Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 17:59, курсовая работа
Краткое описание
Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Содержание
КІРІСПЕ....................................................................................................................3 1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ...........................5 1.1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түрлері.....................................................5 2. МЕМЛЕКЕТТІ Ң БАСҚАРУ НЫСАНЫ........................................................12 2.1 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері.........................................12 2.2 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы..................................................................................15 3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ..........................................................................20 3.1 Мемлекеттің аумақтық құрылымы...............................................................20 3.2 Мемлекеттің саяси режимі............................................................................26 ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
Республика –
бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір
мерзімге сайланған органдарға берілгенн
және сайлаушылары алдында жауап беретін
басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік
органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген
тұрғындардың топтарына байланысты барлық
республикалар ақсүйектік, автократтық
және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар
өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік,
бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында
премьер –министр болатын парламент құрған
үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік,
бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен
біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын
және үкіметті тарататын үкімет басшысы
болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент
пен парламент біріге отырып құрады. ҚР
президенттік басқару нысандағы мемлекет
болып табылады.
3. Мемлекеттік құрылым
нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің
арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының
мемлекетпен арасындағы өзара байланысын
сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы.
Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым
бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Мемлекеттердің
қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік
ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың
негізінде көп жағдайда қауымдастыққа
кіретін мемлекеттердің интеграциялық
байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға
бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік
аралық шарт қаланады.Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан
кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына
екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл
соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы
нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік
республиканың саяси жүйесі құрылды.
Поликратиялық мемлекет нысаны
– биліктің мемлекеттің әртүрлі органдарының
арасында бөлінуі (парламент – заң шығарушы,
мемлекет басшысы және үкімет-атқарушы,
соттар – сот билігі) өзін-өзі тежеу мен
тепе-теңдік принциптерімен, аумақтың
өзін-өзі басқару арқылы жүргізіледі.
Монократиялық мемлекет нысаны
- белгілі бір органның немесе лауазымды
тұлғаның жеке билігімен сипатталады.
Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға
жауап береді. Мемлекеттік билік қандай
принциптерге және қандай территориялық
ерекшелікке байланысты құрылған, мемлекеттің
жоғары органдары қалай құрылады, олар
өзара және халықпен қандай байланыста
жұмыс істейді, олар қандай әдістермен
жүзеге асырылады.
Мемлекет нысаны дегеніміз
– басқару нысанына және саяси (мемлекеттік)
режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің
ұйымдастырылуы, мемлекет формасы сол
мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының
нақты тарихи жағдайына байланысты болады,
оған мемлекеттік тарихи типі мен мәні
әсерін тигізеді. Мысалы феодалдық типтегі
мемлекетке басқарудың монархиялық формасы
сәйкес келді, ал буржуазиялыққа республикалық.
Мемлекет формасы көп жағдайда
елдегі саяси күштерге байланысты дамиды.
Мысалы: буржуазиялық революциялар (Англиядағы)
буржуазия мен феодалдық келісімге келуіне
әкелді, соның нәтижесінде конституциялық
монархия пайда болды. Мемлекет формасына
мемлекеттің ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлер,
мемлекеттің территориялық көлемі, басқа
да факторларға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет формасы мына мәселелерге
жауап береді: мемлекеттік билік қандай
принципке сүйеніп, қандай территориялық
негізге құралған, мемлекеттің ең жоғарғы
билік органдарының құрылысы, олардың
арасындағы және халықпен өзара байланыстылығы.1 Мемлекет формасы ретінде мемлекеттік
басқару формасына, мемлекеттік құрылысына
және саяси режимге байланысты мемлекеттік
билік ұйымдарының құрылуы түсіндіріледі.
Мемлекет формасы нақты тарихи қалыптасуы
мен даму жағдайларына байланысты.
Мемлекет формасы мемлекеттік
ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлері, елдік
теориялық көлемі және тағы басқа факторлар
әсер ете алады. Мемлекет басқару формасы
мен саяси өкіметтің негізгі институттарының
құрылысына қарай да әр түрлі болады. Мемлекеттің
белгілері оның алғышарттарындағы көріністерден
тарихи процестер барысында мемлекеттің
нысанына айналады.
Мемлекеттік нысаны (формасы)
дегеніміз адамдар арасындағы, адамдар
мен мемлекет арасындағы, мемлекет пен
адамдар арасындағы оларды басқару процесінде
(саяси режим) өзара саяси қарым-қатынасына
айқындайтын (басқару нысаны) және мемлекеттік
әкімшілік аумақтық бөлінуін аймақтық
құрылым ұйымдастыра алатын мемлекеттік
құрылымы болып табылады.
Саяси режим – бұл мемлекеттік
билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен
әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің
әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына
байланысты режимнің екі түрін ажыратуға
болады: - демократиялық
және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік
мемлекет деп жариялады.
2. МЕМЛЕКЕТТІ Ң БАСҚАРУ
НЫСАНЫ
2.1 Мемлекеттің
басқару нысанының ерекшеліктері
Басқару нысаны - жоғары мемлекеттік
билікті ұйымдастырумен оны құру тәртібі.
Басқару нысанының сипаты түптеп келгенде
қоғамның түріне байланысты болады. Айырбастың
экономикалық арқауларына қатысы жоқ
және орталықтандырылған мемлекеттік
биліктің күшімен бірігуге мәжбүр қоғамда
басқарудың табиғи тұрпаты монархия болып
табылады. Басқару нысаны жерге феодалдық
меншік жүйесінің иерархиясымен және
монархтық меншікпен тұтасып жатпаса
ол деспоттық түрге ие болады. Ептің саяси
жағынан тең субъектілер меншік иелері
арасындағы алмасуға негізделген қоғам
үшін басқарудың республикалық нысаны
тән.
Басқару нысаны, сондай-ақ, әлеуметтік-саяси
күштерге және өзара күрестің нәтижелеріне,
жекелеген елдердің тарихи ерекшеліктеріне,
елге саяси процестердің ықпалына да байланысты
қалыптастырады. Айталық, Ресейде басқарудың
демократиялық тұрпатын қалыптастырудағы
қиындықтар оның қоғамдық құрылысындағы
өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып
отыр. Әлеуметтік факторларға негізделген
саяси режим мемлекеттегі нақты қалыптасқан
тарихи жағдайларға сәйкес басқару нысанына
ықпал етеді. Бұл ретте әлемдік және жеке
халықтардың тәжірибелері де пайдалануы
мүмкін.
Басқарудың тарихи нақты қалыптасқан
нысандарына байланысты мемлекет теориясы
басқаруды бірнеше түрге бөледі.
Оның ішінде ең көп тарағаны мемлекеттің
нысанын билеушілердің санына қарай бөлу.
Егер билік, бір адамның қолында болса
- монархия көп адамда болса - демократия,
халықта болса - демократия немесе республика.
Мемлекеттің тура аттарын жіктеуді
Геродот та айтып кеткен екен.
Мемлекеттің түрлеріне байланысты
басқа да пікірлер көп. Дегенмен, Геродоттың
басқару нысаны бөлу жөніндегі пайымдаулары
бізге дейін жетті. Геродот айтқан аристократтық
нысаны мемлекеттің дамуы барысында ығыстырылып,
қазір монархия мен республиканың айырмашылығы
туралы тұжырымдар қалыптасты.
Басқару нысаны ретінде монархияның
кейбір ерекшеліктері мынадай:
1) Бір адамның – монархтық
(фараон, король, патша, император, ұлы
князь, шах, әмір т.б.) өмір бойы
жоғары билікке ие болуы;
2) Жоғары бөліктің сабақтастығы
мұрагерлерге берілу арқылы, шешіліп
отырады;
3) Монарх мемлекеттік
өкілдікті өз құқық бойынша
алады;
4) Монархтық мемлекет
басшы ретінде заңды жауапкершілігінің
болмауы. Дегенмен, бұл белгілердің
нақты жүзеге асырылмаған мысалдары
да көп. Византияда билік құрған
109 императордың 74-і өлтіріліп, олардың
орнына мұрагерлері отырмаған. Рим
легионерлері императорларды тағайындап
және алып тастап отырған. Тарихи
даму барысында монархиялық билікке
де елеулі өзгерістер жасалды.
Бірқатар елдерде король билігіне
конституция мен парламент арқылы
шектеулер қойылады.
Монархияның екі түрі бар: шексіз
(абсолюттік) монархияда монарх мемлекеттегі
жалғыз жоғары басқарушы орган болып табылады.
Бұндай жағдайда монарх заң шығару функциясын
жүзеге асырады, атқарушы органдардың
қызметіне басшылық жасайды, сот билігіне
бақылау жасайды. Басқару нысаны ретінде
Республиканың мынадай ерекшелік белгілері
болады:
1) мемлекеттік органдардың
белгілі бір мезгілге сайлануы;
2) мемлекеттік басшының
белгілі бір мезгілге сайлануы;
3) мемлекеттік биліктің
өз құқықтары бойынша емес, тәуелсіз
халықтың тапсыруы бойынша жүзеге
асырылуы;
4) мемлекет басшысының
заңды жауапкершілігі болуы;
Тарихи кезеңдерде республиканың
бірнеше түрлері болған. Айталық, буржуазиялық
республика азаматтық қоғамды
саяси ұйымдастыруға қабілетті.
Азаматтардың теңдігі олардың саяси жағынан
біреуіне мүмкіндік береді.2
Қазіргі кездегі республикалық
басқару үшке бөлінеді: парламенттік,
президенттік, аралас. Бұлардың бір-бірінен
айырмашылығы: жоғары билік органдарының
парламент немесе президенттің қайсысы
үкіметті құрайды және оның жұмысына бағыт
береді және қайсысының алдында үкімет
жауапты, парламенттің бе, әлде президенттің
бе, осыған байланысты. Парламенттік республикада,
парламент тек қана заң шығарушы өкілетікке
ие болып қоймайды, сонымен қатар үкіметті
отставкаға жіберу құқығына ие болады,
оған сенімсіздік білдіре алады.
Үкімет парламент алдында
өз қызметі үшін жауапты. Бұндай
жағдайда Президент тек қана
мемлекет басшысы болып есептеледі,
үкімет басшысы бола алмайды.
Президенттік республикада президент
үкіметті құрайды, бақылау жасайды,
үкімет президент алдында өз
қызметі үшін жауапты. Аралас
президенттік - парламенттік республикада
парламент те, президент те үкіметке
қатар бақылау жасайды, үкіметке
қатысты екеуі де жауапты болады.
2.2 Қазақстан Республикасы Президенттік
басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
ретіндегі маңызы
Өзімізге мәлім, жоғарыда атап
өткендей, әр елде мемлекет нысаны бірдей
болғанымен орындары әр түрлі. Мысалы,
Фашистік кезде фашистік ел өзінің саясатын
көрсету үшін саяси режимді бірінші орынға
қойды. Сондай-ақ басқа да елдердің саясатына
байланысты (ішкі және сыртқы) мемлекет
нысаны алдыңғы орындарында тұрады.
Біздің ел Президенттік Республика,
яғни басқару нысанына жатады. Басқару
нысаны екіге бөлінетіні бізге анық болды:
Монархия және республика. Біздің елді
бір адам басқарады ол — Президент. Неге
онда біз Монархиялық Республика болып
аталмаймыз? деген сұрақ туындайды.
Аристотель өз еңбектерінде
жазғандай мемлекет нысанының дұрысы
да, бұрысы да болады. Дұрыс нысан — ол
ел басы халықтың қамын ойлайды және сол
үшін қызмет атқарады, ал бұрыс нысанда
ел басы тек өз қамын ойлайды деген тәрізді.
Біздің монархия республикасына жатпауыңыз
бірден-бір себептері, ол қазіргі кезде
ел басшысының тағы, монархияныкі сияқты
ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді, керісінше
сайлау арқылы адам сайланып отырғызылады.
Оған халықтың қамын ойлайтын, халық үшін
қызмет атқаратын адамды сайлайды.
Ел басшысын сайлайтын халық.
Ел басшылығына сайланған адам тәрізді
өмірбақи отырмайды, оны заңмен белгіленген
мерзімге тікелей дауыс беру долымен халық
сайлайды. Мысалы Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев
сайланды. Халық тұңғыш президентіне зор
сенім артты оны 5 жыл мерзімге сайлады.
Өзінің жұмысымен, ақылы мен парасаттылығымен,
халықтың ойынан шығып, халыққа егемендік
әперген, халыққа еңбегі сіңген түңғыш
президентімізді, халық бірауыздан 1995
жылы тамыз айының 30 жүлдызында қабылданған
жаңа Конституциясына сәйкес ел басын
7 жыл мерзімге қайта сайлады. Сонымен
монархия мен Республиканың арасында
бірталай айырмашылықтың бар екенін көріп
отырмыз.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алғаннан кейін, ол бөлінбейтін, унитарлық
мемлекет болып құрылды. Унитарлы мемлекет
құрылым нысанының бөлігіне жатады. осы
тұрғыда мемлекеттік басқару нысаны мен
құрылым бір-бірімен тығыз байланыста
болатынын байқаймыз. Саясатсыз мемлекет
болмайды, әр елдің ішкі және сыртқы саясатын
реттеп, бірыңғай қылып отыратын мемлекет
нысанының үшінші түрі саяси режимді де
естен шығармаған жөн.
Ендігі кезекте Қазақстан Республикасының
президентінің шығуына тоқталып өтейік.
Қазақстанның бірінші Президенті
Парламенттік Республиканың шартымен
сайланды, себебі ол билік күштерін реттейтін
негізгі фактор болып табылады және ол
басқа институттардың бір-бірімен қарым-қатынасын
реттейді.
Жоғарыда айтылып өткендей
Президентін халық жасырын дауыс беру
жолы арқылы бес жылға сайланды.
Ел басшылығына сайланған Президент
Қазақстан Республикасы Кеңестің алдында
ант берді.
Президент — Қазақ ССР-нің ел
басшысы болып танылуы өз жұмыстарында,
басқа мемлекеттермен келісім шартқа
отырғанда ол өз халқының құқығы мен бостандықтарына
жауапты болады. Егемендіктің, территориялық
аймақтың, қауіпсіздікті болдыртпауға,
республиканың сақталуына шаралар қолданады.
Қазақстан елін, жерін халықарылық деңгейге
көтереді, халықаралық келісім шарттарға
отырады және басқа да халықтар үшін, адамзат
үшін, олардың денсаулықтары мен өмірі,
құқықтары мен бостандықтары үшін қызмет
жасайды.
Президент — ол әрине жан-жақты
болу керек екені мәлім, ол тек қана халық
арасында қызмет істеп қана қоймайды,
сондай-ақ жоғарғы органдармен де тығыз
байланыста болады. Мысалы, Президент
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесіне,
Қазақ ССР-нің Министрлер
Кеңесіне төраға тағайындау туралы
кандидат ұсына алады және оны қызметтен
босатуға да ұсыныс бере алады.
Президент ел басы болғанымен
оның өзінің де құқықтары бар, мысалы ел
басы Парламенттен келіп түскен занды
ол тексерусіз қол қоя алмайды, оны Вето
құқығы деп айтуға болады. Қабылданған
заң елдің бейбітшілігіне немесе тағы
басқа жағдайларға қарама-қайшы болса
Президент оны кері қайтара алады. Егер
Президент Қазақ ССР-нің Конституциясын
бұзса, онда Жоғарғы Кеңес оған сенімсіздік
тудырып, оны орнынан алдыру туралы референдумда
мәселе қойылады. 24 сәуір 1990 жылдың «Президенттік
билік туралы» заңына сай Президентті
халық бір дауыспен жасырын түрде 5 жыл
мерзімге сайланатын. Президенттікке
сайланған азаматтың жасы 35 тен кем болмай
60 тан аспауы керек. Президент өз билігінде
Министрлер Кеңесінің қаулыларын, шешімдерін,
актілерін және тағы басқа заңды күші
бар жарлықтарын егер ол Конституцияға
қайшы болған жағдайда оларды қайтарып
алуға, тоқтатуға билігі болды және қазіргі
уақытта да бар.
1991 жылы 16 желтоқсада Қазақстан
Республикасы өз алдына төуелсіздігін
жариялап дербес мемлекет
болғаныннан кейін,
ел Президенті сайланды.
Қазақстан Республикасының
Конституциясының 2-бабында көрсетілген
Қазақстан Республикасының президенттік
басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет болып табылады.
Президент бүл мемлекеттің
басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,
ел ішінде және халықаралық қатынастарда
Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең
жоғарғы лауазымды түлға.