Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 18:00, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру....................................................................................5
1.2 Оқиға болған жердің түсінігі.........................................................................12
1.3 Оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігі...........................15
2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері ........................................17
2.2 Тергеу әрекетінің техникалық әдісі.............................................................23
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға
жерін қарастыру...............
1.2 Оқиға
болған жердің түсінігі........
1.3 Оқиға
болған жерді
2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу
әрекеттерінің әдістері, тәсілдері,
түрлері ......................
2.2 Тергеу
әрекетінің техникалық әдісі.........................
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу
барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық
зерттеу ерекшеліктері.................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңында қажетті реформалар, яғни өзгертулер қабылдауы қажеттігі туындады. Осы себептерге байланысты 1997 жылы 13 желтоксанда Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылдап 2014.17.11. өзгерістер енгізілді, ол 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енгізілді.
Қылмыстық іс жүргізу қүқығын жаңа кезеңге сай дамыту және қалыптастыру біраз уақытты талап етеді және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген конституциялық құқықтарды сақтау белгілі бір талаптар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Мұндай талаптарға мына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Қылмыстық іс жүргізу заңдарын Конституцияға сәйкес пайымдау және творчестволық сипатта дамыту.
2. Қазақстан Республикасында адам құқығын барынша сақтауды жүзеге асыру, қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес заңдылықты сақтай отырып, ол құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету.
3. Қылмыстық іс жүргізудегі жеке, жеке жариялы, жариялы айыптау институттарын дамыта отырып, олардың қаралу мерзімдерін бұзуға жол бермеу және прокуратура органдарының қадағалау функциясын жүзеген асыруына ықпал ету.
4. Қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында, басқа құқық салаларымен қатар демократизм, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі және тағы да басқа принциптерді өз деңгейінде дамыту.
5. Жіберілген қателіктерді болашақта қайталамау және болдырмау мақсатында оларға зерттеу жүргізіп, оларды қолдану тәжірибелерін кең көлемінде іс насихаттап, жинақталған тәжірибелер арқылы қылмыстық іс жүргізу заңдарын бұзуға жол бермеуді іске асыру.
Бітіру жұмыста қарастырылып отырған жұмыстың мазмұны адам өлтіру қылмыстық істері бойынша дәлелдеу процесіне арналған.
Бітіру жұмыстың мазмұны төрт тараудан тұрады. Бірінші тарауныда Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігіне көңіл бөлінген. Әртүрлі жағдайларда кісі өлтіруді тергеудің кримналистік ерекшекліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Тақырыпты зерттеу барысында қоғамға және тұлғаға қауіпті кісі өлтіру қылмысын тергеу, дәлелдеу ерекшеліктеріне көңіл бөлген. Қылмыстық істерді тергеу кезінде теориялық нұсқаулар, тәсілдердің, іс-қимылдардың жүргізілу маңызын көрсеткен. Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы, осы қылмысқа байланысты қылмыстық істің қозғалуы және бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі баяндалған.
Әсіресе қоғамға және тұлғаға қауіпті кісі өлтіру қылмысын тергеу, дәлелдеу ерекшеліктеріне көңіл бөлуіміз қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері мен олардың түрлерін зерттеу үшін әдебиет көздерін шолу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- оқиға жерін қарастыру;
- оқиға болған жердің түсінігін анықтау;
- оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігін қарастыру;
- тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлеріне тоқталу;
- тергеу әрекетінің техникалық әдісін қарастыру;
- табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері
-әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктерін қарастыру.
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру
Оқиға жерін қарастыру дегеніміз - оқиға жеріндегі жағдайды анықтау, кабылдау, зерттеу және бекітуден, материалды объект қасиетінен және белгілерінен тұратын тергеудің жедел әрекеттері. Оның мақсаты - болған жағдайдың сипатын, қылмыскер тұлғасын, қылмыс себебін және қылмысты шешу барысында қарастыруды қажет ететін басқа жағдайларды анықтау.
Оқиға жерін қарастыру, әдетте тергеудің басқа әрекеттерімен, сонымен қатар жедел және ұйымдастырушылық шараларымен үйлеседі, онымен параллельді немесе ол аяқталғаннан кейін тез арада жүзеге асырылады.
Ол әрекеттер мен шаралардың қатарына жатқызуға болады:
-полиция қызметкерлеріне тапсырма және нұсқау беруді;
-алкогольді улану жағдайын, денсаулық жағдайын анықтау үшін азаматтарды медициналық мекемелерге жолдауды;
-қылмысты ашу және қылмыскерді тұтқындау үшін көпшілікті араластыруды;
-«ізін суытпай» қылмыскерлерді іздеуді;
-криминалдық тіркеуді қолдану және жүргізу шегінде зерттеу жүргізуді;
-мәйітті медициналық зерттеуге жіберуді;
-тергеу эксперименттерін жүргізуді;
-куәләндіруді;
-тінту және алу жүргізуді;
-куәларды, жәбірленушіні, күдіктілерді жәнеайыптыларды сурастыруды;
ӘділетМинистрлігінің Сот сараптау орталығында әртүрлі сараптауларды тағайындау мен жүргізуді;
Оқиға жерін қарастырудың негізгі принциптеріне жатады: заңдылығы, дер кездегі, толықтығы, жоспарлығы, объективтілігі.
Заңдылығы, қарастырылатын әрекет қылмыстық процестік кодекстің негізінде және соған сәйкес жүргізілуді талап етеді.
Дер кездігін, тергеуші және қараудың басқа қатысушылары оқиға болған жерге кейінге қалдырмай шыққанда қарастырғанды жүзеге асырады. Тек осы жағдайда ғана заттай дәлелдердің жойылуына жол бермей, іздердің және заттардың максимальді санын айқындап, зерттеп және бекітуге болады.
Оқиға жерін толық қарастыру дегеніміз тергеу қылмысына қатысты, оқиға болған жердегі барлық іздер мен заттардың айқындалуы, зерттелуі және қарау протоколында және хаттамасында бекітілуі.
Қараудың жоспарлығы дегеніміз оқиға жеріндегі тергеушінің танымдық әрекеттерінің ретін дұрыс анықтау.
Оқиға жерін қараудың объективтілігі дегеніміз тергеуші анықтаған болжамға сай немесе сай болмауына байланыссыз іздер мен заттарды зерттеу.
Оқиға болған жерді қарастыруды ұйымдастыру.
Оқиға болған жерді қарастыру үшін шығуға дайындықты қамтамасыз ету.
Оқиға болған жерді қарастырудың іс шалалыған және оны жүргізудің нәтижелігінін қамтамасыз ету үшін, кезекшілікке түсетін тергеушіге қажет:
-аудандығы (қала, облыстаға) тергеушелердің, полицияның шұғыл қызметкерлерінің экспрерт-криминалистердің, сот-медицина эксперттерінің кезекшілігін ұйымдастыру жүйесімен танысу;
-Ішкі істер органдардың аудандық бөлімінде немесе қаланың (облыс) сәйкес кезекші бөліміндегі шұғыл қызметкерлердің қайсысымен оқиға болған жерді қарастыру үшін шығу керектігін, осы әрекетті жүргізу үшін олардың дайындығын айқындау қажет;
Қарау кезінде қажет болатын әртүрлі мамандар тізімін (кезекшілік жүргізіп жатқан жерде), олардың мекен-жайын және телефон нөмірін, сонымен қатар аймақтың картысын (қала жоспарын)тексеру қажет.
Алыс жерлерге шыққанда және түңгі уақытта қарау кезінде айғақтаушы ретінде кімді шақыруға болатындығын алдын-ала анықтау шұғыл қызметкерлерге тапсырылады;
Оқиға болған жерді қарастыру кезінде қолданылатын негізгі ғылыми-техникалық заттардың жағдайын тексеру керек;
а) тергеу портфелінің (чемоданының) жинақталуын;
б) тергеу портфеліндегі химиялық реактивтердің және оған қосымша арнайы жиынтықтын жағдайын (қол іздерін анықтау үшін арналған ұнтақтар мен гипстің құрғақтығы, оқталған йод түтігі);
в) фото - видео - кинотехниканың бүтіндігін және кешенділігін;
г) жарықтандырғыштардың болуы және бүтіндігін;
д) табылған заттарды, іздерді, басқа да заттай дәлелдеулерді орап-буу үшін арналған заттардың болуын (полиэтиленті қаптар және сүлгілер, тығыз қағаз, шпагат, қақпағы бар шыны банкалар, арнайы заттар).
Лас жағдайларда жұмыс жүргізу үшін арнайы киімнің (кезекшілік жүргізіліп жатқан жерде) болуы (комбинезон; плащ, жеңге киетін, резеңке етік, клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғаптар).
Оқиға болған жерге шығу үшін арналған көліктің болуы және оның дайындығын тексеру, арнайы жылжымалы криминалистикалық лабораторияны шақыру мүмкіндігін анықтау.
Шығуды қажет ететін оқиға туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін, тергеушінің міндеті:
Хабарлаған адамнан білу керек: не болғанын, оқиға болған жерде полиция қызметкерінің қайсысы бар екенін,орналасқан жерін, тергеушінің тез арада келуі қажет па екенін;
Оқиға болған жерді қорғау бойынша шаралар қолданды ма екенін анықтау, болмаса оқиға болған жердегі немесе аудандағы міндетті тұлғаларға қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқау беру;
Қарауға қатысу үшін қажетті шұғыл қызметкерлерді, сонымен қатар басқа мамандарды (сот медицинасы жағынан маман, ІІМ шұғыл-криминалистика бөлімшесінің қызметкерлері) шақыру.
Егер оқиға жері тұрғыны аз ауылда орналасса немесе шығу қажеттілігі түнгі уақытта болса (соған байланысты айқындаушыларды табу қиын) айқындауышыларға қойылатын талаптарға сәйкес айқындаушыны тергеушінің кезекшілік орнына жақын тұратын жерден табу керек.
Тергеу бөлімінің бастығына оқиға болған жерді қарастыратыны түралы хабарлап, қылмыстық іс қозған жағдайда оны кім қабылдайтыны туралы мүмкіндігінше анықтау қажет.
Оқиға болған жерге шығу барысында міндетті түрде тергеу портфелін (чемодан) және фотокомплект алу керек.
Тергеуші оқиға болған жерге келгендегі әрекеті:
-Оқиға жеріне келген уақыты тіркеу;
-Жәбірленушіге көмек көрсету үшін шаралар қолдану
-Соңғы оқиғаларды жою бойынша жедел шараларды қабылдауға қатысу (өрт сөндіру, құнды мүлікті сақтау);
-Оқиға жері күзетімтінін тексеру. Қажет болса күзетті ұйымдастыру, оның жүзеге асырылуы бойынша қосымша нұсқауларды күту;
-Оқиға жерінен барлық бөтен адамдарды шектеу;
-Тергеушімен бірге келмеген болса айғақтаушыны шақырту, оның аңықтаушыға койылатын талаптарға сай екендігін тексеру;
-Қажет жағдайда оқиға жеріне қарастыру барысында алынған мәліметтерді таратуға болмайтыныдығы туралы айғақтаушыға ескерту керек;
-Оқиға жеріндегі полиция қызметкерлерінің мәліметіне және анық көргендердің (жеке-жеке)айтуына негіздеге отырып оқиға туралы және оған қатысқан тұлғалар туралы қысқаша мәлімет алу керек;
Анық көргендерді жеке-жеке сұрастырғанда диктофон қолдануға болады.
Оқиға жерін қарастырудың алдында айғақтаушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек.
Айғақтаушы ретінде шақыртуға болмайды:
Кәмелет жасына толмағандарды;
Заң қорғаушы ұйымдарының қызметкерлерін және тергеушінің қоғамдық көмекшілерін;
Табиғи кемшілігі бар адамдарды, яғни айғақтаушы міндетін атқаруға кедергі болса (көруі, естуі нашар);
Психикалық сапасы бойынша жарамсыздарда (эмоциональді турақсыз);
Сауаты аз адамдарды;
Айыбын өтеушілерді (мысалы, бұзақылық, алып-сатарлық);
Берілген аймақта турақты турмайтындарды (қажет болған жағдайда сотқа шақыру қиындайды).
Қарау кезінде айғақтаушылар әркезде тергеушінің қасында болу керек және тергеу әрекеті кезінде анықталғашының барлығын зерттеу керек.
Информация о работе Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері