Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 18:00, курсовая работа
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демокра-тиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет құру жолына түскенін мәлімдеді. Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бұл біздің мемлекет бағыт алған құқықтық саясатқа да сай келмейтін еді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Оқиға жерін қарастыру....................................................................................5
1.2 Оқиға болған жердің түсінігі.........................................................................12
1.3 Оқиға болған жерді криминалистикалық тергеу түсінігі...........................15
2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері ........................................17
2.2 Тергеу әрекетінің техникалық әдісі.............................................................23
2.3 Табылған іздердің тіркеу нәтижелерін зерттеу және алудың әдістері......25
2.4 Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері........................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................31
Тергеу оқиғасына байланысты оқиға орнындағы өзгерістер томендегі топтарға бөлінеді:
1.Табылған заттаң тергеу
2.Оқиға орнында жекелеген
3.Жекелеген заттар, орындарының
өзгеруі. Мысалы, жекс мүліктерді
ұрлау барысыңда қылмыс
4.Жекелеген заттардың, сапалық құрамының өзгеруі, оларға жататындар:
а)кейбір заттар мен бұйымдарды мемлекеттік стандартқа сөйкес еместігін (қоспалы арақ, коньяк) немесе азық-түліктің нормасын өзгерткенін (торттар, ет) көрсететін іздері.
а)бұзылған затгтардың іздері, олардың көлемі мен мөлшері байқалмайды (мысалы, терезе әйнегінің сынығы).
б)оқиға болған жсрде қалған бейнелеуші іздер (қылмыс құралымен қалдырылған із, көліктің іздері, жануарлардың, адамның қолының, аяғының іздері).
Бұл өзгерістер криминалистикада трасологиялық іздер немесе бейнелеуші-іздер деп аталады. Айта кететін жағдай, өзгеріс-іздері әдебиеттерде кең көлемді мағынада ал бейнелеуші іздер (трасологиялық) тар көлемде қаралады.
Барлық қылмыстық іздер көріну сипатына қарай криминалистикада материалдық (заттар, мүліктер, керулік, дыбыстық және тағы басқа адамның миындағы құбылыстар) болып бөлінеді.
Затгар, ағзалар мен мүліктерді және басқа да қылмыстық іздерін табуға комектеседі. Осыларға мысалы ретінде:
а)қылмыс жасаған тұлға оқиға болган жерде ұмыт қалған немесе түсіріп алған мүліктері (бұзу құралы, қару, киім);
ө)органиқалық және органиқалық емес құрылымдағы заттар (қан тамшысы, темір ұнтақтары, лақтың бөлшектері, краскалар т. б) айта аламыз.
Қазіргі кезде химия, физика, биологияның микробөлшектерді зерттеудегі жетістіктері өте кіші іздерді алуға мүмкіндік береді. Криминалистикада қазір мікроіздер, микробөлшектер, микроағзалар сияқты түсініктер көп қолданылады.
Микроіздер ретінде тергеуге қатысты, яғни оқиға болған объектімен байланысты, көзге көрінбейтін іздерді тауып, оларды микроаналитикалық әдіспен зертгейтін іздерді айтамыз. Макро және микроіздерді боліп түратын накты шекара жоқ. Шартты түрде микроіздерге салмаш 1мг-ға дейін немесе өлшемі 1мм-ге дейінгі объектілер жатады.
Микроіздер трасологиялық (микротрассалар) және трасологиялық емес болып бөлінеді. Ал трасологиялық емес іздер микробөлшектер және миқроағза түріндегі іздерге бөлінеді.
Микробөлшектер органикалық (жануарлар
немесе өсімдіктер), органикалық емес
және аралас болады. Оларға шыны бөлшектері,
шаңдар, топырақ, темірлер, ағаштар, тоқыма
талшықтары, адам денесіндегі киімдерінің
элементтері жатады. Микробөлшектердің
көп тараған түрлері - иіс іздері. Иісті
іздер қылмыстық объект маңайында газды-
молекулалық түрде болады.
Із үстіне із салу арнайы
механизмдердің пайда болуымен
түсіндіріледі. Олар екі-үш объектілер
арасында бөлшектердің бір
Сонымен бірге, жәбірленуші және қылмыс жасаған тұлғаның киімінде оқиға болған жердегі шаң, топырақ немесе басқа заттың бөлшектері қалып қояды. Мұндағы із үстіне із салу микро және микроіздер болуы мүмкін.
Оқиға болған жердің жағдайы өзгеріссіз қалмайтынын ескеру керек. Қылмысгық іздер өзгереді және жоғалып кетеді. Бұл объективтік заңдылық, өйткені іздердің өзгеруі және жоғалуы табиғи құбылыс (жаңбыр, қар, жел, күн) және адамдардың қатысуымен болатыны заңды. Жеке іздердің пайда болу уақыты имоненттік қасиеттеріне, екінші жағынан қоршаган ортамен (аяқ киімнің ізі, кашкгің қардағы, құмдағы ізі т.б) өзара әрекеттерінен көрінеді. Адамдардың іс-әрекеті кездейсоқ жәнс алдын ала дайындалған болуы мүмкін.
Алдын ала іздерді өзгерту немесе жойып жіберу - қылмыс жасаған тұлға жөнінде ақпаратты беретін қылмыс айғақтары мен іздерін жабудың бірден-бір жолы. Қылмыс жасаған адамның іс-әрекетіне байланысты іздерді өзгерту және жою, тікелей жекелеген іздерді жоюмен жүзеге асырылады:
а)адам өлтірілген жердегі, едендегі, қабырғадағы және мүліктегі қан іздерін жуу;
ә) қылмыс жасаған тұлғаның, ұстаған заттарын шүберекпен ысқылап сүрту;
б)жалган іздерді жасау (қылмыс орнында басқа адамдардын заттарын тастап кетуі т.б);
в)іздерді жою арқылы қылмысты жазатайым оқиға ретіндс көрсетуі (мысалы, өндірістегі кісі өлімін, жазатайым оқиғаға келтіруі);
г)қылмысты жалған бағытқа бұру арқылы (дүкен сатушысының үлкен шығынға ұшырап, оны жасыру үшін есікті бұзып, ұрлық жасалғанын хабарлайды), немесе басқа қылмыс жасау арқылы адам өлімі болған жер, өртеніп кетеді. Дегенмен, оқиға болған жерлерде жасалған кылмыстың іздері қанша дегенмен қалып қояды. Сонымен бірге, қылмыс жасаған түлғалардың кылмысты жасырып, іздерді жою әрекеті салдарынан, жаңа іздер пайда болады.
Жоғарыда айтылғандардан қорытатынымыз, яғни оқиға орны окиға және оны жасаган адам жөнінде акпарат беретін әр түрлі іздердің ортасы болып табылады.
1.3 Оқиға болған жерді
криминалистикалық тергеу
Қылмыстық зерттеу адамдардың іс-әрекетінен көрінеді, яғни «соттық зерттеу» түсінігімен танымал болып келеді. Саттық зерттеу ретінде, Р.С.Белкин атап көрсеткендей «қылмыстық процестің анық жайын ашатьш тергеушілер, прокурордың іс-әрекеттері, яғни қылмыстық істі зерттеу барысынша жасалатын іс-шаралардың жиынтығын» қарастыруға болады.
Бұл соттық зерттеу барысында қылмыстық-процессуалдық заңдар мен криминалистиканың әдістері және тәсілдері қолданылады. Мұңда басты назар оқиға болған жердегі криминалистикалық зертгеуге аударылады.
Оқиға болған жердегі криминалистикалық зерттеу-болған оқиғалардың іздерің, оның жалпы механизмін және тағы басқа элементгерін, қылмыстың бар немесе жоқтытын, қылмыс жасаған адамнын жеке түлғасын анықтау және оны іздестіруге қажетгі мәліметтер жинақтау, қылмыс жасауға әсер еткен жағдайлард анықтау, оқиғаны зерттеуде жаңа мәліметтер жинауга бағытталады.
Әр жекелеген жағдайда бұл мақсаттар соттық зерттеу немесе басты сот талқылауы сатысына қарай нақтыланады, яғни оқиға болган жерді зерттеу, сонымен қатар ол процессуалды іс-әрекет жүргізуде де іске асырылады. Көбіне, алдын ала тергеу сатысында криминалистік зертгеу оқиға болған жерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады.
Әр тергеу әрекеті сияқты, оқиға болған жерлерді қараудың үш аспектісі бар: процессуалды, ұйымдастыру және криминалистік (арнайы танымдық). Процессуалды аспект - бұл процессуалды әрекет, ол алдын ала тергеуде, басты сот талқылауында жүргізілуі мүмкін. Ол заңмен көзделген танымдық қызмет нысанын бейнелейді. Тергеудің бастапқы ахуалға қарай оқиға болган жерді қарау тергеу әрекеті ретінде жүргізу жеделдігімен сипатталады, бұл «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізуі кодексінің» 221-бабының 2- бөлімінде көрсетілген. Оқиға болған жерді қарау кезек күттірмейтін жағдайларда қылмыстық іс қозғалмастан бұрын жүргізіледі.
Ұйымдастыру аспектісі, оқиға болған жерге барғанға дейін жүргізілетін және оқиға болған жердегі әрекеттерді қамтиды. Өйткені оқиға жайлы хабар әдетте ішкі істер органың кезекші бөліміне түсетіндіктен, барғанга дейін жүргізілетін әрекеттер кезекшіге жүктеледі (оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру, тергеу-оперативті топ қүру және оның шығуы). Оқиға болған жердегі тергеу-оперативті тобының басшысының әрекеттері (әдетте ол кезекті тергеуші болып табылады): оқиға мән-жайыньң сипатын анықтау, қылмыс жасаған түлғалардьң ізін суытпай ізіне түсуді ұйымдастыру және оқиға болған жерді тікелей қарал шығу.
Тергеушінің дайындык әрскеттеріне мыналарды жатқызуға болады: оқиғанын мән-жайын анықтау үшін жәбірленушілер мен оқиғаны көргендерден қысқаша сұрау алу, оқиға болған жерден бөтен адамдарды шығару және қажет болган жағдайда қарау кезінде оны күзетуді ұйымдастыру, қажет жағдайларда қарауға қатысушылардың қауіпсіздік шараларьш қабылдау, әсіресе, оның қарқынды қозгалысты көлік жолдарында жал-көлік оқиға орындарын қарауда маңызы зор, күәгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, карауға катысушылар арасында окиға болған жерді және онда табылған объектілерді зерттеуде тікелей міңдеттерді бөлу.
Криминалистік аспектіде оқиға орның тексеріп карау дегеніміз тергеушінің мән-жайды толық, арнайы ащстер және техникалық құралдар көмегімен зерттеуі, тікелей түйсікпен қабыддауы. Тергеу әрекетінің зерттеу сипатына әдебиетте үнемі көңіл бөлінеді. Мәселен, А.Н.Васильев және В. А.Притузова: «окиға болған жерді қарау бұл тек көрумен емес, басқа да бүкіл сезім органдарының түйсігімен, сонымен бірге өлшеу, сипаттау, бейнелеу мен қол жеткізілетін жан-жақты зерттеу,» - деп атап көрсетеді. Р.С. Белкин: «оқиға орнын қараудың жұмыс кезеңнің мазмұны - қарау объектісін тікелей зерттеу,» деп көрсетеді.
Оқиға орнын криминалистік, зерттеу, оның топографиясын зерттеу, оқиға болған жерде әр түрлі іздерді мүмкіндігінше табу және зерттеу, оларды тіркеп бекіту және қажет жағдайда алу, сонымен бірге олар тергеулік қараумен аяқталмайтынын, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінде, тігу және алу және басқа тергеу әрекеттерінде жалғасады.
Сонымен, оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу дегеніміз - тергеушінің криминалистикалық әдістері мен құралдарды қолданып, оқиға орнын қарау және басқа да процессуалдық әрекеттері барысында жүзеге асыратын танымдық қызметінің бір түрі.
2.1 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТІРКЕУ
2.1 Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері және оның нәтижелерін тіркеу
Оқиға орнын криминалистік зерттеу кезінде жүзеге асырылатын таным қызметінің өзіне тән белгілерінің бірі, процессуалдых жағдайы, олардың функцияларын анықтайтыш, субъектілер болып табылатындығында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-224 баптарына сәйкес алдын ала тергеу барысында оқиға орнын криминалистік зерттеу субъектілері тергеу жүргізуші тұлғалар, ал сонымен бірге қарауға қатысушылар (учаскелік уәкіл, жедел іздестіру қызметкері, маман-криминалист т. б) болып табылады.
Оқиға болған жерді қарауға дайындық
жэне оны жүргізуге жалпы басшылық жасау
тергеушіге жүктеледі. Ол тікелей оқиға
болған жерді қарауды жүргізеді, атынан
қарау хаттамасын, схемалар, жоспарлар
т.с.с толтырады. Тергеушілерге қажет жағдайларда
тиісті маман шақыруға құқық берілген.
Мәселен, жол-көлік оқиға орнын қарауға
маман ретінде көлік инженерін, ертке
тиісті іске инженер-электрик, инженер-химик
т.б.
шақырылады. Көбіне қарауға қатысуға криминалист
мамандары шақырылады. Жекелеген жағдайларда
заң тергеушіге қарауға қатысуға міндетті
түрде маманды тартуды талап етеді. Мысалы,
оқиға болған жерде
мәйітті қарауды тергеуші сот медицинасы
саласындағы дәрігер маманының қатысуы
мүмкін болмаса, басқа дәрігердің қатысуымен
жүргізуге міндетті.
Оқиға болган жерді криминалистік зерттеуде тергеуші маман рөлін біле отырып, жалпы маман мен сарапшының арасындағы айырмашылыкты аңғара білуі қажет.
Маманнын құқықтары және міндеттері Қылмыстык іс жүргізу кодексінің 84-бабында анык баяндалган. "Оңда, атап айтқанда: маман тергеуші шақыруымен келуге, тергеу әрекетін жүргізуге қатысуға, тергеушіге дәлелдемелер табу, бекіту және алуда өзінің арнаулы білімін пайдаланып, комектесуге т. б. міндетті.
Оқиға болған жерді қарауға қатысушы маман тергеушіге өзінің консультацияларымен, сонымен бірге тікелей қатысуымен іздер табу, зерттеу, тіркеу жене алуға көмек көрсетеді. Ол оқиға болган жердің мән-жайын аныктауға көмектеседі, бүкіл мән-жайды фото-кино, бейне жазбаға түсіреді, тергеушіге іздерді пайда болу механизмін түсіндіреді.
Тергеуші қойған сұрақтарға жауап беру үшін маман оқиға болған жерде әр түрлі зерттеулер жүргізеді. Маман жауаптары көбіне бағдар, болжам сипатта болады.
Тергеуші тапсырмаларын орындап, маман сонымен бірге ер түрлі мән-жай және қылмыс іздерін зерттеуде және табуда бастама жасай алады. Өзінің бшыімен маман тергеуші естен шығарған мән-жайларға көңіл аудара алады. Дегенмен, тергеуші тапсырмасы шеңберінен шығатын барлық ерекеттер жайлы маман тергеушімен келісуге міндетгі.
Маманның оқиға болған жерді қарауға қатысуы хаттамада бейнеленеді, онда оның фамилиясы және мамандығы көрсетіледі, іздерді табу, зерттеу, бекіту және алуға байланысты оның мәлімдемелері тіркеледі,қолы қойылады.
Тәжірибеде оқиға болған жерді қарауға қатысуға сарапшыларды шақыру жиі кездеседі. Мұнда сарапшы -сараптама бөлімшесінің қызметтік тұлғасы және сараішш процессуадды тұлға. Тергеуші саралшы мен маманның арасындағы айырмашылықты білуі қажет. Егер сарапшы оқиға болған жерді қарауға қатысуға сараптама тағайыңдау қаулысы шығарылмай тұрып тартылса, онда ол қарапайым маман рөлін атқарады. Егерде ол сараптама жүргізуге Қазақстан Рсспубликасьпшң Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 240-бабына сөйкес тағайындалса, оңда процессуадды статусы бар сарапшы ретінде іс атқарады.
Маман және сарапшы арасындағы айырмашылыға олардың процессуалды жағдайымен бағаланады. Сарапшы жеке мәселелерді шешу үшін тергеуші арнайы сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады. Сарапшы алдына койған мәселелерді шешу әдісін тандауда өз бетінше шешім қабылдайды. Ол туралы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 83-бабында толық айтылған. Сарапшының жазбаша рәсіделіп берілген қорытындысы дәлелдемелер көздерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, тергеу ерекетіне қатысқан маманды сарапшымен салыстырғанда өз құқықтары біршама шешілген. Оның дәледеме көзі болып табылатын түжырым беруге құқығы жоқ. Қорытынды қандай болмасын құқықтық қайшылықтарға әкелмейтін консультация түрінде немесе тергеу әрекеті хаттамасында тергеуші не маман атынан мәлімдеме түрінде бейнеленеді.
Информация о работе Тергеу әрекеттерінің әдістері, тәсілдері, түрлері