Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 18:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру....................................................................................5
1.2 Оқиға болған жердің түсінігі.........................................................................12
1.3 Оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігі...........................15

2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері ........................................17
2.2 Тергеу әрекетінің техникалық әдісі.............................................................23
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері........................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың түрлері.docx

— 90.55 Кб (Скачать файл)

Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде келесі әрекетгер жүргізеді:

-оқиға болған жерді қарау;

-саралтама тағайындау;

-жауапты окиға болған жерді тексеру мен тергеу эксперименті;

-сезіктіні тану үшін көрсету;

-үй-жайларды тінту.

Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеудің себептері, әдістері және қолданылатын құралдары қаралып жатқан оқиғаның жағдайына және тергеулік әрекетіне байланысты болып келеді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан  Республикасының ең қымбат қазынасы, адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Бұл жерде қарастырылған «Сезікті мен айыпталушының  процесуалдық жағдайы» атты бітіру еңбегіне олар туралы кең де көлемді түрде қарастырылды. Сонымен     қатар алдын- ала   тергеу   барысында оқиға болған  жерде криминалистикалық  зерттеудің түсінігіне көңіл бөлінген. Әртүрлі жағдайларда кісі өлтіруді тергеудің кримналистік ерекшекліктері жан-жақты ашып олардың қандай құқықтары барлығы және оларды пайдалану жолдары көрсетілді.

Тақырыпты зерттеу барысында қоғамға және тұлғаға қауіпті кісі өлтіру қылмысын тергеу, дәлелдеу ерекшеліктеріне көңіл бөлген. Қылмыстық істерді тергеу кезінде теориялық нұсқаулар, тәсілдердің, іс-қимылдардың жүргізілу маңызын көрсеткен. Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы, осы қылмысқа байланысты қылмыстық істің қозғалуы және бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі баяндалған.

Сезіктінің және айыпталушының алдын- ала тергеуде кінәсіздік презумпциясы принципін пайдаланып отырып, жауап беруден бас тарту құқығы, олардың құқықтарын түсіндіру міндеттілігі, қорғаушының міндетті түрде қатыстырылуы, сонымен бірге олардың өз ана тілінде жауап беруі, аудармашы, өкілдерінің көмектерін пайдалану, сияқты құқықтары адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың шынайы  көрінісі  болып  табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңында қандай жағдайда сезікті жөне айыпталушы атты процессуалдық тұлға болатындығы айқын көрсетіліп, олардың өздеріне тән құқықтарын пайдалануы  негізгі  міндеттер  болып  саналады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесінің жалпы жүйесінде өтпелі кезең ретінде түсіндірілетін қазіргі уақыт құқықтық қызметтің кез келген саласында көрініс тауып отырған серпінмен сипатталады. Сонымен бірге жаңа ҚІЖК қабылдау (1997 жылғы 13 желтоқсан) осы саладағы құқықты реформалау аяқталғандығын білдірмейді. Қылмыстық іс жүргізу құқығын қалыптастыру және оны одан әрі дамыту уақытты талап етеді және белгілі бір талаптар жүйесіне жауап беруі тиіс. Мұндай талаптар ретінде мыналарды атауға болады:

-Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін (1995 жылғы 30 тамыз), конституциялық заңдарды пайымдау және творчестволық сипатта дамыту;

-адам құқығын барынша сақтауға және қорғауға бағдарланған бірыңғай, біртұтас, демократиялық қылмыстық-құқықтық саясатты талдап жасау;

-құқықты тұрақтандыру;

-құқықтың мүлтіксіз орындалуына қол жеткізу яки бұриаланған құқықты қалпына келтіру процесіне, мәселен, жеке және жеке-жария айыптау істері жөніндегі жағдайлардан басқа реттерде субъективтік фактор ықпал етпейтіндей құқықтық тетікті жасау;

Қылмыстық процеске қатысушылар  деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек.

Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар. Л.Д.Кокоревтің пікірінше, «субъектілер» және «қатысушылар» терминдері - мән-маңызы бірдей ұғымдар, бірақ қылмыстық процесс үшін «қатысушылар»  термині лайықтылау, өйткені «субъектілер» термині жалпылама сипатта.

Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. «Субъект» терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен білдірілген.

Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.

Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынандай үш көзқарас барынша айқын байқалады.

Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П.Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді.

Барынша көп қолдаушылар тапқан екінші көзқарас процеске қатысушылар деп тек сте мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген.

Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде «процеске қатысушылар» категориясының заңдылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты жақтаушы С.А.Альперт процеске қатысушылардың бәріне түрлі құқықтар мен міндеттер берілген, сондықтан оларды «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен біріктіруге болмайды деп санайды.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТГЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж.
  2. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  кодексі, Алматы, 2002 ж.
  3. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы,2002 ж.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсіндірме, Алматы, 2003 ж.
  5. Қазақстан Республикасының   Азаматтық кодексі,  Алматы, 2001ж.
  6. Қазақстан  Республикасының  Азаматтық іс жүргізу кодексі,  Алматы,  2002ж.
  7. Қазақстан  Республикасының   Заңы «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы»,30 наурыз   1999ж.
  8. Қазақстан  Республикасының   Заңы «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы »,   5 шілде  2000ж.
  9. Қосымша әдебиеттер
  10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Б.Төлеубекова, Алматы, 2000 ж.
  11. Заң газеті, 2/Х-2002 ж.
  12. Подозреваемый в Советском уголовном процессе. С.Бекешко, 1979 г. г.Минск.
  13. Право подозреваемого. В.Совицкий, Алматы, 1990 г.
  14. Расширить условия признания лиц подозреваемым И.Лисогор, М., 1998 г.
  15. Тергеу әрекетінің тактикасы. С.Еркенов, С.Султанов,     Алматы,  2002 ж.                                      
  16. Қазақстан Республикасының қылмыстық қүқығы, Алматы, Ағыбаев А., 1999 ж.
  17. Субъект преступления по уголовному праву. С.Молдабаев, 2002 г., Алматы,
  18. Қылмыстық құқық. С.Рахметов, Е.Алауханов, Алматы, 2001ж.
  19. Адвокат      по      уголовном      и      гражданском      процессах. О.Арсентьев, Кустанай, 1998 г.
  20. Уголовная   ответственность  несовершеннолетних.  Журнал правовая инициатива, № 1, 1998 г.
  21. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 2-сәуірдегі «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және олардың қоғамға қарсы іс- әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы " № 6 нормативті қаулысы. Егеменді Қазақстан газеті, ІЗ/У-2002 ж.
  22. Санаға    сілкініс, тәрбиеге серпіліс қажет. Ж.Кәрібайулы, Егеменді Қазақстан газеті, 26/1У-2002 ж.
  23. Участники уголовного процесса, Москва, 1997 г., Р.Рахунов.
  24. Словарь   основных   уголовно-процессуальных понятий и терминов. Б.Толеубекова, Караганда, 1999 г.
  25. Жасөспірімдер тәрбиесі мектептен бастау алады. Егеменді Қазақстан, 2002 ж.
  26. Қылмыстық құқық, Алматы, 1998 ж., Е.Қайыржанов.
  27. Уголовный     процесс Республики  Казахстан   Т.Сарсенбаев, А.Хан, Астана,   2000 г.
  28. Уголовное право Республики Казахстан, Г.Поленов, Алматы, 1999г.
  29. Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу  құқығы,   Б. Төлеубекова., Қ.  Қапсәләмов., Б. Шынарбаев., Д. Бекішев,  Алматы,  2002ж.
  30. О  сущности дознания  и органа дознания   ( Проблемы предварительного следствия и дознания:  Сб. Науч. Тр. ), Мачковский Г.И.   Москва  1987г.
  31. Алдын-ала тергеудің  аяқталуы ,   А. Ағыбаев.,  Е. Алауханов   Алматы,  2004ж.
  32. Алдын-ала тергеуді тоқтата тұру,       Л.М. Репкин     В.  1971г
  33. Учебник  уголовного  процесса   (Отв. Ред. А.С. Кобликов ) Москва, 1987г.
  34. Уголовный  процесс,    под. ред. Божьева В.П.    Москва,  1989г.
  35. Агафанов П.Н. Порядок судебного разбирательства по уголовному делу. М.1985.
  36. Загорский Г.Н. Судебное разбирательство по уголовному делу. М.1985.
  37. А.М.Дворянский. Организация и методика работы прокурора судебных стадиях уголовного  судопроизводства. М.1996.
  38. Пастухов М.И. Реабилитация невиновных. Основы правового  института. Минск 1993.
  39. Короневский Ю.В. Государственные обвинение в  в условиях судебной реформы. М.1994.
  40. Леви И.А. и др., Получение и проверка показаний следователем. Справочник. 1987.
  41. Барабаш С.А., Володина М.М. Прекращение уголовных дел  по нереабилитирующим основанием в стадии предварительного  расследования. Томск,1986.
  42. Белозеров Ю.Н., Юфимевич С.П. Обвинительное заключение в уголовном процессе. М.1982.
  43. Божьев А. Прекращение дел на досудебных стадиях. //Россия. Юстиция. 1986. №5. С.21-22.
  44. Быков В. Основание   приостановления производства по уголовному делу.// Россия. Юстиция. 1995. №3. С. 15-16.
  45. Шимановский В.Сроки содержания под стражей на предварительном следствии. Порядок исчисления и продления// Законность 1995г. №3 с.16
  46. Ознакомление с материалами уголовного дела. // Законность. 1994. № 10. С.48-50.
  47. Пашкевич П.Ф.Свидетельские показания:вопросы обеспечения правдивости и рационального использования // Вопросы осуществления правосудия по уголовным делам. Калининград,1984.
  48. Михайленко А.Р.Роль потерпевшего и свидетеля в обеспечения законности на предварительном следствии//Укрепленные законности предварительного расследования в условиях перестройки.Сборник научных трудов. Волгоград., 1990.С.113.
  49. Вышинский А.Я. Теория судебных доказательств в советском праве. М.,1950. С.276.
  50. Рахунов Р.Д. Участники уголовно-процессуальной деятельности. М.,1961. С.179.
  51. Голунский С.А.Вопросы судопроизводства и судопроизводства в новом уголовно-процессуальном законодательстве. М.,1969. С.80.
  52. Болотин С.В. Орган дознания в системе уголовно-процессуальных правоотношений: Дис., д.ю.н. , М.,1990.стр.38.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері