Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ...........................5
1.1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түрлері.....................................................5 2. МЕМЛЕКЕТТІ Ң БАСҚАРУ НЫСАНЫ........................................................12
2.1 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері.........................................12
2.2 Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы..................................................................................15
3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ..........................................................................20
3.1 Мемлекеттің аумақтық құрылымы...............................................................20
3.2 Мемлекеттің саяси режимі............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекет нысаны.docx

— 63.84 Кб (Скачать файл)

1) халық мемлекеттік билікті  жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың  референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған  өкілдік органдар арқылы жүзеге  асыруы) демократия арқылы қатысады;

2) шешімді көпшілік азшылықтың  мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік биліктің  орталық және жергілікті органдарының  сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4) сендіру, келісу, келісімге  келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің барлық  салаларындағы заңның үстемдігі;

6) адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтары  жарияланады және шын мәнінде  қамтамасыз етіледі;

7) саяси плюрализм, соның  ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға  бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер.

Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси партияның  үстемдігі;

2) бір ресми идеологияның  болуы;

3) бір меншік түрінің  болуы,

4) саяси құқықтар мен  бостандықтарды жоққа шығару;

5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша  бөлінуі;

6) халықтың төмен экономикалық  деңгейі,

7) м.жбүрлеу мен жазалау  шараларының үстемдігі;

8) сыртқы саясаттағы агрессиялық  сипаттағы әрекеттер және т.б.

Саяси режим негізінен әрқашан саяси-құқықтық режим. Себебі: саяси режим анықтамасы әрқашан қандай құқықтың немесе құқыққа қарсы нысан жақтарымен байланысты болып келеді.

Мемлекет өз территориясындағы елді әртүрлі режимде басқарады. Бұл режимдер көп ғасырлық тарихы бар елдерде қолданылады. Оның негізгі түрлері ол: Демократиялық режим және Антидемократиялық режим.

Демократия — грек тіліндегі «халық билігі» деген ұғымнан шыққан сөз. Демократиялық режимде мемлекеттің жоғарғы органы халық мандатына ие болады, билік демократиялық және құқықтық әдіспен халық мүддесіне сәйкес құрылады. Адам және азамат құқығы мен еркіндігі жан-жақты қорғалады және кепілдік беріледі, заң қоғамның барлық саласында үстемдік етеді. Осы сөздің тамыры айтып тұрғандай, халық өзін-өзі басқаратын қоғам құру, яғни қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіріп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайлаған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады. Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия - осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамаларымен жоғары бағаланылатын құрылым қоғамның құрылымына бағынады.7

Демократияың негізгі принципі - әділдік. Әділдікті адамдардың көріп, есту түсінігімен айналада болып жатқан құбылысты сезіну арқылы қалыптасатын көзқарасымен және өзара келісімге келу арқылы түсіністік туғызып немесе айналасында өтіп жатқан оқиғалар шындығын жүрегімен сезінуімен байқалады.

Демократияның ең бірінші негізгі шарты; адам құқығы.8 Егер адам құқығы сақталмаған жағдайда немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге аспаған жағдайда «халық билігі» құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылуына елдің конституциясы мен ел президентінің қызметі негіз болуы тиіс.

Демократиялық режимнің қоғамдық өмірдегі негізгі өзегі митингілер, жиналыстар, референдумдар, шерулерге қоғамдық ұйымдар арқылы азаматтар көптеген шешуші мәселелерге араласады.

Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, пікір ашық айгылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды, яғни демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп алға жылжуына септігін тигізетіндігін тарихтан білеміз. Мысалы, Кеңес Одағын басқарушылардың соңғысы М.С. Горбачев алдыңғы дамыған елдерде жиі болып, олардың жедел дамуына жол ашқан демократиялық қоғамның дұрыс екенін мойындауы арқылы және оны жүзеге асыруды қолдайтын сыңай таныту арқылы, одақтық республикаларының ыдырауына өзінің ықпалын тигізді. Сол арқылы екі ғасырдан аса Ресей отаршылығында болып келген Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін алды. Демократиялық режимге, мысал ретінде Қазақстан Республикасының демократияландыру саясатын алайық.

Бүгінгі Қазақстандық саясаткерлер мен саясаттанушылар арасында демократия жөнінде түрлі ой-пікірлер айтылуда. Біреулердің ойынша демократия ұғымының өзі біздер үшін мүлде жат, сырттан таңылып отырған түсінік. Ал енді біреулері демократияның далалық тарихи тамырларына айрықша назар аударуды талап етеді. Қазақстан қоғамындағы демократия жөніндегі әңгімені халқымыздың тарихынан бастаған жөн болар. Негізі қазақ даласында демократия ежелден-ақ бар. Кәдімгі өзіміз күнде ауызға алып жүрген Дала демократиясы. Хандардың сайлануымен қатар Қасым ханның «қасқа жолы», Есім ханның «ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысын» еске алсақ та жеткілікті.

Дала демократиясының мықты тұғырларды тірек еткеніне билер институты да куә болып табылады. Яғни халықтың өзі беделді-ау дейтіндей ел ағаларына сенім білдіріп, олардың қолдарына билік тізгіндерін ұстатқан және бір ғажабы, олардың әлеуметтік жағдайы немесе басқаша айтқанда жинаған байлықтары шешуші рөл атқармаған. Ал адам құқығы кез келген жерде аяққа тапталмаған. Мүліктік жазаның өзі жазаланушының жағдайын мейлінше ескеріп отырған мемлекеттік емес құрылымдар арасындағы салауатты бәсеке қазақстандық қоғамды демократияландыруға тән сипаттар, міне осылар. Осы заманғы өркениет құндылықтарының арасында адам құқықтарының алатын орны ерекше. Ол құқықтар дүниежүзілік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алуды ойлайтын әрбір мемлекетте қоғамдық өмірді демократияландыру қажеттігін толық мойындауға негізделген болу тиіс.

Демократияландыру процесінде мемлекеттік өкімет билігі институттары мен қоғамның саяси, мәдениетін жетілдіру ерекше рөл атқарады. Қазіргі қоғамдық дамуға тән нәрсе қоғамның неғұрлым ашық бола түсуі және адамның құқықтарын құрметтеуге мән беруі.

Құқықтың мемлекет жағдайында ең алдымен құқықтық заңдардың, соның ішінде әсіресе, негізгі заң ретінде Конститутцияның басымдығы сөзсіз қамтамасыз етілетін болуы тиіс. Одан соң әрбір адамның, азаматтың, әр түрлі ұжымдар мен ұйымдардың бостандықтары мен құқықтарының заң жүзіндегі кепілдіктері туралы сөз етуге болады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, бірінші мемлекеттің мәні қарастырылды. Оның ішінде мемлекеттің пайда болу теориялары, түсінігі және белгілері, мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен сипаты ашылған.

Мемлекеттің нысандары үшке бөлінеді - басқару нысандары, мемлекеттік құрылым нысандары және саяси режим.

Басқару нысандар - монархия және республика болып жіктеледі. Монархия - құл иеленуші, феодалдық және буржуазиялық болып келеді. Ал, республика - парламенттік және президенттік болып табылады.

Ұлттық-мемлекеттік құрылым нысандары - федерация, біртұтас және конфедерация болып бөлінеді.

Саяси режим түрлер - демократиялық және террористік екіншісі өзінше тағы екіге жіктеледі. Авторитарлы және тоталитарлы.

Жалаң фактілерге келер болсақ, олар келесідей: мемлекет типологиясына деген формациялық көзқарастың бөліну критерийі қоғамдық экономикалық формацияның типі. Ол - құлиеленуші, феодалды, капиталистік және социалистік мемлекеттерде орын алған. Мемлекет типологиясында өркениетті көзқарастың бөліну критерийі өркениет типі - ежелгі шығыс, ежелгі афиндік, ежелгі Римдік, орта ғасырлық және қазіргі тандағы мемлекетте көрініс табады.

Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

2. «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы  7 қазан 1998 ж.

3. «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы» оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2004 г.

4. «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Булгакова Д.А.  Алматы, 2004 ж.

5. «Мемлекет және құқық теориясы» оқулық.. Электронды кітап Булгакова Д.А. Алматы, 2004 ж.

6. «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Қопабаев О., С. Өзбекұлы Алматы, 2006 ж.

7. «Теория государства и права» Учебное пособие. А.С. Исабаева Алматы, 2006 г.

8. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық Жоламан Қ.Д. Алматы, 2005 ж.

9. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық Электронды кітап Жоламан Қ.Д. Алматы, 2006 ж.

10. Мемлекет және құқық теориясы Қ.Д Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев Алматы  ҚазМЗА 1999 ж.

11. Мемлекет және құқық теориясы   Ағдарбеков М. Алматы 2001 ж.

12. Теория государства и права Ибраева А.С. Алматы 2003 г.

13. Основы теории государства и права: Уч. - нагл. пособие В.И. Григорьев», Ф.В. Основы теории государства и права: Уч. - нагл. пособие В.И. Григорьев», Ф.В. Алматы, 2006 г.

14. Өмірбекова Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы. 2000.- 85 б.

         1«Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Булгакова Д.А.  Алматы, 2004 ж.

 

2 Өмірбеков Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы Ж.2000 42бет

3 Мемлекет және құқық теориясы Қ.Д Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев Алматы  ҚазМЗА 1999 ж.

 

             4 Матузова Н. Теория государства и права М. 1999 с.66

            5«Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Булгакова Д.А.  Алматы, 2004 ж.

 

6 Марченко М.Н. Проблемы теории государства и права М. 2001 с.27

7 Общая теория государства и права под ред. В.В. Лазарева 2 изд М. 1996

8 Лазарева В.В. ТГП М. 1997. с. 93.


Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы