Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 04:49, реферат
Иоганн Вольфганг Гёте — жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл және табиғаттанушы, Петербург ҒА шетелдік құрметті мүшесі (1826). 1749 жылдың 28 тамызында Франкфурт-на-Майн атты ескі неміс сауда қаласында, ауқатты бюргер Иоганн Каспар Гётенің отбасында дүниеге келіп, 1832 жылдың наурызында Веймарда қайтыс болады. Гётенің әкесі тақуалы, қатал, адал адам болған. Одан ұлына білімге деген құштарлық, әр нәрсеге егжей-тегжейлі көңіл бөлу, тиянақтылық және табандылық дарыған. Анасы баласының бойынан оқиғалар жазуға деген махаббат оятты, Гёте үшін ол жүрек жылулығының, даналық пен қамқорлықтың үлгісі болды.
Иоганн Вольфганг Гёте
Иоганн Вольфганг Гёте — жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл және табиғаттанушы, Петербург ҒА шетелдік құрметті мүшесі (1826). 1749 жылдың 28 тамызында Франкфурт-на-Майн атты ескі неміс сауда қаласында, ауқатты бюргер Иоганн Каспар Гётенің отбасында дүниеге келіп, 1832 жылдың наурызында Веймарда қайтыс болады. Гётенің әкесі тақуалы, қатал, адал адам болған. Одан ұлына білімге деген құштарлық, әр нәрсеге егжей-тегжейлі көңіл бөлу, тиянақтылық және табандылық дарыған. Анасы баласының бойынан оқиғалар жазуға деген махаббат оятты, Гёте үшін ол жүрек жылулығының, даналық пен қамқорлықтың үлгісі болды.
Гётенің үйінде үлкен кітапхана да болды, соның арқасында жазушы «Илиадамен», Овидийдің «Метаморфозаларымен» ерте танысты, Вергилий мен басқа да замандас ақындардың шығармаларын түпнұсқа күйінде оқыды. Оның әкесі өз мүддесін қанағаттандырмаса да, балаларына көп мүмкіндік беруге ұмтылды және олардың білім алуына мүмкіндік жасауға тырысты.
Иоганн Гёте ақындық шығармашылыққа ерте бейімделді. Ол жеті-сегіз жасында ежелгі тілдер – латын және грек тілдерін меңгеріп үлгерді, неміс тілінен басқа, итальян тілдерін де үйренді. Иоганн сонымен бірге би, атпен жүру және семсерлесу сабақтарын алған. Әкесінің жетекшілігімен ақыл беретін тақырыпта латын және неміс тілдерінде әңгімелер жазды, табиғат сұлулығына қызығатын. Он алты жасында Гёте Лейпциг университетіне аттанып, жоғары білімін Страсбург университетінде 1770 жылы аяқтады, мұнда ол құқық докторы дәрежесіне диссертация қорғайды. Сонымен бірге ол оккультті философиямен, астрологиямен айналысады, орта ғасырдың алхимия трактаттарын оқиды. 1769 жылы оның «Новые песни» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көреді. 1770 жылдың басында жаңа бастап жүрген ақын юриспруденциялық білімін жалғастыру үшін Страсбургке аттанады. Сонымен қатар, Гёте химия, медицина, филология дәрістеріне де қатысады. Страсбургте Гёте Зазенгеймдегі пастордың қызы Фридерика Брийонмен танысады. «Письма в стихах, так называемые «Зазенгеймские песни» деп аталып, ғашығына арналған, өлең түрінде жазылған хаттар 1775 жылы жарыққа шығады. Жырлардың басты тақырыбы (неміс әдебиетінде алғаш рет) бозбалалық күйзеліс болып табылады, бұл алдағы әдеби дәстүрдің күрт кереғар болуына септігін тигізді. [1.]
1770 жылдың қыркүйек айында
Страсбургке философ және
Гете шығармашылығындағы философия көрінісі
Сана сезімнен жоғары түсінілген кезде, Ағарту кезеңінде жазылған Иоганна Гётенің бұл романы сырды ашып беру сипатындай болды. «Вертердің» басты тақырыбы – барлық көріністегі махаббат. Қарапайым адамның махаббаты романда діни мәнге ие болады да, оған өзінің даралығын ұғынуға, ішкі еркіндікке ие болуына көмектеседі. Алайда өзіндік даралықты, яғни қандайда бір шектеулікті Вертерді өзіне-өзі қол жұмсауына әкеледі: өлім кезінде кейіпкер физикалық әлем шектеулігін, өз махаббатының шектігін жеңеді, шексіз табиғатқа сіңіп кетеді. 1774 жылдың жазының соңында жарияланған «Вертер» Германия мен одан тыс елдерде де таң қаларлық жетістікке ие болады. Роман бірден көптеген еуропалық тілдерге аударылды. Оны еуропалық жастарды жаңа буыны сүйіне қабылдағанмен, ағартушылар мен шіркеу қызметшілерінің тарапынан қатаң сынға ұшырады, олар жас автордың бұл шығармасын өзін-өзі өлтіруді мадақтау деп білді.
1775 жылдың жазында Иоганн
Гёте мұрагер шаһзада, Саксония-Веймар
герцогы Карл Августпен
Лириканың алғашқы нұсқасы Гетенің 27 жасында жазылған. Екінші өлең 4 жылдан кейін дүниеге келді. Гете өзінің жастық шағымен қоштасып, махаббат сезімі шарпыған жалынды жылдарын артта қалдырады. Ғашықтың дер-тінен жапа шеккен ақынның қаяу көңілі достарынан да қол үздіреді. Жалғыздықты сезінген Гете енді жанына тыныштық тіледі. Аруларға деген сүйіспеншілігінен жан дүниесіне жара салған көңілі қаяу еді. Жабырқау жүзіне Тәңірден медет іздеді. Жанын жұбандырар жыр ғана. Сол жыр жан тыныштығын іздеген ақын сырын сыртқа, жұртқа жайды. Клауэрдің Гетенің дәл осы шағындағы салған мүсіні отыз жасар ақынның әбден шаршап, қалжырап, жабығып, беттері әжімделіп, уайым мен мұң басқан келбет-кескінін бейнелеген.
Гётенің әдеби қызметтен кету әрекеттері сол кезеңдегі саяси оқиғаларға (Ұлы француз революциясы, франк-прусс соғыстары) жауап болғандай: жаратылыстану ғылымдарын зерттеуге көп көңіл бөле бастайды, физикамен, ботаникамен («Опыт метаморфозы растений» трактаты, 1790), анатомиямен айналысады. 1784 жылы Гете адамның жақ арасындағы сүйегін ашады. 1786 жылдың күзінде, сарайдағы міндеттерінен шаршаған Иоганн Гёте Веймардан жасырын түрде кетіп қалады. Кей шығармаларының қолжазбаларын өзімен бірге алып, ол Италияға аттанады. Сол жердегі антикалық өнер ескерткіштерін зерттеу үшін ғана емес (былай деп өзі де айтқан), сонымен бірге жеке өмірін шығармашылыққа қайтып оралуға дайындау үшін келді. Оның алдында жаңа және еліктірер әсерлер әлемі ашылды. Өнер мен табиғат ғажаптары, ұлы ел рухы оның жанына шипа болды. Мұның бәрі оны заманауилықтан алшақтатып, таза өнерге, сұлулыққа, шексіз философиялық ойларға әкелді. Саясатқа қайтып бару ақылға сыймайтын болар еді.
Италияда өткізген екі жылда Гёте антикалық және классикалық өнерді зерттеумен айналысады. Римде Гёте «Ифигения в Тавриде» (1779-1786), «Торквато Тассо» (1780-1789) және «Эгмонт» (1788) драмаларын өзінің жаңа көркемдік принциптеріне сәйкес қайта жазады. Иоганна Гётенің Италиядағы саяхатынан неміс әдебиетінде «веймарлық классицизм» кезеңі (1786-1805) басталады. Гёте 1788 жылы Италиядан Веймарға қайтып келген сәттен бастап, Карл-Август ақынды сарайдағы міндеттерінің көбінен босатады, оның жеке қызметіне еркіндік береді. [4, 49 б.]
XVIII ғасырдың соңғы он
жылдығы мен XIX ғасырдың алғашқы
жылдары Гёте мен Фридрих
1831 жылы Иоганн Гёте «Фауст» трагедиясын аяқтайды, бұл жұмыс шамамен алты жыл уақытты алды. Дәрігер Иоганне Фауст жайлы орта ғасырлық аңыз сюжеттің негізі болды, сюжетте дәрігер жай металды алтынға айналдыруға мүмкіндік беретін білім алу үшін шайтанмен шартқа отырады. Гёте бұл аңызды терең философиялық және символдық мәнге толтырады, нәтижесінде бұл шығарма әлемдік әдебиеттің едәуір шығармаларының бірі болады. Айтарлықтай оқиғаларға бай болмаса да, ішкі мазмұны мен күші бойынша таң қаларлық болған Гёте өмірі адамзатқа қатысты сан саланы қамтыды: поэзия мен ғылым, практикалық іс және әлемдік мәселелер, халықшылдық пен космополитизм, өнер құпиялары мен табиғат зерттеулері, тұлға психологиясы мен гуманистік бүкіл адамзаттық идеалдар. Гёте із қалдырмаған бірде-бір әдебиет саласы жоқ.
Гёте жастық шағынан өмірінің соңына дейін қарапайым халқын жан-тәнімен сүйді, оның еңбегін, тәніндегі күші мен адамгершілік қуатын құрметтеді. Халық арасындағы кемістік пен мардымсыздықтың ешқайсысы оны тоқтата алмады. Ол адам бойындағы пасық неміс болмысынан, ажырамас кедейлік пен құлдық кедейлік әсерінен болған бөгде, жаман қылықтардан дұрыс түйір таба білді. Гёте шаруа, орманшы, кенші сияқты қарапайым адамдардың еңбек және отбасылық өмірін бақылауды жақсы көрді. Гёте сауаты ашылмаған қарапайым халықтан өзінің жоғары екендігін ұмытпаған Вольтердей емес, ол үшін халық абстрактілі түсінік болған жоқ. Халықпен осылайша ұштасу, халықпен, оның өмірлік қызығушылығымен, қуанышымен және қайғысымен өзара пікірлесу Гётенің рухани демократизмінің, жоғары гуманизмге толы бүкіл шығармашылығының және қоғамдық-саяси қызметінің берік негізі болды. Осыдан болар, Гретхен (Фауст) мен Клерхен (Эгмонт), Марианна (Вильгельм Мейстер), Филимон мен Бавкида (Фаусттың екінші бөлімінің 5-көрінісі) сияқты тартымды және әсерлі кейіпкерлер – халық арасынан шыққан кейіпкерлер. Олардың бәрі мейірімсіз қанаушы жаққа тап болып, құриды. Ұлы ақын басынан өткерген трагедиялық концепция осындай. [5, 31б.].
Иоганн Вольфганг Гете атын атағаннан-ақ алуан сырлы атаулар тізбегі, сол заманды марапаттап айқындайтын символдық белгілер көкірегіңізде ояна кетеді. «Ұлы неміс». «Таңғажайып талант». Алып ойшыл. Адам баласы көркемдік ойының асқар тауы. Неміс романтигі. Неміс философы. Ақыл-ойдың соңғы байлауындай естілетін: «Кім табандар күн құрғатпай күрессе, бақытты еркін өмір соның сыбағасы болмақ». Сосын: құдіретті Гете көзі тірісінің өзінде бүкіл Еуропа елдеріне танылып, көзі тірісінде талай томдық кітаптары дүркін-дүркін басылып шыққан.
Бір басында ақын, философ, геолог, минеролог, зерттеуші, ғалым, ботаник, химик, математик, зоолог, тарихшы, лингвист, т.б. ғылым салаларына шынайы құштарлық тоғысқан Гетенің басқаша болуы мүмкін еместей. Ол ғылымдардың тоғысқан, түйіскен жерінен білім жарығын көрді.
Пайдаланылған әдебиеттер: