Балмұздақ технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда сүт және сүт өнімдері бойынша жылдық тұтыну нормасы 4,3 млн. тонна құраса, 2010 жылы 5,4 млн. тонна сүт өндірілген. Халықтың сүт және сүт өнімдерін (сүтке аударғанда) тұтыну деңгейі тұтынудың ұлттық нормасынан (1 адамға 260 кг/жыл) 30% артып, жылына 1 адамға 338 кг құраған. 2010 жылы республикадағы сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар сүт өнімдерінің өндірісі үшін 1,4 млн. тонна сүтті қайта өңдеген, бұл жалпы сүт өндірісі көлемінің 30,4%.2010 жылы сүтке айналдырғандағы сүт өнімдері импортының көлемі 877,9 мың тоннаны құрады. Есепті кезеңде сүт өнімдері экспортының көлемі 10,2 мың тоннаны құрады. Сүттің жыл сайынғы қоры 2,2 млн. тоннаны құрады. Жақында Астанада бас қосқан мамандар Қазақстанның үздік сүт өнімдерін анықтады. Ал отандық өнім өндірушілер өз мәселелерін ортаға салып, бүгінгі Кедендік одақ аясында бәсекеге қабілетті тауардың сапа­сы мен қауіпсіздігін тағы бір мәрте пысықтап шықты. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, сүт өндіру саласындағы қазақ ұлтының әмбебап технологиясы отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.[

Вложенные файлы: 1 файл

Фатима курс.docx

— 101.20 Кб (Скачать файл)

Балмұздақты өндірідің  технологиялық процессі келесі операциялардан тұрады: негізгі шикізатты дайындау, қоспаны дайындау, фильтрлеу, гомогендеу, пастерлеу, салқындату, жетілдіру, фризерлеу, қаптау, қоспаны шынықтыру. Пастеризация мен салқындатуға арналған пастерлеу-салқындатқыш, жіңішке қабатты құйынында балмұздақ  қоспасын пастерлеу мен салқындату арналған. Бақылау-өлшегіш құралдар технологиялық процесстің толық  автоматтылығын қамтамасыз етеді және соңына дейін пастерленбеген өнімнің  шығуына кедергі жасайды.

Зауытқа түскен сүтті өлшейді. Сүт өндірісінде  қолданылатын ыдыстарға резервуар, ванна мен бактар жатады. Сақтау резервуары берілген режимде сүтті  және сүт өнімдерін сақтауға қолданылады. Бұл ыдыстарды есептеген кезде  шикізаты ыдыстарда ұстау уақыты немесе шикізаттың мөлшері ескеріледі.

Шикі  сүтті сақтауға арналған резервуар  жобалаудың нормасы бойынша күндік зауытқа түсетін сүттің 40% құрайды.

Осыны ескеріп, шикі сүтті сақтау үшін сыйымдылығы 2000 л резервуарды жобалаймыз.

Технологиялық мақсатта қолданылатын ыдыстар шикізат  көлемі мен өндірілен өнімнің  көлемімен таңдаланылады. Бұл жобалауда  балмұздақтың қоспасын өндіруге арналған вертикалды маркасы П6-ОРМ-2,0 сыйымдылығы 2000 л резервуар қолданылады.

Сепараторларды  сағаттық өндіру және басқа таңдалынған  жабдықтардың өнімділігі ескеріліп  таңдалынады. Барлық сепараторлардың  саны зауытқа түсетін шикізат  пен үздіксіз 3-4 сағат жұмыс істеу  өнімділігімен есептелінеді.

     Бұл жобадағы барлық талаптарды ескере отырып келесідей сепаратолар таңдалынды: маркасы Г9-ОСП-3 сүтті кілегей мен майсыздандырылған сүтке бөлуге арналған сепаратор-кілегей бөлгіш.

    Жылуалмастырғаш аппараттарға суытқыш, жылытқыш, пастерлеу-салқындатқыш қондырғылары жатады. Оларды сағаттық өндіру мен технологиялық графикпен ескеріліп таңдалынады.

     Бұл жобаға кілегейлі, сүттік және пломбир балмұздақ өндірісін, қоспаны фризерлеу мен дайын өнімді қаптауға дейін  комплекстік механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін   ОЛС линиясы қосылған. ОЛС линиясына келесі аппараттар жатады: фризер маркасы ОФИ , тоңазытқыш марксы ОСС, қаптау аппараты маркасы АР-С.

Үздіксіз  жұмыс істейтін Б6-ОФШ-2 балмұздақты  салқындату, ауамен қанықтыру мен  сүттік, пломбирлік немесе кілегейлі  қоспаны толықтырғыштармен немесе толықтырғышсыз қатыру арқылы өндіру арналған. Фризер корпус, цилиндр(горизонтальді),насос, қоспаны қабылдау бакы, электржабдық пен өнімдік құбырдан құралады.

Салқынмен қамтамасыз ету жүйесі –аммиакты. Бұл фризер басқа маркалы фризерлерге қарағанда бірне артықшылықтары бар:

  • қоспаға арналған фризер мен бактың жалпы компоновкасы біртекті тіктөртбұрышты формада жасалған;
  • облицовка есігі ашылынатын алынатын панельдер түрінде жасалынған, бұл жөндеу мен санитарлық өңдеу кезінде жеңілдік жасайд;
  • басқару пульті мен құрадардың алдынғы бөлігінде орналасуы оператордың жұмысын жеңілдетеді;
  • вибрациялық шулардың сипаттамасы төмендетілген;
  • бөлек шынжырлар мен агрегаттардың тұрақтылығы жақсартылған;
  • тосқауылмен мен қамтамасыз етілген, насостар тоқтаған кезде аммиакты      беру жүйесіндегі клаппанның жұмысын тоқтады, бұл араластырғаштың      цилиндрге жабысып қалуына кедергі келтіреді;
  • жарықтық және дыбыстық қорғаумен қамтамасыз етілген.

     Тезтоңазытқыш аппарат АПС-450 балмұздақ қоспасын шынықтыру мен содан орауға жөнелтуіне арналған. Аппарат камера, шынжырлы транспортер мен люлька, буландырғыш, вентиляторы бар каркасы, қабылдау мен шығару қралымен және тронпортердан тұрады. Балмұздақты шынықтыру 30-45 минут аралығында жүреді, буландырғыш горизонтальды батареялардың құбырларынан қтетін салқын ауамен өңдеу арқылы жүреді. Стакандары бар люлькалар шынықтыру камерасындағы барлық жолды өткен соң, олар қабылдау орынына қайта оралады, люлькалардың бұрылуынан айналып тұрған барабандарға түседі, ал бос люлькалар қайтадан қабылдауға орынына барады. Айналып тұрған барабан стакандарға вертикадық қалып береді және қаптау аппаратына жіберу үшін транспортерге орналастырады.

     Балмұздақты қаптауға бұл жобада қаптау аппараты Линепок ФА таңдалынған. Қаптау автоматы қызметін ламинирленген полиэтиленді қағаз тығыздығы 30-35 г/м2 немесе лакталған целофан тығыздығы 35-40 г/м2.

 

 Центрден тепкіш насос НМУ-6

 

Қақпағы жабылатын цилиндр формалы корпусы  бар. Корпустың ішкі жағында саңылау  арқылы қалақтары орнатылған білік  өтеді. Қақпақ резина сақина мен қысу винттарымен нығыздалған. Онда біліктің осі арқылы сору патрубкасы орналасқан. Корпустың цилиндріне жанама қысым патрубкасы орнатылған.

Білік айналған кезде насос камерасында сүт  қалақпен камера перифериясына лақтырылып, центрден тепкіш күштер әсерімен қысым  патрубкасына өнімді шығаруға және сүт өткізгіштермен тасымалдауға арналған қысым жасалады. Бұл кезде насостың камерасының ортаңғы бөлігінде сиреу пайда болып, сүттің жаңа порциясы түседі. Сүт ағыны тоқтамайды. Қысым қуысынан корпус пен болдырмау қалақшасы арасындағы сору қуысына сүтті қайтару араларындағы минималды мүмкін саңылаулар арқасында өтеді.

Электрқозғалтқыштан насостың жұмыс дөңгелегіне бағытталатын энергия насостың өз ішіндегі гидравликалық  қарсыласуды жеңуге және сүт ағыны  энергиясының өсіміне жұмсалады. Насос  ішіндегі гидравликалық қарсыласу  сору және қысым патрубкаларының  формасына, қалақшалар, олардың және корпус арасындағы саңылаулардың формасына, клапан профиліне және олардың беттерінің өңдеу тазалығына тәуелді. Насостағы  сүт ағымы энергиясының өсімі  жұмыс дөңгелегінің айналу жиілігі, камераның және жұмыс дөңгелегінің өлшемдері мен формасына тәуелді  болады.

Центрден  тепкіш насос НМУ-6 техникалық сипаттамасы:

Беру, м3

6

Қысым (напор), м

8

Патрубка диаметрі, мм

                      Сору

                      Қысым

 

40

21; 29

Жұмыс органының айналу жиілігі, с-

47

Электроқозғалтқыш қуаттылығы, кВт

1,1

Габариттік өлшемдері, мм

390х275х200

Масса, кг

14,8


 

Гомогенизация – бұл май түйіршіктерін сүтке  сыртқы күштер әсерімен майдалау (диспегирлеу) процесі. Өңдеу барысында май  түйіршіктері өлшемі азайып, қалқып шығу жылдамдығы төмендейді. Май түйіршіктері қабықша затының қайта бөлінуі  жүріп, май эмульсиясы тұрақталады, және гомогенделген сүт тұнып  қалмайды.

Гомогенизатор цилиндрінде сүтке 20 МПа (175 атм) қысымда  механикалық әсер жүреді. Сүт құбыр арқылы насос көмегімен сорғы арнасына түседі. Жұмыс кеңістіген сүт қысым арнасы арқылы гомогендеуші бастың І мен ІІ сатысына беріліп, және ер (седло) мен клапан арасындағы сақиналы саңылаудан үлкен жылдамдықпен өтеді. Осы кезде сүттің май фазасының диспергілеуі жүреді.

Гомогенделген өнім потрубок арқылы құбыр бойынша  ары қарай өңдеу мен сақтауға бағытталады. Өнімді гомогендеу қысымы пружинаны басу арқылы туындалып, тұтқа  көмегімен реттеледі. Гомогендеу қысымын бақылау манометрлік бас арқылы орындалады.

 

          Гомогенизатор Г9-ОСП-3 техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштер

Саны

Өнімділігі,л/с

3000

Жұмыс  қысымы,МПа

12,5-17,5

Плунжеранын диаметрі,мм

26,5

Кіріс плунжері

52

Электрдвигателдің қуаты,кВт

10

Иеленген алаңы, м2

0,77

Габариттік өлшемдері, мм

Ұзындығы

Ені

биіктігі

 

852

560

1234

 

720


 

                   Пластиналы салқындатқыш  А1-ООЯ-2,5

 

      Сүт, кілегей, айран, сүт қоспалары, шарап, сыра, шырындар, су және т.б. физикалық қасиеттері бойынша оларға жақын өнімдерді жабық ағында салқындатуға арналған. Тамақ өндірісі кәсіпорындарында қолданылады.

      Пластиналы типті салқындатқыш жұмыс беті бөлек параллельді байланысқан пластиналардан тұратын жылуалмастырғыш түрінде болады. Ол жоғары және төменгі горизонтальді штангалары бар бас бағанадан, қысым плитасы мен гайкадан тұрады. Жоғарғы штангаға жылуалмасқыш рифленді бетті жұмыс пластиналары ілінген. Олардың арасында резиналы орнатулар (прокладка) арқасында арналар түзіліп, сол арналар арқылы салқындатылатын өнім мен суықтасымалдағыш өтеді. Барлық пластиналар қысым плитасы мен гайкалармен қамданады. Пластиналы салқындатқыштарды сипаттайтын негізгі параметрлері типі мен жылуалмастырғыш пластиналарының саны болып табылады.

      Сүт өндірісі аппараттарына жалуалмастырғыш пластиналарды лента-ағынды және торлы-ағынды типтері шығарылады.

      Бірінші типті пластиналар олардың арасындағы туындайтын сұйық ағыны толқынды гофрирленген лентаға ұқсас болуымен сипатталады. Екінші типті пластиналарды қолданғанда сұйық ағыны бірігетін және тармақталатын ағындарға бөлінеді. Екінші типті пластиналар жылуалмастырғыш орталарды итеруге едәуір жоғары кедергіге ие, бірақ жылутехникалық көрсеткіштері лента-ағындыға қарағанда жоғары.

     Пластиналы салқындатқыш  А1-ООЯ-2,5 техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштері

Саны

Өнімділігі, кг/с

2500

Балмұздақ қоспасының температурасы,°С:

Аппаратқа түсу

50

Тұздықтың температурасы, °С:

-5...-7

Орнатылған қуаттылығы, кВт

2,2

Иеленген алаңы, м2

1,7

Салмағы, кг

850

Габариттік өлшемдері, мм

          1835х 600х1475


 

Жабдықтарды таңдау кезінде жаңа жоғары өнімді үздіксіз жұмыс істейтін машина мен  аппараттар , біртипті машина, бірдей өнімділік  пен сиымдылыққа ие ыдыстар, автоматизация, басқару, жабдықтардың жұмыс сапасы ескерілген.

     Таңдалған жабдықтар 3.3.1 кестеде көрсетілген.

 

Атауы

Маркасы

Қуаттылығы л/сағ,

сыйымдылығы, л

Өлшемдері, мм

Ауданы, м²

Саны

ұзындығы

ені

биіктігі

1

2

3

4

5

6

7

8

Кілегейге арналған ванна

ВСГМ-2000

2500

1600

2200

1350

 

1

Фильтр

А1-ОШФ

2500

2500

1360

300

700

 

1

 Центрге тартыш насос

НМУ-6

6000

390

275

200

 

5

Гомогенизатор

Г9-ОСП-3

3000

852

560

1234

0,48

1

Пластиналы пастеризация-салқындату қондырғысы

ООЛ-3

3000

580

320

1020

 

1

Резеруар

РМВЦ-6

6000

2300

2300

3000

 

1

Пластиналы салқындатқыш

А1-ООЯ-2,5

2500

1835

600

1475

 

1

Фризер

ОФИ

400

1150

850

1550

 

1

 

WN055

360

1735

980

523

 

1

Тез мұздатқыш аппараты

АПС-450

450

5000

2300

2710

 

1

Глазировлі агрегат

АГШ-400

400

1160

920

1700

 

1

Көлденеңді қаптау автоматы

Линепок ФА

29216Орам/а

7200 орам/а

3700

1000

1750

1

Информация о работе Балмұздақ технологиясы