатады. Мөлшерлеме 50-100 % мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания (Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей елдері жатады.

Дамушы елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100 %-тен артады (кей жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко, Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары мөлшерлемелерімен Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.

Дамушы елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық  кеңесі Брюссель тауарлы номенклатурасы негізінде жасайды, ал елдердің көбі 90-жылдары үйлесімділік жүйеге көшуді көздеді. Дамушы елдердің тарифтер құрылымындағы айырмашылықтары қатты байқалады: бір, екі, үш бағаналы көп елдер қолданатын тарифтермен қатар көп бағаналы тарифтер қолданатын елдер бар (мысалы, Венесуэлада-7, Сенегалда-9, Малиде-17).

Информация о работе Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе