Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 17:35, реферат
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мемлекет нысаны
2. Мемлекеттің құрылым нысаны
3. Мемлекеттің қызметтері
4. Тарихта
5. Даму сатылары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің
негізгі институттары ретінде билік бөлінісін,
сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын,
мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың
құқы бұзылуына жол бермеуді және оған
қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген
залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын
мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының
сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі
дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің
философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың
арақатынасын қалыптастырудың әмбебап
идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет
идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы,
билік көзі ретіндегі халық егемендігін
бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы.
Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы
- мемлекеттің және оның органдарының
зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды
қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен
байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең
алдымен, барлық мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер
және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі
құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен
ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип
- құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң
үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды,
негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі.
Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы,
барлық саяси институттарда жоғарғы құқық
бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша,
азаматтардың құқықтарының шынайылығы
әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық
мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз
етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен,
құқықтық мемлекет идеялары іске асқан
конституциялық мемлекет. Конституциялық
құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам
дамуының маңызды бағыттары, оның басты
идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі.
Конституция құқықтық жүйенің орталығы
болып табылады. Соның негізінде құқықтық
мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.
Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIX ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.
Мемлекет нысаны
Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына жиырма екі жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған жиырма екі жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық жағын айрықша көрсете білу әрбір тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да, қоғам мен мемлекеттің, оны жаңа түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Ал, қоғам өзегі – адам. Сондықтан да, мемлекет құрылымы мен тұрпатын тану өз - өзіңді танумен тең.
«Адамды танимын десең қолына билік бер» деп халық даналығында айтылғандай, билікті жүзеге асыра білу де оңай емес. Себебі, бір жеңнен қол шығара білу әр адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да, біз қоғамды құраушы негіз ретінде биліктің, саясаттың жүзеге асырылуында тек кемшіліктерді көре білмей, керісінше екі жақты салыстырып, сараптай алатын дәрежеде болуымыз керек.
Мемлекеттің тарихи түрлері
Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің:
Құл иеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдар қандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құл иеленушілердің мүддесін қорғап келді.
Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді.
Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.
Мемлекет
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің белгілері
Мемлекет түрлері
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Мемлекет басқаруы бойынша
Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл
қоғамның жалғыз ресми өкілі
ретінде халықты азаматтық
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының
болуы. Оның органдарында тек
қана басқару ісімен
5) мемлекет органдары
мен онда қызмет ететін
6) өз тұрағы, аумағы бар.
Сол аумақта билігі жүреді, өмір
сүреді және оны қорғау
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы.
Басқарылатын қоғамдық
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.