Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 12:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің үш бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 5
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері 5
1.2 Кеден саясатының құралдары 9
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
13
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
13
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі 16
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Баждармен қатар көптеген дамушы елдердің кедендік тарифтеріне фискалды жинақтар және түрлі салықтар жатады. Сонымен қатар, тарифтерге жиі әкімшілік және ішкі салықтар қосылады. Көптеген елдер тарифтерінде арнайы баждар да колданылады (әсіресе жиі – Сингапур, Таиланд, Индонезияда).
Аргентина мысалында дамушы елдердің тәжірибеде сыртқы сауда реттеуін қарастырып өту дұрыс көрінеді. Бұл Латын америкасында импорттық бақылау тарифтік және тарифтік емес шаралар мен шектеулер арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық жүйе дамыған кезде ғана кедендік тариф, негізінен, тек фискалды қызмет атқарады. Адвалорлы баждар 0-ден 22 %-ке дейін өзгеріп отырады. Баж мемлекет бюджетіне түсіп, тек импортты бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар ел табысының қайнар көзі болып келеді. Баж СИФ жағдайындағы бағадан алынады немесе факторлық бағалар төмендетілгені анықталған кезде «индекстік» баға негізінде анықталады.
3 Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, мысалы Венгрияда – 1968, Болгарияда – 1970, Румынияда – 1973, Польшада – 1976, Чехославакияда – 1989 жылдары енгізілді.
Шығыс Еуропа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту қажеттілігі туады. Импорттық баж баға анықтаушы фактор болды, ол тауарлар бағасына, яғни өнеркәсіптердің шаруашылық жағдайларына әсер етті.
Кедендік тарифтерді пайдалану, әсіресе ТСБА шеңберіндегі келісімдер барысында өзінің сауда әріптестерінен саяси жеңілдіктер (соның ішінде тарифтік) алуына байланысты. Сонымен қатар, кедендік тарифтер халықаралық одақ шешімдеріне сәйкес дамушы елдерге кедендік жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін болды.
Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, әдетте Брюссельдік кеден номенклатурасы негізінде ойластырылған. Тарифтік позициялар саны бірдей емес, өйткені әр елдің нақты қажеттіліктерін көрсетіп отыр. Тарифтегі бағаналар саны да әр түрлі: Румынияда – біреу, Венгрия, Польшада – екі, Болгарияда 1992 жылға дейін – төртеу болды. Мөлшерлемелер тауар құнынан процентпен анықталады, яғни адвалорлы. Олардың мөлшері тауардың елге қажеттілігі бойынша әр басқа. Әдеттегідей, тауар өңделу дәрежесіне қарай баждар өседі.
Шығыс Еуропа елдерінде жүзеге асып жатқан қайта құру, яғни шаруашылық қызметті нарықтық реттеу механизмін қолдануға бағытталған, бірақ олардың халықаралық экономикалық қатынасқа белсенді араласуы қашаннан белгілі ережелер мен шарттарын қолданатын ұлттық кеден тарифтерінің қажеттілігін көрсетеді. Бұл туралы Болгарияның мысалы куә бола алады. Олардың қазіргі кездегі кедендік тарифі 1992 жылдың 1 маусымынан бастап қолданылады. Ол үйлестірумен, бейнелеу жүйесі және тауарларды кодпен жазу кезінде құрылған.
Болгария ұлттық банкінің айырбас бағамы бойынша және тауар Болгария мемлекетінің шекарасына жеткен күні кедендік құн ұлттық валюта бойынша анықталады.
Болгарияның кедендік тарифі екі бағанадан тұрады. Бірінші бағана тауарға баж салығы мөлшерлемесін қалыптастыру, яғни кедендік жеңілдік берген елдер. Бұндай елдер қатарына көбінесе дамушы мемлекеттерді жатқызады. Ал, екінші бағана елден тауарларды импорттағанда қолданылады, яғни келісім немесе әдет бойынша, Болгарияның ұлттық қолайлы режимі бойынша тауарларды таратады. Бұл топқа 44 мемлекет кіреді, яғни өндірістік дамумен айналысатын Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдері кіреді.
Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтық-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР «Кедендік тариф пен баж салығы туралы» заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі (ҚР кедендік іс туралы» заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «ҚР-ғы демпингке қарсы шаралар туралы» заңы; 1994 жылдың 14 сәуіріндегі «Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісім»; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі «ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы» заңы.
Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы дамушы мемлекет болғандықтан сыртқы сауда саясатын тарифтік реттеу тиімді. Бізде бұл мәселені зерттеуші экономистер екі арнаға бөлінген. Бірі тарифтік реттеуді қолдаса, екіншісі бұған қарсы. Ал менің ойымша кедендік-тарифтік реттеу біздің еліміз үшін тиімді. Себебі тариф жас салаларды қорғайды, бюджет түсімдерінің маңызды көзі.
Қазақстан Республикасының
Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей,
Қазақстан Республикасының
1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3) Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Кеден саясаты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар
Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар;
Бізде бұрынғы КСРО елдермен сауда, негізінен, екі жақты үкіметаралық келісімдермен реттеліп, клиринг негізінде жүхзеге асырылды. Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асырылуы барысында қалыптасты. Тәуелсіз сыртқы сауда саясаты немесе кеден саясаты – Республиканың әлемдік қауымдастыққа кіруінің қажетті шарты болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар. Оның негізгі партнерлеріне Ресей, ТМД елдері, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Түркия, Корея және т.б. елдер кіреді.
Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда оның дәстүрлі болып қала беретінін байқаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы рынокқа әлі де шикізат өнімімен шығады. Өңдеуші өнеркәсіптің бүгінгі күні, өкінішке орай, бәсекелестігі төмен, оны қайта жарақтандыру үшін көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдік қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндірісін ұлғайтуымыз қажет. ҚР импорттық құрылымның басым бөлігі дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.
Қазіргі уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:
Кедендік саясаттың тиімді жүргізілуі кеден органымен тығыз байланысты. Сол себептіде кедендік органның қызметін жақсартып, мамандару қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Әрине бұл қазір іске асуда. Сонда да толықтырулар қажет.
Шикізаттық емес тауарлардың экспорты мен жоғары технологиялық жабдықтардың импортын қолдау мен кредиттеу басымдыққа айналуға тиіс.
Бүгінгі күні дайын өнімдер экспортының көлемі жылына 2 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Шикізаттық емес экспорт он жылға жуық осы деңгейде қалып келеді. Ендігі жерде осы көлемді үдемелі түрде ұлғайтатын уақыт жетті.
Біз үздік әлемдік
тәжірибеге сүйеніп, шет елдердің экспорт-импорт
агенттіктерімен ынтымақтастықт
Қазіргі таңда бюджеттің берекесін кеден келтіріп тұр. Ол сан жылдан жылға өсуде. Сол себептіде мемлекеттің экономикалық және саяси даму беталысында кеден саясатының алатын орны зор. Бұл саланы елемеу және талқыламау мүмкін емес.
2 Бюджеттің берекесін кеден келтіріп тұр // Нұр-Астана. – 08.09.2005. №36. – 3-5 бет
10 Мәдешов Б. Нарық экономика теориясына кіріспе. – Алматы, 1995. – 218 бет
11 Нұрмағамбетов А. А. ҚР-дың ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретіндегі кеден саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері // КазҰУ хабаршысы, Философия сериясы, Алматы, 2005. – №2 (24). – 51-55 бет
12 Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша – қазақша түсіндірме сөздігі – Алматы, 1993. – 458 бет
Информация о работе Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе