Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 21:59, курсовая работа

Краткое описание

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І Тарау. Өнімнің сапасын бағалаудағы жүйелік ................5
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары....................................................................................................................5
1.2 Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................8
1.3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі........................................................12
ІІ.Тарау.Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары.......................................................................................................15
2.1 Нарық жағдайында өндірілетін өнімнің сапасының ұғымы, мағнасы.......15
2.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы....................................................................................................................17
2.3 Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі.......21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................27

Вложенные файлы: 1 файл

өнімнің сапасы.doc

— 182.50 Кб (Скачать файл)

Сапа - бұл белгіленген және болжанатын сұранысты қанағаттандыра алатын объектінің сипаттамаларының жиынтығы.

Сапа түсінігі: құжаттандырылған процедуралар негізінде үрдістерді басқару; тұрақты тұтынушылармен өзара тиімді әріптестік негізінде өткізу нарықтарын жаулап алу; бәсеке қабілетті өнім ұсыну арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты қызметтің барлық түріне таралады. «Сапа» - бұл өндірілген өнімнің емес тапсырыс берушінің қайтып келуі. Өндірілген өнімнің сапасын анықтайтын факторлар болып тапсырыс берушінің сұранысына икемделу,  кәсіпорынның әрқашан оны ескеріп ал іс жүзінде  оны риза қылу табылады.  

Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мәселелерді тиімді шешу құралы болып сериясы 9000 ISO стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіру табылады.

Бүгінгі таңда жердің барлық түкпірінен Қазақстанға көптеген және әрдайым сапалы емес тауарлар ағылуда, бұл жағдайда тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау және ақпарат қажет. Алматы стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының директоры Есбергенов Базарбай Сейілхановичтің айтуы бойынша, сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың негізгі критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін анықтайды. Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде оның сапасы жайында сөз қозғайды. Сапа әр кезде әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде өткір  мәселе болуда. Елімізде өндірілетін өнімнің көп бөлігі импортталатын тауарлармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға кездеседі. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға негізгі жол ашатын құрал бұл – сапа.

Өнім сапасы – бұл кәсіпорын қызметінің айнасы, осы айнадан қолданылатын техника, технология және басқарушылық деңгейін анық көруге болады.  Өнімнің сапасы – маңызды экономикалық категория, сонымен қатар өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік және т.б, сияқты экономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.

Өнімнің сапасын көтеру:

- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;

- экспорт құрылымын жақсартуға;

- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға  мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының  жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену. Ал, нарықтық қатынастар жағдайында, әрдайым сапалы өнім өндіру кәсіпорын үшін өте маңызды, ең алдымен ол кәсіпорын имиджінің қалыптасуына септеседі.

Жоғары деңгейлі имидж, бұл – танымалдылық және сенімділік, сатып алушылардың фирмаға, оның тауарына, қызметіне, тауарлық белгісіне, жарнамасына, фирмалық стиль атрибуттарына оң және тұрақты көзқарасының қалыптасуына себеп болады.

Қазіргі таңда біз экономиканың әр саласында, әлемдік және Қазақстандық нарықтарда мықты да танымал көшбасшы орындарын иемденетін көтеген шетелдік фирмаларды көреміз. Олар: Adidas, Nike, PHILIPS, SONY, Nokia, Coca-Cola және де басқа көптеген фирмалар.

Өнімнің сапасы саласындағы атақты американ маманы А.Фейгенбаум өзінің «Өнімнің сапасын бақылау» атты кітабында: қызметтің немесе өнімнің сапасы мағынасын, оның пайдалану кезінде сатып алушының талаптарына толықтай жауап беру жолымен қызметтің немесе өнімнің техникалық, технологиялық және эксплуатациялық мінездемелерінің жалпы жиынтығымен анықтауға болатындығын түсіндіреді. Ары қарай автор қызметтің немесе өнімнің сапасын анықтаушы, басқа емес, ал нақ осы тұтынушы екендігін атап өтеді. Кейбір отандық мамандар өнімнің сапасын ғылыми-техникалық прогресстің айнасы деп те атайды. Өнімнің сапа деңгейі оның сапасының көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Ол үшін осы әр көрсеткіштің сандық мағынасын біле отырып, салыстыру үшін есепті өнім ретінде алынып отырған тауардың сәйкес көрсеткіштерімен салыстырылады.

Сапа көрсеткішін анықтаудың негізгі міндеті болып оның сандық мағынасын табу есептеледі. Ол үшін практикада өнімнің спецификасына байланысты келесі әдістер қолданылады:

-  Өлшеу әдісі – приборлар  мен құралдардың көмегімен анықталады;

- Тіркеу әдісі – белгілі бір  жәйттер (мәселен: сынақ кезінде теріс нәтиже)  немесе заттардың (мәселен: стандартталған, унифицирленген немесе патентпен қорғалған әмбебап) санын есептеу мен тіркеуге негізделген.  Тіркеу әдісі арқылы сенімділікті, патентті-құқықты, стандарттау, унификациялау секілді көрсеткіштерді анықтауға болады;

- Есесптеу әдісі - өнімнің сапа  көрсеткіштерін анықтау үшін  арнайы математикалық моделдерді  пайдалануға негізделген;

-  Органолептикалық әдіс –  адамның сезім мүшелерімен: көру, есту, дәм сезу, ұстап көру және  т.б. сияқты қабылдауын талдауды қарастырады. Табылған мәндердің туралығы мен растығы оны анықтаушы тұлғаның квалификация, анықтау қабілеті, кәсіпқойлық деңгейіне байланысты;

- Социологиялық әдіс – барлық  тұтынушылар желісі бойынша ақпарат  жинап, талдау жасау арқылы жүргізіледі. Өнімнің техникалық деңгейі және өнімнің сапа деңгейін неғұрлым терең түсінік ретінде қарастырады;

 

2.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы 

Қазақстан 1996 жылы Ұйымға кіру туралы жариялы мәлімдеме жасап БСҰ-ның құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы статусы берілді. Сонымен қатар еліміздің БСҰ-ға кіруі үшін  Қазақстанның барлық сауда жөніндегі әріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. Бұл топ құрамына: Қазақстан мен оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет білдірген  36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және т.б.) кірді.

Министрліктердің жариялы құжаттарды дайындауы, келіссөздер жүргізуіне және де басқа принципиальді негіздегі мәселелерді шешуі үшін ведомства аралық комиссия құрылды. Комиссия негізінен кедендік-тарифтік саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу секілді сауалдарды қарастырады.

1996 жылдың шілдесінде Қазақстан  сытрқы сауда режимі туралы  мемарандумын және басқа да  құжаттарды (заңдыпроектілік жұмыстар жоспарын, субсидиялау жөнінен ақпараттар, жекешелендіру, салық салу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттау және сертификаттау, интелектуалдық меншікті қорғау және т.б.) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі және заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті.

Қазақстанның БСҰ-на кіруіне қоғамның көзқарасы әртүрлі.

БСҰ-на кірудің позитивті факторлары:

- Қазақстан тауарларына БСҰ-на  мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі, яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ-на мүше елдермен тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне шектеу қойылмауы, антидемпингтік және басқа да дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы;

- Халықаралық стандарттарға сай  қолайлы және транспорентті ішкі  заң ортасын құру;

- Шетел инвестицияларын, өңдеуші  өнеркәсіпке ноу-хау мен жаңа  технологияларды тартуда бірігіп  қызмет ету;

- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың  көлемі мен сапасын арттыру;

- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді  сауда саттық жоспары негізінде  ынталандыру және т.б;

Атап өтетін жайт, позитивті эффект БСҰ-на кіргеннен бастап емес, ал келешекте байқалады.

БСҰ-на кірудің негативті факторлары:

- Көпжақты келіссөздер негізінде  неғұрлым ауқымды өндірушінің позициясы мен көзқарастарының қолдау табуы;

- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;

- Тауар мен қызмет сату аясын  реттеуде жаңа шаралар енгізудің  шектеулілігі;

- Бәсекелестіктің күшеюі және  экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары жағдайының нашарлауы. Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды.

Мемлекетіміздегі ауылшаруашылық секторының жете дамымағандығы барлығымзға бірдей белгілі бола бермейді. Экономиканың көп секторы қалаға немесе негізгі ақша айналым орталықтарына бағытталған. Еліміздегі ауылшаруашылығында бәсекелестік орта жете дамымаған, шетелмен (ЕО, АҚШ және т.б.) салыстырғанда мүлде дамымаған деп айтуға болды.

Осыны негізге ала отырып Президентіміз Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер алдына келесі 2006 – 2007 жылдары орындалуға бағытталған мәселелер жиынын қойды:

  1. Ауыл жылдарында шаруашылықтар үшін  аяғына тұрып, бекінуге мүмкіндік берілді, ендігі кезекте Үкімет алдына орта мерзімде орындалатын, басты мақсаты ауылшаруашылығындағы өңдеуші саланы дамыту болып табылатын бағдарлама жасау бекітілді.  Мұндағы басты назар қосылған құны жоғары ауылшаруашылық өнімдерінде пайдаланылатын шикізатты терең өңдеу. Бұл үшін осы саланы ынталандыруда кешенді түрде жүргізу қажет, мәселен салықтық ынталандыру. Отандық және шетел инвесторларын тарту, бұдан басқа өндірілетін өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру, жанар-жағар маймен жабдықтау керек. Осы жылы Үкіметпен «агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдап Парламентке енгізу керектігі белгіленген.
  2. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде және өндіруде кластерлік бағытты неғұрлым басымдырақ қолдану керек. Қазақстандағы перспективалы дамып келе жатқан 7 саланың ауыл шаруашылығымен тікелей байланыстылары текстильдік және тамақ өнеркәсіптерінің мүмкіндіктерінің жоғарылығын пайдалану.
  3. Қазагромаркетинг және Мал өнімдері корпорациялары базасында  жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және ақпараттық-маркетингтік қолдау желісі құрылған. Осы бағытта Үкіметпен және әкімдермен атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту.
  4. Үкіметке ауыл шаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға өтуін жеделдетуге бағытталған нақты шаралар жоспарын  құрып, бекітуді тапсырамын.
  5. Ауыл шаруашылығындағы тасымалдау инфрақұрылымының жетілменгендігінен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер өнімдерін нарықтарға жеткізуде үлкен шығындар шегеді. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. БСҰ-на кірумен байланысты бұл мәселе аса өзекті қарқын алып бара жатыр. Сондықтан фермерлердің нарықтарға және өңдеуші кәсіпорындарға  өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету.
  6. Үкімет пен әкімдерге ауылшаруашылығын несиелеудің тиімді әдістері мен нұсқаларын ойластыру керек, сонымен бірге ауылшаруашылығына қаржылық көмек көрсету қорында кәсіпорындардың қарыздарын қайта құрастыру керек.
  7. Ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейі өндірістің техникамен жабдықталуына тәуелді. Тиісті ауыл шаруашылық құралмен жабдықталмауы оны дамытуда кедергі болады. Ауылшаруашылық техниканы жаңартудағы кешенді шараларды жергілікті тауар өндірушілермен біріге отырып шешуді Үкіметке тапсырамын. Бұл жерде отандық машина құрастыру мен ауыл шаруашылық техниканың лизингін де естен шығармау керек.
  8. Басымды ретте ауыл шаруашылық ғылымын да дамыту керек. Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы және өнімнің сапасын көтеруде, өндірушілердің ескі технологиядан жаңа технологияға бейімделуі, қосымша аграрлық зерттеулерді пайдалану мен даму деңгейіне тәуелді болады.
  9. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында көптеген шаруашылық субьектілері бар. Олардың көлеміне байланысты жаңа техника мен технологияларды алып, оны пайдалану тиімсіз. Ал керісінше көлемді құрылымдар техника мен технологоияларға қол жеткізіп қана қоймай оларды тиімді пайдалана біледі. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келешекте тек ірі және орта шаруашылық субьектілерінің басым болатынын атап айтқым келеді. Сондықтан Үкімет назарына осы мәселені игеріп, зерттеп, шешуді қоямын.  
  10. Ауылдар біздің қайталанбас тарихымыздың, салт-дәстүріміздің және ұлттық мәдениетіміздің сақтаушысы екенін ұмытпағанымыз жөн. Біздің, қазақ халқының мәдениетін, қайталанбастығын баршаға танытатын кез келді. Сондықтан ауылдағы қоғамның инфрақұрылымын, әсіресе жалпылай-мәдени бағытта дамытуға көңіл бөлінуі керек.

Қазақстанның шикізат ресурстарына (мұнай, газ және т.б.) және алғашқы өңдеуден өткен өнімдеріне сұраныстың артуы қолайлы фактор болып табылады. Бірақ Қазақстанға нарықтағы дайын өнім бағасымен салыстырмалы  түрде алғанда шикізатты сатудан түсетін түсім өте аз. Қазақстан мұнайды сатудан жылына 7 млрд.доллар табыс алса, Ресей сүт өнімдерін сатудан жылына  9 млрд.доллар табыс алады. Осы орайда біз, алдымен бәсеке қабілетті өнім өндіруді үйреніп, содан кейін ғана БСҰ-на мүше болу керек деген тұжырымға қайта ораламыз. Көршілердің қателіктерін қайталамайық.

БСҰ-ы бәсекелік қабілеті өте жоғары тауарлар, әсіресе жоғары технологиялар мен қызмет саласында, өндіретін дамыған елдер үшін тиімді болуы мүмкін. Өкінішке орай Қазақстан әлі мұндай тауар өндірушілер сапына кірмейді. Бізді өндірген өнімдерімізбен Батыста ешкім күтіп тұрған жоқ, бізге Қазақстанның ішінде және ТМД-ы ауқымында қалыптасып қалған өткізу нарықтарын сақтап, дамыта беріп, содан кейін ғана біртіндеп БСҰ-на кіруге дайындалуымыз қажет. Көптеген жоғары дамыған елдер БСҰ-на кіруге бірнеше ондаған жылдар бойы дайындалғаны тарихта бар. Қытайда бұл – 15 жыл уақыт алса, ЕЭО мүшелеріне бірлескен экономикалық кеңістік құруға 35 жыл қажет болды. Сондықтан біз БСҰ-на кіруге қаншалықты жақсы, талпыныспен дайындалған сайын, әлемдік экономикада соншалықты жоғары орын иемдену мүмкіндігі арта түседі. Ал қазір бізге бар ынта-жігерді жинап мыналарға бағыттауымыз керек:

- Консалтингтік-маркетингтік орталықтар құруға;

- Экономиканың өнеркәсіптік секторын, ірі, кіші және орта бизнесті технологиялық қайта құру, алдыңғы қатарлы технология негізінде жоғары технологиялық өндірісті игеру;

- Өнімнің сапасын және бәсекеқабілеттілігін  арттыру;

- Шикізатты өндіруден бастап, жоғары  тауарлы дайын өнім өндірісіне  дейінгі аяқталған өндірістік  циклді қалыптастыру;

- Өндірісті, инновацияны, менеджментті  дамыту тұрғысынан тиімді корпоративтік  құрылымдар құру қажеттігі;

- Ақпараттық технологияларды кең  көлемде ендіру, осының негізінде  өзара байланысқан қызмет пен  тауарлар нарығын құру;

Болашақта еліміздің қолайлы жағдайда дамуында дайын, отандық, бәсеке қабілетті өнім экспорты мөлшерін болмашы жоғарылатқан жағдайда біз БСҰ-ның құрамына тек шикізат дайындаушы ретінде ғана емес, ал терезесі тең әріптес ретінде кіруге мүмкіншілік алған болар едік.

 

 

 

 

 

2.3 Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі

 

Сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың негізгі бағыттары, өнім сапасының деңгейін бағалайтын көрсеткіштер классификациясынан көрініс табады.

Информация о работе Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары