Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 23:45, реферат
Әбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870 – 950 ж.) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы – Бағдатта тұрған.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1 Әль-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
2 Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
ІІІ Қорытынды
Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің „екінші ұстазы” болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Осы тұрғыдан қарай отырып білімді, ол философиялық категория деп қарады. Білім, Фараби еңбектерін негізінен алсақ – философиядағы бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің, рухани қазынасының жиынтығы Фарабиден кейінгі ғалымдар, әсіресе философ, педагог ғалымдар, айналадағы дүниені жан-жақты зерттеп, заңдылықтарын ашып игерудің нәтижесінде қоғамдық өмірдің даму сатыларына сәйкес, адамдардың іс-әрекеті мен тәжірибесінде айқындалып дәлелденген белгілі жүйедегі ұғымдар дүниесі – деп білімге тұжырымды анықтама берді.
Дүние тану теориясында да лиалектикалық жолмен байымдау керек, яғни біздің дүние тануымызды даяр тұрған нәрсе деп ойламау керек, қайта білмеушілік пен білушілік қалай туатынын, толық емес, айқын емес, білімнің қалайша толығырақ, айқынырақ білімге айналатынын тексеру керке деген болатын.
Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ғылымды тарихи процесс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы деген анықтама жасады. Еңбектің өзі өнер – еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігінде үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады – деген болатын Фараби. Ол еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізгі адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Фараби еңбек процесінің бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет, яғни, еңбектің өзі, еңбек заттары мен еңбек құралдары. Адам еңбегі бағытталған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда Аристотель негізін салған теорияның анықтамасына сүйенеді. Демек, ол қандайда болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алып отырды. Осы негізде алсақ, еңбек тәрбиесінің теориясын Фараби – „Өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын бір тұтас білім жүйесін құрайды деп тұжырымдады”. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл тұжырым оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беріп, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу – деген сөз.
Өз заманындағы білім-ғылым, өнер, оқу-тәрбие туралы Єл-Фарабидің ќалдырѓан м±расы шексіз.
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адмдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам – „мәңгі нұрдың қызметшісі”. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі” – деген Фараби.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда ХІІ ғасырда жазылған „Фарабидің энциклопедиясы” атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат „Ғылымдар энциклопедиясы”, „Ғылымдар реті”, „Ғылымдар классификациясы” т.б. аттармен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден-ақ мәлім болған.
Әл-Фараби жаратылыс тану ғылымының негізін салған тұңғыш ғұламалардың бірі. Математиканы жаратылыс тану ғылымының басты саласы деп түсіндірген. Біз, қазір техникалық ғылымдарды жаратылыс тану ғылымдарының басты саласына жатқызамыз.
Әл-Фарабидің еңбектерін, оның қоғамды дамытудағы ой-пікірлерін, тәрбие тағылымдарын Ибн-Сина, Әл-Бируни, Омар Һайам сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Фараби химия, медицина, география, минералогия, Азаматтық ғылым – тәрбие туралы т.б. жаратылыс тану ғылымдары бойынша шығармалар жазған. „Ал химия өмірінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыс тану ғылымының бір саласы ретінде қарастырды. Әл-Фараби медицина саласында „Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”. „Темперамент туралы” еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теориялық мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің мәнін, міндет-мақсатынанықтап беруге тырысады. Ол еңбекті бірнеше салаға бөліп, медицина саласын дамытуды – „таза” еңбектің жемісі дейді де, пайдалы қоғамдық еңбекті дамытудың, өмір сүрудің құралы деп қарастырды. Әл-Фараби философиялық және натурфилософиялық еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектері оқу-тәрбие мәселелеріне арналған. Оның пікірінше оқу, білім алу, ғылыми адам болу адамгершілік және еңбек тәрбиесі мәселелерімен тығыз байланысты. Ол білім алу, оқу еңбегін пайдалы еңбекке жатқызады.
Қорытынды
Ол жалпы теориялық ой-пікірдің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре түсті. Халық даналығы данышпандық, пікірлерге ден қойды. Сөйтіп, өзінің философиялық төл концепциясын жасады. Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы, этнопедагогиканы дамытты. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой пікірлерін сыннан өткізіп барып, оның қажеттісін ала білді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды. Аристотельдің жаратылыстануындағы ғылыми және стихиялық материалистік тенденцияларын мейлінше күшейтті. Фараби Платонның идеалистік және мистикалық қателерін түзетті.
Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін шығармашылық мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің тәрбиелік мазмұны мен мәнінің еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы тағылымның тәжірибелік маңызы мынадай болды.
1. Еңбек әрбір қоғамдық
құбылыс ретінде өзгеріп
2. Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілімі тәрбие – еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
3. Ғылымдар тізбегін жасау,
оны әрбір топқа бөлу арқылы
– болашақ жасөспірімді жан-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Егемен Қазақстан» газеті.14.12.2006 жылғы.
2. Интернет. http://www.Google.kz