Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 22:25, практическая работа

Краткое описание

Теміржол құрылғылары поездардың белгіленген ең жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуға тиіс: жолаушылар поезы-сағатына 140 км, рефрижераторлық поездар-сағатына 120 км, жүк поездар сағатына 90 км. Теміржолдың кейбір бөліктеріне ЖТМ бекіткен мөлшерде дифференциалды жылдамдық қойылады. ЖТМ жолдардың техникалық механизмдері. Жолаушылар поезы сағатына 140 км-ден жоғары жылдамдықта жүретін кейбір жекелеген теміржол бөліктерінде құрылғыларға ЖТМ-нің инструкцияларына сәйкес қосымша талаптар бекітіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе1.doc

— 292.50 Кб (Скачать файл)

Поездық және маневрлік жұмыс жөнінде  нұсқаулар беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беруге арналған екіжақты парктік  байланыс құрылығылары үнемі іске қосулы күйінде болуы, байланыс арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі, іске қосылған күйінің бақылауы болуы тиіс.

Станциялардағы («ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейтін  тізіміге 
сәйкес) және диспетчерлік телімдердегі поездық және станциялық радио- 
байланыс құрылғылары сөйлесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен 
жабдықталуы тиіс.

Сөйлесулердің құжатталған  тіркеу жүйесімен пайдалану тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Жүк тасымалдылығы қарқынды желілердің телімдері мен 
станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшін жөндеуші

- бөлімшелердің ішінде  жұмыстарды басқарушымен, жұмыстарды  басқарушының локомотивтер машинистерімен, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы  құрамның машинистерімен және  тиісті қызметтің кезекші аппаратымен  сенімді екіжақты байланысты қамтамасыз етуге арналатын жөндеу-жедел радиобайланысы қолданылуы тиіс.

Мұндай байланыспен  жабдықталатын телімдердің тізімін  «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітеді.

Поездар қозғалысына  қатысы жоқ мәселелер бойынша поездық диспетчерлік және стрелкалық байланыспен пайдалануға тыйым салынады.

Орталықтандырудың атқарушы посттарындағылардан, стрелкалық және станция бойынша кезекшінің посттарындағылардан басқа телефондарды стрелкалық байланыс желісіне қосуға тыйым салынады.

Поездық диспетчерлік байланысқа тек қана станция кезекшілерінің, маневрлік диспетчерлердің, операторлардың, локомотивтік депо, ауыстыру пункттері бойынша кезекшілердің, энергодиспетчерлердің, белгі беру және байланыс дистанциял арының кезекші инженерлерінің телефондарын қосуға рұқсат етіледі. Диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде "ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығының рұқсатымен поездық диспетчерлік байланысқа өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға жол беріледі.

Штатында тасымалдар қызметінің кезекші қызметкерлері  жоқ немесе олар штатында болғанымен олардың тәулік бойы кезекшілігі қарастырылмаған станцияларда станциялар бастықтарының, СОБ электр-механиктері мен электрмонтерлерінің пәтерлерінде орнатылған телефон-дарды поездық диспетчерлік байланысқа қосуға рұқсат етіледі.

Пәтерлерде орнатылған телефондардың іске қосуын поезд диспетчері арнайы аспаппен және тек сөйлесулер мерзіміне ғана жүргізеді.

Аралықтарда поездық  диспетчерлік байланыс сымдарына дрези-налар  жүргізушілерінің (амалсыз тоқтаған кезінде), қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездары бастықтарының, СОБ электрмеханиктері мен қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен жабдықтау құрылғылары бойынша жұмыстарды басқарушылардың тасымалды теле-фондарын уақытша қосуға жол беріледі.

Поездық станцияаралық  байланысқа тек станциялар бойынша кезекшілердің телефондарын, ал автоблоктауы бар телімдерде, сонымен қатар аралықтық байланыстың және өтпелер бойынша кезекшілердің теле-фондарын қосуға жол беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. ЖҮК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ  НЕГІЗГІ құрылғыларымен ғимараттарымен танысу

4.1 Поездар қозғалысының кестесі

Қозғалыс кестесі поездар  қозғалысын ұйымдастырудың негізі болып  табылады, ол барлық бөлімшелердің қызметін біріктіреді және темір жолдардың пайдалану жұмысының жоспарын көрсетеді.

Поездар қозғалысының кестесі  — темір жол көлігінің барлық қызметкерлері үшін бұлжымас заң, оның орындалуы темір жолдар жұмысының ең маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып санала-ды. Поездар қозғалысының кестесін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітеді.

Қазақстан Республикасының  темір жолдарымен жүріп өтетін барлық категориялы жолаушы поездары қозғалысының кестесін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітеді.

ТМД елдеріне жүріп өтетін жолаушы поездары қозғалысының кесте-сі «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығымен, тиісті темір жолдарының басшылары-мен  келісімделеді және Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі жөніндегі Кеңесінің Дирекциясымен бекітіледі.

Поездар қозғалысының кестесін ұстану және оның бұзылуының алдын  алу - поездар қозғалысын ұйымдастыруға  қатысы бар барлық қызметкерлер үшін басты орында болуы тиіс.

Поездардың кесте бойынша  қозғалысы әрекеттегі нормативтерді  ұстану — станциялар, деполар, тартымдық  қосалқы станциялар, техникалық қызмет көрсету пункттері және темір  жолдардың по-ездар қозғалысына  қатысы бар басқа да бөлімшелері  жұмысының технологиялық процесін дұрыс ұйымдастыру және орындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Поездар қозғалысының кестесін бұзуға рұқсат етілмейді. Айрықша жағдайларда, техникалық құралдардың істен шыгуынан немесе табиғи апат құбылысынан поездар  қозғалысы кестесінің бұзылуы орын алғанда, барлық қызметтердің қызметкерлері кешіккен жолаушы және жүк поездарын ке-стеге енгізу үшін жедел шаралар қолдануға және олардың қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

Поездар қозғалысының кестесі:

-жолаушыларды және жүктерді тасымалдау жөніндегі қажеттіліктердің қанағаттандырылуын;

- поездар қозғалысының қауіпсіздігін;

- телімдердің откізушілік және тасымалдық қабілетінің және станциялардың өңдеушілік қабілетінің барынша тиімді пайдаланылуын;

- жылжымалы құрамның ұтымды пайдаланылуын;

- локомотив бригадаларының үздіксіз жұмысың белгіленген ұзақтығының сақталуын;

- жолды, құрылыстарды, СОБ, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Поездарды тағайындау және қалдыру жөнінде шешім 
қабылдайтындар:

а) Қазақстан Республикасының шегінде жүріп өтетін жергілікті 
қатынастағы жолаушы, пошталы-багаждық және жүк-жолаушы, қаламаңы 
поездарын — «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы;

б) ТМД елдеріне жүріп өтетін жолаушы поездарын — «ҚТЖ" ¥К" АҚ 
ұсынысы бойынша Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі 
жөніндегі Кеңесінің Дирекциясы;

в) Қазақстан Республикасы шегіндегі жүріп өтетін әскери, адам таситын, 
жеделдетілген жүк поездарын - «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы, ал ТМД елдері- 
не жүріп өтетіндерін - Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі 
жөніндегі Кеңесінің Дирекциясы;

г) қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының, қартазалағыштардың, 
вагонсызлокомотивтердің,арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның, 
шаруашылықтық және басқа да қозғалыс кестесінде қарастырылмаған поез- 
дардыкін - поезд диспетчері жүргізеді. Қозғалыс кестесінде қарастырылмаған әр поездың тағайындалуын поездың жүру тәртібін көрсете отырып поезд диспетчері хабарлайды.

Әр поезға қозғалыс кестесімен белгіленген нөмір беріледі. Бір 
бағыттағы поездарға жұп нөмірлер, ал кері бағыттағы поездарға - тақ 
нөмірлер беріледі.

Нөмірден басқа, әр жүк  поезына оны қалыптастырған станцияда  тарқату станциясына дейін өзгертілмейтін индекс беріледі.

Қозғалыс кестесінде қарастырылмаған поездарға нөмірлері олардың тағайындалуы кезінде беріледі.

Поездар төмендегідей болып  бөлінеді:

А. Кезектен тыс - қалпына  келтіру, өртсөндіргіш, қартазалағыштар, вагонсыз локомотивтер, арнайы өздігінен  жүретін жылжымалы құрам, қалыпты  қозғалысты қалпына келтіру үшін және орт сөндіруге арналатын поездар.

Б. Кезектегі — артықшылық тәртібімен:

  1.   жолаушы жүрдек;
  2.   жолаушы жедел;
  3.   барлық қалған атаулары бар жолаушы поездары;
  4.   жүк (өтпелі, телімдік, құрамды, шығарушы, беруші), шаруашылықтық поездары және вагонсыз локомотивтер.

В. Реттілігі тағайындалуы кезінде белгіленетін ерекше талаптар бойын- 
ша тағайындалатын поездар.

Поездар қозғалысы 24-сағаттық есептелумен астаналық белдеулік 
уақыт бойынша жүргізіледі.

Сағаттағы уақыт көрсетілімі  «ҚТЖ" ¥К" АҚ барлық бөлімшелері үшін бірдей болуы тиіс.

Қызметтік бөлмелерде, станция  жолдарының парктерінде, жолаушы платформаларында және жолаушыларға арналатын бөлмелерде сағаттары болуы тиіс. Поездар қозғалысына және жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысы бар тұлғалардың жұмыс орындарындағы қабырғаларға және сырт-та ілінетін электрлі сағаттарды орнату, жөндеу және күтіп ұстау міндеті СОБ, байланыс және ақпараттық технологиялар Департаментінің, «ҚТЖ" ¥К" АҚ магистральді торабы Дирекциясының қызметкерлеріне жүктеледі.

 

 

5. ӨРт қауіпсіздігініің негізгі  құрылғыларымен ғимараттарымен  танысу

Осы Ережелерге электровоздарды, тепловоздар мен жылжымалы моторвагондық  құрамдарды (ары қарай – тартымдық  жылжымалы құрам (ТЖҚ) пайдалану  және техникалық күтімге (ТК)) алу кезіндегі  қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарын белгілейді.

Осы Ережелердің талаптары  «Қазақстан темір жолы» РМК Бас  басқармасының және өз қызметі шеңберінде еншілес мемлекеттік кәсіпорындардыі (жолдар, бөлімшелер) барлық деңгейдегі жетекші қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.

Ережелердің талаптары  КжКМ-не қарасты барлық локомотив  және моторвагон деполарына, электровоздарды, тепловоздарды (локомотивтерді) және моторвагондық  жылжымалы құрамды (МВЖҚ) ТК-ге алу, жабдықтау және айнымалы пункттеріне  тарайды.

Тартымдық жылжымалы  құрамды (ТЖҚ) пайдалану кезіндегі  еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету осы Ережелердің, МЕМСТ 12.3.002-75  және (ЦТ-4769) Тартымдық жылжымалы  құрамды және теміржол желісінде  жүретін жүк көтергіш крандарды  техникалық күтімге алу және олардың ағымдағы жөндеуін жүргізу кезіндегі еңбекті қорғау жөніндегі ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тартымдық жылжымалы  құрамды (ТЖҚ) пайдалану кезінде  қызметкерлер мен қоршаған ортаны МЕМСТ 12.3.003-74 сәйкес,  МЕМСТ 12.2.056-81 бойынша нормаланатын және өндірістік факторлардың, сонымен қатар МЕСМТ 12.1.004-85 бойынша өрттің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін қауіпті факторлардың әсерінен қорғау шаралары қарастырылу керек.

Локомотив шаруашылығы  қызмет көрсету орындарының бастықтары, олардың орынбасарлары (бас инженерлері), локомотивтік бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, локомотивтік және моторвагондық деполарының бастықтары мен олардың орынбасарлары (бас инженерлері) өз қызметтері шеңберінде, төменде келтірілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етулері керек:

- тартымдық жылжымалы құрамды (ТЖҚ), локомотивтік шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын локомотивтік бригадаларының еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитариясын, өрт қаіпсіздігін қамтамасыз ететіндей, сонымен қатар өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алуын кепілдейтіндей техникалық талаптарға сәйкес күтіп ұстау;

- қазіргі заманғы қауіпсіздік техникасының құралдарын, алдын – ала сигнал беру жүйесін, өрт жөнінде сигнал беру және өрт сөндіру автоматты қондырғыларын қашықтан басқару құрылғыларын, өрт шығудың алдын – алу және өрттен қорғану жүйелерін, шудың, дірілдің, шаңның және басқа зиянды факторлар көздерін оқшаулау және қымтау (герметизация), шамадан тыс бөлінетін жылуды әкететін құралдарды өндіріске ендіру;

- тартымдық жылжымалы құрам (ТЖҚ) кабиналарының белгіленген тәртіппен келісілген санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін мерзімді түрде куәландыру және сынақтан өткізу;

- жұмысты ұйымдастыру және еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жүргізу;

- еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттарды енгізу және олардың орындалуына бақылау жасау;

- локомотивтік бригадаларды, қызметтері ТЖҚ-ды пайдаланумен байланысты басшы және инженерлік – техникалық қызметкерлерді оқыту ісін ұйымдастыру және еңбекті қорғау саласы бойынша олардың білімдерін тексеру.

Теміржол көліктеріндегі өрттің бастапқы себебі болып ашық вагон; локомотивтердің,жылыту құралдары, өндірістік қондырғылар, тежеуіш колодкалар, металл бөлшектерінің соққысынан пайда болатын электр ұшқындары, статистік және атмосфералық тоқ, тоқтың қысқа мерзімдік жарқылдауы  кезіндегі тоқ өткізші сымдардың қызуынан;өрт қауіпсіздігі ережесі мен нормасын сақтамау; эксплуатациялау ережесін бұзу; жылыту құралдары мен жарықтың істен шығуы; заттар мен материалдардың өртке қауіпті жағдайларын білмеу салдарынан пайда болады.

Теміржол көліктеріндегі өрттен сақтану шаралары жолдарды баяндаушы  әскерилендірілген күзет министірлігі (ЖБМ), кәсіпорын мен ұйымдар басшылығы, сонымен қатар ерікті өрт сөндіруші топтар,жұмысшылардың, өрт қауіпсіздігіне жауапты өртке қарсы - техникалық комиссиялар.

Жеке жолдардағы өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды әскерилендірілген арнайы күзету топтары  мен оларға бағынушы топтар үлкен, станциялар мен зауыттарға (шағын зауыттардағы арнайы пост)  жауапты, өрт сөндіруші поездар, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі профилактикасын жүргізуші инструкторлар.

Барлық А,Б және В  категориялы өндірісітік және қойма  орындарында  ашық отты пайдалануға  немесе темекі тартуға болмайды. Тез жаңғыш сұйықтықтар мен отын өндіріс орындарында бір күннен артық сақталмауы тиіс. Бұл сұйықтықтыр темір ыдыста және  арнайы бұрандасы бар   қорапта немесе шкафта болуы тиіс.

Информация о работе Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері