Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер

Вложенные файлы: 1 файл

Кабылгазинова КІЖ принциптер.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс жүргізу құкығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот талқылауын береді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволык, нормативтік актілер де (ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері, Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т.б.) жатпайды. Олар кылмыстық іс жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан колданылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексі - бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат кұқығы Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. [1] Ол жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1-5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады. Ерекше бөлімде 8 бөлім (6-13), 40 тарау, 400 бап (177- 577) енеді. Ескерте кету керек, 2007 жыддың 1 каңтарында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Алкабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын, 57-62 тараулардан, 542-577-баптардан тұратын жаңа 13-бөлім енгізілді. Бірінші бөлім жалпы (негізгі ) ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық, іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін, процесс субъектісі ұғымын айқындайды, үшінші бөлім дәледемелер мен дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың занды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші белімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың, артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар, т.б.) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылының тәртібін анықтауға арналған. Соңында жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін көрсетеді.  Жоғарыда аталған зандарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол зандардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа зандардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек. Мәселен, қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясымен айқындалады деген ереженің жазылу себебі - Конституцияда сот төрелігін атқарудың принциптері және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілдіктері көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңнын нормаларын қылмыстық істердің бірінші саты, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттарында қаралатындығына байланысты қолдану қажет болады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері аталған зандармен шектелмейді. Бұлай айтуға Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормасы негіз болады. Осы баптың 1-бөлігінде барлық құқық салаларына ортақ мынадай ереже жазылған: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық - Конституцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. [1] Осы кснституциялык нормаға сәйкес ҚІЖК 1-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгеде міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотынын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының және КІЖК І-бабының негізінде, қылмыстык іс жүргізу құкығының қайнар көздерін мынадай топтарға бөлу олардың сипаты мен иерархиялық құрамына (жоғарыдан төмен) сәйкес келеді: Қазақстан Республикасы Конституциясы; Конституциялық заң, ҚІЖК және өзге заңдар; Халықаралық шарттар (бұлар жөнінде ҚІЖК 2-бабының 3-бөлігінде жазылған ереже ескерілуге тиіс: Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың ҚІЖКтен басымдылығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады); Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібіне байланысты мәселелер бойынша нормативтік қаулылары; Өзге нормативтік құкықтық актілер.

Аталған құқықтың қайнар кездерінің ішінде қазіргі құқықтық саясатқа байланысты өзгерістерге жататын нормативтік актілердің түрлеріне тоқталайық. Мәселен, құқықтың қайнар көздеріне Конституциялық Кеңестін және Жоғарғы Соттың қаулыларын жатқызу бұрынғы Кеңес Одағы кезінде болмаған. Ал қазіргі конституциялық норманың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану тәжірибесіне сүйене отырып көптеген нормативтік қаулылар қабылдағаны белгілі. Олардың ішінде: Сот үкімі туралы (2002 жылғы 15 тамызда қабылданған); Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Қылмыстык істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін сот-тардың сақтауы туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санциясына сотқа шағымдану туралы (2003 жылы 20 наурызда қабылданған); Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірбиесі туралы (2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған); Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған); Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған), Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу зандарының нормаларын қолдану туралы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы), Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы (2005 жылғы 20 маусымдағы) және т.б. нормативтік қаулылар бар. [1] Өзге нормативтік құқықтық актілер қатарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің және басқа орталық мемлекеттік органдардың қау.лылары мен бұйрықтары, сондай-ақ олар бекіткен ережелер жатады. Осыған сәйкес, мысалы, қылмыстық іс жүргізу саласында қолданысқа жататын мына нормативтік актілерді айтуға болады: Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысна қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы, Қазақстан Рес-публикасы Ішкі істер министрінін, міндетін атқарушының 2005 жылғы 6 қазандағы, Қазақстан Республикасы Экономикалык қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы - бірлескен бұйрығымен бекітілген: Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы нұсқаулық; Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы нұсқаулық және т.б. [1]

 

 

ІІ ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ЖҮРГІЗУДІҢ   ПРИНЦИПТЕРІНІҢ  ЖҮЙЕСІ

1.2  Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы

     

«Принцип» термині (латынша «рrіnсіріum») негіз, негізгі бастама деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты, қылмыстық іс жүргізудің принциптері ретінде бұл қызмет саласының негіздерін құрайтын және занда белгіленген бастама ережелер қарастырылады. Сонымен, қылмыстық процестің принциптері - қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл принциптердің маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы принциптерге негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы принциптерді басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден (ҚІЖК-нің 9-бабында айтылғандай), бұл принциптерді сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істін, материалдарының занды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады. Қылмыстық процестің принциптерін бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес. Кейбір авторлардың пікірінше, занда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеялар да қылмыстық процестің принциптері ретінде бола алады деп санайды. Ал, ғалымдардың басым көпшілігі қылмыстық процестің принциптеріне заң актілерде белгіленген бастама ережелер ғана жатқызылу керек екендігін қолдайды.  Бұл жағдайда принциптер кұқықтық нормаларға айналып, олардың іс жүзінде қолданылуы және қатаң сақталуы процеске қатысушылардың барлығына бірдей талап болып табылады. Олай болмаса, принциптердің іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің субъектілері үшін міндетті бола алмайды. Қылмыстық іс жүргізу принциптері ҚІЖК-нің екінші тарауында («Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері» деп аталған, 10-31 баптарда) баяндалып жазылған. Мұнда аталып жазылған принциптер Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімінде баян етілген сот төрелігінің бастама ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ ҚІЖК-де жазылған принциптердің көпшілігі Конституцияда жекеленіп айтылмаған. Бұлай болу түсінікті: Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы принциптеріне жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу принциптерін толық қамти алмайды. ҚІЖК-нің 10-31 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің принциптеріне мына бастама ережелер жатады:

- зандылық;

- сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;

- адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;

- жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

- адамнын, жеке басына тиіспеушілік;

- қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

- жеке өмірге қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы;

- тұрғын үйге қол сұқпаушылық;

- меншікке қол сұқпаушылық;

- кінәсіздік презумпциясы;

- қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі;

- сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асыру;

- судьялардың тәуелсіздігі;

- сот ісін жүргізуді тараптардын бәсекелестігі мен тең құқыктылығы негізінде жүзеге асыру;

- істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу;

- дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;

- сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету;

- куәлік айғақтар беру міндетінен босату;

- білікті заң көмегін қамтамасыз ету;

- жариялылық;

- қылмыстық сот ісін жүргізу тілі;

- іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі.

Бұл аталған бастама ережелер өзара байланысты және бір-біріне қайшы келмейтін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу тәртібін тұтас сипаттап көрсететін процессуалдық принциптер жүйесін құрайды. Бірақ, процессуалдық принциптер жүйесі аталған ережелермен ғана шектеледі деп айтуға жатпайды. Яғни, принциптер жүйесін одан әрі толықтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмауы тиіс. Сонымен қатар, жоғарыда аталған бастама ережелер қылмыстық іс жүргізудің жалпы принциптері ретінде қаралатын болғанымен, олар процестің барлық стадияларында бірдей көлемде қолданылмайды. Мәселен, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы немесе судьялардың тәуелсіздігі принципі тікелей сотта істі қарау кезінде өз көрінісін табады. Сол сияқты, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципі басты сот талқылауы стадиясына жузеге асырылады. Олай болса да, бұл принциптер қылмыстық процестің ортақ ережелері ретінде қаралады. Өйткені, сот төрелігін атқару - қылмыстық іс жүргізудің негізгі мәнісі болып табылады. [2]

Жоғарыда аталған зандарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол зандардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа зандардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек.

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері.

 

Заңдылық принципі. Бұл принциптің екі жақты мәні бар: біріншіден, ҚІЖК-нің 10-бабының 1-бөлігінде айтылғандай, сот және прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық істі жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚІЖКтің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті; екіншіден, қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар (азаматтар, ұйымдар) Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге заңдарды да сақтауға міндетті болып табылады. Олай болса да, заңдылық принципін қатаң сақтау ең алдымен қылмыстық іс жүргізу органдарының тікелей міндеті екендігін ерекше айту қажет. Өйткені, бұл органдар өздері зандылықты қатаң сақтаумен қатар, басқа іске қатысушылар жағынан заң бұзушылықты болғызбауға, сонымен қатар олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қажетті шараларды қолданып отырулары керек. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 10-бабынын, 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні Конституцияға сәйкес емес деп табу туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. [13]

Егер қылмыстық іс жүргізу орындары зандылық принципін сақтамаған болса, онда (ҚІЖК-нің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес) бұл іс бойынша шығарылған процессуалдық шешімдер заңсыз деп тануға және бұзуға жатады.

Осы айтылған шаралар зандылық принципін қамтамасыз етудің маңызды процессуалдық кепілдіктері болып табылады. Олармен қатар, зандылық принципін қамтамасыз етудің басқа да мынадай кепілдіктері бар:

  • қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларында зандылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы;
  • жоғарғы саты соттарының төменгі сатыға жататын соттардың шығарған үкімдері мен қаулыларының заңдылығын тексеруі;
  • іске қатысушы мүдделі тұлғалардың (азаматтардың және ұйымдардың) соттың, прокурордың және алдын ала тергеу (анықтау) органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы және ондай шағымдардың занда көрсетілген тәртіп бойынша уақытында қаралып шешілуге міндеттілігі.

Сонымен қатар, зандылық принципінің іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің басқа да принциптерінің сақталуымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені, қылмыстық іс жүргізупринциптерін сақтау - заңның талабы. Егер қылмыстық іс жүргізу органы аталған принциптердің бірін бұзған болса, ол зандылық принципінің сақталмағандығын білдіреді. [13]

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік