Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 19:41, курсовая работа
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗІМІ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................5
1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері...................................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары...................................................................................................................8
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТ ЕТУІ............................................................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы..........................14
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары............................16
2.3 Қазақстан Республикасының сот билігі...........................................................19
ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27
Бірақ бірінші орында бұл мемлекет аппаратына қатысты, өйткені Коституцияның билік органмен, лауазымды тұлғалармен бұзылуы қарапайым тұлғалардың құқықбұзушылығынан әлде қайда қауіпті. Мемлекет органдарының құқық бұзушылығы мемлекеттік құқықбұзушылық болды, себебі билікті білдіретін органның өзі азамат құқығын және мүддесін қорғаудың орнына, заңды бұзады. Заң ғылымдарында заңдылық бұзудан заңды бұзуды ажырата білу бекер қарастырылмайды. Заңды азамат бұзады, ал мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар заңды бұза отырып, мемлекеттік билік қызметінің қағидасы ретінде заңдылықты бұзады.
Қарастырған мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қызметінің жалпы конституциялық қағидалары өз шешімін, дамуын және дәлелін заңдарда бекітілетін екі топтағы қағидаларда табады.
Оларға М.И. Байтин мыналарды жатқызады:
қорғауға міндеттілігі;
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы
Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу - бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің ең басты қағидасы. Ол қазақстан Республикасының Конституциясында былай анықталған: Республикада мемлекеттік билік біртұтас, Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Билікті тармақтарға бөлу мынаған негізделген: мемлекет заңдарды қабылдауға, оларды орындауға және төрелігін жүргізуге (адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды қолдауға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу). Былайша билікті бөлу табиғи туынды. Бірақта, мұның басқа да жақтарының бар екендігін ұмытпауымыз керек, мәселен, оның саяси тұрғысы. Демократияны сақтап, қамтамасыз ету үшін мемлекет қызметінің үш бағытын әр түрлі үш мемлекеттік органдардың арқасында бірдей бөліп, билікті бір адамның, органның қолында шоғырландырылмайтындай етіп ұстап тұратындай ету. Ең бастысы – бір – біріне тәуелді емес үш тармақтар билігі өздерін – өздері бақылап тұруы, бір органның заңды бұзғанына орасан зор көңіл бөлулері қажет. Осы биліктің үш тармаққа бөлуінің өзін бірін – бірі ұстап тұруға жәрдемдесетіні сөзсіз.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан. Солай бола тұрса да бірде – бір мемлекеттік органдар Конституцияға және басқа заңдарда белгіленген өз өкілеттілік шеңберінен тыс шығып кетулеріне құқығы жоқ.
Кез келген елде билікті бөлудің бір өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда өзі Қазақстан өміріне де қатысы бар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және оларды қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды.
Президент – Қазақстан даму тарихында бұрын – сонды болып көрмеген, бұрын кеңестік өкімет органдарының нұсқасындарына орасан зор өзгерістер енгізуіне байланысты пайда болған жаңа тұрғыдағы мемлекеттік институттарының бірі. [13, 32-б]
Қазақстан Республикасында Президенттің саяси – құқықтық мәртебесі өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті. Бірінші сатысы 1990 жылғы 24 сәуіріндегі «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР-нің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңынан басталады. Онда Қазақ КСр-нің Президентінің қызметі тағайындалсын және оған сайланған адам ант берген кезден бастап қызметіне кіріседі, - делінген.
Қазақстан тарихында ең алғашқы Республика Президенті болып Н.А.Назарбаев Жоғарғы Кеңестің кещекті сессиясында 1990 жылғы 24 сәуіріндегі алты жылға сайланады. Осындай мемлекетік ұйымдастырудағы әлеулі жаңалықтардың бекітілуі атқарушы билікті нығайтудың қажеттілігінен туындаған шара деп түсінуіміз керек.
Сөйтіп, жоғарғы атқарушы органның құрылымы екіжақты болды, өйткені, оның құрамына жаңа орган – Республика Презиндеті (мемлекет басшысы) және коллегиялды үкіметорганы енді. Мұндай жағдайдың өзі еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтпайтындығына әкеп соқтырғандығын көзімізбен көрдік.
Сөйтіп, Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Советінің аппараттары Презинденің біртұтас аппараты болып біріктірілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауынан мемлекеттік басқарудың жекелеген салаларын алып, оларды арнайы құрылған мемлекеттік және өзге де органдарға беруге, сондай-ақ атқарушы өкімет басшысы ретінде Қазақстан Республикасының Президентіне берілген құзірет шеңберінде жекелеген өкілеттіктерді атқаруды Үкіметке беруге хақылы.
Демек, бұл Заңда Министірлер Кабинетіне қызметінің негізгі бағыттары, оның құзыреті, және т.б. өзекті мәселелері жан-жақты тұжырымдалған.
1991 жылғы 25 тамыздағы КСРО
Презиндетінің қызметінен
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Презиндентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірбиеде марапатталған (АҚШ, Франция, Ресей, т.б.), Қазақстан Республикасының жаңа конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Презиндеті – мемлекеттің басшысы. Бұл оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орнын айқындап тұр. Мемлекет басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанды танытатын, мемлекеттік өкіметтінің ең жоғарғы өкілі ретінде, соның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Қазақстан Президенті орасан көп өкілеттікке заң бойынша ие. Өз құқығын ол пайдалануға ерікті және мемлекет органдарының біреуіне де тәуелді емес. Ешқандай өкімет органдарына бағынбайды және олардың алдында есеп бермейді, өйткені ол Конституцияға сәйкес өз өкілеттігін халықтан алған, сондықтан да болар мемлекет саясатын іске асырардағы өзінің саяси бағыты, әр заңды іс-әрекеттері үшін парламент алдында саяси жауапкершілігінің болмауы.
Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің , Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Заң шығарушы биліктің тармағы – бұл Қазақстан Республикасының өкілді органы: Парламент.
Парламент – заң шығарушы функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Парламент тұрақты негізде екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық – мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуінің қамтамасыз ету қажеттігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Презинденті тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутатының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары
Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.
Атқарушы билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалық шешуші органы. Кабинат мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субьективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан Конститутцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көздерген шекте салалық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы орган болып табылады. Республикада мынадай негізгі министрліктер бар: Ішкі істер; Денсаулық сақтау; Сыртқы істер; Білім және ғылым; Әділет; Қорғаныс; Ауылшаруашылық; Көлік және кауникация; Еңбек, Кіріс т.б. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
Министрліктің алқасы министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын минисрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан министр бекітеді.
Жергілікті атқарушы органдар - 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Әкім—Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) әкімшілік Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жұйесіне кіреді,
атқарушы биліктің мемлекеттік саясатьн
тиісті аумақты дамыту мүлделерімен және
қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз
етеді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) әкімшілікті облыс (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады.
Әкім облыстық (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) әкімшілікті әкім
орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан,
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) әкімшілікті — алқалы орган,
ол занды тұлға болып табылмайды. [14, 227-б]
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімшілігі заңдарға сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті,сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншікті басқарады,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы өндірісітік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалықмаңызы бар қалалық және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рүқсат береді; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынады; су қүбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады; ҚР жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз қүзіреті шегінде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектілерінің қүрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтіп үстауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлігі қатынасын үйымдастырады; белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жүмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді; тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жүмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен әдет – ғұрып салттарын дамытуға жәрдемдеседі; өздерінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаладық республикалық маңызы бар қаладағы аудандық астанадағы аудандық) әкімшіліктер жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес тиісті мәслихат қарауына қарыз алу жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді; ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық – кеңесші органдар құрады; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы