Құқықты жүзеге асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандары...................5
1.2 Құқықтық реттеудің мазмұны және әдістері.........................................12
1.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу...............................................14
2 ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНДАРЫ
2.1 Құқық нормаларын қолдану, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде....................................................................................17
2.2 Құқық нормаларын қолдану сатылары.....................................................19
2.3 Заңдылық және құқықтық тәртібі….........................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

пико курсовая.docx

— 57.50 Кб (Скачать файл)

 

1.3 Нормативтік-құқықтық  актілерді жүйелеу

 

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты  құқықтық материалдарды тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен  тарауға орналастыру, яғни саралау  болып табылады. Қажет болған нормативтік  актілерді іздестіріп табу ісін жеңілдету  үшін бұлай етіп орналастыру ыңғайлы  және ол заңдылық талаптарын орындау  шарты қызметін атқарады. Бұл аспект бұрынғысына қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай  жүйеге келтіру, құқықтық нормаларды терең  ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай мазмұндас  етіп орналастыру болып есептеледі. Және ол құқықтағы кездесіп қалуы  мүмкін кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды  болдырмау жолын қарастыру болып  табылады.

Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіру  заң шығару-шылар, құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің қазіргі  уақытты үш түрі белгілі. Олар инкорпорация, кодификация және консолидация. Нормативтік-құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру үдерістерінің түрліше болып келетіндіктерімен байланысты және соларға негізделеді.

Кондификация  актілерді сырттай, сондай-ақ іштей  өңдеуді де қамтиды. Кондификациялаудағы  өңдеу ісінің барысында нормативтік  актілерді жүйеге келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептәуір  өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі, жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттік  заң шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы ісінің бір түрі болып табылады.

Кондификацияның нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ло осы мәселе бойынша бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кодификациялық акт деп  аталады. Оған жататындар кодекстер, жарғылар, жарлықтар. Кодификация жалпы және арнайы деп екіге жіктеледі. Кодификацияның белгілі бір түрлеріне жарғылар, жөн-жоба (тәртіп реті, регламент), қағидалар  жатады. Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.

Инкорпорация  нормативтік актілерді белгі  бір тақырыптарды қамтитын нышандарына  қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл  саралау пәндік және хронологиялық (мерзімдік) белгілері негізінде, яғни сыртқы сипаттарына қарай немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру  болып табылады.

Сонда, жүйелеудің қарапайым және көп тараған түрі құқықтық актілерді инкорпорациялау  болып табылады.

Инкорпорацияның нәтижесінде нормативтік актілер  қоғамдық қатынастардың белгілі  бір салаларын реттеудегі белгі  нышандары бойынша біріктіріледі (Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын).

Инкорпорация  өзі реттейтін осы пәніне жататын  барлық заңды түгелдей қамтуы мүмкін. Ол ең басты инкорпорация деп аталады.Ол инкорпорацияның тек бір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін – онда ол дербес инкорпорация болады. Инкорпорация ресми және бейресми де болады. Ресми  инкорпорацияныресми органдар жүзеге асырады. Мұндай инкорпорациялар жаңа нормативтік құқықтық актілерді  өңделген, тәртіптік ретке келтірілген  күшінде жариялаудың және қайта  жариялаудың тәсілі ғана болып табылады. Ресми инкорпорациялауға Қазақстан  Республикасы Президентінің жеке, Үкімет актілерінің жинағы жатады [10,84б].

Бейресми  инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес бастамасымен жекелеген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүргізе алады. Ол нормативтік актілерді жариялаудың  тәсілі болып табылмайды. Бейресми инкорпорациясының іс атқарудағы мәнісі – анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету  болып табылады. Бейресми инкорпорациялауға  «Жекешелендіру туралы нормативтік  актілер», «Еңбек заңдары» және т.б. жатады.

Консолидация  кодификация мен инкорпорациялаудың аралығында орын алады. Мұнда консолидациялау  әдісі үдерісінде бірнеше нормативтік  актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары  мұнда бір ізділікпен дәйекті, қисындық маңызы сақталына отырып, қайталауларды  болдырмай және қайшылықтарға жол  бермей орналас-тырылады.

Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде консолидацияның кодификацияға  ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да, бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.

Консолидацияның нәтидесінде заңдардың жинақтары  жасалынады. Әдетте олар бейресми сипатта  болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің  іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау, күрделі құрылысқұралдарымен  жұмыс істеу және т.с.с.). Жекелеген  нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде  де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда  құызмет істейтіндер заң жөніндегі  құралдар ретінде пайдаланады.

Құқықтық  ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу  құқық шығарма-шылығы ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың  барлығын қысқа мерзім ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді, қайшылықтар мен кемшіліктерді  табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік  береді.

 

 

2 ҚҰҚЫҚТЫ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН  НЫСАНДАРЫ

 

2.1 Құқық нормаларын қолдану,  құқық  нормаларын жүзеге асырудың  ерекше нысаны ретінде

 

Құқық қолдану дегеніміз  – арнаулы субъектілердің (мемлекеттік  органдардың, лауазымды адамдардың өкілдерінің) нақты өмірлік жағдайларға  байланысты құқық нормаларын жүзеге асырудағы нақтылы жеке құқықтық тұжырымдарды шығару жөніндегі мемлекеттік  билік жүргізушілік және ұйымдастырушылық қызметі. Мұның өзге нысандардан  ерекшелігі сол, бұл жалпы  құқық  нормаларды белгілі бір адамға (құқықтары  бұзылған) және нқтылы жағдайларға  бейімделіп қолдану арқылы іс бойынша  шешім қабылдау.  Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар өздігінен қалпына  келтіре  алмайды, сондықтан мемлекеттік  органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару  органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,құқық  қорғау  туралы талап қойып сотқа жолдануға  кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде  тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды  адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс. Мысалы, қызметшілердің ұзақ уақыт  бойы тиесілі жалақыларын ала  алмауы, зейнеткерлікке шығу, некеге тіркелу  қажеттілігін және т.б. Әрине, бұл жұмыстардың  сотсыз, әлеуметтік қорғау,  азаматтық  хал- жағдай актілерін тіркейтін  органдарынсыз бітпейтіні  бәрімізге  мәлім.  Сондықтан осы аталған  органдардың  заңды шешім  қабылдауы  нақтылы нормативтік құқықьтық  актілерде реттелініп тұжырымдалған.

2.Құқықты жүзеге асырудың  өзге нысандарынан  құқық қолдану  мынадай  белгілерімен  оқшауланады: [11,97б]

  • құқықты  тек оған  өкілеттілігі бар  компонентті мемлекеттік оргндар мен қоғмдық ұымдардың өкілдері ғана қолдана алады;
  • бұл әрқашанда мемлекеттік биліктік қызмет;
  • шығармашылық, ұйымдастырушылық мәнді болып келеді;
  • бұл бір- бірімен сабақталып  жатқан сатылардан  тұрады;
  • іс жүргізу (процессуалдық) нысанында  жүзеге асырылады;
  • бұл жеке нақтылы тұдырымдарды (құқық қолдану актілерін)  шығрумен байланысты.

Құқық қолданудың пайда болуы  мынадай  қажеттіліктен туындайды:

  1. құқық бұзушылы жасалынған  кезде кінәлілерге  тиісті жаза (шара) мөлшерін анықтау;
  2. белгілі бір адмның  заңда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін мемлекеттік органдарсыз, мемлекеттік билік жүргізуші қызметінсіз жүзеге асыра алмайтындығы;
  3. Құқық туралы заң шыққанда  және соған байланысты өзге біреудің субъективтік (өзіндік) құқығын қорғау қажеттілігінен;
  4.   құқықты алумен жүктелінген міндеттің дұрыстығын заңда көрсетілген бақылауды жүргізудң қажеттілігінен (нотариаттың куәләндыруы, қандай  да болмасын қызметке рұқсат алу, мысалы,  заң  құжаттарында  тізбесі белгіленген жекеленген қызмет түрлерімен заңды  тұлға тек лицензия негізінде ғана айналыса алады, т.б.).

Құқық қолданудың тағы бір ерекшелігі оның функциясынана көрінеді. Олар екеу:  оперативтік атқарушы және құқық қорғау.

Мұның біріншісі, әрине, ұйымдастырушылық іс-әрекет қажеттілігінене туындайтыныы сөзсіз.

Екіншісі, мұқалған (бұзылған)  құқықты қорғау, жазаны (шараны) қолдану немесе құқықтық нормаларының  бұзылуын болдыртпау  қажеттілігінен туындайды. Бұл сот шешімін,  әкімшілік органының актіні шығару кезінде пайда болды [12,25б].

  1. Құқық қолдану қызметіне қойылатын талаптар мынадай   сатылардан көрініс табады:

1). Істің нақтылы мән – жайларын анықтау және талдау,  зерттеу (айғақты заттар, жазба дәлелдемелер, түсініктемелер, куәләрдің жауабы, эксперттің қортындылары т.б.): Бұл сатыда істің шындығын,  дәлелдемелердің бар жоғын заңда көрсетілген тәртіппен анықтау және істі  дұрыс шешу  үшін  өзге  де мәні бар деректер  зерттеледі. Барлық дәлелдемелерді толық жинақтап жан – жақты тексеру -  осы сатының басты мақсаты.

2) Құқық нормаларын  таңдау  мен талдау (заңдылық квалификация). Құқық қатынастарын реттейтін  құқық салаларын, иституттарын  және нормаларын табу  өте күрделі  жұмыс,  өйткені із бойынша  тек соған  қажетті норманы  қолдануға тиісті, ол үшін  оны қолданатын субъект құқықтық норманың мәтінінің шынайылылығын,  оның  уақытын,  кеңістігіне,  Адам-дарға қатыстылығына қарай қолданыста болатындығын, күшін жоймаған-дығын білу қажет. Көп жағдайларда іске қолданатын нормативтік актілер бірнеше болып келеді, әрі бір – бірімен қабыспайды,  қарама – қайшылық а болады, әрі ағаттығы да кездеседі.

3)Құқық нормаларының мазмұныны  талдау. Оған  компетенті субъектілердің  түсінік беруі., құқықты қолданушы  органдардың қолында осы  істі шешуге қажетті нормативтік актінің дәлмен дәл толық мәтіні болуы тиіс.

Осыған байланысты айтарымыз, тек ресми басылымда  жарияланған  нормативтік актілер,  олардың соңғы редакциясы, оған енгізілген  өзгертулер, толықтырулар мен тузетулер ғана жарамды де танылады.

4) Құқықты қолдануға байланысты шешімдер қабылдау оған өкілеттігі бар  мемлекеттік органдардың құқығы (құқыққолдану актілерін шығару). Тек осы сатыда  ғана іс  қарау процесі бітіп, оның тағдыры шешіледі. Іс бойынша шешімде қандай қорытындылар жазылған болса, соған байланысты санкциялар нақтыланып көрсетулері тиіс.

5)шешімнің мазмұнының  мүдделі адамдар мен ұйымдарға жеткізілуі. Бұл шешімді шығарған бойда дереу (мысалы,  соттың үкімін не шешімін хабарлау барысында) не одан кейін де жеткізулері мүмкін.

4.Құқықтық нормаларды  қолдану актілері -  бұл нақтылы  іс бойынша мемлекеттік билік   жүргізуші органдардың белгілі  бір  жеке актілері. Оның ерекшелігі мынада: [13,79б]

-компоненттік органдар  тарапынан шығуы;

-оның мемлекеттік – билік мәнінің болуы;

-жеке мәндестігі;

-ол белгілі бір заңды нысанда жазылуы.

Құқық қолдану актілері мынандай негізде бірнеше түрлерге  бөлінеді:

  1. нысанына қарай – жарлықтарға, үкімдерге, шешімдерге,   бұйрық-тарға, ұйғарымдарға және т.б.;
  2. субъектілерге байланысты – мемлекеттік және мемлекеттік емес актілерге;
  3. құқықтық функцияларына қарай–ретемелікке және қорғаушылыққа;
  4. заңдық табиғатына сәйкес – негізгі және қосалқыға;
  5. құықтық ретеудің пәніне қарай -  қылмыстық- құқықтық. Азаматтық – құқықтық, әкімшілік – құықтық  және т.б.;
  6. мәнді сипатына қарай – маериалдық және процессуалдық (іс жүргізушілік).

 

 

                  2.2 Құқық нормаларын қолдану сатылары

 

Құқық нормаларын қолдану  процесіндегі негізгі кезеңдер.Құқықты  қолдану қызметі бірнеше жүйелі әрекеттік кезеңдерден тұратын  қиын процесс.

1.Істің нақты мән-жайын белгілеу. Заң нормаларын қолдану, жоғарыдағы айтылғандай, белгілі оқиғаға сай, белгілі деректермен соларды іс жүзінде қамтамасыз етуге бағытталған. Сол деректер шын мәнісінде, құқық нормаларын қолданудың негізі болып табылады. Сондықтан, құқық нормаларын қолданатын адамдар, ең алдымен деректерді толық анықтап, заңды істі дұрыс шешуге қажетті деректерді ғана таңдап алуға міндетті, тек содан кейін ғана, ұқыпты талдап көрсетілген деректерге баға беруі қажет.

Істің мән – жайын белгілеу міндетті түрде жан-жақты негізделген және заңды болуы қажет. Құқық нормаларын қолданудың дұрыстығы, соған тікелей байланысты. Дәйектемеге және мән-жайдың толықтығын белгілеуге, деректерді терең және жан-жақты зерттеу арқылы жетуге болады.

Еске алатын маңызды мәселе, құқық қорғау органдарымен барлық деректер зерттелмейді, тек сол оқиға  сипатына сай және тек заңды істі шешуге тікелей қатынасы бар деректер алынады. Басқа сөзбен айтқанда, деректі  мән-жәй, сол мән-жәйға қолданылатын құқық нормаларына сай белгіленеді. Мысалы, белгілі қылмыстық  істерді тексергенде, ең алдымен мына деректер анықталуы қажет; кім қылмысты істі жасады, қашан және қай  жерде қылмыстық іс жасалды, қандай жолмен, қылмыс жасаудың себебі неде болды. Заңды маңызы бар деректер, куәлердің көрсетуімен, қылмыс жасаған жерді тексеру нәтижесінде, экспертизаның, құжаттарды тексеруінде және басқалардың көмектері арқылы белгіленеді. Бұл деректер заң тәртібімен белгіленіп, заңды дәлелдемелер деп аталады.

Информация о работе Құқықты жүзеге асыру