Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 19:41, курсовая работа

Краткое описание

Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗІМІ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................5
1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері...................................................................................................................5
1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары...................................................................................................................8

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗМЕТ ЕТУІ............................................................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы..........................14
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары............................16
2.3 Қазақстан Республикасының сот билігі...........................................................19

ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

memleket_mekhanizmi.docx

— 105.20 Кб (Скачать файл)

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының сот билігі

 

 

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Іс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады. [15, 156-б]

Сот жүйесі:

1. Қазақстан Республикасының  сот жүйесін Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты және Қазақстан  Республикасының Конститутциясына  және осы Конститутциялық заңға  сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

2. Жергілікті соттарға  мыналар жатады:

1) облыстық және оларға  теңестірілген соттар (Республика  астанасының қалалық соты, республикалық  маңызы бар қалалардың қалалық  соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан  Республикасы Әскерлерінің Әскери  соты және басқалар );

2) аудандық және оларға  теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның  әскери соты және басқалар ).

3.Қазақстан Республикасында  мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты мен жергілікті  соттардың Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің  атауы бейнеленген мөрі болады.

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:

  1. Конститутцияда, осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
  2. сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының  барлық соттарының қолданыстағы  құқықты қолданумен;

4) заңдарда судьялардың  бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген  сот актілерін Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

6) барлық соттарды тек  қана Республикалық бюджет есебінен  қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар.

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді. [16, 148-б]

Аудандық және оларға теңестірілген соттар.

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру.

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

1.Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2.Аудандық соттар үшін  судьялардың жалпы санын уәкілетті  органның ұсынысы бойынша Қазақстан  Республикасының Президенті бекітеді.

3. Әрбір аудандық сот  үшін судьялардың санын осы  сот төрағасының ұсынысы негізінде  уәкілетті орган белгілейді.

Аудандық соттың құрамы:

Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

Аудандық соттың өкілеттілігі:

1. Аудандық сот бірінші  инстанциядағы сот болып табылады.

2. Аудандық сот:

1) өзінің қарауына жатқызылған  сот істерін және материалдарын қарайды.

2) сот статистикасын жүргізеді;

3) заңда көзделген басқа  да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы:

1.Аудандық соттың төрағасы  судья болып табылады және  судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сот судьяларының сот  істерін қарауын ұйымдастырады;

2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) азаматтарды қабылдауды  жүргізеді;

4) судья лауазымына кандидаттардың  тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;

6) өкімдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа  да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

2. Аудандық соттың төрағасы  уақытша орнында болмаған жағдайда  осы сот төрағасының өкімі  бойснша төраға міндеттерін атқару  осы сот судьяларының біріне  жүктеледі.

Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі. [17, 185-б]

Облыстық және оларға теңестірілген соттар.

Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру:

1. Облыстық және оларға  теңестірілген соттарды (бұдан әрі  – облыстық соттар) уәкілетті  органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

2 . Облыстық соттар судьяларының  жалпы санын уәкілетті органның  ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының  Президенті бекітеді.

Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Облыстық соттың құрылымы мен құрамы.

Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Облыстық соттың органдары мыналар:

-қадағалау алқасы;

-азаматтық істер жөніндегі алқа;

-қылмыстық іатер жөніндегі алқа;

-соттардың жалпы отырысы.

Облыстық соттың өкілеттігі.

Облыстық сот:

-өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;

-сот статистикасын жүргізеді;

-сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

-облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

-заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Облыстық сот алқалары.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.

Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Облыстық сот төрағасы:

1.Облыстық соттың төрағасы  судья болып табылады және  судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

-судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

-қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

-қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

-облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;

-алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;

-облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

-соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

-сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;

-өкімдер шығарады;

-соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

-азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

-заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

Облыстық сот алқаларының төрағасы:

1.Облыстық сот алқасының  төрағасы судья болып табылады  және судья міндеттерін атқарумен  қатар:

-алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

-алқа отырыстарында төрағалық етеді;

-сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

-сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

-соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;

-заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2.Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.

Облыстық соттың жалпы отырысы:

1.Облыстық сот қажетіне  қарай, бірақ жылына кемінде екі  рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:

1) алқа құрамының санын  белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;

3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;

4) сот практикасын талқылайды  және оны жинақтаудың қорытындылары  бойынша облыс соттарының сот  төрелігін іске асыруы кезіндегі  заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

5) уәкілетті органға белгілі  бір адамды облыс соттарының  әкімшісі қызметіне тағайындауға  келісімін береді;

6) облыс соттары әкімшісінің  қызметі туралы есбін тыңдайды;

Информация о работе Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы