Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 13:33, курсовая работа
Біздің ойымша дәстүрлі мәдениеттің сәнді киімдердің ерекшеліктерін зерттеу барысында күттіремейтін міндеттер тұр. Соған орай мода талабына сай киімді жаңғыртып отыру адам мәдениеттілігінің де белгісі. Әр дәуірде, әрбір тарихи кезеңге сәйкес киімнің өзіне тән формасы, пішімі, өңделуі мен материалы, матаның түсі мен суреттері , олардың костюмге үйлесімді болады. Жас жеткіншектердің сегіз қырлы, бір сырлы сапалы да салауатты тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себептер нәрсе-еңбек болғанда баланың көңілінен шығатын қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы еңбек.
І. Кіріспе. .......................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ұлттық костюм тарихы....................................................................
2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі.............................................................
2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары.............................
2.4 Матаның қасиеттері……………………………………………..
2.5. Бұйымның тігу технологиясы…………………………………….
2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар..
2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беру.........................................................................................
2. 8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім..................................
ІІІ. Қорытынды............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер
2.5 . Бұйымның тігу технологиясы
Матаны пішуге әзірлеу әдістері
Жұмыс жасайтын жерде ыңғайлы үстел және құралдар болуы керек. Матаны пішу үшін үлкен тік бұрышты арнайы үстел қажет. Егер үстел болмаса, тазалап сүртілген тегіс еденге пішуге болады. Үстел жанында жұмыс істеген кезде, оның үстінде сәукеленің бөлшектері болу керек.
Үстелден басқа, үтіктеуге арналған үлкен тақта (немесе қалың мата төселген және жең қалыбы бар үстел), үтік бастыратын маталар (дәке, немесе жұмсақ мата қиындысы, мысалы 80 х 80 см мақта матысы) керек.
Жұмысты бастамастан бұрын үстел үстінде тек қажетті заттар тұруы керек. Сол жақта пішілетін нәрсе, оң жақта – қайшы, сызғыш, бор немесе сабын, ине, жіп, түйреугіш, оймақ, суырылатын жіптерді алып отыратын істік болуы қажет. Барлық уақытта жұмыс істегенде болу керек нәрселер: сантиметрлік таспа, кестілтер (ұштары өткір және қайралған), негізгі және қосымша бөлшектерді сызуға арналған қағаз, лекало, қию ұшін жапсырма қағаз және орама қағаз, сызықтарды тексеруге арналған калька.
6. Матаның сетінегіштігін, созылмалы қасиетін тексереді.
Өңдеу әдістерін таңдау.
Дайын бұйымның сапасы көп жағдайда бұйымды өңдеу жүйелілігінің дұрыстығы мен әдістеріне, яғни технологиясына байлансты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік деген сөз. Технология - өндірістің тиісті құралдары арқылы шикізатқа,материалға әсер ету әдістері, сондай-ақ шикізаттан және материалдардан белгілі бір бұйым жасаудың жүйелілігі туралы ғылым. Бұйымды құрастыруға, яғни матадан пішілген барлық бөлшектерді (алдыңғы бой, артқы бой, және т.б.) бір-біріне қосуға кіріспестен бұрын, бұл бөлшектерді сәйкесінше әзірлеу қажет. Бөлшектерді әзірлеу-әрбір бөлшекті өңдеуге арналған операциялар, оларды басқа бөлшектермен қосуға дейін аяқталуы тиіс. Бұйым бөлшектерін құрастыру белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Алайда бұйымды әзірлеу жөнінде қатып қалған бір жүйелілік жоқ. Өйткені ол үлгіге және өңдеужолдарына байланысты бірнеше рет өзгеруі мүмкін.
Бөлшектерді әзірлеу
Фурнитура – бұйымды әшекейлеу
және киім киген кезде қолайлы
болу үшін қолданатын көмекші
материалдар. Кез келген бұйымды
тігер кезде оны әзірлеу
Алғашқы өлшеу
Өлшеу кезінде: түйреуіштер, бор, сантиметрлік таспа, 50 см сызғыш керек. Өлшемдерді өткізу адам денесінің оң жағынан жүргізеді. Егер тұлға симметриялы болмаса, онда екі жағынан бірдей өлшейді.
Өлшеудегі міндет киімнің пропорциясына,адам денесіне үйлесімділік, сызықтарына-көлемі мен ара қатынасы дұрыс келтіре білуге тырыс.
2.6. Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар
Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлерге қауіпті және кешенді өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын еңбек шартының жағдайы. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жұмыстың қауіпсіздік ережесін, қауіпсіздік ережелерінің әдістерін білу қажет.
Техникалық қауіпсіздік дегеніміз - техникалық білімге, еңбек өндірісінің шарттарын және олардың қауіпсіздік, қорғану көз қарасын оқытуды айтады. Аяқ машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесі:
1. Аяқ машинасымен
жұмыс істегенде аяқ пен
2. Машинаның
инесіне жіпті сабақтағанда
3. Машинанің
сынған жері болса, оны жөндеп
жатқанда ременді қолымен
4. Шашты ормалдың астына жасыру керек.
5. Тігін машинасының үстінде бөгде заттар жатуға болмайды.
6. Машинаның
қозғалмалы және айналмалы
Ине және түйреуішпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі:
1. Ине және
тиреуішті арнайы жастыққа
2. Тіккенде саусаққа оймақ кию керек.
3. Сынған инені лақтыруға болмайды, оларды арнайы жәшікке салу керек.
Қайшымен жұмыс істеу.
1. Қайшы жұмыс істеп жатқанда жүзі қосылып тұруы керек.
2. Қайшыны
берген кезде жабық жүзін
3. Қайшы белгілі бір орында тіреуде немесе жұмыс қорабында сақталуы тиіс.
4. Қайшы өткір болуы керек.
5. Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.
Бұйымды өңдеу барысында
ылғалды-жылумен өңдеу
Бұйым сапалы болу үшін ылғалды-жылулық өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйымды тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп отырады. Үтіктеген кезде мынадай жағдайларды ескеру керек.
Материал қымбат болған сайын мата да сезімтал бола түседі, сондықтан да барынша ұқыпты үтіктеген жөн.
Үтіктеп өңдеудің температурасы матаның сапасына байланысты, аралас тоқылған матамен жұмыс істегенде барынша сезімтал талшыққа қойылатын талаптарды ескеру керек.
Құрылымы күрделі трикотажды, мысалы, ши-ши трикотажды, үтіктегенде астына жұмсақ ұзынтүкті төсеніш немесе түкті мата төселеді. Мұндай кезде үтік ешқашан салмақ салусыз-ақ жеңіл сырғуы керек.
Матаны мүмкіндігінше теріс жағынан үтіктеген дұрыс. Ал бет жағынан үтіктегенде арасына арнайы мата салынады.
Матаны сатып аларда оның құрамына назар аударыңдар, өйткені үтіктеу температурасы соған байланысты болады. Мақта мен зығырды жоғары температурада үтіктей береді. Жүн мен жібекті орташа температурада үтіктейді. Химиялық талшықтар қыздыруға өте төзімсіз болады, сондықтан да олар болар-болмас жылылықта үтіктеледі.
Пішер алдында матаның бүкпесін айыра үтіктегеңдер және матаны тұтас үтіктеп шығыңдар.(Теріс жағынан!)Үтіктеп болған соң отырып қалмау үшін мақта және жүн маталары ылғал шүберек арқылы үтіктеледі. Мақта маталарды үтіктер алдында ылғалдап алған жөн.
Үтіктеп өңдеудің алдында міндетті түрде матаның қалдығын немесе бұрышын алдын ала үтіктеп көру керек екенін естеріңнен шығармаңдар. Сондай-ақ матаға ылғал қалай әсер ететініне назар аударыңдар.
Жұмыстың әр кезеңін аяқтаған соң бөліктерді үтіктеп отыру керек, өйткені жақсы үтіктеп өңдеу-жұмыстың сапалы орындалуының кепілі. Мысалы, бүкпені тігіс жүргізудің алдында, ал тігісті қосымшасын әдіптеудің алдында үтіктеген дұрыс.
Тігіс қосымшасы тігер алдында үтіктелген болса, онда айырып үтіктеу оңай әрі дәл жүргізіледі. Егер мата жұқа болса, онда оның бет жағына із түсіп қалмас үшін қосымшаның астына қағаз жолағы салынып үтіктеледі. Егер қосымша жиектері матаның бет жағында із қалдырса, оны қосымша астынан іш жағынан үтіктеу керек.
Үтіктеп өңдеудің алдында түйтеуіштер мен көктеу жіптердің бәрі алынып тасталады, өйткені олар матада із қалдырады.
Үтіктің табанын үнемі тазалап тұру қажет. Өте жұқа матамен жұмыс істеген кезде үтіктің табанында сырылып кеткен сызықтың болмауын қадағалаған жөн.
Зығыр,мақта, жүн және кейбір аралас маталарды үтіктер алдында ылғалдап алады. Мұндай маталарды сулаған шүберек арқылы немесе бу шығарғыш үтіктеп үтіктеу керек. Шүберек толықтай су емес, тек дымқыл болуы керек.
Мақпал мен барқыт
теріс жағынан салмақ салусыз
үтіктеледі. Ең дұрысы ылғыл шүберек
пен кәдімгі үтікті
Жібекті, сәтенді, вискозаны
құрғақ немесе аздаған бу
Шифон тек құрғақтай үтіктеледі, өйткені будың немесе судың әсерінен ол тырысып қалады.
Ылғалды жылумен өңдеуді үтікпен орындағанда негізінен теріс жағынан, ал преспен оң жағынан жүргізіледі.
Тігістің әдібін айырып немесе қайырып үтіктегенде әдіптері әбден жату керек.
Ылғалды жылумен өңдегенде бөлшектің теріс жағынан орындағанда дымқыл шүберексіз орындауға болады. Ал оң жағынан міндетті түрде дымқыл шүберекпен орындайды.
Үтіктер алдында сызылған бор іздерін щеткамен кетіреді. Жұмсақ жұқа маталарды үтіктегенде тігіс әдібінің астына қағаз парақтарын қойған жөн.
Ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарындағы басты параметрлер бар. Олар: температура қысымы, ылғал және өңдеу уақыты.
Ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарының киімдерді дайындау барысында алатын орны ерекше. Мен ылғалды-жылумен өңдеудің көмегімен киімдерге көрнекті формасын бере алдым.Айырып,қайырып үтіктеуде, соза және жия үтіктеуде, престеуде бөлшектердің қыртыстарын жазуға және т.б. жұмыстар жүргізуге болады.
Тұрмыста үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы-арнайы үтік үстелшесі . Бұл үстелшенің шетінде үтікке арналған арнайы орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады.
Жылу реттегішті өңдейтін мата түріне байланысты қояды;
Үтіктер алдында үтіктің табанын тексереді, онда күйген дақ болмауы керек;
2.7.
Еңбек сабақтарында оқушы
Қазақстан мектептері өз жылнамасында қайта құру, жаңарту тәрізді сан алуан кезеңдерді бастан өткізді. Ұзақ уақыт бағдары басқаша болған педагогтар мен мектеп тәрбиешілері және жоғарғы оқу орындары үшін жұмыс күрделі болды, еңбек пәні сабақтарында ескі жүйе жұмыс істемей, бүгінгі білім беру мен тәрбие жұмысы жаңа бағдарлануды талап етті. Барлық жалпы білім беру жүйесі қағамдық дамудың қисынына байланысты еңбек сабағы «Технология» пәні болып өзгертіліп бұрынғыдан гөрі басқаша принципке әкелді, еңбек саласындағы білім беру мен оған жастарды тәрбиелеу міндеттері оны түбегейлі жақсартудың қажеттілігін туғызды. Әсіресе дәстүрлі қолданбалы қолөнерін технология пәніне ендіру мәселесі кең өріс алды. Бұл процесс оқушыларды тек еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар эстетикалық және патриоттық тәрбие жүйесін кең көлемді қамтуға жол ашты. Осыған орай, технология сабағындағы жаңа білім жүйесі оқушыларға жаңа білім әлемін ашуға мүмкіндік береді. Өнер саласындағы жастар қазіргі кезеңнің тұрақсыздығын, әлеуметтік-экономикалық және басқа салалардағы дағдарысты, алып сатарлық пен көлеңкелі экономиканың үстемділігін сезініп отыр. Осының бәрі жинақтала келіп әсіресе қолөнер жолындағы еңбек күші, оның құндылығы өз деңгейінде бағаланбағандықтан жастарда жағымсыз көңіл күйлер қалыптастырады. Қазіргі кезде жастар арасында оқуға, еңбекке деген қызығушылықтың төмендегені, рухани жұтаңдықтың пайда болғандығы, қарапайым қасиеттердің кездеспейтіндігі байқалады. Еңбек сабағындағы білім беру мен тәрбие саласында жаңа міндеттерді қойғанда жеке адамды қалыптастыруда ерекше маңызы бар қоғамдық орта, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орнын байланыстыра қарастыру керек екені айқын. Жалпы білім берудегі технология пәні жоғарғы оқу орындарында нақты педагогтік жаңа жобаларды, еңбек тәрбиесінде белгілі бір салаға бағыттаудағы және шешудегі негізгі тірек болып табылады. Өнер тарихы арқылы жастарды тәрбиелеуде де, оқушыларға таихи шындықты жеткізу де өте маңызды мәселе. Бірақ кеңестік кезеңнің бүкіл тарихын, тарихи процестің шынайы көрінісі н сызып тастағысы келетіндерге нақты дәйектерді алға тарту керек. Аса маңызды міндеттің бірі-білім берудің әлемдік стандарты мен жастарды тәрбиелеу ісінде ғылыми, мәдени, құқықтық өмірдің салауатты көрінісін қамтитын және итерген бағдар деп айтуға болады. Еңбек тәрбиесінің жалпы негізгі қандай да нақты идеология емес, жалпы адамгершілік құндылықтар болуы керек. Осыған байланысты білім беру мен еңбек тәрбие ісіндегі қоғамтану, оның гуманитарлық пәндермен байланысын, рөлін арттыру өте қажет.бұл пәндер байланысты жастардың жеке тұлға ретіндегі азаматтық қалыптасудағы тәрбие өзегі болуы тиіс. Тек қана білім беру ісімен шектелмейтін,оның мектептен тыс, үзілісте аудиториядан тыс сабақтарда жүзеге асырылатынын ұмытпағанымыз абзал. Біздің жалпы мектептегі еңбек пәні, сабақтан тыс уақыттағы еңбек етуге ұмтылу ісіміздің міндеті баланың, адамның тұлғалық басымдығы танылатын гуманистік жүеге тоғысуы тиіс. Еңбек тәрбиесі мен білім берудің барлық аспектілері, адамдардың тұрақтылығы, бейбітшілік пен тәртіпті сақтауға деген ұмтылысын қалыптастыру керек. Адамға қажетті барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу заманға сай мектептер, жоғарғы оқу орындары мен басқа да барлық оқу орындарының оқыту мен тәрбие жұмысындағы басты міндеті болып табылады. Еңбек тәрбиесі қоғамдық өмірмен индивидті қамтамасыз етудегі әдіс ретінде қарастырылуы қажет. Ол нақты тарихи жағдайда қоғамдық қатынастар қалыптастырған белгісі бейненің нәтижесінде және қоғам өмірінің образында жүзеге асады.
Тіл біліміндегі еңбек тәрбиесі қоғамдық тәжірибенің, ақпараттың және осы ақпаратты бір ұрпақтан келесісіне жеткізудің сақтаушысы санатына қызмет атқарады. Еңбек тәрбиесіне қатысты білім беру, оның рухани өзегі, ажырамас болігі, жүрек тамыры болып табылады. Еңбек саласындағы білім алудың нәтижесінде, балалар ғылыми деректерді түйіндеу, заңдар жүйесін қамтуды алып шығады. Осы арқылы олар өздерінің қоғамдағы орнын табу үшін көптеген жалпы дағдыларды игереді. Әлемді, қоршаған ортаны, дүниені танып білумен практикалық қызметтің құрылымен тереңірек танысады. Жаңа технологиялық біліммен қарулану функциясы арқылы оқушылардың бойындағы еңбекке деген алуан түрлі қабілеті практикалық қызметпен білімді игеру бойынша ерік-жігердің дамуына әкелді.
Еңбек
тәрбиесіндегі балалардағы
Өндіріс жаңашылдарының құндылықтарды жасау жұмыстарында тек ғылыми-техникалық және экономикалық талаптарды білу емес, сол сияқты білім мен іскерлікті терең игеруінде. Мектеп мұғалімдері жоғарғы оқу орындарынан шығатыны белгілі. Осы жағдайда ағаш, темір материалдары негізінде оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруды қазіргі кездегі нарықтылығы мен белсенділігін байсалдылықпен өлшеу ғана емес, сол сияқты мәдени қазыналардың негізінде бағалай білу керек. Қазіргі ой қоғамның ұлттық өнері дамуындағы үдемелі еңбек күштімен байланысса, ойдың жаңарту қабілеттері арта түсер еді. Мұндай жағдайда еңбектің де, еңбекшілердің де бағасы өзгереді. Көбінесе қоғамдық еңбек, негізгі мәдени қазыналы еңбекпен байланысса иеленушілерге де тартылды, әрі қызықты болады. Қазіргі заманда шығармашылық еңбекке, еңбек қазыналарына философтар, педагогтар, психологтар ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақтың өз заманындағы ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» - деген арманы орындалды. Сондықтан қазіргі кезде республикамыз экономикалық саяси егемендікке қол жеткізуі әр қоғам мүшесінің ұлттық сана-сезімінің жоғарылауын талап етеді.соның ішінде күн тәртібінде қойылатын мәселелердің бірі жалпы білім беретін мектептердегі технология сабағында мәдени саладағы ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау жолдарындағы ерекшеліктерді 5-9 сынып оқушыларына жете таныту қажет. Олардың ішінде халық қазынасындағы қолданбалы қолөнер негізін игеруге тәрбиелеу т.б. Қазіргі таңда қазақ мектебінің алдында тұрған асу, алынбай жатқан қамал аз емес. Қай қырынан келіп, қай ұшынан ұстасаң да ұшан теңіз сұрақ алдыңнан шығады.
Информация о работе Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік