Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер

Вложенные файлы: 1 файл

Кабылгазинова КІЖ принциптер.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

Сезікті және айыпталушы қорғануға құқылы, бірақ олар қорғануға міндетті емес. Сондықтан, егерде сезікті немесе айыпталушы қорғану құқығын біле тұрып, алайда оны жүзеге асыру үшін ешбір әрекет жасамайтын болса, мұндай жағдайды бұл адамның өзіне қарсы пайдалануға, яғни оның өзінің кінәлілігін мойындағаны деп қарауға жатпайды. [2]

Куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 7-тармағында былай деп жазылған: ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес; діни қызметшілер өздеріне сеніпсырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Осы конституциялық нормаға сәйкес, ҚІЖК-нің 27-бабында да куәлік айғақтар беру міндетінен босату принципі бекітілген.

Бұл принциптің құқықтық және моральдық та маңызы бар. Құқықтық маңызы: занда көрсетілген жағдайларда куә ретінде жауап беруден бас тартқан адам ол үшін ешқандай жауаптылыққа тартылмайды. Ал, бұл принциптің моральдық маңызы: заңда көрсетілген жағдайларда тиісті адамдарды куә болудан босату қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде жүргізілетін іс-әрекеттердің адамгершілік (гуманистік) тұрғыдан да қаралатындығын білдіреді. Яғни, ондай жағдайларда куә болатын адамдарға моральдық тұрғыдан қиындық туғызбау көзделеді.

Осы принципке сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы куә ретінде жауап алуға жататын адамға қатысты мүмкін болатын ерекше жағдайларды ескеруі қажет. Ондай ерекше жағдайларға мыналар жатады: 1) куә ретінде жауап алуға жататын адамның қылмыс жасауға қатыстылығы жөнінде сезіктің болуы (мұндай жағдайда куә өзінің қылмысқа қатыстылығы жөнінде, яғни өзіне қарсы жауап беруге тиіс болар еді); 2) куә ретінде жауап алуға жататын адамның айыпталушының немесе сезіктінің жақын туысқаны немесе жұбайы (зайыбы) болуы; 3) айыпталушының немесе сезіктінің оған қарсы куә ретінде жауап алуға жататын діни қызметшіге сеніп сырын ашқан болуы. Осындай мүмкін болатын жағдайларда куә ретінде жауап алуға жататын адамдарға заң бойынша мынадай таңдау құқығы берілген: 1) куә ретінде жауап беруден бас тарту; 2) өзінің ерікті келісімімен куә ретінде жауап беру.

Сонымен, куәлік айғақтар беру міндетінен босату принципіне сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) куәдан жауап алудың алдында заңда көрсетілген айғақтар беруден босататын жағдайлардың бар-жоғын анықтап білуі тиіс.

Білікті заң көмегін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-бөлігінде жазылған: «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Занда көрсетілген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі». Бұл принцип ҚІЖК-нің 28-бабында бекітіліп, қылмыстық процеске қатысушылардың білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі көрсетілген.

Білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету принципінің алдымен өз мүдделерін қорғап процеске қатысушылар үшін, соның ішінде сезікті мен айыпталушы үшін үлкен маңызы бар.

Бұл принципті жүзеге асырудың мынадай амалдарын атай аламыз:

1.Қылмыстық іс жүргізу органдарының  процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, ол құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауға міндеттілігі.

2.Айыпталушының (сезіктінің) өзінің  қалауы бойынша қорғаушы, яки  адвокат алу құқығының іс жүзінде  қамтамасыз етілетіндігі. Яғни, білікті  заң көмегін алу үшін кәсіби қорғаушының (адвокаттың) іске қатысуы тиімді болады.

3.Басқа іске мүдделі адамдардың (жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық  жауапкер) өздерінің өкіл алу  құқығын пайдаланып, білікті заң  көмегін көрсетуге адвокат шақыру  мүмкіндігі (айыпталушының немесе сезіктінің мүддесін қорғайтын адвокат «қорғаушы» деп аталатын болса, басқа іске мүдделі адамдар жағынан процеске қатысатын адвокат «өкіл» статусына ие болады).

4.Қажет болған жағдайларда қылмыстық  іс жүргізу органынын қаулысы  бойынша айыпталушының заңгерлік көмекке ақы төлеуден толық немесе жартылай босатылатындығы. Мұндай жағдайда қорғаушыға ақы төлеу мемлекет есебінен жүргізіледі.

5.Жалпыға бірдей адвокаттық  қызмет арқылы азаматтардың әртүрлі  заң көмегін алуына болатындығы. Мәселен, «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 4-бабына сәйкес заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және занды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Жариялылық. ҚІЖК-нің 29-бабында көрсетілгендей, қылмыстық істерді талқылау барлық соттар мен сот сатыларындаашық жүргізіледі. Яғни, жариялылық принципі сотта істі қараудың жүргізілуін процеске қатысушы адамдармен қатар басқа да азаматтардың көріп тыңдай алатындығын және істі қарау жұртшылық алдында ашық жүргізілетіндігін білдіреді. Мұның өзі, яғни сот төрелігін атқарудың қоғамдық бақылаудан жасырын болмайтындығы, соттың жауаптылығын және жұртшылық алдында тәртіптілік пен зандылықты қатаң сақтаудың маңыздылығын арттырады.

ҚІЖК-нің 29-бабына сәйкес, мына жағдайларда ғана сот талқылауы жариялылығын шектеуге жол беріледі:

  • мемлекеттік құпияны қорғау қажет болған жағдайда;
  • кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері қаралатын болғанда;
  • жыныстық қылмыстар туралы істер қаралатын болғанда;
  • іске қатысушы адамдар өмірінің жеке жақтары туралы мәліметтерді жариялауды болдырмау қажет болса;
  • іске қатысушы адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.

Осындай жағдайларда соттың дәлелді қаулысы бойынша қылмыстық істі қарауды жабық өткізуге жол беріледі. Бірақ, мұндай жағдайлардың өзінде де сот талқылауын толық жабық жүргізу міндетті емес. Яғни, сот талқылауы жартылай (қажетті көлемде ғана) жабық жүргізілуі мүмкін. Сот отырысы жабық жүргізілетін болғанның өзінде де қылмыстық істі қараудың заңмен белгіленген басқа барлық ережелері сақталуға тиіс және соттың үкімі ашық жариялануға жатады.

Жариялылық принципі барлық сот сатыларына бірдей таралады. Осыған сәйкес, апелляциялықжәне қадағалау сатыларында да істерді сот отырысында қарау ашықтүрде жүргізіледі.

Сотта істі қараудың жариялылығы онын, ауызша жүргізілу шартымен байланысты болып табылады. Яғни, сотта істі қарау кезінде әр істің мән-жайлары және жиналған дәлелдемелер ауызша талқыланып зерттеледі, сотталушыдан және басқалардан жауап алу ауызша жүргізіледі, іске қатысушылар ауызша түсініктемелер береді, өтініштерін айта алады, істегі бар құжаттар және сот қабылдаған шешімдердің барлығы жарияланып отырады. Осының бәрі сотта іс қарауға қатысушылардың өз құқықтарын қолдану арқылы занды мүдделерін қорғауларына жағдай жасайды. [13]

Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес мағынада (мемлекеттік тіл — қазақ тілі, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады) ҚІЖК-нің 30-бабында бекітілген: қылмыстық сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады. Яғни, қылмыстық істің қай тілде жүргізілетіндігі әр жеке жағдайда жергілікті халықтың басым көпшілігінің тіліне сәйкес шешіледі. Сондықтан, ҚІЖК-нің 30-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы бұл істің қай тілде жүргізілетіндігін қаулы шығару арқылы белгілейді.

Қылмыстық істің қай тілде жүргізілетіндігін заңға сәйкес белгілеу — тұрғын халықтын сот ісін жүргізуге қатысуларын жеңілдетеді, процеске қатысушылардың өз құқықтарын толық қолдануларына, сот төрелігін атқарудың тәрбиелік ықпалын арттыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл принцип қылмыстық сот ісін жүргізудің жариялылық принципін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.

Ал, қылмыстық іс жүргізу тілін білмейтін немесе толық білмейтін процеске қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында занда олардың мынадай құқықтары және тиісті шараларды жүзеге асыру көзделген:

  • олар қылмыстык іс бойынша өндіріс кезінде аудармашының қызметін толық тегін пайдалануға құқылы;
  • олар өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде түсініктемелер және айғақтар беруге, өтініш білдіруге, шағым жасауға, сөйлесуге құқылы;
  • олар аудармашы арқылы істің материалдарымен танысуға және басқа да қажетті іс-әрекеттер жасауға құқылы;
  • оларға сотта істі қарау кезінде басқа тілде айтылғандардың бәрін және басқа тілде жазылған заң бойынша қажетті істің материалдарын аударып түсіндіру қамтамасыз етіледі;
  • оларға заң бойынша тапсырылуға тиісті құжаттар сот ісін жүргізу тілінде жазылған түрінде және олардың өздері таңдаған тілде жазылған ол құжаттардың куәландырылған көшірмелері қоса беріледі;
  • сезікті немесе айыпталушы сот ісін жүргізу тілін білмейтін жағдайда қорғаушының процеске қатысуы міндетті болып табылады.

Іс жүргізу әрекеттерімен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі. ҚІЖК-нің 31-бабына сәйкес, қылмыстық процеске қатысушылар өздерінің занды мүдделерін қорғау мақсатында сот пен қылмыстық ізге түсу органдарының әрекеттері мен шешімдеріне ҚІЖКте көрсетілген тәртіппен шағым жасай алады. Ондай шағым жасаудың жалпы тәртібі ҚІЖК-нің 12-тарауында (103—112-баптар) бекітілген. Соған сәйкес, шағым жасаудың тәртібі екі түрге бөлінеді: 1) қылмыстық ізге түсу органдарының (тергеушінің, анықтаушының, прокурордың) іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау; 2) соттың үкімдері мен қаулыларына шағым жасау.

Жалпы ереже бойынша, тергеушінін, және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды зандылықтың сақталуын қадағалайтын тиісті прокурор қарап шешеді, ал прокурордың іс-әрекеті мен шешіміне шағым жоғары тұрған прокурорға беріледі. Сонымен қатар, іске мүдделі адамдар прокурордың шешіміне сотқа да шағымдануға құқылы. Мұндай шағымдар алдын ала тергеу және анықтау жүргізудің барлық кезеңдерінде беріле алады.

Соттың үкіміне (қаулысына) шағым жасаудың өзі екі түрлі болады: 1) занды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағым беру; 2) занды күшіне енген соттың үкімдері мен қаулыларына қадағалау саты сотына шағым беру. Ондай шағымдар берудің тәртібі ҚІЖК-нің 46 және 50-тарауларында белгіленген.

Шағым жасаудың еріктілігін қамтамасыз ету мақсатында ҚІЖК 31-бабының 3-бөлігінде былай деп көрсетілген: шағымды оны берген адамға немесе шағым беруші мүддесін көздеген адамға зиян келетін етіп қолдануға жатпайды. Мәселен, сотталған адамның немесе оның қорғаушысының шағымы қаралған жағдайда апелляциялық саты соты үкімді ауыр жағына (неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды қолдануға немесе бірінші саты соты тағайындаған жазаны қатаң жазаға) өзгертуге құқылы емес.

ҚІЖК шағым жасаудың еріктілігіне арналған 31-бабында қылмыстық іс жүргізу органдарының әрекетсіздігіне шағымдану жөнінде айтылмаған. Алайда, іске мүдделі адамдардың ондай шағым беру құқығын жокқа шығаруға болмайды.[13]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Қорытынды

 

Қорыта  айтар  болсақ ,Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Жеке адамның абыройы мен кадір-касиетін құрметтеу. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке өмірге қол сұғышпаушылық. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсүге жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізудігі тараптардың мен тең құкықтылығы негізінде жүзеге асыру.

Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер. Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен  тығыз байланысты. Қылмыстық  іс жүргізу  құқығы - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық процесс  - бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады.  Қылмыстық процестің екі мақсаты бар: тікелей - әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын; жалпы - заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу. Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Қылмыстық іс жүргізудің қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері төмендегідей.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік