Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 23:31, доклад
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.
1. Ғылым және күнделікті сана
2. Ғылым туралы түсінік
3. Сана
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан
атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
«Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы
Доклад
Тақырыбы: «Ғылым және күнделікті сана»
Орындаған: МЭЭҒ-12 топ магистранты
Тұрланұлы С.
Тексерген: ф.ғ.д., профессор
Рысқалиев Т.Х.
Орал – 2013
Жоспар
1. Ғылым және күнделікті сана
2. Ғылым туралы түсінік
3. Сана
«Жоғары мектеп психологиясын» зерттеу пәні. Мақсаттары және міндеттері. Пәннің әдістемелік жинақтары.
1. ЖМП зерттеу пәні мен мақсаттары
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі
жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...». Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.
Психология
ғылымындағы күрделі
бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиеттер;
3)психикалық қалып.
1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу,
қиял және елес, ес;
2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,
қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену,
абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.
Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл
"әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді. Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,
мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды ӛзгеріске ұшыратады. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
2. Ғылымның қалыптасу тарихы
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өгеретінін байқау қажет. Психология ӛте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге кӛшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас кӛтеріп эканомикада ӛз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады. Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай
дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды.
Дж.Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы – табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж.Локк
дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде - материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде – идеялист болып көрінеді.Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.
Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады. Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер т.б. дамытты. Юм адамның өте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың кӛшірмесін елестеулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен жай байланысуынан ғана құралады.
Гартли мен Пристли
деген оқымыстылар эмперикалық
ассоциативтік психологияның
дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы – интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Осы тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды:
- сана элементтер теориясы, негізін салғандар В.Вундт және Э.Титченер;
- саналық әрекеттер психологиясы, Ф.Брентаноның есімімен байланысты;
- саналық ағым теориясы, У. Джемс негізін салған;
- дербес құрылым психологиясы, гештальтпсихология;
- Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік – психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды.
Диалектикалық материалазм көзқарасы бойынша материя 1-ші кезекті субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралады; психика, сана – бұл 2-ші обьективтік шындықтың мида бейнеленуі.
Сыртқы психикалық өмірсіз ішкі психикалық ӛмір бола алмайды. Яғни, өзінен тәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ психикады (психиканы) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон керісінше «психика мәңгі өлмейді, өшпейді».- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты. Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.
3. Зерттеу әдістері. әдістердің жүйесі
Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек.