Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 04:49, реферат
Иоганн Вольфганг Гёте — жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл және табиғаттанушы, Петербург ҒА шетелдік құрметті мүшесі (1826). 1749 жылдың 28 тамызында Франкфурт-на-Майн атты ескі неміс сауда қаласында, ауқатты бюргер Иоганн Каспар Гётенің отбасында дүниеге келіп, 1832 жылдың наурызында Веймарда қайтыс болады. Гётенің әкесі тақуалы, қатал, адал адам болған. Одан ұлына білімге деген құштарлық, әр нәрсеге егжей-тегжейлі көңіл бөлу, тиянақтылық және табандылық дарыған. Анасы баласының бойынан оқиғалар жазуға деген махаббат оятты, Гёте үшін ол жүрек жылулығының, даналық пен қамқорлықтың үлгісі болды.