Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 21:59, курсовая работа
Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты
Кіріспе..................................................................................................................3
І Тарау. Өнімнің сапасын бағалаудағы жүйелік ................5
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары....................................................................................................................5
1.2 Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................8
1.3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі........................................................12
ІІ.Тарау.Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары.......................................................................................................15
2.1 Нарық жағдайында өндірілетін өнімнің сапасының ұғымы, мағнасы.......15
2.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы....................................................................................................................17
2.3 Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі.......21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................27
Жоғарыда атап өткеніміздей кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін өндірістегі технологиялық үрдістерді жетілдіруіміз қажет. Ол үшін ең алдымен инновациялық жаңашылдықтар керек.
«Инновация» - термині технологияға байланысты дамып келе жатқан түрлі қызмет түрлерімен түсіндіріледі. Анықтамасына қарай инновация – нарықта бұрын соңды болмаған бір – жаңашылдық. Ол жаңа технологияны пайдаланатын өндіріс үрдістерінде немесе басқару жүйелерінде, жаңа өнімде көрініс табуы мүмкін. Мұндай даму – жаңа нарықпен, өндіріс диверсификациясымен және жаңа ұйымдастырушылық құрылыммен байланысты болуы мүмкін.
Қазақстанның қарқынды даму экономикасында инновациялық қызметтің жандануы көптеген өндірістік және коммерциялық мәселелерді шешу құралы болып табылатын – инновацияларға деген шаруашылық етуші субьектілердің сұранысының артуымен түсіндіріледі. Жаңашылдықтарға деген қажеттілік тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысы түрінде көрінеді. Ол экономикалық жағдайлармен, қажеттіліктің қанағаттану деңгейімен, тұтынушы мүмкіндігімен түсіндіріледі. Жаңашылдықты тұтынушының мойындауы, оны неғұрлым тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ендірілген жаңашылдықтарды қоғамның мойындауы ауқымы, сатып алушылардың өнім сапасына деген талаптарымен, табыс деңгейімен, ұлттық дәстүрмен және тұрғындардың әдет-ғұрыптарымен, алдын-ала анықталған қоғамдық сұраныстың қалыптасуына септеседі. Инновацияларға кәсіпкерлердің қызығушылық танытуы келешектегі жаңашылдықтарды өткізуден алынатын табысты бөлудегі үлесімен түсіндіріледі. Жаңашылдықтар саласының таралу мүмкіндігі нақты инвесторлардың инвестицияларды ұлттық экономиканың негізгі даму секторларының басым бағыттарында шоғырландыра алуына тәуелді.
Өндірістің инновациялармен қанығуы жолындағы кедергілердің бірі болып Қазақстанның өндірістік саласындағы кризистік жағдайлар саналады. Ол шаруашылық етуші субьектілердің қорларды өнеркәсіптік қажеттіліктерге жұмсауға бөгет болады. Сондықтан жаңа өндірістердің инвестициялар алу мүмкіндігі төмен. Тәжірибелер көрсеткендей, жаңашылдықтардың таралуына олардың ұзақ уақыт бойы жетілдірілуі кедергі болады. Құрамында жаңашылдықтарды дайындауға оларды пайдалануға негіз болатын және алдыңғы өнеркәсіптік үлгілерді пайдалану нәтижелері туралы мәліметтерді біріктіретін білімнің жинақталуы, келешегі бар нұсқаларды дайындауға, өнеркәсіпті меңгеруде жаңашылдық сипаттамларын арттыруға, оны дайындауды технологиялық ерекшеліктеріне, нақты өндірісті ұйымдастыру және басқару әдістеріне икемдеуге мүмкіндік береді. Жаңашылдықты игеру үрдісінде өндірісте оған қатысушылардың өзіндік тәжірибелері қалыптасады, олардың еңбектерінің ынталандырылуы жоғарылайды, бұл өз кезегінде жаңашылдықтардың технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Жаңашылдықтарды дайындау мен игерудегі зерттеулердің нақты өндірістің технологиялық мүмкіндіктеріне бағытталғандығы өндіріс саласындағы шығындарды қысқартады.
Жаңашылдықтардың таралу жылдамдығына жаңашылдық тиімділігі, оның алдыңғы өніммен немесе кәсіпорынның шаруашылық ету параметрлерін жақсартуға мүмкіндік беретін әдіспен салыстырмалы прогрессивтілігі, сонымен қатар жаңашылдықтарды игеру үшін тартылған инвестициялардың өтелімдік уақыты әсер етеді. Осылайша Қазақстан экономикасының дамуын анықтаушы болып ғылым жағынан ұсыныс емес, ал жаңашылдыққа деген сұраныс табылады.
Жаңа инновациялардың пайда болуы мен оларды өндіріске ендіру көп жағдайда айтарлықтай қаржылық салымдарды талап етеді. Кәсіпорынның технологиялық деңгейін жоғарылатудың ең тиімді әдісі болып қолда бар патенттерді лицензиялау, лицензия пакетін құру болып табылады. Бұл бағытта аумақтық орта кәсіпорынға инновацияларды іздестіру мен қолдау жөнінен мамандандырылған консалтингтік ұйымдар көмектесе алады. Жақсы лицензия пакеті мен оларды ендіру деңгейіне байланысты кәсіпорын бәсекелестік күресте айтарлықтай артықшылықтарға ие болады. Ұсақ және орта фирмаларға ендіру нәтижелерін жалдап, патенттерден көршілес аумақтардан қарымта алған тиімдірек болады. Өйткені патенттердің көп бөлігі шектеусіз пайдалану үшін лицензияланады, сондықтан қайта сатылуы мүмкін. Қазақстан бойынша таралған мұндай лицензиялардың түрлері көп.
Инновациялық фактордың басқа құрамасы болып ірі корпорациялармен технологиялық нарықты монополизациялау табылады. Патенттеу мұнда негізгі тетік болып табылады. Патенттеудің мақсаты қысқа уақыт аралығында бәсекелес корпорациялар дайындайтын жаңа ашулар мен технологиялар есебінен технологиялық шешімдерді неғұрлым көбірек көлемде жаулап алу.
Инновацияны пайдалану патенттік құқықты нақты түсінбейінше мүмкін болмайды. Сондықтан кәсіпорын басшыларына патентке немесе лицензиялауға өтініш толтыруға заңды-консалтингтік фирмалар немесе мамандандырылған инновациялық орталықтар айтарлықтай көмек бере алады. Бұған, патенттік немесе лицензиялық келіспеушіліктерді шешуде тыныштық немесе ұтылмау жағдайы белгілі деңгейде тәуелді болады. Өйткені келіспеушіліктердің көпшілігі патенттік құжаттың толтырылуы немесе мүлдем толтырылмауы жағдайынан туындайды. Тіпті соңғы жағдайдың, егер басқа фирма немесе жеке тұлға патентті бұрын алып қойған болса ең негативті салдары болуы мүмкін.
Инновациялық фактор жеке кәсіпорындар мен холдингтерге ғана таралып қоймай, сонымен қатар облыстардың технологиялық деңгейінде айтарлықтай дифференцияцияланудың пайда болуына алып келетін, аймақтық деңгейдегі қызметі үлкен маңыздылық танытады.
Инновациялық қызмет – шаруашылық етудің динамикалық типінің маңызды белгісі. Бұл нарықтық ортаның даму сипатымен, кәсіпорындар арасында бәсекелестік күрестің шиеленісуімен, өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің қысқаруымен алдын ала анықталған.
Біз өз зерттеулерімізде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, сатумен айналысатын кәсіпорынның инновациялық қызметті ұйымдастыруын қарастырамыз. Егер бұл кәсіпкерлік қызметте шаруашылық етудегі негізгі саясаты қолда бар құралдарды пайдалана отырып қалыпты табыс алу болып, ал инновациялық қызметке жеткіліксіз мән берілсе, онда мысалға алынып отырған кәсіпорынның басқа кәсіпорындардан еш өзгешелігі жоқ, ал инновациялық үрдістің қалыптасу, жалпы қызметінің ұзақ мерзімді тұрақтылығының мәселесі ол үшін өте маңызды.
Талдау көрсеткендей инновациялық қызмет әлі де жаңадан қолға алу деңгейінде, өйткені осы саладағы жоғарғы басшылықтың қолда бар нәтижелермен қанағаттанып, инновациялық қызметті ұйымдастыруда жүйелендірілген жұмыстардың атқарылмай жатқандығы байқалады. Осы кәсіпорын аумағында жүргізілген стратегиялық талдау рентабелділіктің басқа көрсеткіштері өсуге қабілетті болғанына қарамастан соңғы жылдардағы атқарылған жұмыстардан сату рентабельділігінің төмендегенін көрсетеді. Мұндай жағдай тұрақты нарықтық коньюктураны ұстап тұру үшін сапаны, өндірістің жабдықталу параметрлерін төмендету кезіне сипат алады. Кәсіпорынның жалпы проблеммаларын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді. Біздің пайымдауымыз бойынша бұл кәсіпорын жағдайында инновациялық қызмет: біріншіден, нақты мүмкіндіктердің (квалификациясы жоғары мамандардың, төлем қабілетті сатып алушылардың, бәсекелестердің алдында бағалық басымдықтың болуы) күшеюі; екіншіден, қауіп деңгейінің төмендеуіне (бәсекелестермен баға деңгейінің төмендеуі, түрлі себептермен басқа марка өнімдерін қалауына байланысты сұраныстың төмендеуі, жеткізушілер өнімдерінің сапасының төмендеуі, кредиттік ресурстарды тартудың қиындауы) және осының нәтижесінде әлсіз жақтардың әсерін азайту. Бірақ бұл үшін:
сервистік қызмет сапасын қадағалайтын жүйені ендіру қажет.
1.3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа мәселесін шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер, оларды талдау және себептерін талдау кіреді.
Сапасы төмен өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы; өндірістің ескірген технологиясы; орындаушылардың білім деңгейінің төмендігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.
Сапасы төмен өнім өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады.
Өз курстық жұмысымда мен сапа жүйесіне арналған «Сапа» бағдарламасының кейбір баптарын келтіргім отыр.
Республикалық «Сапа» бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 қаулысына сәйкес әзірленген.
«Сапа» бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарының қызметтердің негізгі бағыттарын анқтайды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу және тауарладың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сапасын жоғарлату болып табылады. Оны іске асырудың негізгі бағыттары:
Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтік құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билік ету әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін маңызды.
Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін ынталандыру, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнімдерді сатуға және шығарылуына экономикалық жауапкершілігін арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Сапа саласындағы заңнама нормаларын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілердің қатаң орындалуын мемлекеттік қадағалау органдары өздерінің өкілеттілігіне сәйкес бақылайды.
Ұйымдастырушылық-билік ету нысандары өнімдердің сапасын арттыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сапа саласы мен тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тұтыну қасиеттері туралы халықтың ақпарат алуын арттыруға мемлекеттік басқару органдарының, олардың өкілеттілігіне сәйкес қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Бәсекелесу қабілеті мен өнім сапасы проблемаларын шешудегі табысқа жетудің міндетті шарты ─ талдамалардың техникалық деңгейін арттыру, жаңа материалдарды, озық технологияларды қолдану, өнімдер орамасының әрленімдерін жақсарту.
Тауарлар сапасын бақылау және сынау әдістерін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу талап етуде.
Сапа проблемаларын шешудегі табыстың міндетті шарты ─ практикалық жұмыста өнімдердің сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға қабілетті, жоғары білікті мамандардың болуы болып табылады.
Сонымен, өнім сапасын жоғарлату сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шашімін табуы тиіс деп санаймын:
─ отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
─ сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін жүзеге асыру;
─ тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапаның талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
─ өндірістік саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелердің ортақ жүйесін құру;
─ құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;
─ отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;
─ өнімнің сапасын жоғарлатуда және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
─ өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;
─ инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.
Тарау ІІ. Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары
2.1 Нарық жағдайында өндірілетін өнімнің сапасының ұғымы, мағнасы
XXI ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы, қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т.б. жоғары сапа ғасыры болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің сапасына тәуелді.
Информация о работе Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары