Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:11, курсовая работа

Краткое описание

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері . Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулармен қозғалмалы ойындарға үйрету элементтерін тәрбие үрдісінде қолдану, қазақ этнопедагогикасының тарихын жүйелеу концепциясын жасауда ұлттық тұрмыс, ұлттық мінез ғылыми тұрғыдан алғанда құнды, кеңестік идеология дәстүріндегі педагогиканың зерттеу үлгісінен тыс ұлттық болмыстағы тәрбиелеу тәжірибесін қалыптастырып, өшпес елдің ұрпақтан ұрпаққа мұра болып кететін тәрбие құралдарының өміршеңдігі мен парасатты да байыпты әрі ұлттық құндылық ретінде танылды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулардың этно-педагогикалық мәні мен маңызы нығайтудағы мәні
2.2. Бүлдіршіндерді саптық жаттығуларға баулу техникасы және жаттығулар комплексі
2.3. Салауатты өсір салтындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларының алар орны
2.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Баларды саптык жаттыгуга уирету.doc

— 167.00 Кб (Скачать файл)

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар

Бұлшық ет жаттығуларын орындағанда адамның денесі серігіп, көңіл куйі көтеріледі.

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар негізінен үш топқа бөлінеді:

  1. мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
  2. дене (кеуде, арқа, қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
  3. аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

1. Мойын, қол, иық  бұлшық еттеріне арналған мынадай  жаттығулар орындалады:

1) негізгі тұрыс бастапқы қалпында тұрып, басты оңға бір, солға бір айналдыру (әр жаққа 4 реттен қайталап орындау керек); 

2) негізгі тұрыс бастапқы  қалпында түрып, «1» дегенде  қолдың ұшын иыққа қойып, шынтақты  денеге тигәзіп ұстау; «2» дегенде  шынтақты  жоғары көтеріп дем  алу; «3» дегенде шынтақты төмен түсіріп дем шығару (6-8 рет қайталау керек).

2. Дене бұлшық еттеріне  арналған мынадай жаттығулар  орындалады:

1) аяқты алшақ қойып,  екі қолды екі жаққа созып  ұстап тұрған бастапқы қалыптан  «1» дегенде кеудені солға бұрып,  оң қолды сол иыққа, сол қолды белге қою; «2» дегенде бастапқы қалыпқа келу; «3» дегенде кеудені оңға бұрып, сол қолды оң иыққа, оң қолды белге қою; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 4-5 рет қайталап орындау керек;  [6]

2) аяқты алшақ қойып,  екі қолды екі жаққа созып ұстап тұрған бастапқы қалыптан «1» дегенде алға еңкейіп, оң аяқтың артынан қол шапалақтау;          «2» дегенде бастапқы қалыпқа келу; «3» дегенде алға еңкейіп, сол аяқтың артынан қол шапалақтау; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 8-10 рет қайталап орындау керек. 

3. Аяқ бұлшық еттеріне  ерналған мынадай жаттығулар  орындалады:

1)аяқты айқастыра қойып  тұрған б. қ.-тан «1-2» дегенде  отырып, «3» дегенде қайта тұру. Жаттығуды 5-6 рет қайталау керек. 

2) тік тұрған б. қ.-тан  4 рет алға, 4 рет артқа секіруді 5-6 рет қайталау. 

Бой жазу жаттығуларының үлгілері

Б. Қ.-тан (н. Т.-тан) жүру, жүгіру (30-60 секундтай).

2. Төрт  тағандап тұрған бастапқы қалыптан  «1-2» дегенде оң қол мен сол  аяқты жоғары көтеру; «3-4» дегенде  бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы сол қол мен оң аяқты көтеру. 

3.Төрт  тағандап тұрған бастапқы қалыптан  «1-2» дегенде шынтақты бүгіп,  денені оң жаққа жылжыту; «3-4»  дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы денені сол жаққа  жылжыту. Бұлардың әрқайсысын 5-6 реттен қайталау керек.

4. Төрт  тағандап тұрған бастапқы қалыптан  «1-2» дегенде оң аяқты жоғары  сермей шынтақты бүгу; «3-4» дегенде  бастапқы қалыпқа келу. Келесі  жолы  сол аяқты жоғары сермей  шынтақты бүгу. Бұлардың әрқайсысын 5-6 реттен қайталау керек.         

5. Қолды шынтақтан бүгіп етпеттен жатқан бастапқы қалыптан «1-2-3» дегенде қол мен кеудені көтеру және басты шалқайтып жоғары қарау; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек [7]. 

6. Қолды  шынтақтан бүгіп етпеттен жатқан  бастапқы қалыптан «1-2-3» дегенде қолды жаза кеудені көтеріп, 3 рет қол шапалақтау; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек.

7. Қолды  шынтақтан бүгіп ұстаған бастапқы  қалыптан қатарынан үш рет  қос аяқтап секіру. Жаттығуды  20 рет қайталау керек.

8. Аяқты  сәл алшақ қойып тқұрған бастапқы  қалыптан «1-2» дегенде қолды  жоғары көтере аяқтың ұшына  тұру; «3-4» дегенде тізені құшақтай  жүрелеп отыру. Жаттығуды 4-6 рет  қайталау керек. 

Саптық жааттығулардың дамуы көбінесе ұлттық дәстүрлерге, елдің географиялық ерекшеліктеріне, халықтың мңнез-құлқына байланысты болып келеді. Ұлттық спорт түрлері мен ойындар кейде өзінің даму барысында басқа да халықтардың өмірі мен мәдениетіне ауысып жатады. Мысалы, қытай, жапон халықтарының жекпе-жек спорт түрлерімен басқа да көптеген ұлт өкілдері шұғылданады. Мәселен, ертедегі үнділердің шахмат ойыны қазіргі кезде бүкіл адамзаттың ортақ мәдениетіне айналды. Ал баскетбол бір кезде Америкадағы үндістердің ұлттық ойыны болса, қазір бүкіл дүние жүзі халықтарының ойыны болып кетті [8].

Қазақ халқының ерте заманнан бері қалыптасып, бізге жеткен спорттық жаттығулары  мен ойындары да сан алуан.

«Жаңа қоныс» ойыны. Әрқайсысының құрамында 8-10 ойыншысы бар 2-3 команда жеке-жеке тізбек құрап бір сызықтың бойына келіп тұрады. Олар сол сызықтан алдыңғы жақтарындағы 15-20 м қашықтыққа сызылған екінші бір сызықтың бойына мынадай ретпен «қоныс аударулары» керек. Берілген белгі бойынша әр командадан екі ойыншы қол ұстаса жүгіріп, алдағы сызыққа жеткен соң, біреуі сонда қалып, екіншісі қайта жүгіріп келіп үшінші ойыншыны алып кетеді. Үшінші ойыншы төртіншіні, төртінші ойынша бесіншіні, сөйтіп қай команданың  ойыншылары жаңа қонысқа бірінші болып ауысып бітсе, сол команда жеңіске жетеді.  

Секіру жаттығулары. Секіру жаттығуларының мынадай түрлері бар: 1) биіктікке секіру; 2) ұзындыққа секіру; 3) сырықпен секіру; 4) үш аттапсекіру;

Өздерің өмір сүріп жүрген күнделікті табиғи ортада секірудің  осы түрлері үнемі кездесіп отырады. Мысалы, бала секіріп ағаштың  бұтағынан  ұстау керек болса, ол  бір орында  тұрып биіктікке  секіреді.  Үлкен арықтан немесе бұлақ суынан өту керек болса, бір орында тұрып не жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді. Ал егер бала  жуан бөрененің үстінен жерге секіріп түсу немесе бір нәрсенің үстіне секіріп шығу қажет болса, онда ол биіктікке секіреді. Далада табиғат аясында секіріп жаттығу қызықты да пайдалы. Бұл секіру түрлерімен арнайы  шұғылдануға үлкен жол ашады.

Мектеп жасына дейінгі  балаларға арналған  саптық жаттығуларда ғана емес, сабақтан тыс кездері және ойын үстінде секіріп жаттыға берген дұрыс. Мысалы, шығыршықпен  секіріп жаттығу немесе секіріп жарысу аяқтың бұлшық еттерін жетілдіріп, секіру әдістерін меңгеруге көмектеседі [10].

Допты немесе басқа бір  затты екі аяқпен қысып алып қос  аяқтап секіріп жарысу аяқтың күшін көбейтеді және дененің қимыл-қозғалыс үйлесімін арттырады.

Лақтыру жаттығулары. Лақтыру  жаттығуларының түрлері мынадай: дискіні  лақтыру, балға лақтыру, найзағай лақтыру, ядроны  итеру.

Лақтыру жаттығулары күшті молайтады  және қимыл түрлерін үйлестіре білу қабілетін  арттырады. Допты жоғары лақтыру және ұстау.  Допты жоғары лақтыру және жерге түсіп ыршыған соң ұстау. Допты жоғарыдан алға лақтыру. Допты желке тұстан жоғары лақтыру және ұстау. Допты кеудеден алысқа лақтыру. Тізерлеп отырып, допты бір-біріне лақтыру. Малдас құрып отырып, допты бір-біріне лақтыру. Шалқадан жатып, допты бір-біріне лақтыру.

Гиманстика  сабағындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларға  арналған ойындар:

«Қуғыншыдан құтқар».  (Жүгіруге арналған ойын) Арнаулы сызықпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен  санамақ арқылы сайланған ойын жүргізуші: «Мен қуғыншымын» -деп,  қолын жоғары көтереді де, өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы сол алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Мысық  пен тышқандар».  (Секіруге арналған ойын) Ойыншылар санамақ арқылы «мысық» сайлап алады. Қалғандары тышқандар болып, үлкен етіп сызылған бір шеңбердің бойында дөңгелене тұрып, сызықтың іші мен сыртына кезекпен қос аяқтап секіре бастайды. Мысық шеңбердің ортасында жүгіріп жүріп, сызықтың ішіне ескіріп кірген тышқандардың біріне қолын тигізсе, екеуі орын ауыстырып ойнайды.

«Жүгіріп  өт». (Лақтыруға арналған ойын)  Ойыншылыр  екі топқа бөлінеді. Сонан соң  алаңның екі шетінен арасы  бір-бірінен 20-30 метр болатын екі  сызық сызылады. Бірінші топтың балалары бір сызықтың бойында бір қатар болып тізіліп тұрады. Екінші топтағылар қолдарына 1-2-ден кішкене доп ұстап бір жақ қапталда қатар түзеп тұрады.  Мұғалімнің «1,2,3 – жүгір !» деп дауыстауынан кейін бірінші топтың балалары қарсыдағы екінші сызыққа қарай жүгіре жөнеледі. Қолында доптары бар ойыншылар оларды доппен көздеп тигізіп ойыннан шығаруға тырысады.

Соңынан доп тиген ойыншылардың саны анықталып, топтар орындарын ауыстырып ойнайды. Қай топтың балалары допты көп  тигізсе, сол топ жеңеді.

4. «Допты  «Жолбарыс» ұстайды». (Лақтыруға араналған ойын)  Шеңбер құрып тұрған 5-6 ойыншы бір-біріне допты лақтырып беріп ойнап тұрады. Осы кезде ортадағы бір ойыншы, яғни «жолбарыс» лақтырылған допты қағып алуға  тырысады. Ол кімнің лақтырған добын қағып алса, сонымен орын ауыстырып ойнайды.

Көне және жаңа спорт түрлері мен ойындар

Әрбір халақтың жасап шығарған мәдениетіне оның спорттық жаттығулары мен ойындары да кіреді. Бұл спорттық жаттығулар мен ойындар балалар мен үлкендердің күнделікті өміріне тікелей қатысты болып келеді. Олар өмірге аса қажетті төзімділік, күштілік, ептілік, шапшаңдық сияқты қабілеттерді жетілдіреді. Адамның бойына адалдық, әділдік, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттер дарытады.  
2.3. Салауатты өсір салтындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларының алар орны

 

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларға баулу тәрбиесі педагогикалық мұраттарының бірлігі туралы, эстетикалық қабылдаулардың, сезімдердің, әсерленулердің табиғаты туралы, өмір шындығын ұлттыөқ сана тұрғысынан ұғыну мен түсінудің ерекшеліктері туралы қағидаларының және басқа кейбір мәселелердің зор маңызы бар.

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларға баулу тәрбиесі адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды «көркемдікке тәрбиелеу» деген ұғыммен пара-пар алып жүр.

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларға баулу тәрбиесі дегеніміз – ұлттық өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдар,  ұлттық дүниетаным, салт –дәстүр, қария –данышпандар үлгісі  арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларға баулу тәрбиемен пара-пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Ұлт тәрбиесі ең бірінші  адамгершілікке тәрбиелеумен өте тығыз  байланыста болуы  керек. Адамға эстетикалық  жағынан әсер ету құралы ретінде  әсемдік жағынан әсер етусіз мүмкін болмайтын нәрсе [12].

  Отансүйгіштікке тәрбиелеуде туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің қандай зор ролі атқаратыны  жақсы мәлім. Көптеген адамдар үшін Отан сезімі бала күннен жүрегіне ұялаған туып-өскен табиғат олып табылады. Ол еңбек процесінің нақтылығына, қимылдың ырғақтылығы мен біркелкілігіне, жұмыс орнының ақылға сыйымдылығы мен тиімділігіне эстетикалық әсер етеді. Еңбек процесі өтетін бүкіл жағдай, әсіресе еңбектің нәтижелері эстетикалық әсер етеді.

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  саптық жаттығуларға баулу тәрбиенің дене тәрбиесімен өте тығыз, әрі тікелей байланысы бар. Денсаулығы, әдемі, сымбат әрдайым көз қуанышы болып, адамның жалпы рухани дамуына эстетикалық әсер етіп отырады.

Халықтың  тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, саның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Тәрбие объектісі - өсіп және дамып келе жатқан тіршілік иесі – бала болып табылады. Баланың  бүкіл өмірі бойында оның даму процесі жүріп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы жағынан сандық және сапалық жағынан өзгерістерге  ұшырайды. Адамның дамуы - өте күрделі процесс [13,9].

Отансүйгіштікке тәрбиелеу дегеніміз – баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Тәрбие дамуымен күрделі өзара қатынастарда болады. Тәрбие ең алдымен, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі. Жұртқа мәлім, тәрбие әрқашан да әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипатына сай келеді. Арнаулы оқу-тәрбие беру мекемелерінде  жүзеге асырылатын тәрбие әрқашан да билеуші таптардың саясатын білдіреді. Мектетегі тәрбие жаппай ықпал етудің, мемлекет қолындағы барлық басқа құралдардың оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен нығайтылады, сондай-ақ бұлар мемлекеттің саясатын жүргізуші де болып келеді.

  Осындай  аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес [14].

  Қазақ  халқы-материялды мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қалықты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

  Халықтың  ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың  аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: “Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ  жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой.Ойын деген, менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанттып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған”,- деп тегінен тегін айтпаса керек.[15;44]

   Ұлт  ойындары ертеде ауызекі туып,  жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың  ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер XIII ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап,  Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы  Плано Карлини болды. XIII ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П.Карлини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, ойын сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материялдар жиналған.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі