Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Автоматтандырылған басқару жүйесі – экономикалық-математикалық әдістер, техникалық құралдар (ЭЕМ, байланыс құралдары, ақпаратты суреттеп көрсету құралдыры, мәліметтерді жіберу және т.б.) және күрделі объектілерді (мысалы, кәсіпорын, технологиялық процесс) рационалды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған кешендердің жиынтығы.
Автоматтандырылған басқару жүйесін құрудағы ең маңызды мақсаты –басқарудағы еңбек өнімділігінің өсу негізінде және жоспарлау әдістерін толық жетілдіруде және басқару процесін икемді реттеуде объектіні басқару тиімділігін күрт көтерілуі (өндірістік, әкімшілік және т.б.).

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Проблемаға теориялық шолу..............................................................................5
1.1 Жүйе туралы мәліметтер..................................................................................5
1.2 Сұрыптау стансасына енгізумен байланысты теориялық тұжырымдамалар талдауы.....................................................................................................................7
2 Аналитикалық бөлім............................................................................................8
2.1 Станцияда құжат айналымын қолданатын ұйым жүйесі .............................8
2.2 Қазіргі заманғы талаптарға сай ССАБЖ қызмет атқарылуы ....................12
2.3 ССАБЖ шарты бойынша станса жұмысы туралы есеп беруді құру: жұмыс құжаттамасы, хабарламалар, сұраныстар ..........................................................14
3 Негізгі (ұсынылған) бөлім ................................................................................16
3.1 Жергiлiктi жұмыс құрылымы және басқару функциялары.........................16
3.2 Ауысымдық-тәуліктік жоспарлаудың міндеттері........................................17
3.3 Ағымдағы жоспарлау міндеттері...................................................................20
3.4 Бақылау, жол бөлімшелерінің жергілікті жұмыстарын диспетчерлік басқару және анализ міндеттері...........................................................................22
4 Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері............................................................23
5 ТЖБАЖ құрамы және салмағы толық емес пойыздарды қысқарту нәтижесінде экономикалық тиімділікті есептеу................................................
Қорытынды............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................

Вложенные файлы: 1 файл

АСУ Айгерим курсоваяfce.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

5. Жөнелту паркіндегі құрамдардың натур парақ мәтiндерiнiң массиві;

6. 3-4 сағат ілгері t0 ағымдағы уақыттан бастап пойыздарды жөнелту жоспары.

Үлгiнiң құрама бөлiгі, сонымен бiрге телеграмма-натур парақтардың (ТНП) өңделген мәтiндерi және осы массивтың телеграмма-натур парақтар жүйесінде барлық сақталғандар, құрамдардың жіктелуі мен олардың сыртқы есте сақтау құрылғыларда орналастыру орындары туралы ақпараттан тұратын мазмұны болып табылады.

 

2 Аналитикалық  бөлім

 

2.1 Станцияда құжат айналымын қолданатын ұйым жүйесі

 

 

ССАБЖ пойыз құрылу жоспарын 4—6-сағат аралығында барлық есептелген кезеңге келетін және жоспарға кіретін пойыздарға ТГНП және мәліметтік-телеграммалар; жоспарланатын кезең басына станса ережесі туралы мәлімет; пойыздардың келуін күту туралы мәлімет және анықтамалық-нормативті ақпараттар негізінде қамтамасыз етеді. Жоспарланатын кезең басына стансадағы ереже туралы мәліметтер стансаның ағымдағы күйіндегі технологиялық модельдің ақпараттық массивтерінде болады:

• қабылдау паркінде құрастыруды күтіп тұрған құрамдардың;

• станса парктеріндегі өз құрастырылуындағы құрамдар және транзитті құрамдардың;

• құрастыру жоспарының белгілері бойынша сұрыптау парктеріндегі вагондардың бар болуы туралы мәліметтер қосады

Жоспарды келесі кезектегі есептер алдында АЕО немесе жол бөлімшесінің диспетчерлік аппараты келесі мәліметтерді хабарлайды:

- келесі кезеңге пойыздар, локомотив  және бригадалардың келу жоспарын (0010 хабарламасы);

- кезектегі кезеңге резервке  аялдау және резервпен локомотив  пен бригадалардың жөнелту жоспарын;

- пойыздардың жөнелту керегеніндегі жеке кестелерді бұзу туралы ақпараттар;

- кезектегі кезеңге керегенде қарастырылмаған қосымша пойыздардың белгіленуі туралы мәліметтер;

- бос вагондарды жөнелту тапсырмасы.

Локомотив және бригадалар туралы мәліметтер локомотив депосының кезекшісінен түседі. ТЖБАЖ локомотив күйінің моделі құрастырылады. Стансаның инженер-технологтары жоспарлауға қажет анықтамалық-нормативті ақпараттың енгізілуі қамтамасыз етіледі:

• БЖБ кодтарының құрастырылатын белгілер кодтарына аудару кестелерінен;

•  пойыздардың жөнелту кестесінен;

• құрамдардың керегендік және жоғары рұқсат етілетін салмақ пен ұзындық нормаларынан;

• пойыздардың өңдеу, тарату және жөнелту бойынша операцияларды орындауға уақыттың технологиялық нормативтерінен;

• сұрыптау паркін мамандандыру туралы мәліметтерінен және т.б.

Анықтамалық-нормативті ақпарат жаңа құрастыру жоспары мен пойыздардың қозғалыс керегенін енгізу, жаңа технологиялық процесті енгізу, стансаның техникалық жағынан жабдықталуының өзгеруі кезінде түзетіледі.

Нормативтің жүйеге бастапқы кодталуы мен енгізілуі ЕО мамандары қамтамасыз етеді.

ЭЕМ-да пойыз құрылуының жоспарын есептеу не бекітілген уақыттағы кесте бойынша, не ДСЦ сұранысы бойынша іске асырылады. ЭЕМ жоспарын есептеу нәтижесінде мәліметтерді береді:

•бастапқы жоспарланған кезеңге пойыздардың бар болуы мен сұрыпталатын және транзитті пойыздардың  күтілетін келу уақыты туралы;

•сұрыптау паркіне вагондардың бар болуы және күтілетін түсуі туралы;

•локомотив пен бригадалардың жөнелтуге күтілетін дайындығы туралы;

•құрамдардың жинақталуы мен пойыздардың жөнелтуінің аяқталу жоспары (жөнелтуге, кереген тармағына дайын құрамдарды қосып жалғау және оларды локомотив пен бригадалармен қамтамасыз ету).

Қорытынды кестелерде жоспарларды есептеу кезде жұмыса мүмкін болатын қиындықтар назарға алынады (пойыздарды қабылдамау, пойыздарды жөнелтуге арналған дайын құрамдар, локомотив пен кереген тармағының болмауы). ЭЕМ беретін жоспар қабылданған шараны есепке алғанда түзетіледі.

Әріптік-сандық басу құрылғысына (ӘСБҚ) берілетін станса жұмысының жоспар бланкі сонымен қоса жұмысты орындау нақты нәтижелерін жазу үшін графалардан тұрады және орындалған жұмысты есептеу үшін қолданылады.

Ауысым басшыларында өздерінің жұмыс орындарында видеотерминалдық құрылғылар (дисплейлер) немесе ССАБЖ тікелей ақпаратты алу үшін электронды телетайптар болады. Станса жұмысын шұғыл басқару ССАБЖ өңдеп шығаратын шұғыл ақпаратында және жүйемен шешілетін есептер нәтижелерінде негізделеді.

ДСЦ сұрыптау жүйесінің жұмыс координациясын, станса жұмысы мен іргелес телімдердің байланысын, локомотив және вагон деполарымен, пойыздық және айлалық жұмыстардың ағымдағы жоспардың ССАБЖ есептелетін негізінде торап стансасымен стансаның шұғыл  өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Шұғыл шешімдерді қабылдау кезінде ДСЦ күтудегі пойыздардың келуі және олардың құрамы, стансаның парктері мен жолдарында пойыздар мен вагондардың бар болуы, шұңыл жоспарлардың тапсырмаларды орындау нәтижелері мен сапасы туралы ЭЕМ арқылы берілетін шұғыл ақпараттың сұранысы бойынша қолданады.

ДСЦ пойыздық және айлалық жұмыстардың ағымдағы жоспарда дайындалатын ССАБЖ негізінде өзінің қызметін ұйымдастырады, сұрыптау паркінде әр жол және құрастырылатын белгісі бойынша вагондардың бар болуы туралы ССАБЖ мәліметтері мен әр құрастыруға жататын пойыздың құрамы туралы ақпаратты қолдана отырып, дер кезіндегі құрамдардың таратылуы, жинақталуы мен құрастырылуын қамтамасыз етеді. ДЦСЦ ЭЕМ пойыздардың таратылу және құрастырылу кезегін таңдау бойынша, пойыздарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша тапсырма береді және нақты тапсырма берген кезде ССАБЖ ұсыныстарын қолданады. Ол ССАБЖ көмегімен құрамды дөңестен түсіру кезегін әр түрлі нұсқаларда мүмкін болатын құрамның құрылуын тексереді. ССАБЖ құрамды құрастыру бойынша жұмыстың сапасын бағалау, пойыздың қозғалыс керегені мен вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесінің нормативтерін орындау үшін ДСЦМ ақпараттар береді. ДСПГ ССАБЖ дайындайын сұрыптау парақтары негізінде құрамның таратылуы мен құрастырылуын қамтамасыз етеді. Таратуды ұйымдастыруда ол ЭЕМ есептерінің негізінде таңдалынған құрамдарды түсіру кезегі бойынша нұсқаулармен қолданады. Жүйе ДСПГ сұрыптау паркінде әр жол және құрастырылатын белгісі бойынша вагондардың бар болуы туралы, әр өңделетін пойыздың құрамы туралы ағымдағы мәліметпен қамтамасыз етеді. ССАБЖ станса қызметкерлерін есептеу операцияларын орындаудан, құжаттарды дайындау жұмыстарынан босатады, сонымен қоса:

• келетін және жөнелтілетін пойыздарды өңдеу мен құжаттарды дайындау;

• стансаға келетін пойыздар мен жүктер туралы ақпаратты станса жұмыскерлері мен жүкқабылдаушыларға жіберуді;

• таратылатын құрамдарға сұрыптау парақтарын құрастыруды;

• өз құрастыруындағы пойыздар туралы ақпаратын жіберуді және ТГНП дайындығын;

• пойыздардың бекітілген салмақ және ұзындық нормаларының пойыздардың құрастыру жоспарын сақтауын бақылау:

•   есепке алу және есеп беру формаларын енгізу.

СТО қызметкерлері АБЖ құратырылатын пойыздарғы қосылған вагондар тізімі туралы мәліметтер енгізеді, қажет болған жағдайда құрастырылған пойызға жүйе арқылы құжаттарды беру үшін қажетті мәліметтерді түзетеді. 

ССАБЖ жүйесі пайдаланушылар арқылы — станса қызметкерлері — ЭЕМ енгізілетін ақпараттың негізінде қызмет атқарады. Ақпараттың бір бөлігі автоматты түрде ЭЕМ-нан АЕО, сонымен қатар жол бөлімшесі мен өзара әрекеттесетін стансалардан келіп түседі. Мәліметтер арнайы хабарламалар түрінде енгізіледі.

Тікелей хабарламалардың негізгі түрлерінің тізімі 2.1 кестесінде келтірілген.

 

Кесте 2.1

ССАБЖ  қызмет атқару үшін негізгі тікелей хабарламалар

 

Хабарлама нөмірі

Хабарлама атауы

Енгізу бастаушысы

1

2

3

0001

Пойыз құрамында құрастыру белгілері бойынша вагондар саны туралы мәлімет-телеграммасы

Пойыздың құрастыру стансасы немесе АЕО. Ақпаратты жіберу стансасы

0002

Келетін пойызға ТГ'НП

Ақпаратты жіберу стансасы

Кесте 2.1 жалғасы

0004

ТГНП қызметтік бөлігінің түзетілуі

Техникалық кеңсе

0005

Келетін пойыздың вагон нөмірлерінің тізімі

Стансаның кіру алқымында тізімге алу қосыны

0006

Жөнелту паркіне қойылған пойыздың вагон нөмірлерінің тізімі

Сұрыптау паркінің жұп алқымындағы (горловина) қосын

0008

Құрастырылған құрам   вагондары туралы ақпаратты түзететін мәліметтер

Техникалық кеңсе

0009

Келген құрамның өңдеу нәтижесі бойынша ақпарат

Техникалық кеңсе, КҚКП , ТҚКП

0010

Пойыздардың келу жоспары

АЕО

0016

Пойыздардың құрастыру жоспарын шұғыл түзету

Жол бөлімшесі

0017

Пойыздардың келу жоспарындағы пойыздар-дың келу уақытын түзету

Дәл солай

0018

Пойыздардың келу жоспарынан пойызды шығару

«»

0019

Пойыздардың келу жоспарына пойызды шұғыл қосу

«»

0040

Стансаға пойыздардың келу дерегі бойынша ақпарат

ДСП операторының мәліметі бойынша техконтора операторы

004З

Құрамның тарату дерегі туралы ақпарат

Техникалық кеңсе

0048

Стансада жүк вагондары мен құрамдары бар операциялар туралы ақпарат (орнын ауыстыру, тіркеу, ағыту)

Техникалық кеңсе

0049

Пойыз жөнелтілу дерегі туралы ақпарат

ДСЦС операторы

0050

Пойыздардың жөнелту жоспары

ДНЦ

0051

Жоспарланған пойыздарды шұғыл жою

Жол бөлімшесі

Кесте 2.1 жалғасы

0052

Пойыздардың шұғыл белгіленуі

Дәл солай

0053

Сұрыптау паркі жолының мамандандырылуын шұғыл түзету

Айлалық диспетчер


 

АБЖ құрамында өңдеу базасындағы енгізілетін шұғыл хабарламалардың шұғыл ақпараттық моделі қызмет атқарады – тасымалдау процесінің ағымдағы күйінің суреті. Ол күтудегі келетін пойыз және олардың пойыз натур парағының көлеміндегі  құрамы туралы, станса паркінде болатын пойыздар туралы мәліметтер және олардың құрамы туралы, сұрыптау паркіндегі әр вагон туралы пономер мәліметтерін қосады.

Сонымен қатар жүйе орындалған жұмыс туралы мұрағаттық ақпаратты жинақтацды. Осы мәліметтер негізінде пайдаланушылардың ақпараттық қызмет көрсетілуі ұйымдастырылған. Бекітілген форманың есеп берілуін алу үшін ЭЕМ пайдаланушылар енгізе алатын негізгі сұраныстардың тізімі беріледі.

 

 

2.2 Қазіргі заманғы талаптарға сай ССАБЖ қызмет атқарылуы

 

 

Келетін пойыз құрамы туралы ақпарат ТГНП (02 хабарламасы) немесе мәліметтік-телеграмма (01 хабарламасы) түрінде түседі, бақылаудан өтеді және ЭЕМ жадына жазылады.

Мәліметтердің болжам негізінде ТГНП мәтіні сұраныс бойынша беріледі:

1) СТО және құрастыру жоспарының белгелеуі бойынша белгіленеді (сұрыптау паркінің жолдары бойынша);

2) вагондардың ТТП тежеу магистралінің  рукавтарын бөлу үшін анықтамасымен  бірге;

3) коммерциялық тексеру пунктінен (КТП).

Пойыз құрамы туралы ақпарат келу паркінің кіру алқымындағы вагондардың инвентарлі нөмірлерін жазу нәтижесі бойынша, сонымен қоса құрамдардың техникалық және коммерциялық тексеру нәтижелері бойынша түзетіле алады.

Жазу процесі кезінде алынған вагон нөмірлерінің тізімі (05 хабарламасы) телетайп арқылы ЭЕМ жіберіледі. Егер келетін пойызға ТГНП жіберілмесе, онда 05 хабарламасының мәтіні және тасымал құжаттары бойынша СТО операторы 02 хабарламасын құрастырады, кейіннен ол ЭЕМ енгізіледі. Стансаға пойыздың келуі бойынша ДСП операторы келу фактісі туралы ЭЕМ 40 хабарламасын енгізеді, онда пойыз нөмірі мен индексін, келу уақытын, парк және жол нөмірін көрсетеді.

Келген құрамның вагондарына техникалық қызмет көрсеткен кезде ТҚКП бригада жұмыскерлері ТҚКП операторына келу паркінде жөндеуді талап ететін вагондар туралы мәліметтер хабарлайды (вагон нөмірі, ақаулық жағы, коды). Тексеруді аяқтаған кезде ТҚКП операторы осы мәліметтерді ЭЕМ — әр құрамға ақау ведомосі — хабарламалар негізінде енгізеді. Техникалық тексерудің нәтижелері,  вагон нөмірлерін жазу нәтижелері және ТГНП енгізген кезде ЭЕМ анықталған қателер тізімі туралы ақпаратты қолдана отырып СТО операторы 09 хабарламасын құрады және ЭЕМ енгізеді. Егер ТГНП түзетуді қажет етпесе, онда 09 хабарламасының тек басы ғана жіберіледі. 09 хабарламасын өңдегеннен кейін автоматты түрде сұрыптау парағының есебі және ДСПГ және орындалатын қосындарда бекітілген оның телетайптарға берілуі жүзеге асырылады. Егер құрамды түсірудің алдында сұрыптау паркі жолдарының мамандандырылуын өзгерту қажет болса, онда 09 хабарламасының алдында сұрыптау паркі жолдарының мамандандырылуына шұғыл түзету туралы 53 хабарламасын енгізу қажет.

Құрамды түсіргеннен кейін ДСПГ немесе оның операторы ЭЕМ 43 хабарламасын енгізеді, онда таратуды аяқтау уақыты мен нақты таратудың жоспарланғаннан ауытқуы көрсетіледі. Алайда ақаулы ведомосттің мәліметтері құрамның сұрыптау парағымен сәйкес жүйесі арқылы таралып кетті.

43 хабарламасын өңдегеннен кейін  ЭЕМ жадында сұрыптау паркі  жолына түскен вагондар туралы  ақпарат белгіленеді. Бір уақытта  автоматты түрде жинақтау ведомосі  басылымға беріледі (вагондардың қорытындысы, салмағы, ұзындығы, саны). Жинақтау ведомосінің мәліметтері сәйкес сұрыптау жолдары үшін жинақтау парақтарына жапсырылады. Жинақтау парақтары АБЖ техникалық құралдарынан бас тартқан жағдайда резервілеу үшін ЭЕМ вагондардың жинақталу бейнесімен параллельді түрде басталынады.

Құрастырылған құрамды жөнелту паркіне қойған кезде сұрыптау паркіндегі кіру алқымында тізімге алу қосынының операторы ЭЕМ 06 хабарламасын құрамның вагон нөмірлерінің тізімімен бірге ЭЕМ енгізеді.

СТО операторлары сұрыптау паркіндегі вагондардың нақты бар болу сәйкессіздігін олардың бейнесімен байқаған кезде ЭЕМ 08 хабарламасы түрінде ақпаратқа түзету жасайды.

08 хабарламасын өңдегеннен кейін  сұрыптау паркінде вагондардың  бар болуы туралы ақпараттардан қойылатын құрам вагондары туралы ақпарат алып тасталады.

Вагондардың жинақталуын есепке алу бойынша операторлар сұрыптау паркінде вагондардың мүмкін болатын қайтадан орналастыру бойынша 48 хабарламасын енгізе отырып бақылау жасайды. Видеотерминалға берілетін сұрыптау паркіндегі ереже туралы қорытынды мәліметтер бойынша ДСЦ жинақталу процесін бақылайды және пойыздың құрастырылуын аяқтау туралы нұсқаулар береді. Қажет болса ДСЦ сұрыптау паркі нақты жолдарындағы вагондар туралы толық (ТГНЛ мәліметтерінің көлемінде) ақпаратты сұрата алады.

Сәйкессіздіктер болған жағдайда тасымал құжаттары бойынша СТО операторы 08 түзетілетін хабарламасын құрайды және оны ЭЕМ енгізеді. 08 хабарламасын міндетті түрде жіберу керек. Егер түзету енгізу қажет болмаса, онда хабарламаның тек қызметтік фразасы жіберіледі. 08 хабарламасын СТО басу құралғысында өңдегеннен кейін автоматты түрде беріледі:

пойыздың натур парағы;

машинист маршрутын толтыру үшін анықтама;

құрам қойылған жолда вагондардың қалып қойған топтарының жинақтау ведомосі.

Пойыздың натур парағының негізінде СТО операторы тасымал құжаттарының топтамасын іске асырады, тасымал құжаттарын құрастырылған құрамға айырбастайды және натур парағы мен машинист маршрутын толтыру үшін анықтамамен бірге жөнелту паркіне құжаттар жинағын қайта жібереді.

Информация о работе Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері