Тасымалданатын жүктің мінездемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 20:51, курсовая работа

Краткое описание

Көлік және көліктік процесс туралы жалпы түсініктер. Көлік халық шаруашылығының әртүрлі салаларының өндірістік – экономикалық байланыстарын қамтамасыз етеді. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстарда, мемлекеттің қорғаныс қабілеттігінде маңызды роль атқарады. Көлік әрбір өндіріс процесінің бөлінбейтін элементі бола тұрып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының арасында, өнеркәсіптің жекелеген салалары мен жекелеген кәсіпорындар арасында байланысты қамтамасыз етеді. Көліктік өнеркәсібінің немесе көліктің оны материалдық өндірістің басқа салаларынан маңызды етіп ерекше көрсететін бірқатар ерекшеліктері бар. Жүктер мен жолаушыларды уақыт пен кеңістікте тасымалдау процесі көліктік өнеркәсіптің өндірістік процесі болып табылады. Көліктік өнеркәсіптің ерекшелігі сонда, ол шикізатты өндемейді және ешкандай жаңа өнімдер жасамайды. Бұл өнімнің санын көбейтпей және сапасын өзгертпей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында белгілі бір өнім түрінде жасалған материалдық байлықтарды көлік өндіріс орнынан тұтыну орнына тасымалдайды.

Вложенные файлы: 1 файл

2болим.docx

— 142.83 Кб (Скачать файл)


Өлш.

Бет

 Құжат №

Қолы

Күні

Датаа

Бет

 

 

ПКАК.1202000.024-13.ТЕ

 

 

 


КІРІСПЕ

Көлік және көліктік процесс туралы жалпы түсініктер. Көлік халық шаруашылығының әртүрлі салаларының өндірістік – экономикалық байланыстарын қамтамасыз етеді. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстарда, мемлекеттің қорғаныс қабілеттігінде маңызды роль атқарады.            Көлік әрбір өндіріс процесінің бөлінбейтін элементі бола тұрып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының арасында, өнеркәсіптің жекелеген салалары мен жекелеген кәсіпорындар арасында байланысты қамтамасыз етеді.    Көліктік өнеркәсібінің немесе көліктің оны материалдық өндірістің басқа салаларынан маңызды етіп ерекше көрсететін бірқатар ерекшеліктері бар. Жүктер мен жолаушыларды уақыт пен кеңістікте тасымалдау процесі көліктік өнеркәсіптің өндірістік процесі болып табылады. Көліктік өнеркәсіптің ерекшелігі сонда, ол шикізатты өндемейді және ешкандай жаңа өнімдер жасамайды. Бұл өнімнің санын көбейтпей және сапасын өзгертпей өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында белгілі бір өнім түрінде жасалған материалдық байлықтарды көлік өндіріс орнынан тұтыну орнына тасымалдайды.      Көліктік өнеркәсіптің өнімін жасауға қоғамдық еңбек шығындарының құндық өрнегі ақырғы өнімнің құнын арттырады. Орын ауыстыруға кеткен шығындар көліктік шығындар деп аталады.      Жүктерді тасымалдағанда оларды тұтынушыдан алушыға жеткізу жылдамдығы маңызды роль атқарады.         Көліктік жүйе- бұл тасымалдауларды орындағанда өзара тәуелді болатын және өзара әсерде болатын көліктің әртүрлі түрлерінің кешені. Біртұтас көліктік жүйе теміржол, су, автомобильдік, құбырөткізгіш және әуе көлігі кіреді.   Алыс қашықтықтарға жүктер мен жолаушыларды тасымалдаулардың жаппайлығы, жылдың барлық мезгілінде тасымалдаулардың тоқтаусыздығы мен бірқалыптылығы, қозғалыс пен жүктерді жеткізудің жоғары жылдамдығы, төменгі өзіндік құны теміржол көлігіне тән ерекшеліктер болып табылады.   Теңіз көлігі тәуелсіз мемлекеттер достастығы порттарының арасында жүктер мен жолаушылар тасымалдауларын және әлемнің 120-дан астам елдерінде жүктердің сыртқысаудалық тасымалдауларын орындайды.      Өзен көлігі кемелері  жүзетін өзендер мен каналдардың орналасуымен дәл келетін бағыттарда үйіп тиелетін, сусымалы және құйылатын жүктерді жаппай тасымалдау үшін пайдаланылады. Ол мезгілдігімен және кеме қатынасы уақытының қысқалығымен ерекшеленеді, бұл тасымалдаудың ең арзан түрін қолдануды шектейді.            Құбыр өткізгіш көлік алыс қашықтықтарға жүктер тасымалдағанда (мұнай, мұнайөнімдері мен газ) үлкен үнемді және сенімді.       Әуе көлігі негізінен тәуелсіз мемлекеттер достастығы ішінде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдеріне жолаушылар тасымалдаумен айналысады.    Автомобиль көлігінің келесі артықшылықтары бар жоғары икемділігі, жүкті жөнелтушіден тікелей алушыға дейін жеткізу мүмкіндігі, қысқа қашықтықтарға жүктер тасымалдағанда тез жеткізу мен арзандығы, жылжымалы құрамның типтерінің көп түрлілігі.           Автомобиль көлігі қатыстылығына байланысты қоғамдық пайдалану көлігі және ведомстволық болып екіге бөлінеді. Қоғамдық пайдалану көлігі автомобиль көлігі министрлігіне біріктірілген және кәсіпорындар мен ұйымдардың жүктерін тасымалдауға бейімделген, олардың ведомстволық қатыстылығына қарамастан.  Ведомстволық автокөлік министрліктер, ведомстволар және де колхоздар мен совхоздар құрамында болады және ведомстволардың кәсіпорындарына, ұйымдарына және құрылыстарына қызмет етеді.        

 

 

1 ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

1.1   Тасымалданатын жүктің мінездемесі

 

Нан құндылығы  – адам организіміне қажетті тағамдық заттардың құндылығымен анықталады. Оларға: ақуыз амин қышқылдары, витаминдер, минералдық заттар, калориясымен адам организімін өзіне үйрете алуы.Сонымен  қатар нанның тағамдық қуаттылығына  мынандай көрсеткіштер әсерін тигізе алады: сапасы, дәмі иісі, сыртқы түрі.

Көптеген  елдерде  тұрғындардың нанды тұтыну нормасы әр адамға шаққанда 150-500г. Кейбір халықтар арасында  нан ең негізгі  тамақтанатын тағам болып табылады. Осыдан да біз нанның тағамдық құндылығымен  оның тамақтануда алатынын қарастырайық.

Көміртек. Нанның құрамында 45% көміртек болады. Нанның құрамындағы көміртек негізінен  крахмалдан тұрады. Крахмал бұл –  күрделі қант (полисахарид), құрамында  көптеген жай қантар бар. Амилонетикалық ферменттердің әсерімен жай қантарға ыдырайды. Крахмал қамырды дайындауда суды сақтау,ал нанды пісіргенде суды байланыстыру қасиетімен ерекшеленеді.

Ақуыздар. Нанның бағалылығы оның энергетикалық құндылығымен бітпейді. Адам организіміне қажетті белоктың 9\1 бөлігін нан өнімдері жеткізеді. Белоктың негізгі құндылығы  басқа тағамдық заттармен ауыстырылмайды. Организмге келіп түсетін экзогендік аминқышқылдары, адам организіміне қажетті белок синтездейді. Және бірнеше қажетті функцияларды орындайды. Мысалы: энергетикалық тасымалдайтын, энергетикалық реттейтін қызметтерді атқарады. Адам организімінде белоктар қорға қалмайды,сондықтан олар адам организіміне күнде түсіп тұруы қажет. Егер протеин қажетті мөлшерден аз болса, онда зат алмасу процесіне қажет витаминдер мен минералдық заттар болмай қалады.

  Нандағы  белоктың жалпы құрамы оның  ұн сортына байланысты болады. Қара нан құрамында белок аз,ал бірақ бидай ұнынан алынған нанда белок көп болады.

  Тамақтағы  белоктың физиологиялық және  тағамдық құндылығы, ондағы аминқышқылдарының  құрамына байланысты. Аминқышқылдары: триптофан, лейцин, фениламин адам  организімінде синтезделмейді. Сонымен  қатар адам организіміне келіп  түсетін аминқышқылдары белок  сапасына байланысты.

Витаминдер. Олар тағамда аз мөлшерде болады,организімге аз мөлшерде әсерін тигізеді,зат алмасу процесін реттеп отырады.

Табиғи  өнімдегі витаминдер өзіндік қасиетіне  қарай 2-ге бөлінеді.Суда еритін (В витаминдерінің көп тобы, С және Р витаминдері) майда еритін (А, Д, Е, К).

Нан организмге  В1, В2, және РР витаминдерін жеткізуші қор болып табылады. В1 витаминдері организімде көміртектің алмасуынан қалыптасады. Организмде  неғұрлым  көміртек  көп болса, соғұрлым В1 витаминін қажет етеді.

В2 витамині ағзалардың тыныс алу процесіне қатысады,организмде энергияның бөлінуіне үлесін қосады. Ал РР витаминінемесе неолетин қышқылы организмде биологиялық қышқылдану процесіне өте қажет. Витаминнің пайда болуы, оның ұндағы мөлшерімен анықталады. РР витамині бидай дәнінде 3-4,5 есе көп болады, бір-бірімен салыстырғанда  В2 витамині қара бидай дәнінде бірнеше есе көп болады. Тағы бір айта кететін жағдай,төменгі сортты ұннан жасалған нанда витаминдер қөп болады

Минералдық  заттар. Тағамда қажетті мөлшерде кальций, фосфор, темір, калий, магний, мыс, йод және тағы басқа қосындылар болуы тиіс. Олар организмдегі көптеген физиологиялық процестерді реттеуші болып табылады. Нан фосфорға, темірге, калийге, магнийге бай. Нанда минералды  заттардың болуы ұнның сортына  байланысты. Неғұрлым нан сорты төмен  болған сайын , нанда минералды заттар көпболады.

Нан және нандық өнімдердегі минералды заттардың  мөлшері ұн сортына ғана байланысты емес, сонымен қатар дайын өнімнің  ылғалдығына да байланысты болады.

Иісі  және түсі. Наның иісі мен түсі қолданылған  шикізаттың кұрамы мен қасиетіне,қамырдың ашуына,пісуіне байланысты. Нанның иісі мен түсіне нанды сақтау жағдайлары да әсерін тигізеді. Ашу процесінде қамырдың құрамында этил спирті, органикалық  қышқыл, эфирлер жиналады, әрине  оларда  нанның иісі мен түсіне өз әсерін тигізеді.

Нан сапасы  ең бірінші астық түріне, сапасына байланысты. Астық өндірісінде оның сапасы бірінші орынға қойылады. Астықтың сапасы өте күрделі фактор. Ол ауыл шаруашылығында себілген тұқымнан бастап, оны мемлекетке тапсыру, тазалау, өңдеу. Ең ақыры тамақ өнеркәсібінде  нан т.б. пісіру процесімен  аяқталады. Осы процестерге көптеген адам күші, техника мен аппараттар қатысады.

 

    1. Жылдың тоқсандары бойынша                   

      жүкағындарын талдау

 

Біркелкіеместік дәрежесі тасымалдар көлемінің біркелкіеместік коэффициентімен  сипатталады

                                                                                                                    (1.1)

Мұндағы, - белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жүктің максималды көлемі (курстық жобада – тоқсанда), т       -уақыттың осы кезеңінде тасымалданған жүк көлемінің орташа шамасы

тасымалданатын  жүктің жылдық көлемі

                                                     (1.2)

                                            

Мұндағы, - курстық жобалауға берілген тапсырманың кесте 1 бойынша анықталатын, жүктер тасымалдарының қосынды тәуліктік көлемі, т

-автокәсіпорынның  жұмыс режимі, жүктерді тасып  шығару мерзімі (пайдаланудағы  күндер)

                                             (1.3)

                                                                                                               (1.4)                

 

                                                                                                           (1.5)

 

Мұндағы, - біркелкіеместік коэфиценті –бір тоқсандағы жүктер тасымалының орташа көлемі.

 

 

1.3 Жүкпункттер  жұмысын 

       ұйымдастыру  бойынша  талаптар

 

Жүкалушылар мен жүк жөнелтушілер арасында қойылатын  талаптар: жүктін зауыттан дүкенге  өз уақытында тасымалдануы, нан және нантоқаш өнімдерінің күнделікті таза, жаңа піскен күйінде әкелу.

Нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Жүк жөнелтуші нан және нан-тоқаш өнімдерін пештен алынғаннан кейін белгіленген мерзімдер  бойы ұстап, тасымалдауға ұсынады.

Нан және нан-тоқаш өнімдерінің  сақталуын қамтамасыз ету үшін жүк  жөнелтуші тиеу кезінде мынадай  талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:

1) науаларды нан және  нан-тоқаш өнімдерінің стандартты  санымен толтыру;

2) қалыптық нанды бір  қатарға биіктігі бойынша бүйір  немесе астыңғы қабығымен қою;

3) таба нан мен нан-тоқаш  өнімдерін (батондар, өрме нан,  бөлкелер және басқалар) бір қатарға  биіктігі бойынша астыңғы немесе  бүйір қабығымен науаның бүйір  немесе артқы қабырғасына қиғаштап  қою;

4) салмағы 200-ді қоса  санағанда, 200 грамға дейінгі таба  нан мен нан-тоқаш өнімдерін  бір-екі қатарға биіктігі бойынша  қою.

Нан және нан-тоқаш өнімдерінің  бір рет әкелу нормалары автомобильмен  жүкті тасымалдау шартында белгіленеді.

Тасымалдаушылар нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау үшін  науаларды қоюға арналған бағыттауыштармен жабдықталған мамандандырылған автомобиль-фургондар немесе нан  және нан-тоқаш өнімдерін контейнерлерде тасымалдау үшін лайықталған автомобильдер  бөледі.

Нан және нан-тоқаш өнімдерін  жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар  стандартты түрде толтырылған науалардың атауы мен саны бойынша әрбір  науадағы өнімнің санын есептемей  жүзеге асырады.

Нан және нан-тоқаш өнімдерін  тиеу мен бос науаларды түсіруді жүк -  жөнелтуші, ал нан және нан-тоқаш  өнімдерін түсіру мен бос науаларды  тиеуді жүк алушы жүргізеді, егер шартта өзгеше көзделмесе.

Нан және нан-тоқаш өнімдері түсірілгеннен кейін жүк алушы  науаларды нанның қоқымдарынан, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерінің жеке сұрыптарын тасымалдау кезінде төселетін қағаздан тазартады.

Жүк алушы бос науалардың мамандандырылған автомобиль-фургонға өзіне жеткізілген толтырылған  науалар саны бойынша тиелуін  қамтамасыз етеді.

Мамандандырылған автомобиль шанағының ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет кезде тасымалдаушы шанақтағы науаларды жүк жөнелтушіге  тапсырады.

Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар торттарды, пирожныйларды  және басқа кремді өнімдерді тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Торттарды, пирожныйларды  және басқа кремді өнімдерді тамақтық емес өнімдермен, сондай-ақ өзіне тән  өткір иісі бар тағамдармен және жаңа піскен нанмен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Жүк жөнелтуші торттарды  тасымалдауға клеенка таспамен байланған  қатырма қораптармен ұсынады. Қораптар шанақта, шанақтың биіктігі бойынша  бірнеше қатар етіп қаланады. Майда  даралы өнімдер (пирожныйлар және басқалар) биіктігі бойынша бір қатармен, қақпақпен  жабылатын металл науаларға салынады.

Жүк жөнелтуші кондитерлік  және кремді өнімдерді тасымалдауға Цельсий (бұдан әрі-0С) бойынша 0-ден плюс 6 градусқа дейінгі температурамен ұсынады.

Тасымалдаушылар торттарды, пирожныйларды және басқа кремді өнімдерді тасымалдау үшін изотермиялық шанағы бар жүк автомобильдерді  немесе мамандандырылған автомобиль-фургондарды  бөледі.

Кремді өнімдерді жүк  жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар  қораптардың атауы мен саны немесе стандартты толтырылған науалар  бойынша жүзеге асырады.

Науа жартылай толтырылған  кезде, майда даралы өнімдерді қабылдау және тапсыру өнімдерді санау  бойынша жүзеге асырылады.

Кремді өнімдерді тиеу және түсіру соқпай және оқыс шайқамай, абайлап жүргізілуі тиіс.

Информация о работе Тасымалданатын жүктің мінездемесі