Әл-Фарабидің этикалық көзқарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 23:45, реферат

Краткое описание

Әбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870 – 950 ж.) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы – Бағдатта тұрған.

Содержание

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1 Әль-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
2 Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
ІІІ Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

farabi kaz.doc

— 67.50 Кб (Скачать файл)

Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты

Тарих – педагогика факультеті

Философия және дінтану кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:  Әл-Фарабидің этикалық

көзқарасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Орындаған: Усманова С.

                                                                                       ШАТ – 721

                                                    Қабылдаған: Оңалбайқызы Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қ. 2008 ж.


 

 

Жоспар

 

І Кіріспе

 

ІІ Негізгі бөлім

1 Әль-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы

2 Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы

ІІІ Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әбу Насыр  Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870 – 950 ж.) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы – Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәірлеген шақта сонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде өткізген.

Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оның шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Екі жүз қырыққа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын – философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.

Фараби шығыс перипатизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әль-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы

Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды. Фараби бұл салада жасаған қорытындысының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидың гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл ой мен білімнің биік мәнін, халықтар арасындағы туысқандық, достықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін көрсетті.

Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, „Риторика”, „Поэзия өнерінің каноны туралы трактат”, „Поэзия өнері туралы” т.б. еңбектерінде көрсетілген.

Музыка зерттеу саласында Фараби әр алуан шығармаларымен қатар „Музыка туралы үлкен кітап” атты іргелі кесек еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі  „Музыка ғылымының” мәселелеріне ғана арналмай, музыканың жағымды әсерін, жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетті, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды.

Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейтесті проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне кірігіп, ұласып кетеді. Фарабидің: „Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады”, - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді.

Ол адамның  іс-әрекетінде зерделіліктің ролі аса зор деп бағалады. „Олардың ақыл-ойы халықтар арасындғы ұрыс-жанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді”. Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке, берекеге жету жолында, бір-бірімен келісімге  келуі керек. Гуманизмді халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын тілейді, оларды тынымсыз іздену, оқу-үйрену арқылы өзін-өзі жетілдіруге шақырады. Тек адамның мінез-құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады”- дейді.

Жаратылыс тану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы жақсы дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина саласынан да еңбектер бар.

Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. „Адам денесінің органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық” атты трактаттары орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады.

Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыс тану, философиялық идеялары және грек заманындағы классикалық  ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректі білімнің тазалығы үшін күрескендігін дәлелдейді,  білімнің ұланасыр энциклопедиялық сипатта екенін, әр ғылымның күрделі проблемаларын аналитикалық жолмен шешетіндгін айқын аңғартады.

Ол жаратылыс тануды теориялық білім деп қарайды. Ал медицинаны практикалық өнердің әлде қандай бір түріне жатқызады. Оның айтуынша, жаратылыс тану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге қызмет етеді. Материяны, оның формасын әрекетінің себебін анықтайды, бұл қасиеттері оның болмысын, мақсатын көрсетеді, бұл зат сол үшін тіршілік етеді, сөйте отырып әрқайсысының жеке-дара белгілерін түсіндіреді.

Ол медицинаны практикалық өнер деп қарап, оның міндеті мен мақсатын, функциясын ерекше даралап айтады. Медицинаның әрекеті белгілі бір аурумен ауырған адамға емдік ету арқылы денсаулығын қалпына келтіруге бағыт алған. Сонымен дұрыс дерекке сүйенген медицинаның міндеті адамның ауруының себебін ашып қана қою емес, оның денсаулығын сақтау, жеке органдарын аман ұстаудың және аурудың туу себептерін сипаттауға айрықша орын беріледі. Оның себеп-салдар байланысын сыртқы әсермен ұштастыру негізінде қарастырады. Ғалым денсаулықты сақтауда, ауруды жазуда айналаны қоршаған ортаның, дәрі-дәрмектің, тамақтың ролі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, дәрігердің білім, тәжірибесі, түрлі дәрәнә медициналық аспаптарды қолдана білуі де қажетті шарт екенін айтады. Оның пікірінше, адамның барлық органдары бір-бірімен өзара байланысып жататындығын білу дәрігерлік емдеудің ең маңызды принципі болуға тиіс.

Білімнің мазмұн-мағынасын анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой-пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды. Сөйтіп, ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі рол атқарады. Фарабидің ғылымдары жүйелеу жөніндегі теориялық-тарихи мәні материалдық заттарды адамның санасынан тыс, өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір материалистік көзқарасқа негізделген. Ғылымның объектісі және жіктелуі жөніндегі Фарабидің ілімі өзінің мәні жағынан Беконның ғылыми білімдерді жікегенде субъективтік принципті негізге алған ілімнен анағұрлым жоғары тұр.

Ғылымда жіктеу жөніндегі Фарабидің еңбегі ХІ-ХІІ ғасырларда көне грек, латын тілдеріне аударылды, сөйтіп Батыс Еуропа ғалымдары арасында жоғары бағаланды. Батыстың кейінгі зерттеушілері оның бұл трактатын орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Фарабидің ғылымды жіктеу теориясын сан ғасыр бойы ғылымның дамуына игі әсерін тигізді, ғылыми мәнін сақтап келді.

Фарабидің логикалық-гнесологиялық, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық-теориялық т.б. пікірлерімен жете танысу оның сан салалы мұраларын, оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді, Фараби өз алдына жеке-дара тұрған үздік ойшыл, ғалым болды.

Совет ғалымдары 20-жылдардан бастап-ақ Фарабидің өмірі мен творчествосын зерттеуге кіріскен. Шығыстың ұлы ойшылының мұрасын зерттеу оның 1100 жылдық мүшелі тойына дайындық үстінде қыза түсті.

Әл-Фараби   тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен, білім алумен, үйренумен үлгілі тәжірибемен, оқумен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған „Ақыл мен түсінік” атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізгі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде – тәрбиенің негізінен туындайды деген еді. Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категорясы екенін біз тәрбие тағылымынан жақсы білеміз. Демек, жас өспірімдер мен аға буын арасындағы мирасқорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Дәлірек айтсақ, тәрбие жеке адамныңадамгершілік, ақыл ойының дамуында, еңбекке баулуда басты роль атқарады. Барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға  тән құбылыс ретінде тәрбиенің жалпылық белгілері бар. Ол тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, білім меңгеру, денсаулық сақтау, дүниеге көзқарасты қалыптастыру. Алайда, тәрбиенің мақсат, мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Алғашқы қоғамда тәрбие аға буынның өмірге қажетті практикалық дағдыларын жас буынға үйретумен шектелді. Балалар барлығы бірдей тәрбие алды. Таптық қоғамның тууына байланысты тәрбие таптық сипат алды. Феодализм дәуірінде тәрбиенің сословиялық сипаты айқындала түсті. әр сословие балаларының тәрбиесінің өз міндеті, мазмұны және түрі болды. Буржуазиялық қоғамда сословиялық мектептердің орнына таптық қайшылықты күшейтті.

Еңбек тәрбиесінің теориясын, тәрбиенің жалпы және қоғамдық категориясы ретінде Педагогика ғылымы жан-жақты зерттеп келді. Демек, еңбек тәрбиесі белгілі бір қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке саналы да адамгершілікті арқау етіп, мирас тұтатын көзқарасты, жоғары саналылықты еңбек үстінде қалыптастыратын процесс.

Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние тануындағы ұдіреттілігін дәріптейді. „Қайырлы  қала тұрғындарының көзқарасы”, „Бақытқа жету” тағы басқа шығармаларында ғылымды меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыс тану ғылымдарынан көп мұра қалдырды, трактаттарында, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, тәрбиелерін адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп булудың, күнделікті өмір сүрудің тыныс-тіршілік құралы – деп тұжырымдайды. „Бақытқа жету” атты еңбегінде, жас ұрпақ тәрбиесі, жеке бала тәрбиесі, тіпті кейде жеке адам тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы жан-жақты ұлағатты ұғымдар, трактаттар, өсиеттер, үлгілі-өнегелі сөздер, пікірлер біздің заманымызға дейін сақталып, ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп, халықтық педагогиканың қазынасына айналды. Онда тәрбиенің педагогикалық мақсат, міндеті, оның философиялық негізі баяндалып тұжырымдалады. Оның ойынша, бақытқа жету басы – таза еңбек, адал еңбек болып есептеледі.

Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп тұжырым жасады. Ол өзінің „Ғылымдар тізбегі” немесе „ғылымдарды жіктеу” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі. Олар: І-Тіл білімі және оның тараулары. 2- Логика және оның тараулары. 3- Математика және оның тараулары. 4-Физика және оның тараулары. 5-Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Әл-Фараби педагогика ғылымын  - Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық ғылымды – оның саласы педагогиканы оқу, білім алу тәрбиенің құралы деп есептеген. Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ақылдылық – табиғаттан туындауы шарт деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамның өзі табиғат, адам – жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей  білетін саналы белгілі бір ортаның мүшесі. Сол кездегі түсінік бойынша, Фарабидің орта – депотырғаны бүгінгі қоғам болса керек. Адам туралы материалистік бағытты ұстаған Фараби – адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілді деген тұжырымға келді.

Әл-Фараби тәрбие процесінде „қатты әдіс” пен „жұмсақ әдіс” ұштастыруды талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазіргі тәрбие процесі тұрғысынан қарағанда, „қатты әдіс” – деп отырғаны жазалау да, „жұмсақ әдіс” – деп отырғаны мадақтау болса керек. Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін қолдану жолдарын дәлелдеп кеткен дана ғалым. „Ғылымдар тізбегі”, „Ғылымдардың шығуы” атты еңбектерінде ол ғылымдарды үйрену, үйрету реттерін белгілейді.

Информация о работе Әл-Фарабидің этикалық көзқарасы