МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ...........................5
1.1 Мемлекет нысанының
ұғымы мен түрлері.....................................................5
2. МЕМЛЕКЕТТІ Ң БАСҚАРУ НЫСАНЫ........................................................12
2.1 Мемлекеттің
басқару нысанының ерекшеліктері.........................................12
2.2 Қазақстан Республикасы
Президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет ретіндегі маңызы..................................................................................15
3. МЕМЛЕКЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМ..........................................................................20
3.1 Мемлекеттің
аумақтық құрылымы...............................................................20
3.2 Мемлекеттің
саяси режимі............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Мемлекет – бұл әр түрлі функциялары,
нысандары, құрылу принциптері және тағы
басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет
типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты
түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны
түсінігі басқару қалай қалыптасатынын,
кім басқаратынын, мемлекет бөліктері
мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты,
билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер
қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді.
Мемлекет нысаны туралы біршама толық
түсінікті оның үш құрамдас бөліктері
– басқару нысаны, мемлекеттік құрылым
нысаны және мемлекеттік құқықтық режим
береді.
Мемлекет нысандары — саяси
өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару
нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын
және саяси режимді қосып алады.
Егер «мемлекеттің негізі»
санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге
байланысты екенін белгілесе, «мемлекет
нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай
басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы
мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет
істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай
біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси
құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста,
қандай әдістердің және жолдардың көмегімен
саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет нысаны – бұл басқару нысанынан,
мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси
режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық
ұйымы. Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан,
мемлекеттік құрылым нысанынан және
саяси режим нысанынан тұратын қоғамның
құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны
– жоғарғы мемлекеттік билік органдарының
құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің
арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі
түрлерге бөлінеді: монархия және республика.
Мемлекет нысандары — саяси
өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару
нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын
және саяси режимді қосып алады.
Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі
басты, зандылық неге байланысты екенін
белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты –
қоғамда кім және қалай басқарады, қалай
ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік
құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың
тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық
және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай
қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың
көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін
көрсетеді.
Мемлекет және құқық теориясы құқық пен
мемлекеттің шығу себебін, белгілерін,
функцияларын, типологиясын, аппаратын,
қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы
басқа маңызды мәселелерін зерттейді.
Әсіресе нарық жолына түскен біздің егеменді
елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын
түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің
де мәні зор-ақ.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекет нысаны
– бұл басқару нысанынан,
мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси
режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық
ұйымы.
Курстық жұмыстың міндеттері.
- Мемлекет нысанының түсінігін талдау;
- Мемлекеттік басқару нысанын талдау;
- Мемлекеттік құрылым нысандарын
талдау;
- Саяси режимді талдау.
1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Мемлекет нысанының ұғымы
мен түрлері
Мемлекет — белгілі бір аумаққа
иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан
туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті
басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан
жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке,
заңдастырылған зорлықты пайдалануға
монополияға ие және қоғамды басқаруды
арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге
асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың
еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің негізгі белгілері.
Мемлекет белгілі бір территория
шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына
ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы
саясатты жүргізіп отыру құқығына ие,
барлық жұртқа міндетті заңдар
мн ережелер шығарудың ерекше құқығына,
салық салып отыру құқығына ие болатын
құрылым.
Мемлекеттің белгілері мынандай:
1) Мемлекеттік өкіметті
іске асырушы органдар мен мекемелердің
ерекше жүйсінің болуы.
2) Мемлекетте белгіленген
белгілі бір нормалар жүйесін
нығайтатын құқықтың болуы.
3)Сол мемлекет заңдарының
күші жүретін тұтас территорияның болуы.
Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік
қатынастардың сипатына және
тұтастай өндіріс тәсіліне байланысты.
Мемлекет базистің қондырмасы. Осы
сияқты диалектикалық байланысын,
өзара тәуелсіздігін айқындамайынша,
мемлекеттің шыққан тегін (генезисін),
оның бір тарихи тұрғыдан екінші
бір тарихи тұрғыға өту заңдылығын
түсіну мүмкін емес. Тарихтың барысында
мемлекет бірте-бірте базистен біршама
дербестік алды. Оның қоғам өмірінің
негізгі салаларына ықпалы өте қомақты
және ол қоғамдық қатынастардың
дамуына әсер ете алады немесе бөгет болуы
да мүмкін. Қоғамның ұйымдастырылуы
күрделенген сайын мемлекеттің оған
ықпал жасау рөлі арта түседі.
Міне, мемлекеттің пайда
болуы, соған байланысты атының, теримннің
шығуы, оның мәні мен белгілері туралы
қысқаша түсінік осындай. Енді мемлекет
туралы ілімнің қалыптасуына біраз зейін
аударайық.
Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану
сипаттарының ішіндегі негізгілерінің
бірі болып табылады. Қазіргі уақытта
мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік
билік пен оның құрылымдарының ұйымдастырылуы
түсіндіріледі.
Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен
тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет
мазмұны мемлекеттік билікті кімнің жүзеге
асырып жатқанына жауап берсе, ал мемлекет
нысаны мемлекетте билік қалай ұйымдастырылып,
қандай органдармен жүзеге асырылады,
олардың құрылу тәртібі және өкілеттік
мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік
биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы
сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны
– басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым
нысанынан және саяси режимнен құралатын
мемлекеттің ерекшелігі.
Мемлекеттің түрлері және
атқаратын қызметі. Алғашқы
рет мемлекет түрлерін жіктеуді
Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонның
ілімдерін басшылыққа ала отырып, мемлекетті
монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға
(элитаның үстемдігі), политияға (тіке
демократия мағынасында халықтық үстемдік)
бөлді. Оның ойынша, мемлекеттің бұл үш
түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз
қызмет ететін болса, олар заңды
болып табылады.
Қайта өрлеу заманынан бастап
мемлекетті үш түрге бөлу қалып, ол
енді монархия және республика деп екі
түрге бөлінетін болды. Ал бұл күнде
демократияны оған қарама-қарсы
автократиядан айырып алуға тура келеді.
Бұл жерде демократияның конституциялық
мемлекет түрінде кездесетінін ескерсек,
парламенттік үкімет пен президенттік
басқару жүйесін ажырату да қажет.
Қазіргі дүниеде тағы бір ескеретін жай
конституциялық мемлекеттер түріне
жатпайтын, бір мемлекеттік жүйеге біріктіруге
болмайтын толып жатқан плюралистік тұрғыдағы
мемлекеттер бар. Мәселен, бұрынғы
КСРО-ның пролетариат диктатурасы мемлекеті
дегеніміз шын мәнінде коммунистік партия
басшылығының олигархиясы болды. Ал
үшінші әлемнің көптеген мемлекеттері
өздеріне не батыстық, не шығыстық мемлекеттік
үлгіні алса да оларда бұрынғы ескі басқарушылық
түрі араласып отырды.
Мемлекеттердің түрлеріне келсек,
қазір абсолюттік және конституциялық
монархия, әскери диктатура, автократия,
хунталар, әлеуметтік тап, тайпа
басшылығы, отбасылық қауым дегендерді
білеміз. Діннен ажыратылған (светтік)
мемлекеттер типіне қарсы діни мемлекеттер
типі бар. Міне, осының бәрі әлі күнге
дейін қазіргі мемлекеттерді дұрыстап
жүйеге бөлудің жоқ екендігін көрсетеді.
Конституциялық мемлекеттің бірнеше
антитиптері бар. Оның бірі бір
адамның, не бірнеше адамның үстемдік
етуі түрінде көрінеді.
Конституциялық мемлекеттің
бірнеше антитиптері бар. Оның бірі
бір адамның, не бірнеше адамның үстемдік
етуі түрінде көрінеді. Автократиялық
мемлекеттің өзіндік бір типі – ол
авторитарлық пен тоталитарлық түрлер
қосылған тоталитарлық мемлекет. Мұның
үлгілерін Ленин, Сталин, Гитлер
нақты жасап берді. Ол адамды өзінің идеологиясын
сөзсіз орындауға пайдаланумен, қоғамдық
және жеке адам өмірін саясаттандырумен
сипатталады. Сонымен мемлекеттік
құрылыстың саналуандығына байланысты
да олардың түрлері де әртүрлі болып
келеді.
Мемлекеттің типі оның мәнінен,
шететін міндеттерінен туындайды.
Яғни, мемлекет белгілі бір таптың,
не қоғамдық күштің үстемдік ету құралы
(механизмінің) әлеуметтік бағыты
болып та табылады. Мемлекеттің түрі үстем
өндірістік қатынастардың түрімен айқындалады.
Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі түрі
де болады. Осындай күйді қазір Қазақстан
басынан кешуде. Қазақстанда құқықтық
мемлекет құру міндетін шешу – мемлекетіміздің
ұлттық - демократиялық типін жасауға
бағыт алуда. 1995 жылдың 30 тамызында
қабылданған еліміздің Ата заңы –
Конституцияда «Қазақстан Республикасы
– демократиялық, зиялы және біртұтас
мемлекет», - деп жария етіліп, тәуелсіз
мемлекет заңды түрде жарияланды.
Мемлекеттер басқарушылық
формасы мен саяси өкіметтің негізгі
институттарының құрылысына қарай
да әртүрлі болады. Ал басқарушылық формасы
дегеніміз өзінің заңдандырылған тәртібімен
сипатталатын өкіметті ұйымдастыру
болып саналады.
Басқарушылықтың монархиялық
формасы - мемлекеттік өкімет билігін
жүргізетін бір адам - монарх. Ал
мемлекеттің республикалық формасында
– заң бойынша өкімет билігін халықтың
көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені, онда
өкімет билігінің көзі халықтан
шығады. Басқарушылықтың басқа да түрлері
бар. Олар: демократиялық, әміршілдік,
т.б.
Мемлекет құрылысы бойынша
унитарлық біртұтас мемлекет және
федеративтік заң бойынша біршама ерікті
мемлекеттер одағы – республикалар,
штаттар, контондар, т.б., конфедеративтік
мемлекеттік-құқықтық бірлестіктер болып
бөлінеді. Әртүрлі мемлекеттердің маңызы
оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады.
Саяси құрылысы дегеніміз – бұл мемлекеттік
өкімет билігін жүргізу әдістерінің
біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық
құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі,
өкіметтің өз қызыметінің құқылық
негіздеріне қатысты, ресми констиуциялық
және құқылық нормалардың нақты
саяси өмірге сәйкестігі. Осы кездегі
адамзат қоғамында демократиялық, авторитарлық,
диктаторлық, фашистік т.б. саяси құрылыстар
бар. Саяси даму құрылысынан
қарағанда агрессивтік, бейбітшіл, бейтарап,
консервативтік, либералдық және т.б.
мемлекеттерді ажыратуға болады.
Мемлекеттердің негізгі функциялары
ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі функциялары мыналар: өмір сүріп
отырған өндіріс тәсілін, экономикалық
және әлеуметтік жүйені қорғау,
экономиканы басқару, шаруашылық
қызметін көрсету, тәртіп пен қоғамдық
тыныштықты сақтау, әлеуметтік
қатынастарды реттеу, мәдени –тәртіп
және идеологиялық қызмет. Ал сыртқы
функцияларына - халықаралық қатынас
жасағанда өзінің (осы мемлекеттің) мүддесін
қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз
ету, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынастарды
дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт
қатар өмір сүру принциптері негізінде
өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту
жатады.
Конституциялық құқықта мемлекет
нысанын жіктеудің өзіндік ерекшеліктері
бар. Ол мемлекеттік биліктің бөлінуі
және тұтастығы осы тұрғыдан қарағанда
мемлекет нысанын поликратиялық (көп билікті)
монократиялық (жеке адам билігі) деп ажыратады.
Мемлекеттің сыртқы нысаны
мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның
экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына
байланысты. Демократиялы мемлекеттер
туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика
немесе шектелген монархия түрінде өмір
сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия
болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан,
Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің
философтары Аристотель, Монтескье, Локк,
Вашингтон, де Голль мемлекеттің нысанына
көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны
оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен
тығыз байланыста дамиды.
Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан,
мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси
режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық
ұйымы.
Басқару нысаны
– жоғарғы мемлекеттік билік органдарының
құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің
арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі
түрлерге бөлінеді: монархия және республика.
Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік
жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік
билік бір адамның – монархтың қолында
болатын басқару нысаны.
Монархиялар шексіз
– бұнда монарх бірден бір мемлекеттік
билік органы болып табылады, және шектеулі
– бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері
монархпен және қандай – да бір монархтың
билігін шектейтін басқа органның арасында
бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар
өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде
монархта атқарушы билік, үкіметті құру
құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді
тағайындау және ығыстыру құқығы, вето
құқығы және парламетті шектеусіз тарату
құқығы қалдырылған, және парламентарлық,
бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама
шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған
министрлер парламенттің сенім вотумына
тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған
жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін
вето құқығы, парламентті тарату құқығы
ғана қалдырылады, болып бөлінеді.