Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 22:25, практическая работа

Краткое описание

Теміржол құрылғылары поездардың белгіленген ең жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуға тиіс: жолаушылар поезы-сағатына 140 км, рефрижераторлық поездар-сағатына 120 км, жүк поездар сағатына 90 км. Теміржолдың кейбір бөліктеріне ЖТМ бекіткен мөлшерде дифференциалды жылдамдық қойылады. ЖТМ жолдардың техникалық механизмдері. Жолаушылар поезы сағатына 140 км-ден жоғары жылдамдықта жүретін кейбір жекелеген теміржол бөліктерінде құрылғыларға ЖТМ-нің инструкцияларына сәйкес қосымша талаптар бекітіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Кіріспе1.doc

— 292.50 Кб (Скачать файл)

Өндірісте жаққан отттының қалдығы мен күлдің үстінен су құйып арнайы орынға апарып төгу қажет.

Жергілікті орындарды, қосымша есікті, өртке қарсы құралдарға және инвентарьға барар жолды  бөгеуге, су алатын жолдарды жабуға, бөгеуге  тиым салынады.

Қауіпті жүкке арнайы секциясы мен от өткізбейтін қабырғасы  бар жүк қою қоймасы беріледі.

Бром, күкүрт және азот қышқылы  сияқты улы және зиянды заттар арнайы қауіпті жүкке арналған жабық  қоймада сақталады.Күкүрт пен азот қышқылының ағаш, қиындылар, сұлы, шөп  сияқты  т.б. тез жаңғыш заттарға тимеуін қадағалау қажет.

Автокөліктер, жүк тиеуші машиналар, автокрандар, матовоздар, тракторлар және басқа да механизімдерге материал қоймалары мен базаның арнайы өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз етілген орындарында жанар май құюға рұқсат етіледі.

Барлық өндірістік кәсіпорындар, қоймалар және қойма мекемелері қауіпсіздік нормаларға сай өртке қарсы құрал- жабдықтар және инвентарьмен қамтамасыз етілген.

Ең қауіпті жүкке  тасымалдау кезінде немесе сақтау мерзімінде жарылыс,өрт, ауру қауіпін, улану немесе күю себебін туғызатын, сонымен  қатар басқа да жүкті, құрылғыларды бұзушы жүктер жатады.

Тасымалдаушы жүктің құжаттарын реттеу барысында тез  жаңғыш жүк немесе тез жанушы жүктің қатарына жатпайтын жүкті, бірақбұзылу  қауіпінен сақтау жағдайында тез  жанғыш материалмен қапталған болса, жүкті жіберуші міндетті түрде құжатқа тез жаңғыш зат екендігін көрсететін штемпель қоюы тиіс.

Сауыттағы тез жаңғыш сұйықтықтарды тасымалдау барысында  сауытты мұқият тексеру қажет, сауыттың бүтін екендігін, құю және төгу құралдарының істен шықпағандығына көз жеткізу  қажет, бұранданың, клаппанның жақсы жабылатындығын, сонымен қатар қосымша клапанның бар екендігіне көз жеткізу қажет. Құятын және құйып алатын тез жаңғыш заттарды тасымалдау үшін аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат етіледі.

Балабақша, мектепке бағытталушы  вагондарда өрт қауіпсіздік талаптарының қадағалануына көңіл бөлу қажет. Атаулы мекеме қызмет көрсетуші персоналы өрт қауіпсіздігінің жалпы ережесінен басқа эвакуация кестесін білуі тиіс, есіктердің жөндеулі, жолда бөгеттің жоқ екендігін қадағалауы керек, сонымен қатар өрт сөндірудің бастапқы тәсілдерін жүзеге асыра білуі тиіс.

Адам тасымалдаушы тұрмыстық  вагондарда керосин, бензин т.б тез  жаңғыз заттар мен сұйықтықтарды  тасымалдауға тиым салынады; шам қолдануға, есікті ашып қойып от жағуға, отын қолдануға, және жүріп келе жатқан поездан сумен сөндірілмеген күл мен қалдық төгуге тиым салынады.

Ұйымдар мен мекемелердегі  өрт қауіпсізідігінің сақталуы мен  өртке қарсы уақытылы іс- шаралардың өтуіне атаулы ұйымның немесе мекеменің  басшысы жауапты.

Өрт қауіпсіздігіне жауапты жұмысшылар:

  • өрт қауіпсіздігі ережесімен таныспаған қызмет етушіні  жұмысқа жібермеуді қадағалауға;
  • жұмысшылар мен цех, қойма т.б орын қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережесін түсіру және өрт болған жағдайдағы жүргізілетініс- әрекет реін түсіндіруі тиіс;
  • от жағу орындарының, вентиляцияның, электротехникалық қондырғылардың істен шықпауын қадағалау және істен шыққан жағдайда істен шығу себебін анықтаужәне оны ретке келтіру.
  • бір ауысымдағы жұмыс соңында мекеме мен жұмыс орындарын жинау жұмыстарын жүргізу,және жұмыс соңында жарықты (бақылаушы жарықтан басқа) сөндіру. Өздерінің бұзған өрт қауіпсіздігі ережесі жайында және өрт сөндіруші құралдың істен шығуы жайлы бұл жұмысшылар тез арада сол объект басшысына және өрт сөндіруші күзет орнына хабарлауы тиіс, ал өрт пайда болған жағдайда өрт сөндірушілер келгенге дейін оның сөнуін басшылық етуі қажет.

 

6. Станция  кезекшісінің операторы жұмысының  жетістіктерін игеру

Стансаның жүкті тиеу және түсіру бойынша тәуліктік және ауысымдық жоспарларын станса басшысы немесе оның орынбасары, қажет болған кезде, жүк тиеу түсіру диспечер стансаларының басшысы мен жүк жөнелтушілерімен, жүк қабылдаушыларымен бірігіп өңдейді.

Бөлімше кезекшісі бөлімшенің пайдалану жұмысының ауысымдық  жоспарлауын жүзеге асырады. Осы  мақсатта ол диспечерлік шеңберлердің жұмысын қадағалайды, поездарады құрастыратын стансаның жұмысын және жергілікті жұмысты жоспарлайды. Жоғарғы диспечерлерде тұрған басшылардың нұсқаулары тек бөлімше кезекшісі арқылы бөлінеді.

Поездардың қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарын және теміржолда көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын станса кезекшісінің басшысы атқарады. Стансадағы кезекшінің жалпы міндеті:

  1. Поездарды қабылдау және жөнелту жұмысын бақарады.
  2. Қабылдау және жөнелту жолдарында және шаруашылық тұйықтарында жұмыстын орындалу графигі толтырылып поезд қозғалысының басқаруының есепке алынады.
  3. Құрамның дайындығын және жеке вагондардың техникалық және комерциялық тексерулермен және олардың жарамдылығын ҚУ-14 кітабына енгізеді
  4. Бүкіл пойыздық құжаттарды жүргізіп, оларға қол қояды.
  5. Қозғалмалы құраманың бекітуіне және тоспа тежегішінің тазалығына бақылау жасайды.
  6. Жұмыскерлердің жұмысқа кірісер алдында медициналық тексеруден өткендігі, іске жарамдылығы туралы бақылау қағаздарын алып қол астындағы жұмыскерлердің міндетін ескертіп және оларға жауапты. Жұмыскерлердің дабылдық құрал – жабдықтарын дұрыстығын тексереді.

Бағыттамалық қосын кезекшісіне немесе орталықтандыру қосынының операторына сол не өзге жолға маневрлік маршрутты әзірлеу жөніндегі тап-сырманы маневрлердің жетекшісі көзбе-көз түрде, радиобаланыс, екі жақты парктік байланыс арқылы, локомотивтың ысқырықтарымен, қол ысқырығымен немесе стансаның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен стансаның техникалық жарақтандырылуына қарай өзге құралдармен беруі мүмкін. Жұмыс барысында маневрлерді басқарушы келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

- маневрлік қозғалыстарға  қатысты сигналдар мен нұсқауларды  анық және дер кезінде беруге;

- бағыттамалардың маневрлік жылжытуларға арнап дер кезінде әзірленуін, орталықтандыру қосындары операторларының, бағыттамалық қосын кезекшілері мен локомотив машинисінің сигналдарды дер кезінде және дұрыс беріп отыруын қадағалап отыруға;

- өзінен сигналдар,  маневрлерді орындап жатқан құрам мең оның жылжу маршруты жақсы көрінетін жерде болуға; локомотив машинисімен радиобайланыс болмаған жағдайда (ол ақаулы болғанда немесе локомотивтың маневрлік радиобайланыспен жабдықталмауы себебінен) өзінен машинисті немесе оның көмекшісі беретін қол сигаалдарының көрінуі қамтамасыз етілетін жерде болуға;

- стансалық жолдар бойынша вагондарын алдыға қаратып қозғалған кезде, әдетте, қозғалыс бағыты бойынша алғашқы арнайы баспалдақта (өтпелі алаңшада, тамбурда) тұруға, ал олай ету мүмкін болмаған жағдайда - шегіндірілетін вагондардың алдында жол аралығы немесе жолдың шегімен жүріп отыруға, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулерін, беріліп жатқан сигналдарды, маршрут бойынша стрелкалардың қалпын, жолда кедергілердің және адамдардың болмауын бақылауға; қажет болған жағдайда;

- маневрлік құрамды тоқтатуға арналған шаралар қабылдауға. Радиобайланыс болмаған кезде қажет болған жағдайда сигналдарды беру үшін орталықтандыру қосындарының операторларын, стрелкалық қосындардың кезекшілерін және стансаның өзге қызметкерлерін қатыстыруға;

- маневрлерді үлкен  құрамдармен жолдың қисық бөліктерінде немесе корінім нашар болған жағдайларда (тұман, қарлы боран, қар жабу және т.б.) жүргізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қосымша шараларды қабылдауға - жиі жағдайда машиниске сигналдар мен нұсқауларды радиобайланыс немесе екі жақтық парктік байланыс арқылы беріп отыруға;

- жылжымалы құрамның  кесілген стрелка арқылы соңғысын  тексеріп жоі ідегенше өткізілуіне  жол бермеуге;

- құрамға жақындамас  бұрын қоршау сигналдарының жоқ  екендігіне көз жеткізіп алу;

- вагондардың бекітілусіз  немесе өздерінің алдағы тұрақтау уақытының моліперіне байланыссыз стансаның техникалық-жарлық актісінде белгіленген нормаға жеткіліксіз түрде бекітілген жағдайда қалдырылуына жол бермеуге;

- вагондардың түгелдей  бір-бірімен және локомотивпен  тіркелгеніне көз жеткізіп алмай, маневрлік құрамдардың қозғалысына (локомотивын алдыға қаратып немесе вагондарын алдыға қаратып) жол бермеуге;

- итеру маневрлері  кезінде тіркестердің кері бағытта қозғалуын немесе вагондардың жолдың қарсы ұшындағы шекті бағаншадан шығып кетуін болдырмайтын шараларды дер кезінде қабылдауға;

- егер итеру маневрлері  кезінде немесе құрамдарды дөңеске итеру кезінде ажырату иінтіректері жұмыс жағдайлары бойынша «буферге» қалпына орнатылса, тіркесті құрамнан ағытқаннан кейін иінтіректерді дереу түрде қалыпты жағдайға келтіруге;

- маневрлік локомотив  (жалғыз немесе вагондары бар)  вагондарын ажырату немесе өзге  вагондарды өзіне тіркеу үшін  вагондар тұрған сол не өзге  жолға шыққан кезде, сондай-ақ  вагондарды ажырату үшін оларды  қысу кезінде маневрлік локомотивке қарсы жақтағы вагондардың сенімді түрде бекітілгеніне көз жеткізіп алмай аталмыш әрекеттердің орындалуына жол бермеуге;

- егер де сол не  өзге жолда тұрған вагондар тобына, соның ішінде бекітілген норма бойынша бекітілген вагондар тобына қосымша түрде вагондар тіркелетін болса, соның нәтижесінде осыған дейін қойылған табандықтардың орны ауыспағандығын, сондай-ақ сол табандықтардың саны саны өсіп кеткен вагондарға жеткілікті бола ма соны тексеруге міндетті;

- маневрлік құрамды  жүктерді тиеу және түсіру  орындарында қозғамас бұрын қозғалыс үшін кедергінің жоқ екендігіне көз жеткізіп алуға;

- өздеріне жүктерді  тиеу және түсіру жұмыстары аяқталмаған вагондармен маневрлерді тиеу-түсіру әрекеттерін басқаратын қызметкермен келісіп алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі;

- маневрлерді орындау  кезінде құрастырушы және кондукторлық  бригадалардың қызметкерлеріне  тізбесін жергілікті еңбек қорғау  жөніндегі нұсқаулық белгілейтін  габариттен тыс және қауіпті жерлерде вагонның арнайы баспалдағында тұруға тыйым салынады.

Маневрлерді басқарушы аталмыш жұмыстарды жылжымалы құрамның жолдардың қарсы ұшындағы шекті бағаншықтардан (оқшаулаушы түйіспелер немесе бағдаршамдар) асып шығып кетуіне жол берілмейтіндей түрде ұйымдастыруы тиіс. Маневрлік жұмыстарды басқарушының жоғарыда аталған талаптың орындалуын қамтамасыз ететін парктың (жолдың) қарсы ұшындағы қызметкерлермен өз әрекеттерін келісу тәртібі стансаның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді. Маневрлерді өтпелерді кесіп өтумен жөндеу бригадалары (жол, СОБ бригадалары) жұмыс жүргізіп жатқан жерлерде, жолаушылар платформаларының жанында, жүк қоймаларының, жүк аудандарының, отын қоймаларының, вагондық және локомотивтік деполардың жолдарында, заводтардың, шеберханалардың аумағында және т.б. орындау кезінде құрастырушы және локомотивтік бригадалар ерекше сақтықтанытуы,құрам жолдың жанында немесе платформаларда тұрған адамдарға жақындаған кезде дыбыс сигналдарын дер кезінде беріп отыруға, сондай-ақ тиеу, түсіру, жолдың, вагондардың жөндеуінде немесе басқа әрекеттерде жұмыс істеп жатқан адамдарды құрамның қозғалатыны туралы  ескертуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Жұмыс мамандығын игеру бойынша

жеке жұмыстар

7.1 Транзиттік поездарды қайта жасаусыз өңдеу

Транзиттік поездарды  қайта жасаусыз өңдеуге құрамды  техникалық қызмет көрстеу, коммерциялық тексеру, локомотивті, бригаданы ауыстыру және тежегішті тексеріп көру операциялары кіреді. Поездың станцияға келетіні туралы ақпарат алған станция кезекшісі маневрлік диспетчермен бірге қабылдау жолын белгілейді, маршрутты дайындайды және бекет операторына, парк кезекшісіне, парктің бас қабылдап өткізушісіне поездың келетін уақытын, номерін, поездың бағыты мен қабылдау жолын хабарлайды. Сонымен қатар станция кезекшісі парктің дауыстық байланысының көмегімен поезды өңдеуге қатысты барлық жұмыскерлерді хабардар етеді.

Келген транзиттік поезды қабылдау жолында:

  • техникалық қызметтердің ережесіндегі жөндеуші-тексерушілер тобы;
  • екі поезды қабылдап-өткізуші;
  • парк кезекшісі;
  • әскери күзет қызметкерлері (егер поезда бағалы жүк болса) қабылдайды.

Поезд тоқтағаннан кейін жол кезекшісі құрамды бекітеді, машинистен тасымалдау құжаттарын қабылдайды, поездың бекітілгені туралы станция кезекшісіне баяндайды. Машинист көмекшісі поезд локомотивін құрамнан ажыратады және станция кезекшісі дайындаған маршрут бойынша локомотивті депоға жібереді. ТҚЕ парктің операторы станция кезекшісінің бақылауымен жолды аулақтайды.

Поезға техникалық қызмет көрсету топтық әдіспен жүргізіледі. Тексеруші-жөндеушілер бригадасы 3-4 топқа бөлінеді де, құрамды бөліктерге бөліп өңдейді. Поезды станцияға  қабылдауда бір топ соңғы вагонның тоқтайтын орнына орналасады және поездың жүру кезіндегі жағдайын тексереді, қалған топтар бекітілген сызба бойынша қабылдау жолына орналасады.

Құрамға техникалық қызмет көрсетуде ағытып және ағытпай-ақ жөндеу жұмысын жүргізуді қажет ететін вагондар анықталады. Ағытып жөндеу жүргізілетін вагондарға тексеруші-жөндеушілер вагонды берген жерді көрсете отырып бормен белгі салады, ал ауысым бастығы станция кезекшісін вагонның ажыратылуы туралы ауызша және ВУ-23 формасындағы хабарламамен жазбаша ақпарат береді. Оператор бұл ақпаратты вагондардың номерін көрсете отырып жолдың ақпараттық-есептеу орталығына береді.

Парк кезекшісі тасымалдау құжаттары бар пакетті ашады  да, ажыратылатын вагондардың құжаттарын алып, оларды пневмопочта бойынша СТО-нің жібереді. Натур парақта ажыратылған вагондардың номері сызылады және қорытынды бөлімге өзгеріс енгізеді. СТО операторы жолдың ақпараттық-есептеу орталығына натур парақтағы өзгерістер туралы хабар береді, бұдан соң парк кезекшісіне жаңа натур парақ жіберіледі.

Информация о работе Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері