Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 19:41, курсовая работа

Краткое описание

Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗІМІ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................5
1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері...................................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары...................................................................................................................8

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТ ЕТУІ............................................................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы..........................14
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары............................16
2.3 Қазақстан Республикасының сот билігі...........................................................19

ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

memleket_mekhanizmi.docx

— 105.20 Кб (Скачать файл)

Жалпы қағидалар өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне конституцияда бекітілген қағидалар жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура туралы және т.б. көрсетілетін қағидалар жатады. [3, 123-б]

Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болмауы. Бір организмнің (мемлекеттің) бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік - тынысын қамтып, қоғамда бір тұтас басқаруды қамтамассыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.

Мемлекеттік механизм құрылымы белгілі бір обьективтік мінез-құлыққа сай сүйеніп жүзеге асады. Қазіргі таңға дейін ұйымның және мемлекет аппаратының ісіне заң ғылымы мемлекет басқару, демократиялық орталықтандыру, партиялық жетекшілік ісінде барлық мемлекет аппараты салалары кең құрылымды қатысу қағидаларымен саналды. Экономика, саясат және басқа да мемлекеттік қоғамдық өмірдегі өзгерістер барлық мемлекеттік органдар жүйесіне олардың мазмұнына және құрылымына өзгерістер енгізді.

Мемлекеттік аппарат құрылымына және оның қалыптасуына түрлі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және басқа да факторлар әсер етеді. Қоғам дамуының әр сатысында мемлекеттік аппарат алға қойған нақты мақсат пен құрылымына қарай мемлекеттік аппарат пен органдары өзгеріп отырады. Демократиялық құқықтық қоғамда мемлекет оның органдары мемлекетті құқықпен камтамасыз етіп адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын , жалпы қоғам қауіпсіздігін камтамасыз етеді.

Мемлекеттік билік органдары құқықтық қағидалармен өзара бірлескен. Олар мемлекет міндеті мен функцияларын өз құзыреті шегінде орындайды. Мемлекеттік органдар бірегей құқықтық базаға ие, ал оның қызметі мен ұйымдастырылуы мемлекеттік конститутциямен және басқа да нормативтік құқықтық актімен анықталады.

Мемлекеттік аппаратты айтқанда билікті жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар мен органдарды аппаратты қамтамасыз етуші тұлғалармен органдарды бөліп көрсетуге болады.

 

 

1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, 

қызмет ету қағидалары

 

 

Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны. Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компаненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.

Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері туралы ережені ұсынады. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына , лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.

Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны. Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компаненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.

 Алайда, бірқатар мағынасы  бар жоғарыда аталған нұсқаулармен  шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе  де олар мемлекет органдарының  ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар  ғалымдар мемлекеттік органдардың  ерекшеліктерінің бірі ретінде  мемлекеттік-билік өкілеттіктері  туралы ережені ұсынады. Өздерінің  басқару және ұйымдастыру қызметінде  олар азаматтардың барлығына  немесе белгілі бір категорияларына , лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға  міндетті болатын билік сипатындағы  жалпы немесе нақты ұйғарымдар  беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар  аталған органның моральдық-қоғамдық  беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен  қамтамасыз етуге де сүйенеді.

Принцип түрлері:

1.Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты – адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.

2.Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.

3.Билік бөлінісі  қағидаты – үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.

4.Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.

5.Жариялық қағидаты – құқық субъектілерінің белгілі бір нақты  мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.

6.Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі  жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.

7.Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды  үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға  қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.

8.Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік басқару ісінде  жекелендіру  мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.

9.Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты  немесе тең орында тұрады.

Мемлекеттің саяси режимі:

Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

Саяси режімдердің түрлері:

а) демократиялық;

б) антидемократиялық;

Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:

а) авторитарлық;

б) тоталитарлық;

в) фашистік  режимдер болып жіктеледі. [4, 132-б]

Демократиялық саяси реждимнің белгілері:

1.Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.

2.Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.

3.Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.

4.Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.

Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:

1.Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;

2.Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте  үстемдік етуші идеология орнығады.

3.Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.

4.демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.

5.Жаппай қуғын-сүргін  және заңсыздықтар орын алады.

6.Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде  көрініс табады, олар диктатура орнатады.

Тооталитарлық режимнің белгілері:

1.Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік  биліктің ұйытқысы болады.

2.Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.

3.Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.

4.Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы  басқарылады.

5.Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің  жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.

Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.

Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны. Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің "алғашқы клеткаларының" бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компаненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды. [5, 125-б]

 Алайда, бірқатар мағынасы  бар жоғарыда аталған нұсқаулармен  шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе  де олар мемлекет органдарының  ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар  ғалымдар мемлекеттік органдардың  ерекшеліктерінің бірі ретінде  мемлекеттік-билік өкілеттіктері  туралы ережені ұсынады. Өздерінің  басқару және ұйымдастыру қызметінде  олар азаматтардың барлығына  немесе белгілі бір категорияларына , лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға  міндетті болатын билік сипатындағы  жалпы немесе нақты ұйғарымдар  беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар  аталған органның моральдық-қоғамдық  беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен  қамтамасыз етуге де сүйенеді.

Унитаризм қағидасы сәйкесінше унитарлық мемлекеттерге тән, мемлекеттік билік органдарының бір жүйелігін (жоғарғы және жергілікті органдар), төмен тұрған органдардың жоғарғы органдарға бағынуы, бір денгейдегі органдардың қызметтерін үйлестіруді көздейді.

Осылайша, ҚР «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 1 бабына сәйкес «Үкімет ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық жасайды». [6, 1-бап]

Заңдылық қағидасы заңдарды жалпы сақтау мен орындаудан тұрады. ҚР Конституциясының 34 бабына сәйкес «Әркім ҚР Конституциясын және заңнамасын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, ар намысын сақтауға, міндетті», РФ Конституциясының 15 бабы «Мемлекеттік билік органдары және лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін өзі басқару органдар сияқты, азаматтар және олардың бірлестіктері РФ Конституциясын және заңдар сақтауға міндетті». [7, 34-бап], [8, 15-бап]

М.Ш. Байтин ескергендей, мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қатысты бұл қағида мына талаптардан тұрады:

- заң жоғарылығы және  Конституциялық бекітілген адам  мен азаматтардың құқықтары мен  бостандықтары іс жүзіне алуы;

- мемлекеттік билік қызметін  тек заңдар және заңнамалық  нормативтік актілер негізінде  жүзеге асуы;

- мемлекеттік органның  және мемлекеттік қызметкердің  заңдылықтың, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз  етілуіне, олардың негізделмей жаукершілікке  тартылмауға және құндылықтарынан  заңсыз айырмауға кепіл беруге  ерекше міндетті;

- кім жасағанына қарамастан  кез келген заң бұзушылықтардың  алдын алу, жасалған қылмыстары  үшін жауапкершіліктің болуы. [9, 78-б]

Т.Н. Радько бөліп көрсеткендей заңдылық қағидасы мемлекеттік механизм қызметіне қатысты конституцияға, заңдарға және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға тиесілі қызметтердің жүзеге асуын білдіреді. Сонымен қатар, бұл қағида бүкіл билік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен құқықтық актілердің дәл қатаң және бұлтартпас жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Заңдылықты негізін мемлекет конституциясы, оның дамуында қабылданған заңдар құрайды. Өмір талабына қатаң, кемшіліктерсіз заңнаманың болуы бүкіл мемлекет механизімінің заңдылығын біртіндеп бекітудің маңызды және қажетті шарты болып табылады. [10, 220-221-б]

Заңдылықтын қатаң және бұлтартпас сақталуы мемлекеттік, сонымен бірге мемлекеттік емес органдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметіндегі маңызды қағидасы болып саналады. Жоғарыда айтылғандай РФ Конституциясының 15 бабына сәйкес мемлекеттік билік органдары, лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін өзі басқару органдар, азаматтар және олардың бірлестіктері РФ Конституциясын және заңдарын сақтауға тиіс. [11, 15-бап]

Информация о работе Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы