Мемлекет нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 17:35, реферат

Краткое описание

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мемлекет нысаны
2. Мемлекеттің құрылым нысаны
3. Мемлекеттің қызметтері
4. Тарихта
5. Даму сатылары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

1мемлекет нысанышгаратн.docx

— 44.59 Кб (Скачать файл)

                                      Тарихта

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында  адамдар бірлестігі жаңа сапалық  қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының  не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі  мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі  түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі ” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

Ең алғашқы мемлекеттер  адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда  болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне  қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп  нәтижесінде біріккен топтар қауіп  нәтижесінде жойылған кезде қайта  ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса  да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы  мүдделі адамдар олардың қайта  ыдырауына қарсы болады. Осы кезде  жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай  бастағандықтан діни көзқарастарды  қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге  көп күш салынды. Сыртқы күштердің  қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

                               Даму сатылары

Биліктің бір мазмұннан  бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай  мемлекет мынадай даму сатыларын  бастан кешіреді:

  • ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);
  • бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
  • орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
  • империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.

 

Ассоциацияланған мемлекет

Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге  қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

  Буферлік мемлекет

Буферлік мемлекет - екі  немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.

   Көпұлттық мемлекет

Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.

  Ұлттық мемлекет

Ұлттық мемлекет - белгілі  бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында  пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

   Құқықтық  мемлекет

Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси  биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара  қатынасынын құқықтық формасы.

   Әлеуметтік  мемлекет

Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен  сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін  мемлекеттің түрі.

 

 

  Унитарлы мемлекет

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық  бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс  түрі.

Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:

  • елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
  • заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
  • биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

Қорытынды.

     Иә, өзінің өткен тарихы сияқты Қазақстанның болашағы да шексіз. Алайда, оның беделін арттыру өз қолымызда екені даусыз. Яғни, осы орайда қазақ жастарының. жасөспірімдерінің Қазақстанның дамуында қосар үлесі өте зор екенін айта кеткім келеді.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Қ.И.Оспанов ‟ Құқық негіздері”.Алматы « Жеті Жарғы ».2007,    5 – 17 бет
  2. Е.Баянов ‟ ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері ” 1- кітап.Алматы 2009, 14 – 53 бет
  3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекет нысаны