Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 13:33, курсовая работа

Краткое описание

Біздің ойымша дәстүрлі мәдениеттің сәнді киімдердің ерекшеліктерін зерттеу барысында күттіремейтін міндеттер тұр. Соған орай мода талабына сай киімді жаңғыртып отыру адам мәдениеттілігінің де белгісі. Әр дәуірде, әрбір тарихи кезеңге сәйкес киімнің өзіне тән формасы, пішімі, өңделуі мен материалы, матаның түсі мен суреттері , олардың костюмге үйлесімді болады. Жас жеткіншектердің сегіз қырлы, бір сырлы сапалы да салауатты тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себептер нәрсе-еңбек болғанда баланың көңілінен шығатын қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы еңбек.

Содержание

І. Кіріспе. .......................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ұлттық костюм тарихы....................................................................
2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі.............................................................
2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары.............................
2.4 Матаның қасиеттері……………………………………………..
2.5. Бұйымның тігу технологиясы…………………………………….
2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар..
2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беру.........................................................................................
2. 8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім..................................
ІІІ. Қорытынды............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая работа. Бөрік.docx

— 137.17 Кб (Скачать файл)

Нарықтық экономикаға көшу деп аталатын өтпелі кезең қатаң бәсекелестікке негізделген іскерлер, кәсіпкерлердің заманы.

Ендеше жастар үшін «жалаң» білім жеткіліксіз, яғни, сол алған білімін тіршілік көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық тәрбие беру, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету-бүгінгі күннің қажеттігі. Бұл жағдайда өз тіршілігін ұйымдастыра алатын адам ғана аман қалады. Әр отбасының, мектеп ұжымдарының нағыз ойланар тұрпы да, білек сыбанып қолға алар иісі де осы.

Екіншіден, ұлттық тәрбиенің негіздері оқыту мазмұнымен астасып, сабақтасып жатуы шарт. Тек қай пәнде, қай қырынан келуді анықтап, балалардың жас ерекшеліктерін, жыныстық өзгешелігін үнемі ескеріп отыру қажет. Әр сабақтың тақырып аясында тәрбиелік мақсатын айқындап отыру, сабақ үстінде туындайтын әр ыңғайлы сәтін мүлт жібермей жеке бақылап, орнымен ықпал жасай білу-әр мұғалімнің күнделікті міндеті.

Еліміздің тәуелсіздігі, экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайының өзгеруі, оны ары қарай дамытып көркейтетін болашақ азаматтарын тәрбиелейтін ұлт мектебі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып барлық бағытта тәрбиелеу, оқыту және әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып, оның дамуына мүмкіндік жасау.

Рухани сұраныс пен әлеуметтік және экономикалық өмірдің талаптарына сәйкес жалпы білім беретін ұлт мектебінің қоғамдық мемлекеттік қызметін айқындау барысында жас ұрпақты алдағы қоғамдық өмірге еркін араластыру үшін оларды өз салт-дәстүрді жаңартудың ұйытқысы болуға баулу көзделеді.

 

 

 

2.8  Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім

          Қазақ халқының ою-өрнектерін бас киімдерде қолданылуы. Баланың бас киімдерін пішіп тігу және оның үстіне ою-өрнек түсіріп кестелеу.

Сабақтың мақсаты: ұлттық талғам, әдіспен, сәнді етіп баланың бас киімін тігіп, оны оюлап кестелеу.

Ақпараттық құзыреттілік: қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет-ғұрпын, сонымен бірге безендіру технологиясымен танысу.

Коммуникативтік құзыреттілік: оқушылардың ою-өрнек жөніндегі білімдерін, шеберліктерін одан әрі дамыту, ою-өрнек үлгілерін ойып үйрету.

         Проблеманы шешу құзыреттілігі: ою-өрнек түрлерімен жете танысу, ұлттық көркем өнердің дәстүрін қазіргі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайда пайдалану. Оқушыларды әдептілікке, бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: инновациялық әдіс, топпен жұмыс.

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: халық шеберлігінің туындыларының суреттері, ою-өрнек түрлері, үлгілері, магнитафон, қазақ халқының күй өнері таспасы. Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, бас киім түрлері, мата, ине, жіп, қайшы.

Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика, музыка, әдебиет.

Сабақтың мазмұны мен барысы: ұйымдастыру кезеңі: 2-3 минут.

Үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар:

    1. Инемен, қайшымен жұмыс жасау кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері;
    2. Саусақты инемен шанщып алудан сақтану, инені арнаулы жастықшада ұстау, иненің сабақтаулы жібі болуын ескеру.

Сабақ барысы: бөрік халқымыздың ертеден келе жатқан көрікті ұлттық бас киімі. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөрікті бағалы аң терісінен тігеді. Терінің түріне қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, елтірі бөрік деп аталады да, төбесі төрт сай, алты сай болып келеді. әр сайдың төбеде түйісетін ұштары ұшбұрыш тәрізді, етек жақтары тік төртбұрышқа ұқсайды.

Тақияның түрлері биік төбелі, тегіс төбелі болып келеді. Қыздардың тақиясына теңге, моншақ тана тағылады. Ерлердің тақиясында мұндай заттың орнына ою кестеленеді. Оюлар – «мүйіз», «ат ерік», «таңдай», «ирек» т.б. болады. Үшкір төбелі тақиялардың жиегіне түрлі қымбат аңдардың терісін тігіп, құндызды тақия, қалқалы тақия деп атайды. Қыздар жайпақ төбелі тақияны күнделікті киетін етіп тігеді, көбіне кестелі болады. өткен сабағымызды біздер кішкентай нәрестеге арналған бас киім тіккен болатынбыз. Бас киім үшін қандай өлшем бірліктерін алу қажет екенін еске түсірейік.

1) Бастың  толық өлшемі, яғни маңдайдың  алдынан бастап, шекеге дейінгі  аралықты, көлденеңінен өлшейміз.

2) Маңдайдан  төбеге дейінгі аралықты, биіктікті  табамыз.

3) Шекенің  жалпақтығы, басымызды толық өлшеп, өлшем бірлігінің жартысын аламыз.

4) Шекеден  мойын аралығын, яғни бас киімнің  биіктігін табамыз.

Осы тігілген бас киімге ұлттық ою-өрнек түсіреміз. әшекейді түсіре білу де өнер. Суретті түкті матаға түсіру оңай емес, тез өшіп қалады. Сол себепті әр түрлі әдісті қолданамыз. Мысалы:

  1. Түрлі-түсті қарындашты пайдалануға болады;
  2. Суретті қағазға түсіріп ойып алады да, матаға инемен шаншып бекітіп, төңірегіне үгілген бор жағады. Сонда суреттің жиегі анық көрініп тұрады;
  3. Сүтке кішкене қант салып араластырып, ұшы үшкір ағашпен сүтке малып отырып, суретті матаға сызса ап-айқын болып ізі қалады;
  4. Сурет салынған жұқа қағазды матаға салып, нұсқасымен көктеп шығады да, қағазды ептеп алып тастайды;
  5. Егер суретті дайын бұйымнан көшіріп алатын болса, онда кестенің үстіне ақ қағаз салып, үстінен үйкелейді. Содан соң ақ қағазға түскен суреттің таңбасын қарындашпен сызып алады;
  6. Суретті көшіріп алу әйнегіне жабыстырып тұрып, қарындашпен суреттің сызығын қуалай отырып сызады.

Бөріктің тысы төрт сай, оны жеке-жеке кестелеп алу керек. Кестелеу кезінде жіптің ұшын түйіншектеуге болмайды. Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға мынадай тәсілдермен бекітеді. Бірінші, инені тігілетін гүлдің ішінен бірнеше рет шаншып ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кетеді. Кесте тігіп болған кезде болмаса жіп біткен кезде кестелеп отырған инені жіп шаншып, суреттің астына жіберу керек, астыңғы жағынан бір-екі шаншып бекітіп, жіпті қиып алады.

Шым кестемен сурет бойынша кестелеудің бірнеше түрі бар. Сол себепті толықша түсініктеме беріліп отыр. Шым кестемен  өсімдіктің жапырағын, гүлді, геометриялық ою-өрнекті кестелейді. Қыздардың бас киіміне көбінесе раушан, қалампыр гүлдері түрінде, кейде тіпті сабағымен немесе өсімдіктің жапырағы мен күлтесін де қолданады. әрбір өсімдіктің мән-мағынасы болады, «қызым сұлу, әдемі, шебер, өсімтал болсын» деген мағынада орындалады.

Сарамандық жұмыс технологиясы: Бас киімге ою-өрнек түсіре отырып, әдемі мулине жіппен кестелеу керек. Тігу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау үшін 1- оқушыға карточка беру арқылы сұрақ-жауап алынады. Сөзжұмбақ жазылған плакатты тақтаға ілу.

    1. Жеті рет өлшеп бір рет ....
    2. Білім таппай мақтанба, ....
    3. Еңбек қылсаң ерінбей, ....
    4. Көз қорқақ, ...
    5. Ердің атын, ....

Жаңа сабақты қорытындылау:

Ою-өрнек дегенді қалай түсінесіңдер? Ою-өрнек латынның «орнамент» - әсемдеу деген сөзінен шыққан. Ою-өрнектің қандай топтарын атай аласыңдар?

Оқушылардың білімін бағалау: Оқушылардың тіккен тігісін, берген жауаптарын ескере отырып бағалау.

Үйге тапсырма: кесте тігу өнерін игеру.

Қорытынды

Киімнің ұлттық дәстүрдегі басты мәдени құндылықтарына қазақ елінің болмысы мен дүниетанымы, атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани мұралары, дәстүр жалғастығы, көркемдік, ұлттық талғампаздығы жатады. Осыларды пайымдай отырып, қазіргі кезеңдегі жалғасын тапқан жаңа үрдіс сабақтастығын қарастырамыз. Яғни, халқымыздың ілкі мәдени мұраларының көне сырларын үлгілеудегі саралап зерттеудің мән-маңызы зор.

Өркениет жағдайында туындайтын қолөнер өзіндік заңдылыққа ие, ол заңдылықтар жаңа қажетіліктер мен сұраныстарға байланысты қалыптасады. Ол өзінің жаңа мәдени қондырғыларын туындатып, яғни табиғи гармонияның орнына жасанды дисгармонияны туындатады. әлемдік мәдени жетістіктердің жас өркениетке енуінен өзіндік жаңа құндылықтар пайда болып, өркениет әлемінде әмбебаптылық көрініс пайда болады. Дәстүрлі киім үлгілерінің ұлттық көрінісінің нақыштары, өрнектері, айшықты ырғақтары, стильдері өзіндік ерекшелігімен құнды.

Ұлттық рухани мұралардағы таңба, ою-өрнек, бояу түсі халықтың таным-түсінік, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, рәсім, ырым, наным-сенім, этникалық орта және мінез-құлықпен байланысты ерлік, қайрат-күш қасиеттері сияқты көріністерде дербес қарастыру арқылы, киімнің дәстүрлі мәденеті мен дүниетанымының көне қыртыстарына көз жібере, қазіргі киім мәдениетіндегі дәстүрлі форманың сақталу сипатына талдау жасай аламыз.

Қазақы киімнің көне үлгілеріндегі рухани болмысы мен қазіргі көркем-эстетикалық талғам мен іс-әрекеттердің құндылық дәрежесін қабылдау үлгісін дұрыс «оқи» білуіміз керек. Сонда ғана ұлт өкілдерінің дүниетанымын түсінуге мүмкіндік тумақ.

Қазіргі киім үлгілеріндегі ұлттық дәстүрдің сақталу мәдениеті заман талабына сай туындап отырған мәселе болғандықтан осы үрдістегі үйлесімділіктер мен қайшылықтар жаңа мәдени құндылықтардың көзі ретінде қарастырады. Жасанды дисгармония тудырып отырған төмен деңгейдегі құнсыздықтар мен келеңсіздіктерге, сиықсыздықтарға жол бермеу мәселесі қазіргі киім үлгілеу өнерінде алда тұр. Жаңа талғамды қалыптастыруда өлшемді төменнен емес, жоғары деңгейден алынғаны дұрыс.

Қазақ ұлттық киімінің тарихи даму жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін, оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мән-мағынасын жан-жақты танып білу болашақ жастардың бойына рухани сезім мен көркемдік талғамды жетілдіріп, ұлттық мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастырады.

Қазіргі киім дизайндегі ұлттық нақыштардың ерекшеліктері қазақ халқының рухын, дала рухын, еркіндікті және шығыс көрінісінің рухын танытатын ою-өрнек әшекейлердің әр түрлі үлгілерінде көрініс береді. Қазіргі үлгілердегі бейнелейтін суретші-модельерлердің шығармаларында ерекше ұлттық нақыштардың, желілердің көркемдігі байқалады және жан толқуын бейнелейді.

Киім дизайндегі қазіргі ұлттық тақырыптар киімнің тарихымен, елімізде тұратын барлық халықтардың үзілген ұлттық дәстүрлерінің байлансын қалпына келтіру, жетілдіру секілді өзара сабақтастықты нақыштық формалардың үндесуінде қарастырылады. Қазіргі киім дизайндегі жаңа көрініс арқылы тамаша қазақ ою-өрнегімен өмірді шабыттандыруға және ұлыстар мен сақтардың ұрпақтары ретінде ғасырлардың байланысын көруге болады.

Киімдердің көркемдігі, байлығы, сан қилы өрнек безендіру әсемдігі адамға моральдік және рухани жағынан дем беріп, ойды баурайды.

Ұлттық киім өнерінің жетістігін қауым игілігіне айналдыру, жергілікті жерлерде халық шеберлерінің істерін жас ұрпаққа насихаттау, киім әшекеіндегі ұлттық нақышты, пішімді қазіргі заманға сай қолдана білуге үйрету қоғам міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Национальная одежда казахского народа. National dothes of Kazakh people. – Алматы: «Алтынкітап», 2007ж.
  2. Бикенов А. Қазақтың материалдық мәдениеті: Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2010ж.
  3. Мальцева Е.П., Материалтану, 2003ж.
  4. “Мектептегі технология” журналы, №1-12 2008ж.
  5. “Технология”, 7-9 класс, “Атамұра”, Алматы, 2001ж.
  6. Қасиманов С. “Қазақ халқының қолөнері”, Қазақстан, Алматы, 1995ж.
  7. “Шаңырақ” энциклопедиясы
  8. Жанибеков О., Эхо. Өнер., Алматы, 1990ж.
  9. “Рукоделие в школе”, Санкт-Петербург, 1996г.
  10. “Сән үлгілері” журналдар. №10. 2004,  №5. 2004
  11. “Швейные изделия бытового назначения”, Москва, 1984г.
  12. “Швея-портной легкой одежды”, Ростов-на Дону, 2001г.
  13. Өстеміров К., “Дидактикалық материалдар”, Алматы, Атамұра, 2003ж.
  14. Васильенко Е. В., “Обслуживающий труд”
  15. Юресовский А.Ю., “Как шить красиво”, Мир, 1990г.
  16. “Шитье для женщин”, Москва, 2003г.
  17. Васильева А. В., “Азбука кройки и шитья”, Ростов-на Дону, 2001г.
  18. Учебное пособие, Москва, 2003г.
  19. Скачева У.В. “Курсы кройки и шитья”, Ростов-на дону, 2001г.
  20. Асанова С., “Сымбат”, алматы, 1995ж.
  21. Дарменова “Тігін бұйымдарының технологиясы”
  22. “Бурда” журналдары №7-10, 2007ж.
  23. “Бурда журналдары № 4-11, 2008ж.
  24. “Ателье” журналдары №2-8, 2008ж.
  25. “Ателье” журналдары №3-5, 2007ж.

 

 


Информация о работе Қазақтың ұлттық бас киімін тігу әдістемесі. Бөрік