Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:05, курсовая работа
Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандары...................5
1.2 Құқықтық реттеудің мазмұны және әдістері.........................................12
1.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу...............................................14
2 ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЫСАНДАРЫ
2.1 Құқық нормаларын қолдану, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде....................................................................................17
2.2 Құқық нормаларын қолдану сатылары.....................................................19
2.3 Заңдылық және құқықтық тәртібі….........................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................26
2. Тексерілетін деректі, мән- жайларға қолдануға жататын құқық нормаларын таңдау және талдау
Көрсетілген мән-жайдың заңды маңызын белгілегеннен кейін, құқықтық нормаларды құқықтық қолданудың екінші кезеңі басталады. Бл кезеңде, құқық қорғау органдары ең алдымен мына мәселені шешуге көңіл аударады, қандай нормалардың негізінде бұл іс шешілуі қажет. Норманы белгілеу - нақты мән -–жайға біліктілік тұрғыдағы, құқықтық баға беру [14,151б].
Әрі қарай заңдылық жағынан дұрыс екеніне көз жеткізу қажет, мазмұнында қателік жіберілмегенін тексеру керек, ол норма өзгермеді ме оны да білу қажет. Құқық нормаларының ресми баспадағы сол мерзімге сай толытырылуымен, өзгеруін басшылыққа алу қажет. Мұнда, құқық қолдану органдары, сол пайдаланатын норманың басқа нормалармен және заңға қайшы еместігін белгілеуі қажет. Құқық нормалары, тек сол уақытта қолданылады, егер ол жоғарғы органдардың актыларының ұйғарымына сай келсе.
Таңдалған құқық нормалары олардың әрекетінің уақытына, кеңістігіне және адамдар ортасына сайлауын толық талдаудан өткізеді. Олай дегеніміз, құқық қолданатын органдар мыналарды толық белгілеуге міндетті:
-соның негізінде белгілі істі шешіп жатқан мезгілде сол нормалардың әрекеті күшінде ме;
-істі шешетін кеңістікке оның әрекеті жүре ме;
-құқық нормалары қолданылған адамға, оның әрекетінің қандай қатынасы бар;
құқық нормаларын таңдағанда және талдағанда, бір оқиға бірнеше нормалармен реттеленітінін және олардың дәл келмейтіндігін, тіпті мазмұндары бойынша бір – біріне қарама – қайшы екендігін анықтаймыз. Мұндай жағдайда, құқық нормаларының толық еместігін көреміз. Құқық нормаларының арасындағы жетімсіздікті (коллизияны) қалай шешуге болады? Бұл мән – жайға құзіретті орган қандай нормаларды қолданады?
Құқық қорғау органдарының қызметінде ондай жетімсіздікті шешуге арналған мынандай тәртіптер бар:
1)Егер федеральдық
заңдар нормаларымен республикалық
заңдар нормаларының арасында
қарама – қайшылық болса,
2)Егер қарама–қайшылықтар әртүрлі органдар нормаларының арасында болса жоғарғы органдардың нормалары пайдаланылады;
3) Қарама – қайшылық бір орган қабылдаған нормалардың арасында болса, кейінгі қабылданған нормалар пайдаланылады;
4)Қарама – қайшылық
жалпы және арнайы нормалардың
арасында болса, арнайысы
Құзіретті органдардың мақсатына, осы кезеңдегі пайдаланылатын нормаларға түсінік (талдау) беру жатады, және құқықтағы жетімсіз-діктерді болғызбау үшін құқықтағы аналогияны пайдалану қажет.
Құқықтық аналогия – нақты істі жалпы принциппен құқықтың мәніне сай шешу.Құқық аналогиясы, тек сол уақытта пайдалнылады, егер жетімсіздіктен, оған ұқсас құқық нормаларын таңдауға мүмкіндік жоқтығынан [15,69б].
Құқық аналогиясын пайдалануға кәзіргі мемлекеттерде тежеу салынған. Ол, қылмыстық істерді шешкенде тіпті пайдаланылмайды.
2.3 Заңдылық және құқық тәртібі
Заңдылық дегеніміз - мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, шаруашылық жүйесін, меншікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттің, барлық органдардың, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың қолданыстағы заңдарды бұлжытпай және дәл орындауы.
Біздің қоғамымыздың одан әрі дамуына байланысты заң мен заңдылық рөлі барлық салада елеулі түрде арта түседі. Заңдылықты сақтаудың мәнін қайта бағалау қиын. Оның маңызды критерийі ретінде тиісті құқық тәртібінің болуы танылады. Заңдылық пен құқық тәртібі арасында ажырамас ішкі байланыс бар. Мұның соңғысы құқық нормаларының талаптарын өмірде қолдану ретіндегі заңдылықты жүзеге асырудың ақырғы нәтижесі түрінде көрінеді.
Құқық тәртібі — жалпы шаруашылық жүйесінің қалыпты қызметі, өндірістік қатынастардың барлық қатысушыларының белгілі бір тиісті тәртібін қатаң сақтауы, азаматтардың құқық нормасының реттелген нақты мінез-құлқы [16,74б].
Заңдылықты
сақтауға біздің еліміздегі демократияның
дамуы елеулі ықпал жасайды. Заңдылық
және демократия — өзара байланысты
және өзара шарттас ұғымдар. Демократия-заңдылықтың
іргетасы. Заңдылықтың маңызды
Заң алдында баршамыз бірдейміз, оның талаптары лауазым жағдайларына, сіңірген еңбегіне және т.б. қарамай, барлық азаматтар үшін бірдей күшке ие.
Прокуратура
мемлекет атынан Республиканың аумағында
зандардың, Президент Жарлықтарының
және өзге де нормативтік құқықтық
актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі
қолданылуын жүзеге асырады (Конституцияның
83-бабы). Негізгі Занда көзделген
міндеттерді орындай отырып, прокуратура
қызметкерлері қабылданған
Құқықтық
сана дегеніміз — адамдардың құқыққа,
заңдылыққа қатынастарын бейнелейтін
қоғамдық сана нысандарының бірі, көзқарастар
жиынтығы. Құқықтық сананың мәні шын
мәніндегі демократиялық
Өкінішке орай, нормативтік актілерді терең білмеу немесе білмеу салдарынан құқық бұзушылыққа әкелетін немесе оған бейімдейтін заң бұзушылық оқиғалары осы уақытқа дейін орын алып келеді.
Құқық бұзушылық
деп мемлекеттік немесе қоғамдық
тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарына зиян келтіретін
құқық субъектілерінің құқыққа
қайшы кінәлі әрекеттерін айтады.
Бұл анықтамадан көрініп
Құқық бұзушылық
әрекетпен (ұрып-соғу арқылы) және әрекетсіздікпен
(тауар жеткізілімі шарты
Өзінің әлеуметтік қауіптілігі жөнінен құқық бұзушылық қылмыс және тәртіпсіздік (теріс қылық) болып белінеді. Құқық бұзушылықтың, мейлінше, қауіпті нысаны — қылмыс, оны жасағаны үшін қылмыстық жазалау шаралары қолданылады [18,182б].
Құқық бұзушылықтың екінші бір нысаны болып тәртіпсіздік есептеледі, бірақ оның қылмыстан елеулі айырмашылығы бар. Мұнда кінәлі адамға басқаша жауаптылық жүктеледі: тәртіптік (еңбек құқық қатынастары шеңберінде), әкімшілік (мемлекеттік басқару саласында) және азаматтық-құқықтық (мүліктік және оған байланысты мүліктік емес қатынастар шеңберінде). Осылайша, әлеуметтік қауіптің сипатына, мазмұнына байланысты құқық бұзушылық занды жауапкершілік тұрғыдан қылмыстық, төртіптік, әкімшілік және мүліктік болып бөлінеді. Занды жауаптылық мемлекеттік мәжбүрлеудің нысаны ретінде жауаптылыққа тартылған адамдарды түзетіп, қайта тәрбиелеу мақсатын ұстанады.
Құқық нормаларын іске асыру, нақтылы түрде адамдардың тәртібінде көрсете білу.
Құқық нормаларын іске асыру (пайдалану), қоғамдық қатынастар мүшелерінің құқық нормаларын, өз мүмкіндіктерінше іске асыру жатады. Мысалы, мұндай нормалармен азаматтарға мемлекеттің өкілеттік, билік органдарын сайлауға қатынасуға құқықтары бекітіледі және өз дүниесімен иемдену, пайдалану және басқару жатады. Бұл іске асыру нысанының ерекшелігі, сол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормалары рұқсат еткен әрекеттерді жасайтын мүмкіншіліктері.
Заңдарымыздың дәлме-дәл, әрі бұлжытпай іске асу нысандары: сақтау, орындау, пайдалану, және қолдану болып табылады.
Құқық қолдану дегеніміз – арнаулы
субъектілердің (мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдардың өкілдерінің)
нақты өмірлік жағдайларға
Құқықты қолдану қызметі бірнеше жүйелі әрекеттік кезеңдерден тұратын қиын процесс. Оларға:
1.Істің нақты мән-жайын
2.Тексерілетін деректі, мән-жайларға
қолдануға жататын құқық
Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ. Ол атқарылып,орындалып жатқан істер
көлемінің ұлғайып
көбейген кездерінде әсіресе керек
болады. Олай болатын себебі, құқықтық
ақпарат мағлұматтарының
Заң халықтың
қалың бұқара топтарының түсуіне
оңай болуы тиіс. Олар өздерінің
құқықтары мен бостандықтары
жөнінде,сондай-ақ мемлекет пен қоғамның
өздеріне қойып отырған талаптарын
да түпкі деректердің білуі тиіс.Тек
қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген
заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі
қажетті мәдениетке жетуіне,ал құқық
қолданушы-лардың кәсіби-заңгерлік
мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды,
мүмкіндік береді.Заңдарды жүйелеу
ісі ғылыми принциптер мен ғылыми
әдістерді қолдануға негізделуі
тиіс. Мағлұматтарды іздестіру және
оларды белсенді түрде қолдану құқықтық
ақпарат материалдарымен жұмыс
істейтіндерден іскерлік пен дағдыны
қажет етеді.Өйткені ақпарат
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ